«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 011 жылғы наурыздағы №413-iv заңы (2019. 21. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)


-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері



жүктеу 1,38 Mb.
бет6/16
Дата17.01.2020
өлшемі1,38 Mb.
#27021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

54-бап. Мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыру принциптері

1. Мемлекет меншігіне алу тиісті заң тәртібін сақтай отырып Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мүдделер үшін жүзеге асырылуы және мемлекет меншігіне алынатын мүлік пен басқа да залалдардың нарықтық құнын Қазақстан Республикасы алдын ала және тең құнымен өтеген жағдайда кемсітусіз жүргізілуі мүмкін.

2. Мемлекет меншігіне алу жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы (ерекше нысаны) болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де мүмкін болатын нысандары толық біткеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

3. Мемлекет меншігіне алу мемлекет меншігіне алу рәсімдерінің жариялылығы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.

 

55-бап. Мемлекет меншігіне алудың негіздері



Мемлекет меншігіне алу Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың жеке меншiгіндегі мүлiктi мемлекеттік меншiкке өндіріп алу туралы заңының (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алу туралы заңы) негізінде жүзеге асырылады.

 

56-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құнын өтеу мөлшері



1. Мемлекет меншігіне алған кезде мемлекет меншігіне алынатын мүліктің құны Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабының 4-тармағына және 266-бабына сәйкес өтелуге жатады.

2. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесіне төленетін өтемнің мөлшері мүліктің нарықтық құнын негізге ала отырып айқындалады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өтем мөлшері бағалау жүргізген күнге айқындалады.

 

57-бап. Өтем төлеу тәртібі



1. Мүліктің құнын және басқа залалдарды өтеу мемлекет меншігіне алынатын мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.

2. Өтемді төлеу ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, ал Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда шетел валютасымен төленеді.

3. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

4. Өтемді өзге мүлікпен төлеуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган арқылы Қазақстан Республикасы мен мүліктің меншік иесінің арасындағы келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жазбаша нысанда жасалуға тиіс.

5. Өтем төлеу бір мезгілде жүргізіледі, өтемді бөліп-бөліп төлеуді көздейтін мемлекет меншігіне алуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

6. Мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде беру мемлекет меншігіне алынатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін меншік иесі мен өзге де тұлғалар тең құнымен өтем алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

 

58-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы



Қазақстан Республикасының мемлекет меншігіне алынатын мүлік құқықтарына ие болуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

59-бап. Мемлекет меншігіне алу кезіндегі мемлекеттік органдардың функциялары



1. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті іс жүзінде қабылдауға байланысты барлық қажетті іс-қимылдарды жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлік туралы мәліметтерді мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізеді.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекет меншігіне алынған мүліктің меншік иесі құқықтарын жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекет меншігіне алынған мүлікті республикалық заңды тұлғаларға бекітіп береді не осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша мемлекет жүз пайызбен қатысатын арнайы құрылған акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлестерін төлеуге береді.

5. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті басқаруды ол осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен берілген кезге дейін жүзеге асырады.

6. Республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген, мемлекет меншігіне алынған мүліктің тиімді пайдаланылуына бақылау жасауды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекет меншігіне алынған мүлікті берген кезден бастап жүзеге асырады.

 

60-бап. Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің құқығын қорғау



Мемлекет меншігіне алынатын мүліктің меншік иесінің және мемлекет меншігіне алынатын мүлікке байланысты құқықтары тоқтатылатын немесе мемлекет меншігіне алған кезде шектелетін өзге де тұлғалардың құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртібімен жүзеге асырылады.

 

 



2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 6-тараудың бүкіл мәтіні бойынша «алып қоюға», «Алып қойылатын», «алып қоюдан», «алып қойылатын», «алып қою», «алып қойылғаннан», «алып қойған» деген сөздер тиісінше «иеліктен шығаруға», «Иеліктен шығарылатын», «иеліктен шығарудан», «иеліктен шығарылатын», «иеліктен шығару», «иеліктен шығарылғаннан», «иеліктен шығарған» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

 



6-тарау. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

 

61-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың нысанасы мен жалпы шарттары

1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару тек қана жер учаскесіне қатысты жүзеге асырылады.

Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығын құқықтық кадастрдағы мәліметтердің және (немесе) құқық белгілейтін құжаттардың негізінде растау мүмкін болмаса, онда мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару осы учаскеде орналасқан ғимараттарға, құрылыстарға және жылжымайтын өзге де объектілерге (тұрғын жайларға, тұрғын үйлерге (тұрғын үй ғимараттарына), тұрғын үй-жайларға (пәтерлерге), тұрғын емес үй-жайларға) қатысты жүзеге асырылады.

2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімдерінің жариялылығы сақталған кезде жүргізілуі мүмкін. Иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесі тарапынан талаптар болған кезде жариялылықтың болмауы мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарудан бас тартуға негіз болып табылады.

3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы хабарлама алған сәттен бастап, мемлекеттің оны сатып алуға басым құқығы болады.

4. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын қорғау сот тәртібімен жүзеге асырылады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушысы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдағаннан кейін осы Заңның 69-бабына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы.

6. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қағидалар осы Заңның 67-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, жер учаскесі жеке тұлғаның немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаның жер пайдалануында болған жағдайларда да қолданылады.

 

62-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру принциптері



1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі мүлікті иеліктен шығарудың ерекше жағдайы болып табылады және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүлікті иеліктен шығарудың барлық өзге де ықтимал жағдайларын пайдалану мүмкін болмаған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Мемлекет мұқтажын қанағаттандырудың өзге (балама) тәсілі болған кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.

3. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың коммерциялық мақсаттарын және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандыру мақсаттарын көздейтін мүлікті кез келген иеліктен шығару не мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру мақсатынан туындамайтын және қоғамдық маңызды мақсаттарды көздемейтін мүлікті өзге де иеліктен шығару мүлікті мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару болып танылмайды. Бұл жағдайларда мүлікті иеліктен шығаруға мүліктің меншік иесі мен коммерциялық мақсаттарды көздейтін тұлға арасындағы келісім бойынша олардың арасында жасалған мүлікті сатып алу-сату шарты негізінде жол беріледі.

4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі.

5. Осы баптың ережелерін орындамау жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудан соттың бас тартуы және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының күшін жою үшін негіз болып табылады.

 

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 62-1-баппен толықтырылды



62-1-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде тең бағамен өтеу шарттары

1. Осы бапқа қатысты тең бағамен өтеу деп иеліктен шығарған кезге дейінгі жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті пайдаланудың қолда бар шарттарын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің және онда орналасқан жылжымайтын мүліктің (болған кезде) құнын өтеу мөлшерін белгілеу түсініледі.

2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағамен өтеу жүргізіледі.

3. Тең бағамен өтеу мынадай тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

1) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру;

2) осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу.

 

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 62-2-баппен толықтырылды



62-2-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты тең бағадағы жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру шарттары

1. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру келтiрiлген залалдар (болған кезде) өтеліп, иеліктен шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері, оның нысаналы мақсаты, алаңы ескеріле отырып жүзеге асырылады.



Бұл ретте тең бағадағы жер учаскесі жер учаскесін иеліктен шығару жүзеге асырылатын елді мекен шегінде берілуге тиіс. Елді мекен шегіндегі мұндай жер учаскесінің орналасқан жері осы Заңның 64-бабына сәйкес жіберілетін жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасында айқындалады.

2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты тұрғын үйді бұзған кезде өзге жылжымайтын мүлікті беру «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесін беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабында (1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын қоспағанда) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бұл ретте меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға тең бағадағы жер учаскесі берілген кезде жерге орналастыру жұмыстарына арналған шығыстар бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

4. Орнына берілетін мемлекет меншігіндегі жер учаскесінің бағасын бағалаушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізгеннен кейін оның нарықтық құны бойынша айқындайды.

5. Егер иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны орнына берілетін жер учаскесінің құнынан жоғары болса, онда олардың құнының айырмасы меншік иесіне өтеледі.

 

63-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы және тоқтатылуы



2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген айрықша жағдайларда және тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданады.

2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда:

1) мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың мақсаты мен негіздері;

2) жер учаскесінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;

3) мүліктің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы;

4) мәжбүрлеп иеліктен шығару күні көрсетіледі, бірақ ол бұл қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан ерте болмауға тиіс;

5) келісім рәсімдерін жүзеге асыру асыру үшін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жүгінетін орны көрсетіледі.



Егер көрсетілген қаулыға осы тармақтың 2) және 4) тармақшалары бөлігінде өзгерістер енгізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі бұл қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жарияланған күннен бастап қайтадан жүзеге асырылады.

Көрсетілген қаулы, қажет болған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтерді қамтуы мүмкін.

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау, жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда, осы қаулыны қабылдау үшін, сондай-ақ сотқа талап-арыз келтіру үшін материалдар дайындауды және сотта оның мүдделерін білдіруді жер учаскесі орналасқан жер бойынша төмен тұрған атқарушы орган жүзеге асырады.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың тоқтатылғаны туралы қаулы қабылдау арқылы мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімін тоқтатуға құқылы.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Осы баптың 2 және 4-тармақтарында көрсетілген қаулылар олар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда, тиісінше республикалық немесе жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.

6. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Егер жер учаскесіне жеке меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген болса, меншік иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулы қабылданғаннан кейін оған қатысты қаулы қабылданған жер учаскесіне жеке меншік құқығын растау бойынша қажетті іс-шараларды жүзеге асыра алады.

Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылады.

 

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі

1. Атқарушы орган немесе жоғары тұрған органның тапсырмасы бойынша төмен тұрған атқарушы орган осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулы жарияланғаннан кейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны (бұдан әрі - жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама) пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.

2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:

1) осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулының қабылданғаны туралы (қаулының көшірмесін қоса бере отырып) ақпарат;

2) меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы туралы мәліметтер;

3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі;

4) нарықтық құны бойынша өтеу мөлшерін айқындау тәртібі туралы ақпарат;

5) тең бағамен өтеу тәсілдерінің бірін таңдау мүмкіндігі туралы ақпарат;

6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қою тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ шарт жасасудан бас тартылған кезде мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселесін сот тәртібімен шешу туралы түсіндірме;

7) иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін оларға бағалау жүргізуді ұйымдастыру үшін беру мерзімдері.



Қажет болған кезде көрсетілген хабарламада жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін.

3. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасай алады.

4. Меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға осы баптың 2-тармағында көрсетілген хабарламамен танысу үшін, сондай-ақ жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін беру үшін хабарлама алынған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күн беріледі.

5. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама заңдық талап ретінде «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.

 

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



65-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару

1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда белгіленген мерзімдер өткеннен кейін меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының келісімімен, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.

2. Концессиялық жобаларды іске асыру мақсатында жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жергілікті атқарушы органдар концессия шартында көзделген шарттарда және мерзімдерде, бірақ концессия объектісін немесе концессия объектісінің аяқталмаған құрылысын мемлекеттік меншікке беруден кешіктірмей, концедент сатып алған жер учаскелерін оларға беру шартымен концессионердің қаражаты есебінен жүзеге асыруы мүмкін.

3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға негіз болып табылады.

Осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген, сотта дау айтылмаған немесе осы Заңның 63-бабының 4-тармағына сәйкес күші жойылмаған қаулы, сондай-ақ осы баптың 7, 8, 9 және 11-тармақтарында белгіленген тәртіпті бұзу жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүргізуге негіз бола алмайды.

4. Жер учаскесіне және өзге де жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату, сондай-ақ мемлекеттің құқығы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт немесе соттың шешімі және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдаған органның өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге жатады.

5. Жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін алған күннен бастап бір ай ішінде оларға бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.

Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы иеліктен шығарылатын жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының көшірмелерін бермеген жағдайда, жергілікті атқарушы орган оларды уәкілетті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан сұратуға құқылы.

6. Жергілікті атқарушы орган мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің құнын бағалау нәтижелері бойынша он жұмыс күні ішінде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын дайындайды және оны меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға пошта жөнелтілімінің табыс етілгені туралы хабарламаны міндетті түрде алатындай етіп, пошта арқылы жібереді. Табыс етілгені туралы хабарлама болмаған жағдайда, осы тармақта көрсетілген құжаттар қайта жіберіледі.

7. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта мыналар көрсетіледі:

1) шарт тараптары, оның ішінде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалардың тізбесі;

2) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары және олардың құрамы, оның ішінде құрылысы аяқталмаған құрылысжайлар;

3) жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке тоқтатылатын құқықтар;

4) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 87-бабында және осы Заңның 67-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын бағасы;

5) мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты залалдар келтірілген жағдайда өтелуге жататын залалдардың, оның ішінде жылжымайтын мүлік құнының мөлшері;

6) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасын (құнын) төлеу мерзімі және тәртібі;

7) иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті беру мерзімі;

8) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруға арналған мемлекет шығыстарын қаржыландыру тәртібі.

8. Иеліктен шығарылатынның орнына тең бағадағы жер учаскесі берілген жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта осы баптың 7-тармағында қамтылған талаптардан басқа мыналар көрсетіледі:

1) меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;

2) иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;

3) иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасы иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің бағасынан (құнынан) жоғары болған жағдайда, құнының айырмасы және осы айырманы төлеу тәртібі;

4) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт негізінде туындайтын, иеліктен шығарылатынның орнына берілетін жер учаскесіне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке құқықтар.

9. Жер пайдаланудағы жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартта, осы баптың 7-тармағының 4) және 6) тармақшаларын қоспағанда, осы баптың 7 және 8-тармақтарында жазылған мәліметтер көрсетіледі.

10. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы шарт жобасымен келісетінін (келіспейтінін) жазбаша түрде білдіреді.



Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына ұсыныстар болған жағдайда, меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 69-бабының 1-1 және 2-тармақтарына сәйкес келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауы мүмкін.

11. Жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті өкілді органға жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын меншік иесінен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыдан шарт жобасымен келісетіні туралы жазбаша өтініш алған кезден бастап бір ай ішінде ұсынады.



Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын жергілікті өкілді органның тұрақты комиссиясы ол енгізілген кезден бастап екі апта мерзімнен кешіктірмей, меншік иесін және иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғаларды міндетті түрде шақыра отырып қарайды.

Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің меншік иесімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушымен және мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалармен келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартты атқарушы орган жергілікті өкілді органмен келісу бойынша бекітеді және оған меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы қол қояды.

12. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулымен келіспеген кезде және (немесе) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жасасудан бас тартқан кезде жергілікті атқарушы орган меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, бірақ осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыда айқындалған мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірмей сотқа жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюмен жүгінуге құқылы.



Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюлар бойынша азаматтық істер істі сот талқылауына дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.

13. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюдан бас тартылған жағдайда, талап қоюды беру және осы Заңның 63-бабының 2-тармағында көрсетілген қаулыны қабылдау салдарынан меншік иесіне немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушыға келтірілген залалдар бюджет қаражатынан өтелуге жатады.

14. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті нақты беру мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы осы Заңда белгіленген тәртіппен жүргізілген тең бағамен өтеуді алғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Осы мүлікке меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы құқықтарының тоқтатылуын және мемлекет құқықтарының туындауын мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органға өтемнің төленгенін растайтын құжат ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады.

 

66-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының құқығы



2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған кезден бастап жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жасасқанға дейін немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешім қабылданғанға дейін жер учаскесiне немесе өзге де жылжымайтын мүлікке қатысты өзіне тиесілі құқықты жүзеге асыра алады және осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындар шығара алады. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы аталған кезеңде жаңа құрылысқа, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) және өзге жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өздері көтеруге тәуекел етеді.

Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса, онда бүкіл жер учаскесі иеліктен шығарылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген уақыт ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтар иеліктен шығару жолымен немесе өзге де негіздер бойынша басқа тұлғаға өткен кезде, сондай-ақ әмбебап құқықтық мирасқорлыққа байланысты құқық иеленуші ауысқан кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі жаңа құқық иеленушіге қатысты қолданылады (жалғасады).

 

67-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің және өзге де жылжымайтын мүліктің құнын өтеу мөлшері



2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Меншік иесі мемлекеттен сатып алған, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны (залалдарды есепке алмағанда) нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.

Мемлекет бөліп төлеумен сатқан жер учаскесі үшін (залалдарды есепке алмағанда) сома толық төленбеген кезде және оны мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесінің құны мемлекетке төленбеген сома шегеріле отырып, нарықтық құн мөлшерінде айқындалады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалаушы осы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

4. Мүлік құны және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген және (немесе) меншік иесінің немесе жер пайдаланушының үшінші тұлғалар алдында міндеттемелерін орындауын мерзімінен бұрын тоқтатуынан туындаған толық көлемдегі залалдар негізге алына отырып, өтеу мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 9-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес айқындалады.



Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскесіне қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін өзге тұлғаларға өтеу мөлшері оларда мұндай мәжбүрлеп иеліктен шығару салдарынан туындайтын залалдар негізге алына отырып айқындалады.

5. Өтеу мөлшері теңгемен айқындалады.

6. 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

68-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде өтемді төлеу нысандары мен төлеу мерзімдері



1. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің құнын және өтелуге жататын залалдарды өтеу аталған мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткен кезге дейін толық көлемде жүргізіледі.

2. Өтемді төлеу бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Өтемді ақшадан басқа өзге мүлікпен төлеуге Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті атқарушы орган мен мүліктің меншік иесі арасында жасалған келісім бойынша жол беріледі. Көрсетілген келісім жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт нысанында жазбаша жасалады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шартқа қол қойылған күннен бастап не соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей біржолғы өтем төлеу жүргізіледі.

5. Өтемді төлеу мерзімін ұзартуды көздейтін, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыруға жол берілмейді.

 

69-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару кезіндегі келісім рәсімдері



2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы келісім рәсімдеріне бастамашылық жасауға құқылы. Аталған өтініш берілген күні тіркеледі.

Жергілікті атқарушы орган күнтізбелік он күн ішінде меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаға өтінішін қарауға міндетті.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды



1-1. Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасын алған кезден бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жергілікті атқарушы органға тиісті өтініш беру арқылы осы шарт жобасына ұсыныстар енгізе алады.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Жергілікті атқарушы орган меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасына иеліктен шығарылатын мүлік құрамы, иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін тұлғалар және өтелуге жататын залалдар мөлшері, өтем мазмұны жөніндегі ұсыныстарын бір ай ішінде қарауға міндетті. Қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы орган иеліктен шығарылатын мүлік құнына қосымша бағалау жүргізуді ұйымдастыруы мүмкін.

2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Жергілікті атқарушы орган мен меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы, сондай-ақ мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын мүлікке қатысты құқықтары тоқтатылатын немесе шектелетін басқа да тұлғалар арасында келісімге қол жеткізілген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару туралы шарт жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мүдделі тұлғалардың бірде-біреуімен мүлікті беру туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Мүлікке меншік құқығы Қазақстан Республикасына немесе әкімшілік-аумақтық бөлініске өткенге дейін өтем төлеу туралы талаптарды және осы Заңның 67 және 68-баптарында белгіленген өтем төлеудің өзге де шарттарын тараптардың келісімі бойынша жоюға болмайды.

 

 



3-бөлім. Мемлекеттік мүлікті иелену және (немесе) пайдалану

 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау