№ 4 қосымша
_________________________қызметкерлерінің
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1.1.Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және тынығу уақытының режимі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже), әр түрлі типтегі және түрдегі білім беру ұйымдарының қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қызметкерлердің жұмыс уақытының және тынығу уақытының режимін реттеу тәртібін белгілейді.
1.2. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақыты және тынығу уақытының режимі ұйым қызметінің режимін ескеріп анықталады (білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақыт, маусым, оқу сабақтарының ауысымы және білім ұйымы жұмысының басқа да ерекшеліктері ішінде болуы) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес әзірленген мекеменің немесе кәсіпорынның ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, ұжымдық шартпен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, осы Ережемен белгіленеді.
1.3. Мемлекеттік білім беру мекемелері мен кәсіпорындары басшыларының, олардың орынбасарларының, басқа да басқарушы қызметкерлердің жұмыс режимі аптасына қалыпты ұзақтылығы 40 сағат жұмыс уақытына негізделіп, білім беру ұйымдарының қызметін басқаруды қамтамасыз ету қажеттілігін ескеріп анықталады.
1.4. Жұмыс күні ішінде өз міндеттерін үздіксіз орындайтын педагог қызметкерлерге тамақтану үшін үзіліс белгіленбейді. Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім алушылармен, тәрбиеленушілермен бір уақытта немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген жерде бөлек тамақтану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
2. Оқу жылы мерзіміндегі білім беру ұйымдары мұғалімдерінің,
оқытушыларының, қосымша білім беру педагогтарының
жұмыс уақытының режимі
2.1. Мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының (әрі қарай – оқытушылық жұмыс жүргізетін педагог қызметкерлер) педагогикалық жұмысты орындауы, оқытушылық жұмыспен байланысты тек педагогикалық жұмыстарды орындау үшін белгіленген уақыт нормаларының болуымен сипатталады.
Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлердің педагогикалық жұмыстың басқа бөлігін орындауы сағат саны бойынша нақтыланбаған, жұмыс уақытының ішінде жүзеге асырылады.
2.2. Оқытушылық жұмысты жүргізетін қызметкерлердің жұмыс уақытының нормаланған бөлігі, астрономиялық сағаттармен анықталады және олардың ұзақтылығына тәуелсіз өткізілетін сабақтарды (оқу сабақтары) (әрі қарай – оқу сабақтары) және білім алушыларға, соның ішінде 1 сынып оқушылары үшін «динамикалық сағат» ретінде белгіленген әрбір оқу сабағы арасындағы қысқа үзілістерді қосады. Сонымен бірге, белгіленген оқу жүктемесінің сағаттар санына аталған қызметкерлердің 45 минуттан аспайтын ұзақтылықта жүргізетін оқу сабақтарының саны сәйкес келеді.
Оқу сабақтарының, сондай-ақ олардың арасындағы үзілістердің нақты ұзақтылығы, белгіленген тәртіпте бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерге сәйкес келуін ескере отырып, білім беру ұйымының жергілікті актісімен немесе жарғымен қарастырылады. Оқытушылық жұмысты орындау оқу сабақтарының кестесімен реттеледі.
Жұпталған оқу сабақтарын өткізу кезінде белгіленбеген үзілістер жинақталып, білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен көзделген тәртіпте, басқа педагогикалық жұмысты орындау үшін пайдаланылуы мүмкін.
2.3.Оқытушылық жұмысты жүргізетін қызметкерлердің жұмыс уақытын шығындауды талап ететін, сағат саны бойынша нақтыланбаған педагогикалық жұмысының басқа бөлігі білім беру ұйымының жарғысымен және ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, тарифтік-біліктілік сипаттамасымен көзделген олардың лауазымдық міндеттерінен туындайды және жұмыс кестелері мен жоспарлары, соның ішінде педагог қызметкердің жеке жоспарларымен реттеледі, және:
- педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмыстарына қатысумен, ата-аналар жиналысын, кеңес берулерді, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасымен көзделген басқа да шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысуға байланысты міндеттерді орындаумен;
- ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, медициналық ұйғарымға сәйкес балаларын үйде оқытатын отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және кеңес беру көмектерін ұйымдастырумен және өткізумен;
- білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу, олардың жеке мүмкіндіктерін, қызығушылықтары мен бейімділіктерін, сондай-ақ олардың отбасылық және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеу жөніндегі жұмысқа тікелей дайындалуға кететін уақытпен;
- сабақтарды өткізуге дайындалу, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің күн тәртібін орындауын қадағалау, оқу сағаты ішінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, соның ішінде әр түрлі белсенділік дәрежесіндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалысы, тамақтануы үшін белгіленген сабақтар арасындағы үзілістер кезінде ұйымдастырылуға қажетті жағдайда білім беру процесінің мерзімінде білім беру ұйымындағы кезекшіліктермен;
- тиісті қосымша еңбек ақысы төленетін (сынып жетекшілігі, жазбаша жұмыстарды тексеру, оқу кабинеттерін меңгеру және т.б.), тікелей оқу процесімен байланысты педагог қызметкерге қосымша жүктелген міндеттерді орындаумен байланысты болуы мүмкін.
Оқу сабақтарын жүргізу мерзіміне, ол басталғанға дейінгі және оқу сабақтары аяқталғаннан кейінгі мерзімге білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің кезекшілік кестесін құру кезінде ұйым жұмысының ауысымы, әрбір педагог қызметкердің оқу сабақтарының кестесіне, іс-шаралардың жалпы жоспарына сәйкес жұмыс уақытының режимі оқу жүктемесі жоқ немесе аз болатын күні кезекшілікті, педагог қызметкердің ұзақ уақыт кезекшілік жағдайын болдырмау үшін жұмыстың басқа да ерекшеліктері ескеріледі.
Жұмыс күндері білім беру ұйымдары бойынша педагог қызметкерлер оқу сабақтары басталғанға дейін 20 минут бұрын және олардың соңғы оқу сабақтары аяқталғаннан кейін кемінде 20 минут кезекшілікке тартылады;
2.4.Оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлер үшін кесте бойынша оқу сабағын жүргізуден, жұмыс кестесімен және жоспарымен реттелетін өзге де міндеттерді орындаудан бос апта күндерін (білім беру ұйымы өз қызметін жүзеге асыратын уақыт мерзімі) педагог қызметкер біліктілігін арттыруға, өзін-өзі жетілдіруге, сабақтарға дайындалуға және т.б. қолдана алады.
2.5.Білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, оқытушыларының жұмыс уақытының режимі, өздеріне қатысы жоқ себептермен (оқу жоспары және оқу бағдарламасы бойынша сағаттар санының және (немесе) сыныптардың, топтардың және т.б. қысқаруы) оқу жылы ішінде оқу жүктемесі оларға оқу жылының басында белгіленген оқу жүктемесімен салыстырғанда азаяды, оқу жылының аяғына дейін осы Ереженің 2.3.-т. көзделген педагогикалық жұмысты орындау үшін қажетті уақытты есепке ала отырып, оларға барабар жалақыны сақтап сағаттар санымен анықталады.
III. Жұмыс күнін бөліктерге бөлу
3.1. Педагог және басқа қызметкерлердің жұмыс кестесін құру кезінде, қызметкердің тынығуымен және тамақтануымен байланысты емес жұмыс уақытындағы үзілістерге осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.
3.2. Оқу сабақтарының кестесін құру кезінде жұмыс беруші олардың үздіксіз жүйелілігі бұзылмас үшін және педагог қызметкерлерге жұмыс уақыты болып табылмайтын, білім алушылар, тәрбиеленушілер үшін белгіленген әрбір оқу сабағының арасындағы қысқаша үзілістерге қарағанда ұзақ үзілістердің («терезе») пайда болмауы үшін, оқытушылық жұмысты жүргізетін педагог қызметкерлердің уақытын орынсыз шығындауға жол бермеуге міндетті.
3.3. Күні бойы тәрбиелеу және оқу қызметі алмасатын, білім алушылар, тәрбиеленушілер тәулік бойы болатын білім беру ұйымдарында ерекше жағдайларда, жұмыс беруші бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескеріп, мектеп жасындағы тәрбиеленушілер тобында педагогикалық қызметті жүзеге асыратын тәрбиешілер үшін келісіммен көзделген тәртіп пен мөлшерде тиісті ақшалай өтемақысымен, қатарынан екі және одан да артық сағатты құрайтын, үзілісі бар жұмыс күнінің режимін бөліктерге бөліп енгізе алады. Ауысымның екі бөлігі арасындағы үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды.
Тәрбиешілердің жалақының ставкасына белгіленген нормадан артық педагогикалық жұмысты орындауымен байланысты жұмыстағы үзілістер, оны бөліктерге бөлумен жұмыс күнінің режиміне жатпайды.
3.4. Тәрбиешілердің жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында 2 сағаттан артық үзілісімен бөліктерге бөлінетін жұмыс уақытының режимінің орнына, аптасына (ай, тоқсан) жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы есеп кезеңіндегі сағаттардың орташа айлық нормасынан аспайтындай жұмыс уақытының жинақталған есебін енгізуді ойластыра отырып, білім алушылардың сабақ басталғанға дейінгі таңертеңгілік уақытында және ол аяқталғаннан кейінгі уақытта жұмыс уақытының түрлі күнделікті ұзақтылығымен олардың жұмысының режимін қарастырған жөн.
IV. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің каникул мерзіміндегі
жұмыс уақытының режимі
4.1. Білім беру ұйымдарының білім алушылары, тәрбиеленушілері үшін белгіленген және қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы негізгі және қосымша еңбек демалыстарымен (әрі қарай – каникулдық мерзім) сәйкес келмейтін күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы каникул мерзімдері, қызметкерлер үшін жұмыс уақыты болып табылады.
4.2.Каникулдық мерзімде педагог қызметкерлер, каникул басталғанға дейін анықталған олардың жұмыс уақытының нормаланған бөлігі (оқу жүктемесінің (педагогикалық жұмыстың) белгіленген көлемінде) және осы Ереженің 2.3-т. көзделген жұмысты орындау үшін қажетті уақыт шегінде, білім бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты педагогикалық, әдістемелік, сондай-ақ ұйымдастырушылық жұмысты белгіленген тәртіпте жалақыны сақтай отырып жүзеге асырады.
Балаларды медициналық қорытындыға сәйкес үйде жеке оқытатын мұғалімдер, оларға каникул басталмай тұрып мұндай балаларды жеке оқытудың сағат санын ескеріп каникул мерзімінде педагогикалық (әдістемелік, ұйымдастырушылық) жұмысқа тартылады.
4.3.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жазғы каникулы кезінде жұмысқа қабылданған педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі басқа лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті жалақы мен уақыттың ставкасына белгіленген аптасына оқытушылық (педагогикалық) жұмыс сағатының нормасы шегінде анықталады.
4.4. Каникулдық мерзімдегі оқу-көмекші және қызмет көрсетуші персоналдың жұмыс уақытының режимі атқаратын лауазымы бойынша белгіленген уақыт шегінде анықталады. Көрсетілген қызметкерлер заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы білімді қажет етпейтін шаруашылық жұмыстарды орындауға тартылуы мүмкін.
4.5.Каникулдық мерзімде барлық қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі, білім беру ұйымдарының жергілікті актілерімен және олардың сипатын көрсете отырып, жұмыс кестесімен реттеледі.
V. Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша білім алушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтарын (білім беру процесі) тоқтату мерзіміндегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс уақытының режимі
5.1.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша білім алушылар, тәрбиеленушілер үшін оқу сабақтарын (білім беру процесі) тоқтату мерзімдері, білім беру ұйымдарының педагог және басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.
5.2.Санитарлық-эпидемиологиялық, климаттық және басқа негіздер бойынша оқу сабақтарын (білім беру процесін) жеке сыныптарда (топтарда) немесе жалпы білім беру ұйымдарында тоқтату мерзімдерінде мұғалімдер мен басқа педагог қызметкерлер, осы Ереженің IV бөлімімен көзделген тәртіп пен жағдайда оқу-тәрбиелеу, әдістемелік, ұйымдастырушылық жұмыстарға тартылады.
VI. Қызметкерлердің сауықтыру білім беру ұйымдарындағы, жазғы саяжайларға шығатын білім беру ұйымдарындағы және (немесе) сол жерде немесе басқа жерде
жазғы демалысты ұйымдастыратын, сондай-ақ туристік жорықтарды, экскурсияларды, экспедицияларды, саяхаттарды жүргізу кезіндегі
жұмыс уақытының режимі
6.1.Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келмейтін мерзімде кемінде бір айға, каникулдық мерзімде жалпы білім беру және басқа да білім беру ұйымдарының базасында сол жерде құрылған балалардың күндіз болатын сауықтыру лагерьлеріне және басқа да сауықтыру білім беру ұйымдарына тартылатын педагог қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі, осы Ереженің IV бөлімінде көзделген тәртіпте анықталады.
6.2.Педагог қызметкерлерді, олардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келмейтін каникулдық мерзімде сауықтыру лагерьлеріне жұмысқа және басқа жердегі сауықтыру білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ұзақ жорықтардың (сол күні қайтып келмейтін), экспедициялардың, экскурсиялардың, басқа жерге саяхаттардың жетекшісі ретінде тартуға, тек қызметкердің келісімімен ғана жол беріледі.
Аталған қызметкерлердің жұмыс уақытының режимі олардың орындайтын жұмысын ескере отырып белгіленеді және білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, жұмыс кестелерімен, ұжымдық шартпен анықталады.
VII. Білім беру ұйымының жеке педагог қызметкерлерінің
жұмыс уақытын реттеу
7.1. 36-сағаттық жұмыс аптасы шегіндегі педагог-психологтардың жұмыс уақытының режимі білім беру мекемесінің ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен:
- оқу процесінің қатысушыларымен олардың жұмыс уақытының кемінде апталық ұзақтығының шегінде, жеке және топтық кеңес беру жұмыстарын орындауды;
- жеке және топтық кеңес беру жұмыстарына дайындалуды, алынған нәтижелерді өңдеуді, талдауды және қорытуды, есеп беру құжаттамаларын толтыруды, сондай-ақ өздерінің біліктіліктерін арттыруды ескере отырып реттеледі.
Педагог-психологтың аталған жұмысты орындауы тікелей білім беру мекемесінде, сондай-ақ қызметкердің қалауы бойынша одан тыс жерлерде де жүзеге асырылуы мүмкін.
7.2. Жұмыс уақытының режимі педагог қызметкерлердің лауазымдары бойынша белгіленген жұмыс уақытының жалпы ұзақтығына негізделіп анықталады:
Колледж директоры – аптасына 40 сағат
Директордың орынбасары – аптасына 40 сағат
Барлық мамандық мұғалімдері – нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат)
Бөлім меңгерушісі – аптасына 40 сағат.
Қосымша білім беру педагогы - нормативтік оқу жүктемесіне сәйкес (аптасына 18 сағат)
Педагог-ұйымдастырушы– аптасына 36 сағат
Педагог-психолог – аптасына 36 сағат
Әлеуметтік педагог – аптасына 36 сағат
№ 5 қосымша
Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
№
|
Лауазым атауы
|
Еңбек демалысы күндерінің саны
|
1.
|
Педагог қызметкерлер
|
56
|
2.
|
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету педагог қызметкерлері
|
42
|
3.
|
Педагог қызметкерлер болып табылмайтын азаматтық қызметшілер, соның ішінде:
- білім беру ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
- бас есепші;
- бас экономист;
- кітапхана меңгерушісі;
- асхана меңгерушісі;
- қойма меңгерушісі;
- есепші;
- экономист;
- кітапханашы;
- барлық мамандық дәрігерлері;
- орта медицина персоналы (мейірбикелер және басқалары);
- іс жүргізуші;
- кассир;
- комендант;
- инженер;
- инспектор;
- механик;
- хатшы;
- жабдықтаушы;
- ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету жөніндегі жұмысшы;
- қазандық қондырғысының машинисі (оператор);
- аспаз;
- автокөлік жүргізушісі;
- тәрбиешінің көмекшісі.
|
30
|
4.
|
Азаматтық қызметшілер болып табылмайтын жалдамалы жұмысшылар, соның ішінде:
- қызметтік үй-жайларды тазалаушы;
- вахтер;
- гардеробшы;
- кастелянша;
- бақша қызметкері;
- қоймашы;
- аула тазалаушы;
- санитарка;
- күзетші;
- от жағушы.
|
24
|
№ 6 қосымша
Зиянды, қауіпті, ауыр жағдайлардағы жұмыстары үшін қосымша ақыға,
жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына
құқықтары бар қызметкерлер
ТІЗІМІ
№
|
Лауазым атауы
|
Еңбек демалысы күндерінің саны
|
Аптасына жұмыс уақыты сағатпен
|
1.
|
Білім ұйымының дәрігері
|
12
|
40
|
2.
|
Білім ұйымының орта медициналық қызметкері
|
12
|
40
|
3.
|
Білім ұйымының кіші медициналық қызметкері
|
12
|
40
|
4
|
Сұйық отынмен және газбен жұмыс жасайтын бу және су жылытатын қазандық машинисі (пеш жағушы)
|
6
|
40
|
5.
|
Қатты минерал отынмен жұмыс жасайтын бу және су жылытатын қазандық машинисі (пеш жағушы) :
1) қолмен жүктеу кезінде
2) механикалық жүктеу кезінде
|
12
6
|
40
|
6.
|
Кір жуу қызметкерлері
|
6
|
40
|
7.
|
Аспаз
|
6
|
40
|
8
|
Қызметтік үй-жайларды тазалаушы
|
6
|
40
|
№ 7 қосымша
Мемлекеттік білім ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31-желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 Қаулысының 5-т.сәйкес қызметкерлерді лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісті орындағаны үшін ынталандыру, сондай-ақ еңбек функцияларын орындауда, білім сапасын арттыруда ұйым қызметкерлерінің материалдық қызығушылығын арттыру жүйесін реттеу мақсатында әзірленді.
2. Сыйлықақы беру шарттары
2. Қызметкердің жұмыс нәтижелерін сипаттап, оған сыйлықақы белгілеуге құқық беретін негізгі көрсеткіштер:
1) еңбек тәртібін қадағалау;
2) белгілі мерзімдегі жұмыс нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерін мінсіз орындау, жұмысына шығармашылық қатынасы және басқа да жетістіктері;
4) мерейтойлық, мерекелік даталар;
2) қызметкерге жүктелген қызметтер мен міндеттерді тиісті атқару;
3. Қызметкерге сыйлықақы:
1) алынбаған (өтелмеген) тәртіптік жазасы болған жағдайда;
2) аталған ұйымда алты айдан артық жұмыс жасамаса;
3) сынақ мерзімінен өту кезінде;
4) қоса атқару жағдайымен жұмыс жасайтын болса берілмейді.
3. Лауазымдық айлыққа үстеме ақы белгілеу шарттары
4. Қызметкердің лауазымдық айлығына үстеме ақы белгілеу оған кеңейтілген міндеттер аясын жүктеп, жоғары кәсіби деңгейі және құзіретімен, оларды тәжірибеде жетістікпен қолдана білуімен сай келетін жұмыстағы жеткілікті тәжірибесі (өтілі) мен дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері үшін жүзеге асырылады.
5. Үстеме ақылар сондай-ақ осы ұйымда еңбек міндеттерін атқару кезінде алынған еңбек жарақатымен, кәсіби аурумен немесе басқа да денсаулығының зақымдануымен байланысты қызметкерді ақысы аз төленетін (анағұрлым жеңіл жұмысқа ) лауазымға еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік тағайындалғанша ауыстыру кезінде белгіленеді.
6. Үстеме ақының ең жоғары мөлшері лауазымдық айлықтың 50 пайызынан аспауы тиіс.
4. Материалдық көмек көрсету шарттары
7. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай кездерде:
1) отбасы мүшелері, жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, ағалары, апалары, балалары) қайтыс болғанда;
2) некеге отырғанда;
3) бала туылғанда, бала асырап алғанда;
4) қосымша қаржылық шығынды талап ететін емделу кезінде (стационарлық немесе санаторлықтан басқа, 10 күнтізбе күнінен астам амбулаторлық емделу);
5) қызметкерге құқыққа қайшы әрекеттер жасау (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ стихиялық апаттар (өрт, су тасқыны, жер сілкіну және т.б.) салдарынан оған мүліктік зиян келтірілген жағдайда жүзеге асырылады.
5. Сыйлықақыларды бекіту мен төлеу тәртібі, материалдық көмек көрсету және қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу
8. Қызметкерлерге сыйлықақы беру және лауазымдық айлықтарына үстеме ақы белгілеу білім ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Бұйрықта қызметкердің тегі мен лауазымы, сыйлықақының (үстеме ақының) негіздемесі мен мөлшері көрсетіледі.
10. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтініші негізінде білім ұйымының басшысы шығарады.
11. Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстеме ақы белгілеу шығыстарды үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) жыл бойы, даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінен 30% аспайтын, ал желтоқсан айында – шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- іссапар шығыстары;
- коммуналдық қызмет;
- электр энергиясы;
- жылу;
- байланыс қызметі;
- көлік қызметі;
- негізгі құралдардың ағымдағы жөндеуі;
- негізгі құралдар бойынша жалдау ақысы;
- несиелер бойынша сыйақылар төлеу (пайда) жөніндегі шығыстар
2) шығыстардың төмендегідей түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
- жалақы;
- салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер.
Шығыстардың басқа түрлері бойынша даму жоспарымен сыйлықақыға, материалдық көмек көрсетуге және үстеме ақылар белгілеуге қаражаттарды үнемдеу бағытына жол берілмейді.
№ 8 қосымша
ТОЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ШАРТ
«___» ___________ 20__ ж. ___________________ қаласы
_______________________________________________________________________,
(мемлекеттік кәсіпорынның толық атауы)
бұдан әрі «Жұмыс беруші» деп аталатын , директор (меңгеруші) ________________________ тұлғасында, Жарғы негізінде әрекет ететін бір жақтан және
(Т.А.Ә.)
_________________________ азамат, бұдан әрі «Қызметкер» деп аталатын,
(Т.А.Ә.)
өз атынан жеке тұлға ретінде әрекет ететін екінші жақтан, бұдан әрі бірге Тараптар деп аталып, Жұмыс берушіге тиісті материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төмендегі мәселелер жөнінде толық материалдық жауапкершілік туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасады:
1. Жұмыс берушіде 20 __ж. «___» ___________ № ___ еңбек шарты негізінде (бұдан әрі – Еңбек шарты) қызмет жасайтын _____________ лауазымындағы және Жұмыс берушіге тиісті тауарлық-материалдық құндылықтарды тікелей қабылдауға, тапсыруға, сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өзінің еңбек міндеттерін орындау кезінде қолдануға байланысты және Қызметкермен жүкқұжат, қабылдау-тапсыру актісі, шығыс кассалық ордері немесе сенімхат бойынша есеп беру (бұдан әрі –«Материалдық құндылықтар») арқылы алынған, сондай-ақ ҚР заңнамасымен көзделген белгілі бір лауазымдағы қызметкердің материалдық жауапкершілігі жағдайында жұмыс жасайтын Қызметкер өзіне Жұмыс берушімен тапсырылған Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге толық материалдық жауапкершілік алады.
Қызметкердің материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері Жұмыс берушінің уәкілетті өкіліне қабылдау-тапсыру актісі бойынша Материалдық құндылықтарды қайтарған кезден бастап тоқтатылады.
2. Осы шарттың 1-тармағында айтылғандарға байланысты Қызметкер:
2.1. материалдық құндылықтарды ұқыпты ұстауға және материалдық құндылықтарды жоғалтуға немесе бүлдіруге байланысты Жұмыс берушіге шығынның келуін болдырмау шараларын қабылдауға;
2.2. оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуге қауіпті барлық жағдайлар туралы Жұмыс берушіге уақытында хабарлауға;
2.3. материалдық құндылықтарды қолданып болғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі бойынша немесе кез-келген себеп бойынша Еңбек шартын бұзу кезінде соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей Жұмыс берушіге уақытында қайтаруға міндетті.
