Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығына қосымша
2019 жылдың «__» ________
№_________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 15 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру және өтінімді қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 60 күн;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 30 минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз/электронды түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысын ұсыну нысаны – қағаз/электронды түрінде.
Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасымалдағышы арқылы берген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды үлгіде рәсімделіп, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолы қойылып, мөр басылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталына жіберіліп, қызмет алушының «жеке кабинетінде» қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды сандық қолы қойылып, электронды үлгіде сақталады.
7. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбімен жұма аралығында, сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтінімдерді қабылдау сағат 13:00-де 14:30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жүргізіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Портал жұмысының кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден бөлек тәулік бойы (қызмет алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс күндері немесе мереке күндері өтінім жасаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру және өтінімді қабылдау келесі жұмыс күнінде жүргізіледі).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі: мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі өтінім екі данада ұсынылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметке сұранысының қабылданғаны туралы статус, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алынатын күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
10. Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, пакетін толық ұсынбаған және (немесе) құжаттары әрекетінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда қызмет беруші өтінімді қабылдамайды.
3-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынш көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымдық адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің бастығының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекен-жайлар бойынша жасалады.
Шағым жазбаша түрде пошта арқылы болмаса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы әдейі, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) Жеке тұлғаның – аты-жөні, тегі, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көретіледі;
2) Заңды тұлғаның – оның аталымы, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көретіледі.
Шағымға қызмет алушының қолы қойылуы тиіс.
Портал арқылы шағымданған жағдайда, шағымдану тәртібі туралы ақпарат Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы ұсынылады.
Қызмет алушының порталы арқылы шағым жіберілген болса, көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу кезінде жаңарып отыратын жүгіну туралы ақпаратына (жеткені, тіркелгені, орындалғаны, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы туралы хабарлама) «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады.
Қызмет алушының шағымы қызмет берушінің мекен-жайына келіп түскен жағдайда ол тіркелген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымның қаралу нәтижелері туралы себептемелі жауабы қызмет алушыға пошта арқылы болмаса көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары:
1) Министрліктің: www.edu.gov.kz;
2) ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 02.11.2015 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен алып тасталды.
3) көрсетілетін қызметті берушінің: www.ncste.kz;
4) порталдың: www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: +7 (727) 378-05-09, +7 (727) 355-50-01, +7 (727) 378-05-67, +7 (727) 235-05-67. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
нысан
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім
1. Жалпы ақпарат
1. Жоба тақырыбының атауы.
2. Өтінім берілетін басым бағыт атауы.
3. Өтінім берілетін мамандандырылған ғылыми бағыт атауы.
4. Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы.
5. Гранттық қаржыландырудың сұралатын сомасы (жобаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңге).
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде жобаның негізгі қатысушылары (жобаның ғылыми жетекшісі, тең жетекшісі), олардың ғылыми мүдделерінің бағыты, жоба идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.
2. Жобаның мақсаты [100 сөзден артық емес]
Жобаның мақсаты ықшам және айқын баяндалып, жобаның тақырыбына сәйкес келуі керек.
3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде жоба мақсатына қол жеткізудің тәсілі сипатталады, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері мен күтілетін нәтижелерінің тізбесі беріледі.
4. Ғылыми жаңашылдық және жобаның маңызы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобаны әзірлеудің алғышарттары, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы жобамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;
2) жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы;
3) мәлімделген зерттеудің маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеуге арналған тиісті білім беру саласының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктер (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұраныс пен (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту) (ғылыми бағдарламалар үшін);
4) алынған нәтижелердің ғылым мен технологияны дамытуға ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.
Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:
1) жоба идеяларының қолданыстағы аналогтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;
2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, жобаның неліктен қаржыландырылуға тиіс екенін негіздеу қажет;
3) егер жобаның түпкі нәтижесі өнім болса, жобаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;
4) ғылыми-техникалық жобалар, зерттеулер үшін жобаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) жобада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;
2) жобаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;
3) жоба шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі мен тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;
5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).
4. Жобаны жоспарлау және басқару [1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және жобадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;
2) жоба кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары.
Екі жылдық жоба үшін Гант диаграммасының үлгісі:
Р/с №
|
Жоба міндеттерінің, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы
|
Ұзақтығы (аймен)
|
Жұмыстарды орындаудың басталуы (күні/айы/жылы)
|
Жобаны іске асыру жылдары
|
1-жыл
|
2-жыл
|
3-жыл
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген жобаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Жобаның бюджетін жұмыстар жоспарына сәйкес ғылыми жетекші бөледі және оны аталған жобамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және "Жалпы ақпарат" деген 5-бапта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.
Жобаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5. Зерттеу тобы [1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және жобаның негізгі орындаушылары (қоса орындаушылар) туралы ақпаратты қамтиды:
1) түйіндеме және ғылыми еңбек (зерттеушінің қысқаша түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);
2) ғылыми жетекшінің жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;
3) қолдағы патенттер туралы мәліметтер;
4) зерттеу тобының жоба тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін), патенттер, авторлық куәліктер;
5) жобадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;
6) жобаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) жобаға грантты алған соң тартылады.
6. Зерттеу ортасы [500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;
2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;
3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың (35 жасқа дейінгілерді қосқанда), PhD-докторанттардың жобаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: жобаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер [250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (жоба шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда жарияланады);
2) шетелдік басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;
3) қазақстандық басылымдарда кітаптар/кітап тарауларын жариялауды жүзеге асыру;
4) монографиялар жариялауды жүзеге асыру;
5) шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, америкалық, жапондық) алынған нәтижелерді патенттеу мүмкіндігі;
6) алынған нәтижелерді патенттеу (қазақстандық немесе еуразиялық патенттеу бюросында), зияткерлік меншік объектісі бойынша лицензиялық келісім жасау мүмкіндігі;
7) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
8) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және/немесе коммерцияландырылуы;
9) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары, оның ішінде субъектілік құрам бойынша;
10) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;
11) әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату.
8. Библиография
Бөлімде "Жобаны сипаттау" бөлімінің "Жобаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы" деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.
Қосымшалар
1. Куәлік көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.
2. Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі (егер өтінім беруші жеке тұлға болған жағдайда).
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған
өтінім
1. Жалпы ақпарат
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі – бағдарлама) тақырыбының атауы.
2. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарлама (бұдан әрі – нысаналы бағдарлама) атауы.
3. Іске асыру үшін өтінім берілетін нысаналы бағдарлама іс-шараларының атауы.
4. Бағдарламаны бастаудың және аяқтаудың болжанатын күні.
5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (токсикология, оптика, робот техникасы және т.б.).
6. Мемлекетаралық ҒТА рубрикаторының коды (xx.xx.xx; xx.xx.xx;…).
7. Зерттеу түрі (эксперименттік емес іргелі, іргелі эксперименттік, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).
8. Бағдарламаны іске асыру орны.
9. Іске асыруға өтінім берілетін нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға бөлінетін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемі (жобаны іске асырудың барлық мерзіміне және жылдар бойынша, мың теңгемен).
10. Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне және жылдар бойынша сұралатын қаржыландыру сомасы, мың теңге (бірақ іс-шараға бөлінген қаржыландыру сомасынан жоғары емес).
2. Жобаның сипаттамасы
1. Кіріспе бөлім [100 сөзден артық емес]
Бөлімде бағдарламаның негізгі қатысушылары (орындаушы ұйым, бағдарламаның ғылыми жетекшісі), ұйымның және ғылыми жетекшінің біліктілігі туралы қысқаша ақпарат көрсетіледі.
2. Жобаның мақсаты
Нысаналы бағдарлама іс-шараларын ________________ іске асыру.
3. Жобаның міндеттері [500 сөзден артық емес]
Бұл бөлімде бағдарлама мақсатына қол жеткізудің тәсілі, іске асырудың қысқаша түсініктемесімен алға қойылған міндеттері, күтілетін нәтижелерге және олардың нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асырудың бекітілген күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі сипатталады.
4. Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы және маңыздылығы [2000 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламаны әзірлеуге арналған ғылыми еңбек, зерттелетін тақырыпқа қатысты әлемде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге және олардың осы бағдарламамен өзара байланысына міндетті түрде шолу жасай отырып (түпмәтінде шолуда пайдаланылған әдебиетке жасалған сілтемелер көрсетілуі керек, олардың толық жазылуы "Библиография" деген 8-бөлімде ұсынылуы тиіс), ғылыми жаңалықтың негіздемесі. Бар болса, алдын ала нәтижелері көрсетіледі;
2) зерттеудің нысаналы бағдарламаның іс-шарасына сәйкестігі, оның тиісті білім беру салаларының трендтерін қамтитын ғылыми және технологиялық қажеттіліктерге шолу жасау арқылы ұлттық және халықаралық ауқымдағы маңызы (қажет болған жағдайда, әлеуметтік сұранысты және (немесе) экономикалық және индустриялық мүдделерді қамту);
3) зерттеулердің қандай технологиялық міндетті/мәселені шешуге бағытталғаны, ғылым мен технологияның дамуына алынған нәтижелердің ықпалы және күтілетін әлеуметтік және экономикалық әсер.
Аталған бөлімді сипаттаған кезде мынадай бағыттарға назар аудару ұсынылады:
1) бағдарлама идеяларының қолданыстағы аналогтардан түбегейлі айырмашылығына сипаттама беру қажет;
2) егер зерттеудің идеясы немесе нәтижесі әлемде бар болып, Қазақстанда болмаса, бағдарламаға қаржы салудың неліктен пайдалы екенін негіздеу қажет;
3) егер бағдарламаның түпкі нәтижесі өнім болса, бағдарламаның нысаналы саласында қазіргі уақытта қалыптасқан техника деңгейін отандық және шетелдік өндірушілердің жетістіктері туралы деректерді келтіре отырып сипаттау қажет;
4) бағдарламаға негіз болған технологиялар, бәсекелі және/немесе баламалы технологиялар бойынша ғылыми-техникалық жобалар мен әзірлемелер саласындағы озық топтарды көрсету қажет.
3. Зерттеу әдістері және этикалық мәселелер
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) бағдарламада пайдаланылатын ғылыми әдістерді алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдерінің негіздемесі, таңдалған тәсілдемелер негіздемесі ретінде сипаттау;
2) бағдарламаны іске асырудың сыни нүктелері, балама жолдары;
3) бағдарлама шеңберінде пайдаланылатын ғылыми этика қағидаттары мен нормаларының, яғни басқару, атап айтқанда, жоғары зияткерлік адалдық стандарттарын қолдау және деректердің ойдан шығарылуына және бұрмалануына, плагиатқа, жалған тең авторлыққа, ұжымдық зерттеулерді, басқа қатысушылардың келісімінсіз зерттеулерден алынған деректер мен тұжырымдарды жекелеген қатысушылардың пайдалануына жол бермеу этикалық рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері;
4) адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді өткізудің егжей-тегжейлі тәртібі және тетігі, жоспарланған зерттеулердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін сипаттау;
5) зерттеу нәтижелеріне арналған зияткерлік меншік құқықтарын ресімдеу және бөлу шарттары (зияткерлік меншікті қорғаудың қандай тәсілі таңдалатынын көрсету қажет).
4. Бағдарламаны жоспарлау және басқару
[1500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) зерттеу тобының құрамын, олардың ұстанымдарын, біліктіліктерін және бағдарламадағы жұмыс бағыттарын сипаттау;
2) бағдарлама кезеңдерін, алға қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін және бағдарлама мақсатының сәйкестігін, бекітілген мақсатты индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысын, Гант диаграммасын (алға қойылған міндеттер* уақыты (аймен)) қамтитын жұмыс жоспары;
3) жобаны іске асырудың әр жылы міндетті түрде түсіндірілген бағдарламаның жалпы құнының (мың теңгемен) негіздемесі және шығыстар сметасы. Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстар бабы доллардың теңгеге қатынасы бойынша бағамы көрсетіліп, АҚШ долларымен көрсетілуге тиіс (өтінім берілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша). Бағдарламаның бюджетік бағдарламамен байланысты емес өзге шығыстар бабына жұмсауға болмайды. Барлық шығыстар бабының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұралатын соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» деген 10-бапта мәлімделген сұралатын қаржыландыру сомасына баламалы болуға тиіс.
Бағдарламаға Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге өзгерістер енгізілуі мүмкін.
5. Зерттеу тобы
[1000 сөзден артық емес]
Бөлім ғылыми жетекші және бағдарламаның негізгі орындаушылары туралы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) түйіндеме және ғылыми еңбек (зерттеушінің қысқаша түйіндемесі беріледі және мәлімделген зерттеудің бұрын өткізілген ғылыми зерттеулермен қаншалықты байланысты екендігі сипатталады);
2) бағдарлама тақырыбына қатысты бес негізгі жарияланымдары туралы мәліметтер;
3) патенттер туралы мәліметтер;
4) негізгі жарияланымдар (10-ға дейін), патенттер және авторлық куәліктер;
5) бағдарламадағы жұмыстары мен жұмыс істеу мерзімдерінің сипаттамасы;
6) бағдарламаның ғылыми жетекшісі зерттеу тобының жоспарланып отырған штатының кемінде 70 %-ының (негізгі персонал) жеке деректерін көрсетеді, штаттың басқа 30 %-ы (көмекші персонал) қаржыландыру басталғаннан кейін бағдарламаға тартылады.
6. Зерттеу ортасы
[500 сөзден артық емес]
Бөлім мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өтініш берушіде бар, зерттеу жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның сипаттамасы;
2) түсіндірмелері бар отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарының (зертханалардың) пайдаланылуы;
3) отандық және халықаралық негізгі байланыстар, шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы;
4) жас ғалымдардың, PhD-докторанттардың бағдарламаға қатысуы;
5) ұтқырлық негіздемесі: бағдарламаны іске асыру үшін басқа жердегі жұмысқа қатысудың және оның кезеңдерінің ықпалы.
7. Күтілетін нәтижелер
[250 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) бағдарламаның нәтижелері нысаналы бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға, мақсатты индикаторлар мен мақсатты бағдарламаның көрсеткіштеріне қол жеткізуге қалай ықпал ететіні;
2) күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық әсер;
3) алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы; ұсынылатын өнімді/технологияны нарыққа толыққанды шығару үшін қандай іс-шаралар қажет;
4) алынған нәтижелердің нысаналы тұтынушылары;
5) тәуекелдерден тұратын серпінді нәтижелер алу мүмкіндігі; ғылым мен технологияның дамуына ықпалы;
6) шетелдік рейтингтік ғылыми журналдарда жарияланымдарды жүзеге асыру (бағдарлама шеңберінде жүргізілетін ғылыми зерттеулер нәтижелерінің жариялануы болжана ма және қандай журналда жарияланады), әлеуетті пайдаланушылардың, ғалымдар қоғамдастығының және кең жұртшылықтың арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
7) патент алу.
8. Библиография
Бөлімде «Бағдарламаны сипаттау» бөлімінің «Бағдарламаның ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы» деген 4-тармағына сілтеме жасалған жарияланымдар көрсетіледі.
Әрбір жарияланымда журналдың толық атауы, басылым нөмірі, шығарылған жылы, беттер нөмірі, мақаланың толық атауы, мақаланың барлық авторларының аты жазылуға тиіс.
Қосымшалар
3. Куәліктің көшірмесі не уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу туралы бұйрығынан үзінді.
Достарыңызбен бөлісу: |