ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы
«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТЕОРИЯСЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША СӨЖ (СӨЖО) МАТЕРИАЛДАРЫ
Мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
ҚАРАҒАНДЫ – 2010
СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынысты 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының жұмыс оқу жоспарлары мен пәннің КЭУК – МИ-85- 05.01.-2007 оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылатын талаптар негізінде э.ғ.к., профессор Шумеков З.Ш. құраған
Экономикалық теория және ХЭ кафедрасының Оқу-әдістемелік семинарының отырысында қарастырылған
ОӘС Хаттама №10 10 маусым 2010 ж.
«Экономикалық теория және ХЭ»
кафедра меңгерушіс Жетпісбаева М.Қ.
Офис: Қарағанды экономикалық университеті, экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасы, кабинет № 266
Тел: 44-16-34, ішкі 143
СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫС
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі мәселелері қарастырылады. Семинарлық сабақтын жоспары, негізгі және қосымша әдебиет тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер қалай жүзеге асыру керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына дербес түрде жауаптар дайындар. Әрбір сұрақты қысқаша дайындау барысында, негізгі ережелер мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғанан кейін өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтардын көмегімен өз білімдерінді тексеріндер. Дербес талдай алмаған сұрақтарыңды жазып алып, дәрісте оқытуға немесе СӨЖО процесіне қойындар.
СӨЖ тапсырмалары дәрісте орындалуы керек. Ал дәрісте дербес оқылып қарастырылған білімдер тереңдетіліп, тереңдетілуі керек.
Алайда семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан могитрант өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
СӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.
«Мемлекеттік басқару теориясы» курсының ерекшелігі СӨЖ – дің кең формалар жиынын ашады. Атап айтсақ, мынадай формалар:
- оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;
- семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;
- белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;
- магистірлік рефераттарды, баяндамаларды өзара рецензиялау;
- курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;
- күрделі есептерді шығару;
- статистика мәліметтерін талдау;
- кәсіпорын іс - әрекетін модельдеу;
- топтық жобаға қатысу;
- таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;
- глоссарий жасау;
- тақырып бойынша шолу жасау;
Олардын кейбіреулерінің мазмұны:
Тақырып бойынша шолу жасау – басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.
Глоссарий –мүмкін болса шет тіліне аударып,қазақ және орыс тіліндегі термендер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі, ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарий қүру макроэкономиканың түсініктік аппараттық білімнің қалыптасуына және оны пайдалануға қатысты дағдыларды өңдеуге ықпал етеді.
Реферат – СӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты оппенирлеу неғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.
Коллоквиум – білімді нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар – тәртіп бойынша, спецификалық құрылымға ие, сондықтан жауаптар жинақталған материалды талдау негізінде ғана беріле алады.
Эссе – бұл сын, публицистика сияқты түрлі жанрларда өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселерге қатысты өз ойларын баяндау.
Дәріс конспектілерін талдау, өткен материалды өңдеу бағдарламалық материалды игерге, теориялық білімдерді бекітуге ықпал етеді.
Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты – пратикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді пайдалану дағдылары мен ептіліктеріне ие болу.
Мақсаттар ағашын құру – ол үшін тыңдаушыларға мәселені таңдап, мақсаттарды деңгейлер бойынша белгілеу, барлық деңгейдегі тапсырмаларды анықтау, кәсіпорынның ұйымдық құрылымдарының орнын анықтап, жұмыс сапасын өлшеуіштер мен тапсырма формасын таңдау ұсынылады.
Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез-келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез-келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың қаншалықты ашылу және қоршағандардан қаншалықты қызығушылық тудыру, тыңдаушының қарастырып отырған мәселесін қаншалықты кәсіби қарастыру критериі бойынша бағаланады.
Білім беруге арналған нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға жауап беру талап етілетін көптеген қарапайым және күрделі жағдайлар беріледі; неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз кейсін жаза алады.
Іскерлік ойындар болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті дағды, ептіліктерді өңдеуге көмектеседі; кей ойындар бойынша үйде дайындалу немесе кітапханада аяқтау қажет.
Топтық жоба – топта 3-5 адамнан құрылып, әрбіреуі өз жобасын өңдеуі керек.
Жеке жоба – неғұрлым дайын тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек, жоба нәтижелері ғылыми конференцияда қарастырылуы мүмкін.
СӨЖ-ді тиімді ұйымдастыру үшін арналған тыңдаушыға ұсыныстар.
Өткен материалды әрі қарай өңдеу. Өтілген дәріс материалын әрі қарай өңдеу өзіндік жұмыстың неғұлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзге де өзіндік жұмыстарды орындауда жеңіл болады. Алғашқы сабақтан бастап, өтілген дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәрістер материалдарын түсіну мен семинарлық және лабораториялық сабақтар материалдарын меңгерудің қажетті шарты болып табылады.
Материалды әрі қарай өңдеуге кірісе отырып, мыналар қажет болады:
жұмыс орнын анықтау;
егер үйде жұмыс жасауға арналған жағдайлар болмаса, университет немесе қалалық кітапхананың оқырмандар залының қызметіне жүгіну;
дәріс конспектісі болу;
курс бағдарламасы болу;
ұсынылатын әдебиет болу (оқулық, есептер).
Жұмыс жасау әдісі:
дәріс материалын жаңа оймен өңдеген жөн (оны кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұны ұмытылып қалуы мүмкін);
конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап, қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізген тиімді;
тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсініп, есте сақтағанға дейін жалғаса беруі қажет;
тақырыппен жұмыс оқулықтарда кеотірілген мысалдар мен есептерді талқылаумен аяқталады;
егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оны оқытушыдан кезекті дәрісте сұрау.
Коллоквиумдарға дайындалу. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.
Осыдан шығатыны:
коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.
Бақылау жұмыстарына дайындалу. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:
магистранттардың ағымдық үлгерімін тексеру;
топ магистранттарының дайындығын айқындау;
үлгірімділігі төмен тыңдаушылармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.
Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып:
бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;
теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;
оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.
Егер магистрант алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.
Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу қажет.
Тапсырманы орындау тәртібі:
өзіндік жұмыстар графигімен бекітілген мерзімнен кешіктірмей тапсырмаларды орындауға кірісу;
егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына қайтып оралып, оны толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу;
егер осыдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу;
алынған шешімді талдау;
тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережесін тексеру керек;
тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;
тапсырма графикпен (орын) бекітілген мерзімнен кешіктірмей қорғалуы керек, себебі ол академиялық берешек болып есептеледі.
Өзіндік жұмысқа берілген уақыт шектелген, сондықтан өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылуға, саналы демалуға үйрену қажет. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның өзіндік жұмыс әдістемесін тыңдаушыларға үйретуге қатысты жауапкершілігі артады.
«Мемлекеттік басқару теориясы» курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары
Тақырыптар атауы
| СӨЖО өткізу формалары |
Тақырып 1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.
|
Тақырып 2. Басқарудағы жүйелік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтарын және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарды шешу, реферат, эсселер жазып, мақсаттар ағашын құру
|
Тақырып 3. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуі
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.
|
Тақырып 4. Мемлекеттік басқару үрдісінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.
|
Тақырып 5. Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару: қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмі
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, текс сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттарды жазып, қосымша глоссарий құру.
|
Тақырып 6. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық-функционалдық құрылымы
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауп беру, реферат жазу, қосымша глоссарий құру, жеке шолу құру.
|
Тақырып 7. Мемлекеттік басқарудағы қатынастардың құқықтық реттеу
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді, тест сұрақтары мен өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беріп, шешу, рефераттар, эссе жазып, презентациялар өткізу.
|
Тақырып 8. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар жүйесі
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтарын және өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарды шешу, реферат, эсселер жазып, мақсаттар ағашын құру
|
Тақырып 9. Мемлекеттік басқаруды аумақтық ұйымдастыру
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.
|
Тақырып 10. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет
|
Діріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.
|
Тақырып 11. Қоғамдық қызмет аяларындағы мемлекеттік басқару және салааралық мемлекеттік басқару
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, текс сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттарды жазып, қосымша глоссарий құрып, кейсті талқылау
|
Тақырып 12. Басқарушылық қызмет стилін жетілдіру және оны жүзеге асырудағы жауапкершілік
|
Дәріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептер шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаларды өңдеу, презентациялар өткізіп, қосымша глоссарий құру.
|
Тақырып 13. Мемлекеттік басқару жөніндегі қызметтің әлеуметтік-экономикалық тиімділік проблемасы
|
Діріс және қосымша әдебиет конспектілерін талдау, есептерді шығару, тест сұрақтары мен өзін-өзі бақылау сұрақтарына жауап беру, реферат жазу, топтық жоба өңдеу, қосымша глоссарий құру, рефераттарды рецензиялау.
|
- студенттердің СӨЖ (СӨЖО) қосымша немесе баламалы формаларын өткізу бойынша ұсыныстары қарастырылады
ТАҚЫРЫП 1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырыптық сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. "Мемлекеттік басқару теориясының философия, экономикалық теория, социалогоия, политология, мемлекеттік тәне құқық теориясы және басқа пәндермен" өзара қатысы туралы тақырыпқа эссе дайындау
3. Төмендегі тақырыптарға реферат дайындау:
" Мемлекетті басқарудың саксониялық моделі"
"Мемлекеттік басқарудың Батыс Европалық моделі"
"Мемлекеттік басқарудың Скандинавиялық моделі"
"Мемлекеттік басқарудың Патернамистік (Жапония) моделі"
Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты бастау керек дәрістің конспектіні және ұсынылған әдебиеттерді оқу керек. Дайындалу кезінде "пән" , "объект", "әдіс", басқару ғылымының категорияларын бір-бірінен айыра білу керек. Басқару теориясының әртүрлі мектептерімен даму бағытына семинар сабағында көңіл болу керек. Қысқа түрде эссе және реферат өткізу арқылы бақылау керек.
ТАҚЫРЫП 2. БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІК КӨЗҚАРАС, БАСҚАРУ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырыптың сұрақтарына ауызша талқылауға дайындалу
2. Жазып алу арқылы дайындалу керек.
"Мемлекеттік сектор экономикасын леберализациялаудағы Батыс Европа қоғамдастығының тәжірибесін" ол үшін Мамыров Н.К., Саханова А.Н. Мемлекет және биззнес, оқу құралын пайдалану керек. Алматы: Экономика. 1999, 1,4,9 тарау"
3. "Мемлекеттік экономикалық тиімділісі" тақырыбына эссе дайындау керек.
Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дйындалу кезінде дәріс конспектісін және ұсынылған әдебиеттерді оқу керек. Оқу кезінде мұқиятты түрде көңіл бөлу керек, мына категорияларға "жүйе", "құрылым", " басқару құрылымы". "Мемлекеттің экономикалық тиімділігі" тақырыбына тұсау кесер және талқылау керек семинар сабағында. Бұл тақырыпта 13 тақырыпта айтыс ұйымдастыру арқылы қаралады.
ТАҚЫРЫП 3. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮРДІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырыптың сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2. "Ресей және Қазақстан мемлекетерінің тәжірибесі" деген тақырыпқа хабарлама жасау керек (Мамыров Н.К. Саханова Л.Н. "Мемлекет және бизнес. Алматы: Экономика, 1999,1,3,5 тараулар)
3. Мемлекеттің пайда болуы туралы 1-2 теорияға тұсау кесуге дайындалу керек.
"Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теория
"----"------патриархалдық теория"
"----"------келісім шарт теориясы"
"----"----- -күштеу теориясы"
"----"------психологиялық теория"
"----"------органикалық теория"
"----"-----иррикациондық теория"
"----"-----материалистік теория"
Тұсау кесерге дайындалу кезінде келесі әдебиеттерді пайдалану керек. (Кашанина Т.В. Происхождение ч-во иправо М 1999, Косарев А.И. Происхождения и сүщность ч\ва М 1999, Бутенко А.Б Государство его вчерашние и сегодняшние трактовка ч\ва и право . 1993 №7, Салыгин. Е.Н. Теоритические тенденция современной государственности. Общественная наука и современность. 1996 №6).
4. СӨЖО іскерлік ойын арқылы өткізіледі "Қоғамдық тағдау" ойыны теориялы білімді толықтыруға және мемлекеттің қызметін жете түсінуге жағдай жасайды (қазіргі жауапты (Әкім не Акимат) сонымен бірге Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік механизмін түсіну.
"Қоғамдық тағдау" іскерлік ойыны (КИМЭП проф. ср. Баттерфилд жасаған)
Аудиторияда талқылау үшін мемлекеттік экономиканың 10 проблемасы берілген. Төменде соның баяндалуы
1 проблема
|
Қалдықтарды өңдеу. Қаланың аудандарында қалдықтарды өңдеуге арналған құрал жабдықтардың болмау проблемасы. Оларды өңдеу үшін салынатын қуатқа 6 млн. доллар керек.
|
2 проблема
|
Полиция. Қылмыстық топтың өсуіне байланысты 70 қосымша офицер керек. Оған жұмсалатын жылдық шығын 1 млн. доллар
|
3 проблема
|
Экологиялық тазалық. Орманды ластауға тез шара қолдану керек. Тазалауды жақсарту үшін максимум 4 млн. доллар керек
|
4 проблема
|
Көлік. Қаладағы қозғалу жүйесі автобустар ескірген, оны ауыстыру керек. Қала халқы автобустардың кешігуіне риза еместігін білдіруде. Жөндеу үшін минималды қажет болатын құны – 2 млн. доллар
|
5 проблема
|
Білім беру. Ертерек зейнеткерлікке шығуға байланысты білім беру басқармасына қаладан 50 жастағы оқытушылар ставкасын сұрады. Оған 1 млн. доллар керек.
|
6 проблема
|
Ауыл шаруашылығы. Ағаш өсірушілер лоббистері егер салық сатвкасын төментедпесе бал өндіруді толық тоқтатамыз деп қорқытады, ол жағдайда 1 млн. доллар зиян шегеді
|
7 проблема
|
Денсаулық.. Сирек вирустың лап етуі қалаға жақын орналасқан ауылшаруашылық ауданына қауіп төндірді. Ауруды жұқтырған 10000 адамды зерттеу үшін ақша керек. Оған кететін шығын – 2 млн. доллар
|
8 проблема
|
Олимпиадалық ойын. Халықаралық олимпиадалық комитет (МОК) қалаға қысқы ойын өткізуге ұсыныс жасады, туризмнің дамуына байланысты түсетін табыс 10 млн. доллар. Қаланы жөндеуге кететін шығын 5 млн. доллар
|
9 проблема
|
Әскер. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда әскерді қазіргі қарумен бір рет қайта қаруландыруға 10 млн. доллар салу керек. Бұл қажетті жағдай НАТО-ға мүшелікке кіру үшін қажет.
|
10 проблема
|
Тарифтер. Белсенді іскерік, шетел импортынан қайғы қасірет шегу. Жергілікті емес тауарлардың тарифі федералдық бюджетке шамамен 12 млн. доллар жинақтауға жағдай жасайды. Ол үшін 6 млн. доллар керек.
|
Бірінші кезеңде бұл ойынды іске асыру үшін әрбір студент бір проблеманы таңдайды, ол өзін сол қаланың әкімі болып есептейді, сүйтіп өзінің шешімін шығарады.
Екінші кезеңде өздерінің қызығушылығына байланысты студенттер бірігеді, ондағы негізгі проблема мынадай:
Қалада қылмыстың жоғары болуына байланысты;
қалада қалдықтық қайта өңдеу проблемасы бойынша;
қалада экологиялық тазалық проблемасы бойынша;
қалада сирек вирустың болуына байланысты.
Үшінші кезеңде студенттер сол қаланың әкімі болып, оған шамамен 10 млн. доллар бөледі. Олар өзінің бюджетін жасайды, алда тұрған мемлекеттік экономиканың проблемасын дұрыс шешуіне байланысты шешім қабылдайды.
Әдістемелік ұсыныс. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Мемлекеттің қызметі мен сипатына талдау жасаңыздар. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлерін ашыңыздар. Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аудару керек.
ТАҚЫРЫП 4. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҮРДІСІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
СӨЖ тапсырмалары:
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талдауға дайындалу.
2.Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
3.Берілген тапсырмаларды орындау.
4.Тест сұрақтарын құрастыру.
5. Тұсау кесерге дайындалу: «ҚР мемлекеттік жастар саясатының концепциясы», «ҚР 2005-2010 жж. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», «2006-2010 жж. сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін мемлекеттік бағдарламасы»
6. «ҚР 2004-2006 жж. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» атты тақырыпта топтық жоба дайындау.
7.Тақырып бойынша қосымша глоссари құру.
8. «Индустриялық-инновациялық саясат: иә немесе қарсы» атты тақырыпқа кейсті талқылау.
Кейс өндірістік саясат «иә» немесе « қарсы»
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуынын 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы бұдан әрі-Стратегия Казақстан Республикасы Президентінің «Елдегі жағдай туралы және2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазахстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің оныншы форумында берген тапсырмасыларына сәкес әзірленді.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын
әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағдарланған.
Өндеуші өнеркәссіпты және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновацыялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бір жақты шикізат бағыттылығы, әлимдік экономикаға ықпалдасудын әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, ішкі рынокта тауарлр мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы ғылыми-зерттеу және тәірибелік-конструкторлық ұмыстарға (бұдан әрі-ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, менеджменттің экономиканы Ғаламдану процестеріне және сервистік-технологиялық өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
Стратегияны іске асыруға жұмсалатын инвестициялық сипаттағы тікелей шығындардың болжамды көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долл. Құрайды. Бұл ретте Стратегияны іске асыруға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды.
Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті жылға бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.Стратегия іс-шараларын қаржыландыру үшін Даму Банкінің,Инвестициялық қордың,Инновациялық қордың қаражатты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру ірі қаржы ресурстарын іздестіруді қажет етеді.
Күтілетін нәтижелер
Индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу экономиканың өсу қарқынын жылына кемінде 8,8-9,2% қамтамасыз етеді. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемін 3,5-3,8 еседей ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа өңдеуші өнеркәсіпте орташа жалдық өсу қарқынын 8-8,4% –ке дейін жеткізуге,2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы енбеқ өнімділігін кемінде 3 есе арттыруға және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкіндік береді.
Стратегияны іске асыру нәтижелері 2015 жылы Стратегияны іске асыру нәтижеллері 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсіптік өндірістің құрылымын түбегейлі өзгеріске ұшыратпайды.
Стратегияны іске асыру:ЖІӨ құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағын 2015 жылы 46,5%-тен 50-52%-ке дейінгі мөлшерде ұлғайтуға;
ЖІӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызмеметтің үлестік салмағын 2000 жылғы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға;
ЖІӨ құрылымында өңдеуші өнеркәсіп үлесінің төмендеу қарқынын 200 жылғы 13,3% –тен 2015 жылы 12-12,6 %–ке дейін төмендеуін бәсеңдетуге(салыстыру үшін бұл көрсеткішиндустриялық саясат жүргізілмесе,2015 жылы 10,9 %–ті құрайтын еді).
Сонымен катар Стратегия іске асырылмаса, өнеркәсіптік өндірістегі кен өндіру салаларының қосылған құнының үлесі, оның ішінде мұнай өндіру 2000 жылғы 31,0 және 25,6 % қарағанда 2015 жылы тиісінше 55-56 % және 50-51%-ке жетуі мүмкін. Стратегияны іске асыруды есепке алғанда кен өндіру кәсіпорындары 46-47%-ті ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндіріс орындарының үлесі 2000 жылғы ЖІӨ 0,1%-нен 2015 жылы 1-1,4%-ке дейін артады. Өңдеуші өнеркәсіптің қосылған құнынының құрылылымында сапалық өзгерістер болады. Металлургияның және металдарды өндеу үлесі өндеуші өнеркәсіптің қосылған құнының жалпы көлемінің 40,1%-нен 27-28%-ке дейін төмендейді,ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі 38,1%-тен 45-46%-ке дейін өседі. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы өнімнің үлесі 2000жылғы 0,6%-пен салыстырғанда 9-11%-ті құрайды.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуга қол жеткізбей,шикізаттың әлемдік тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді қала береді.
Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуга ынталанбайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды.
Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады,бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемар туғызады.
Қазақстанның қәзіргі таңдағы экономикасынді мынадай проблемалар алуда:
Экономиканың шикізат бағыттылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі; ел ішіндегі салааралық және өніраралық экономикалық ықпалдасудың босандығы; өндеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі; ішкі рынокта шағын экономика тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы; кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғындан артта қалуы;
Ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстын болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлінуі;
Осыған байланысты Қазақстанға өндірістік саясат керек пе деген сұрақ туып отыр. Ол үшін «иә» не контаргументтер келтіруге болады. Дәстүрлі есептейді, күшті мемлекеттік өндірірістік саясат, кейбір елдердін экономикалық саясаты дамыған елдер қатарына шығуға жағдай жасайды (бірінші кезекте Жапония). Кейбірулер олай емес дейді, оған жететін деректер бар. Европа Жапония елдерінде өндірістік саясат нәтижесі кейде сәтсіз болады. Мемлекет қаржыны арқылы самолет жасау, компьютер мен жартылай өткізгіш ешқандай нәтиже берген жоқ. Ол деген салық төлеушілердің ақшасын желге ұшырғанмен бірдей. Мемлекет табсырысы арқылы және көмек беруге байланысты кейбір өндіріс саласы дамуда.
Өндірістік саясатқа карсы экономистер келесі аргументі ұсынады.
Жеке меншікті инвестор мемлекеттік шенеуніктерге қарағанда нәтижесі нашар өте аз мүмкіндік беретін жобаларға ақша жұмсамайды. Өндірістік саясатты жақтаушылар экономиканың дамуынаң кейбір жақтары белгілі мемлекеттік,ай саланы дамыту, қайсысын дамытпау, ал жке меншік инвестор өз тиімділігін көздейді, ал мемлекет халықтың келешегін ойлайды. Мемлекет өндірістің дамуына жақсы жағдай жасайды, монетарлық және фискалдық саясатты пайдалану арқылы, өндірістік саясаттың кажеті жоқ дейді қарсылар. Өндірістік саясатты жақтаушылар тек монетарлық және фискалдық саясатпен толық мүмкіндікке жетуге болады дейді.
Сұрақтарды талқылау
1. Сіз қалай есептейсіз өндірістік саясат керек пе? Не үшін?
2. Келтірілген аргументтердің қайсысымен келісесіз, неге? Монетарлық және фискалдық саясаттың қай әдісін қолданар едіңіз?
3. Өндірістік саясат қалдай формада болу керек? Тиімді болу үшін қандай жағдайда қолдайсыз? Өз жауабыңызды аргументтеңіз.
4. Өндірістік саясат не үшін керек? Неге сіз олай деп есептейсіз?
5.Қазақстандағы қазіргі кездегі өндірістік саясатты сіз қалай бағалайсыз?
6. Жоғары сатыға көтеру үшін сіз қандай жағдай ұсынар едініз?
Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Дайындалу барысында мемлекеттік саясат, индустриялық-инновациялық саясат түсініктеріне ерекше назар аударыңыздар.
ТАҚЫРЫП 5. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ МЕХАНИЗМІ
СӨЖ тапсырмалары
1. Сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу
2. Тақырыптарға эссе жазу:
мемлекеттік суверенитет теориясы;
халықтық суверенитет ;
ұлттық суверенитет идеясы;
Тұсау кесерге дайындалу тақырыбы: «Мемлекеттік және мемлекеттік билік: cинонимы не жоқ?»
Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты әдебиеттерді оқу арқылы бастау керек. Тиісті назар аудару арқылы “мемлекеттік биліктін бірлігі” категориясын анықтау керек.
ТАҚЫРЫП 6. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
CӨЖ тапсырмалары.
Тақырыптық сұрақтарын ауызша жауап беруге дайындалу.
Дайындау керек мини-эссе тақырыбы “мемлекеттік бақылаудың қоғамдық үрдістері.”
“объектизм”
“демократизм”
“құқықтық реттеу”
“заңдылық”
“жариялық”
Тақырып сұрақтары бойынша тестық тапсырма дайындау керек .
Әдістемелік ұсыныс: Cеминарға дайындалу кезінде ұсынылған әдебиеттерді оқыныз. Мемлекеттік басқару үрдісін дұрыс білу керек. Қоғамдық өзін-өзі басқару механизіміне зейін аударыңдар.
ТАҚЫРЫП 7. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
CӨЖ тапсырмалары.
Тақырыптық сұрақтарын ауызша жауап беруге дайындалу.
Тақырыптарға жазбаша жауап беруге дайвндалыңыз:
“Құқықтык реттеу-мемлекет пен қоғам арасындағы басқару қарым-қатынасы”.
“Құқықтық реттеу-мемлекет пен және азаматтар арасындағы басқару қарым-қатынасы”.
“Құқықтық реттеу-мемлекет және қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы басқару қарым-қатынасы”.
“Құқықтық реттеу-орталық және жергілікті басқару ұйымдарының арасындағы басқару қарым-қатынасын реттеу”.
Тұсау кесерге дайындалу мына тақырыпқа “Құқықтық реттеудің тиімділігі және оны арттыру жолдары”.
Кейсті талқылауға дайындалу: Қарашығанақ кенорны: шикізатты қазу және қаршыған ортаны сақтау проблемасы;
КЕЙС “ШИКІЗАТТЫ ҚАЗУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ПРОБЛЕМАСЫ”
Кенорын игеру тарихы. Қамаған ең бай кенорны мұнда мұнайдың газкондинсаты өте бай қоры бар. Батыс Қазақстан бөлшегінде Россиямен шектес орналасқан. Оның аумағы 30 мың га 1200мың тонна мұнай және конденсат, 1350 млрд куб газы бар. Мұнай қоры мен газдың терендігі 3600 м-ден 5150м-ге дейін, мұнай мен газды 1984ж , Россия федерациясы Орынбор мұнай газ өңдейтін 130км труба арқылы жіберуге жоспарланған.
Қалаған ортамен игеру 1992ж басында, оны игеру үшін Қазақстан Үкіметі тендер жариялады. Кен орын игеру үшін біріккен кәсіп орындар құрылып оған “Алжит” “Бритиш газ” арқылы мұнайды шығару келісімін талқылау үшін. 1997ж тамызда компания “Тексако” 20% жобаның бөлігін, “Аджит”-32,5% , англиялық “Бритиш газ”-32,5% , америкалық “Тексако”-20%, Россиялық “Лукойл”-15%.
1997ж ноябръде Қазақстанда Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг құрылды және тіркелді және RUO ұйымының бір бөлігі болып есептелді. Бұл ұйымның штап квартирасы алдынғы кезде Лондонда , содан кейін Ақсай кенорны игеруді одан әрі ұлғайту, өндірістік қуатын арттыру үшін. Қазақстан үшін Қашаған жобасы өте маңызды. Республика табысы үшін өте маңызды, салық және бюджетке түсетін түсімі 80% құрайды,бұл 80млрд доллор АҚШ.
Экологиялық проблема қызуда және өңдеуде газконденсаты. Мұнай газ комплексі және елдер табиғаттың барлық комплексін толық алды.
Қоршаған ортаға жыл сайын 3 млрд өндірістік зиянды заттар ,500км ағн суларға қауіп туғызады,және 1 млрд аэрозольдар. Ауаны ластаушылар жағымсыз әсер етеді, денсаулық , құрылыстар бұзылады , зиян бактериялар көбейеді. Күнделікті тәжірибеде көрсеткендей газдың жануы эколоғияға көп зиян келтіреді. Жыл сайын қоршаған ортада қышқылдық көбеюде, бұл өсімдіктерге, жануарларға, топыраққа өте зиянды.Олардың болуы мұнайлы комплектің үлесі бар. Жыл сайын Республикада 800 млн куб м ілеспе мұнай газ жағылады. Қоршаған ортаға әсер ететін сұйық өндірістік қалдықтар. Олар көлдермен топырақтарды бүлдіреді, булану арқылы атмосфераға жайылады. Қоршаған ортаны ластайтындар мұнайды қазу , газдалған скважиналар және құралдар аузы мұнай мен газды бірнеше сепарациялау , мұнайды сақтайтын орындар және басқа агригаттар мен құрайды.
КПО б табиғатты қоршау жұмысын жүргізуге тиіс:
эксплуатацияға кіргізу керек газды тездететін компрессорлық станция
скважинаны зерттеу үшін қолдану керек
газды жағу кезінде ГП-3 дегазация
скважинаны жағу кезінде қолайлы метео жағдайды жасау керек , қоршаған ортаны ластауды азайту үшін, әсіресе елді жерде ауаны ластауын техногендік сипаты бар.
өндірістік монеторинг өткізу.
Сонымен бірге Қарашығанақ мұнай газ конденсаттық кенорындары қоршаған ортаны ластау жағдайы прогрессивті түрде дамуда.
Кенорынның аймағында 10 елді мекен орналасқан, оның ішінде Березовка елінің солтүстігінде кен орынның санитарлық-қорғау зонасы орналасқан, ол экологиялық жағдайын сипаттайды. әрине адам өміріне қауіпті жағдайдың болуы мүмкін осы жерде тұратындарға. Кей кезде күкірт сиректің көбею жері белгілі болып тұрады, оның максималдық мәніжетеді Березовка е.м. 8-° минут кейін , ал е.м.Тунгушта 8-15 мин. Елді мекеннің халқына қауіп кезінде ешқандай жағдай жасалмайды ,ал онда 2 мың адам тұрады. Уақытында халықты көшіретін кезекші көліктін болмауы , орнатылмаған датчик –күкірт сутекті хабарлайтын.
Қоршаған ортада жүргізілетін мониторингтің нәтижесі. ИПЦ «Казгидролис» Лабараториясын жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша анықтаған , кенорын интенсивті түрде игеруге байланысты көбейген 1998ж.
Соңғы екі жылда елді мекендегі ауадағы концентрат 2,0 көбейген , және 0,7 ПДК құрады.
Ауаға тарайтын зиянды заттардың көбеюі байқалды, бұл негізінен кенорын пайдалану мен мұнайды қызуға байланысты. Ақсай қаламаңы атмосфераны тұрақты түрде бақылайдыкөмірсутектің мөлшері 0,12 ПДК. Көмірсутектін топырақта ластауы жыл сайын көбеюде: 1998-0,1999-1,0 2,0 ПДК, 2001-2,2-3,9 ПДК.
Тунгуш, жарсуат және Қанай ауылдық аймақтардың жерін ішінара зерттеу кеңінде топырақтын ластануы артуда, көмірсутегі 9,3-21,3 ПДК, деңгеиінде. Ауыл шаруашылық өнімінің шығымы азаюда, судың құрамы нашарлануда, белгілі жағдайда жұмыс жүргізілмеуге байланысты. Адамдардың өиір сүру деңгейінің нашарлауы және қоршаған ортаның интенситі түрде ластануына байланыстыт Тунгуш және Березовка елді мекендерін санитарлы-қорғау зонасынан шығару керек.
Қоршаған ортаны ластау туралы жергілікті атқарушы органдардың іс шаралары.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы 2002ж график жасағанда , онда кен орыннан шығатын улы заттардан сақтайтын полигон салу көзделген. Батыс Қазақстан облысының тұлғасы және атқарушы органдары санитарлық –қорғайтын зонаны қалпына келтіру туралы бірнеше ескертулер жасауда, ҚПО б.в. әр түрлі сылтаулар айтып, шешімді ұзақ мерзімге қалдыруда.
Республикалық және аймақтық органдар гостандырылған, қорғау комитеті және мерзімгерлік ұйымдардың басшылармен бірнеше рет кездесу бөлмедесанитарлық-қорғау зонасын қалпына келтіру туралы шешім және ақшалай компенсация кеиінге шегеруде.
Нақты практикалық шешім қабылданса да КПО б.в. осы проблеманы шешуді барынша орындамауға тырысуда. Санатория-қорғау зонасымен қалпына келтіру жоспарын жасау орнына ,проект ұсынған ,онда көрсетілген зонаның көлемін 5000м,1000м дейін азайтуда жаңа проектерің санитарлық-қорғау зонасына шекарасын облыстық қоршаған ортаны қорңау басқармасымен және госсанжиднадзормен келісілмеген.
Талқылауға арналған сұрақтар
Сіздің көз карасыңыз бойынша жергілікті басқару органдарымен және бизнес арасындағы-ситуацияны қалай дейсіз?
КПО б.в. және үкімет органдары қоршаған ортаны қорғау үшін не жасау керек?
Қазақстанда өзінің бизнесі шеңберінде не жасауы керек ?
Аймақ экологиялық проблеманы шешу үшін қандай жолды ұсынар едіңіз?
Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындалу кезінде ұсынылған әдістерді негізге алыңыз. Ойланыңыз, пәннің өзара байланысын «Мемлекетті басқару теориясы» құқықтанумен. Құқықтанудын пәнін, әдісін,формасының реттеу орны бұл категориялардың әр түрті айврмашылығы.
ТАҚЫРЫП 8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖҮЙЕСІ
СӨЖ тапсырмалары.
Тақырыптың ұсыныстарына ауызша жауап беру керек.
Екінші семинар сабақтарына дайындалу керек.
Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындау кезінде дәріс конспектісін және ұсынған әдебиеттерді оқу керек. Бұл тақырыпты қарау кезінде сіздің мақсатыңыз, мемлекеттік ұйымдар «мемлекеттік басқару» арасындағы ара қатынастарды қарастырып мемлекеттік ұйымдардың әрқайсысына басқару деңгейін зерттеп, білу керек.
ТАҚЫРЫП 9. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ АУМАҚТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ
СӨЖ тапсырмалары
Тақырыптың сұрақтарын ауызша жауап беру керек.
«Қазақстан Республикасының регионалдық саясаты» тақырыбына реферат жазу.
Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты бастау керек ұсынылған әдебиеттерді оқудан.« Бұл тақырыпты қарастыру кезінде Мемлекеттік биліктің әрбір басқару ұйымдары механизмінің мәнін түсіну.
ТАҚЫРЫП 10. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
СӨЖ тапсырмалары
Тақырып сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындау
ҚР «Мемлекеттік қызмен» заңына талдау жасауға дайындалу
Реферат дайындау «мемлекеттік басқарудың интелектуелдық потенциалы» тақырыбына әдістемелік сипаттама.
Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындалу ұсынылған әдебиеттерді оқудан басталады. Ерекше зейін қойып көңіл аудару керек. ҚР «Мемлекеттік қызмет» заңына Мемлекет қызметкерлердің құқықтық статусына , құқығы мен міндетіне. Мемлекеттік қызметтің топтастығы және мемлекеттік қызметтің түрлеріне.
ТАҚЫРЫП 11. ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗМЕТ АЯЛАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЛААРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
СӨЖ тапсырмалары.
Топтық проектыға дайындау семинар сабағының сұрақтарына тұсау кесу.
Тұсау кесуді ауызша баяндауға дайындалу
СӨЖО «Покров бөл» арналған кейсті талқылау түріне өткізу.
Кейсті өткізудің екі варианты болу мүмкін:
Кейсті коллектив болып талқылау біріккен бағдарлама жасау.
Топ 2 шағын топқа бөлінеді, әр топ өзінің бағдарламалық проектісін жасайды, сабақта талқылайды. (соңғысы жарысу әлементіне ұқсас. Кейс «Покров облысы»)
КЕЙС «ПОКРОВ ОБЛЫСЫ»
Тарихи аспекті және жәй-күйі туралы сұрақтар. 1921ж бастап Россияда өлім көбейіп, халықтың табиғи өсімі азаюда, бұл жағдай соғыста кейінгі кезден бері табиғи өсудің жағымсыз жағдайы. Россияда халықтың табиғи азаюы өлімнің көбеюмен ғана байланысты емес, туып көбеюшіліктің шұғыл азаюынан . Егер осы жағдай әрі қарай сақтала берсе, мамандардың болжауына қарағанда келешек болашақта (2015ж) Россияда халық санының азаю 130-135 млн. адам болу мүмкін.
Покров облысы федерацияның субьектісі ретінде Россияның басқа облыстарға қарағанда бұл территорияда депопуляция ерте басталды (т.е халықтың табиғи азаюы) мұнда депопуляция терең сипатталуда, Россияның басқа облыстарында қарағанда Покров облысы тұрақты тренд өлімінің көбеюі дүниеге келуден 1990ж білінуде.
1994ж облыстағы салыстырмалы табиғи өсуд қарқыны Россияның көп региондарына қарағанда алда жеке екіме дерлік көрсеткіш.
Покров облысы туып көбеюшілік (7,3%) әлдеқашан төмен деңгейде, бұл халықтың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге де жетпейді. Егер 1990ж жиынтық коэффициенттіне туып көбеюшілікпен (балалардың орташа санының көрсеткіші, бар әйелден туатын өмірінің барлық кезеңінде) облыста 1,83 бала болды. ҚР Ж ортасында екі не азайды 0,98 . Мамандардың есептеуі бойынша туып көбеюшілік коэффициенті бірліктен кем болса, 25ж кейін (ішкі миграция сыз) халықтың өсуі екі есе азаяды, халықтың тез қартаюы. 1995ж балалар үлесі (0-15жас) халық санының 21% төмен, ал зейнеткерлердің үлесі 24%. Үйленушілердің саны азаюды, неке бұзушылар көбеюде.
Халықтың денсаулығының нашарлануына байланысты өлімінің жалпы коэффициенті 16% өсті, және келешек өмір сүруді тосу ұзақтығы азаюда. Орталық Россия аумағында Покров 5 нашар ара қатынасы 5 кіреді. Ерлердің өмір сүру ұзақтығы (56ж) әйелдердің (70ж) 1995ж елдің орташа өмір сүру кезеңінен артта қалды. (ерлер 2жыл, әйелдер 1,2жыл). 13 1995ж жастардың өлімі орташа 10% артық аудандаға қарағанда балалардың 16-10% артық «жас» ұрпақтың (15-17) 25-10% еңбекке жарамдылардың (40 жастан жоғары)
Облыстық банктен әрбір туған бала үшін лицевой счет ашылған. Әрбір балаға 2 мың руб, үшінші – 10мың руб. Оны қолданады 18 жасқа дейін, оқу, емделу, үй сатып алу үшін қолданылады. Облысты басқарушы тұңғыш бала және екінші баланың тууына байланысты, (10 мың руб) үшінші бала үшін (20мың руб). Заңда тағы басқа өзгерістер бар, олар қарыз алуда, салық және зейнетке шығу кезінде т.с.с.
Демографиялық саясаттың басты бағыттары салтанатты өмір сүру бағыттарын одан әрі насихаттау, ол үшін наркомания, таксикомания , алкаголизм, шылым шегумен күрес жүргізу. Дамыту күлк спорттық сауықтыру орындарын т.с.с.
Облыстық шараға байланысты «Россияның балалары» бағдарламасы жасауы онда аналарға, балаларға және өзінің денсаулығына жағдайлар жасау көзделген.
Жасы ұзарған адамдарға олардың денсаулығын жақсартуға қолайлы жағдайлар жасау т.с.
Өзгерістің нәтижесі. Соңғы 7 жылда негізінен демографиялық ситуация елеулі өзгеріс басталды.
Облыста халық саны түрақталды, содан кеін өсі басталды. 2002 ж 210 мың адамға (1990ж салыстырмалы 1140 мың адам) науқастың азайды . Әсіресе қан айналмы, сәтсіз оқиға, улану, жарақатттану, осылардың негізінде қаза болу азайды. Өмір сүрудің ұзақтығы облыста 2 жылға өмір сүру дәрежесінің жақсаруына байланысты туып көбеюшілік жалпы коэффициеті 11,5%, табиғи өсудің жағымды жағы 16-25%, Москва адамдардың 7-13%. Покров обл. Россияның орталық Европаның ауданында 1980ж өзіне тартудан өте жақсы орында болуы ішкі Россиялық және сыртқы мигранттардан.
Халық өсуінің қолайсық жағдайына қоғамдық және ғылыми ұйымдар, өкілетті және орындаушы ареалдар өз ойларын айтып білуіне бастады. Қалыптасқан жағдайға байланысты аудандық бастықтар демографикалық жағдайды жақсартуға көңіл аудара бастады.
Өзгерістік бұлақтары мен әдістері. Мамандармен ынтымақтастықтың негізінде «2015ж демографиялық ситуацияны жақсату бағдарламасы» жасалынды.
Бұл бағдарламада орындаушыоргандардың демографиялық жағдайды жақсартуға байланысты істер мен орындайтын міндеттер айқындалды, экономика дамыту, әлеуметтік жағдайларға көңіл бөлу, болмаса семьяларға көмек беру. әлеуметтік жемтімдікті болдырмау, семьядаға болатын кенелсіз жағдайлардың алдын алу т.с.с .
Облыста дайындалған «семья паспорт, онда семья туралы толық банк дерек қалыптасқан «семья, ана , әкелік жен баланы сақтау туралы» заң қабылданды. Осы заңда көп жеңілдік қаралған. Материалдыдқ жағдайы наша семьяға екі қабат әйелдер мен емшектегі баласы барларға ақысыз беріледі. дәрі-дәрмеке азық-түлік, емдеу және демалу орындарына беру үшін жол шығынын т.с.с. жеңілдіктер. Арнайы балалар қоры құралған , о,ан облысқық жиналысының белгілі мүшелері кіреді.
Ойланып жүргізген әлеуметтік-экономикалық инновациялық саясаттың нәтижесінде миграция азаймай келу көбейеді, региондағы жұмысссыздық азайды, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты. Экономикалық өсу байқалуда , халықтың өмір сүру деңгейі көтерілуде, демографиялық ситуацияны сауықтыру материалдық шығын тұрады, бюджетке түсім көбеюде., оны іске асыру , ең ақырында соған сәйкес бюджеттік шығын көбейді. Қоғамдағы моральдық қиындықтар жаққсы жағына ауысты.
Талқылайтын сұрақтар
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік демограффиялық саясат қалай әсер етті демографиялық кризистен шығу үшін?
Денсаулықты жақсарту және өмір сүру мөлшерін ұзарту туралы маңызды жұмыстар жеткілікті ме?
Покров облысының бір жолға берілуі , балалардың ай сайын берілетін жәрдем көмегі бірінші екі балаға балалардың өмір сүрудің минимум мөлшерінің жартысы, ол үшіншіге екі мөлшерлік көлеміне дүрыс таңдалған ба?
Жеңілдетілген салық механизмі балалар қорына қаржы беруге ынталандыра ала ма?
Қалай ойлайсыз, Қазақстанда демографиялық проблема бар ма? Сіздің көзқарасыңызды дәлелдейтін деректі таббыңыз.
Біздің облысымызда(Қазақстанның басқ облыстарында) Россия федерациясы Покров облысының демографиялық үрдісті шешуге тәжірибесін қолдануға бола ма? Өз бағдарламаңызды ұсыныңызшы.
Әдістемелік ұсыныс: семинар сабағының толық көлемде өткізу керек. Проект бойынша жұмыс тұсаукесерін бір жұма бойы өткізу керек. Тұсаукесер ықшамды және қызықты материалдарды баяндау керек, міндетті түрде ҚР-на деректеркелтіру арқылы.
ТАҚЫРЫП 12. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ СТИЛІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
СӨЖ тапсырмалары
Тақырыпты ауызша жауап беруге дайындалыңыз.
Тақырыпқа мини – эссе дайындаңыз.
« Басқарудың директивтік стилі: плюсы және минусы»
«Басқарудың демократиялық стилінің құндылығы және кемшілігі»
«Басқару стилінің либералдылығы: күштілігі және құнсыздығы»
«Басқару стилінің анархиялық, көмпекейшілдік, жігерлілік, жалпы, дара – қай басқарушы жақсы?
Тақырыпқа реферат дайында тұсаукесер өткізіңіз «Концепция организация управления Д.Макгрегера: теория Х « теории У»
Әдістемелік ұсыныс: ұсынылған әдебиеттерді зейін қойып оқығыз. «Басқару стиліне» анықтама беріңіз. Көп зейін қойып қарастырыңыз мемлекет басқарудың стилі. Элементтері және қасиеті. Басқару қызметтің стилінің резерві жетістіру жолдарын зерттеңіз.
ТАҚЫРЫП 13. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ПРОБЛЕМАСЫ
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырыптық сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындалыңыз.
2. Кубьев статьясын жазып алу арқылы дайындалу керек. (Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика 2001.№4)
3. Тақырыпқа айтыс өткізу: тиімді мемлекет: миф не шындық
Әдістемелік ұсыныс: Дайындау кезінде ұсынылған әдебиеттерді зейін қойып оқыңыз. Жанжақты анықтама беріңіз «мемлекетті тиімді басқару» мемлекетті тиімді басқарудың факторларын зерттекіз. Оған қандай жағдайлар әсер етеді?
СӨЖО сапасын бағалау саясаты:
Рейтинг-шкала
Бақылау формалары
|
Балдар
|
1. Ағымдық бақылау
|
10-20
|
2. Аралық бақылау
|
15-35
|
3. Үй жұмысына қатысты бақылау
|
5-10
|
4. Қорытынды бақылау
|
20-35
|
Барлығы
|
50-100
|
Достарыңызбен бөлісу: |