3. Жұмыс беруші Қызметкердің өзінің еңбек міндеттемелерін тиісті атқару шартымен оған сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етуге қажетті жағдайды жасауға міндеттеледі.
4. - Қызметкердің өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарды қандай да бір себеппен, Қызметкердің материалдық құндылықтарды ұқыпсыз ұстауы нәтижесінде сындыруын, жоғалтуын немесе Қызметкердің қасақана әрекетін, материалдық құндылықтарды қасақана жоюы немесе бүлдіруін қосқандағы кінәсінен сақтауды қамтамасыз етпеген жағдайда;
- Қызметкер Жұмыс берушіге материалдық құндылықтарды қайтармаған жағдайда;
4.1. Қызметкер Жұмыс берушіге осы Шарттың 5-тармағына сәйкес анықталған мөлшерде келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Төлем Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
4.2. Қызметкердің келтірілген зиянды өтеуі туралы Жұмыс берушінің бұйрығы Қызметкермен келтірілген зиянды анықтаған күннен бастап екі аптадан кешіктірілмей шығарылып, тез арада Қызметкерге жазбаша түрде қолын қойғызып таныстырылуы тиіс
4.3. Қызметкер Жұмыс берушіге келтірілген зиянның мөлшерін ерікті түрде қайтаруға құқылы, олай болмаған жағдайда Жұмыс берушінің Қызметкерден келтірілген зиянның өтелмеген сомасын сот тәртібінде өндіруге құқығы бар.
4.4. Егер Қызметкер осы Шартта көзделген зиянды өтеу мөлшерімен немесе тәртібімен келіспесе, және осы мәселе бойынша Тараптар арасында келісімге қол жеткізілмесе, Қызметкердің арызы бойынша дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген тәртіпте қаралады.
5. Келтірілген зиянның мөлшері шығындалған материалдық құндылықтардың құнына немесе Жұмыс берушінің пікірі бойынша қалпына келтірілуге тиіс материалдық құндылықтарды қалпына келтіру құнына сүйеніп есептеледі. Шығындалған материалдық құндылықтардың құны қолданыстағы заңнамалық нормалармен белгіленген тозуды шегергендегі материалдық құндылықтардың баланстық құнына (өзіндік құны) сүйеніп, бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде анықталады.
Сонымен бірге Тараптар, егер Еңбек шартын тоқтату кезінде Қызметкер Жұмыс берушіге соңғы жұмыс күні материалдық құндылықтарды қайтармаса, мұндай материалдық құндылықтар Қызметкердің кінәсінен жоғалған болып саналатынын және бұл келтірілген шығын осы Шартқа сәйкес қайтарылуға тиіс екенін мойындайды.
6. Материалдық құндылықтарды сақтаудың қамтамасыз етілуіне кінәлі қызметкердің, өзін еңбек міндеттемелерін орындаудан босатуға негіздеме ретінде олардың бұзылуын немесе болмауын сылтауратуға құқығы жоқ.
7. Қызметкер, егер материалдық құндылықтар оның кінәсінен жоғалмаса немесе бүлінбесе, материалдық жауапкершілікке тартылмайды.
8. Қызметкер Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 120-123 баптарымен, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 187-189, 195, 202, 204 –баптарымен танысты.
9. Осы Шарттың іс- әрекеті Еңбек шартының барлық іс-әрекет мерзіміне таратылады. Осы Шарттың іс-әрекеті, егер Еңбек шартының іс-әрекеті тоқтатылған кезде Қызметкер Жұмыс берушіге ешқандай зиян келтірмесе және Қызметкер Жұмыс берушіге тиісті жағдайда Материалдық құндылықтарды толығымен қайтарған болса, онда Еңбек шартының іс-әрекетін тоқтатумен қатар тоқтатылады. Олай болмаған жағдайда Материалдық құндылықтарды жоғалтуға немесе бүлдіруге қатысты Жұмыс берушіге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қызметкердің міндеттемесі оларды толық көлемде орындағанға дейін сақталады.
10. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада жасалады және бір- бір данадан тараптарға беріледі.
Жұмыс беруші
(Деректемелері, қолы, мөрі, күні)
Қызметкер
(Лауазымы, Т.А.Ә.,қолы, күні)
№ 9 қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |