Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 116 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558, «Жеке және заңды тұлғалардың көрсететін мемлекеттік қызмет реестрін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулыларын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымша беріліп отырған «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Қ.Мыңбайға жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |