Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 279 бұйрығына
18-қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3.Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушімен тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;
ауылдық округтің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;
2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
3) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:
көрсетілген қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;
4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтер;
5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде қорытынды жасалған жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың бланкілері мемлекеттік қызметті көрсету орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі және олар өздері толтырады. Әлеуметтік келісімшарт салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмеде беріледі, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.
Өтініш беруші келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерде өзгерістер болмаған жағдайда осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіде, ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;
Мемлекеттік корпорацияда:
1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:
2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе)
олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Мемлекеттік корпорация қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі. Мемлекеттік корпорация кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.
Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), почта мекенжайы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның – www._______.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
уәкілетті органына
____________________________________________
(елді мекені, ауданы)
____________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
____________________________________________
(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты
(ол болған кезде)
құжат, жеке куәлік № ____________________________
кім берген ______________________________________
берiлген күнi ____________________________________
ЖСН ___________________________________________
Банк деректемелері:
банктің атауы ______________________________
банк шотының № _____________________________
дербес шотының № _____________________________
кәсіп түрі ________________________________
Өтініш
Менің _____________ адамнан тұратын отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.
Өтінішке 3 данада мынадай құжаттарды қоса беремін:
1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
2) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер;
3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өзгерістер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20 __ жылғы «___»_____________ _____________________
(өтініш берушінің қолы)
20 __ жылғы «___»__________ құжаттар қабылданды
_______________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы)
Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға
20___жылғы «__» ______берілді.
20___жылғы «___»________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _____________________;
уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы «__» _______, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы __________________;
__________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерістер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
Өтiнiш берушінің қолы ___________________
Азамат _______________ өтініші _____ дана қоса берілген құжаттармен, отбасының ________ тiркеу нөмiрiмен 20 __ жылғы «___» _________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы __________________
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________________ ____________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, (үйінің мекенжайы, тел.)
әкесінің аты (ол болған кезде)
Р/с №
|
ЖСН
|
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
Тұрғылықты мекенжайы
|
Өтініш берушіге туыстық қатынасы
|
Туған күні және жылы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтініш берушінің қолы ______________ Күні _____________
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы ___ тоқсанда алған табыстары туралы мәліметтер
____________________________ _____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)
(ол болған кезде)
Р/с №
|
Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
|
Жұмыс орны (жұмыссыздар тіркелу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен растайды)
|
Құжаттық расталған табыстардың сомасы*
|
Өзге де мәлімделген табыстар
|
Еңбекақы төлемінен
|
Әлеуметтік төлемдер
|
Кәсіпкерлік қызметтен және өзге де қызмет түрлерінен түскен
|
Өзге де табыс түрлері
|
Зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де төлемдер
|
Шәкіртақылар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
* Табыстардың сомасын растайтын құжаттар (жұмыс орнынан аударылған жалақысы туралы анықтама, зейнетақының немесе жәрдемақының сомасы жазылған зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлігінің көшірмесі не әлеуметтік төлемдердің мөлшері туралы анықтама, шарттың көшірмесі немесе табыс сомасы көрсетілген орындалған жұмыстар туралы акті; аударылған шәкіртақылар және өзге де табыс түрлері туралы ұйымның анықтамасы) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтерге қоса беріледі.
Өтініш берушінің қолы ______________________
Күні _______________________________________
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер
(табыстарды есептеу үшін)
______________________________ _______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (үйінің мекенжайы, тел.)
(ол болған кезде)
Жеке қосалқы шаруашылық объектісі
|
Өлшем бірлігі
|
Үй мал-құсы
|
Жасы
|
Саны
(бас)
|
Саяжай
|
|
Ірі қара мал:
бұқалар, сиырлар
|
|
|
Бақша
|
|
Жылқы:
айғырлар, биелер
|
|
|
Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі
|
|
Түйелер, інгендер
|
|
|
Шартты жер үлесі
|
|
Қойлар, ешкілер
|
|
|
Мүліктік пай (берілген жылы)
|
|
Тауықтар, үйректер, қаздар
|
|
|
|
|
Шошқалар
|
|
|
Өтініш берушінің қолы _____________________________
Күні ______________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі
туралы мәліметтерге қол қоюға уәкілетті
органның өзге де лауазымды адамының
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)_______ ________________
(қолы) (тегі)
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
________________________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
уәкілетті органға
_______________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________________
(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты
(бар болған жағдайда)
жеке куәлік № __________________________________
кім берген _____________________________________
берiлген күнi ___________________________________
ЖСН __________________________________________
Банк деректемелері:
банктің атауы __________________________________
банк шотының № _________________________________
жеке шотының № _________________________________
қызмет түрі ____________________________________
Отбасы құрамы, табысы мен жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы тура мәліметтерде өзгерістер болмаған жағдайда өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта жүгінгендегі
өтініш
_____________ адамнан тұратын менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы, отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.
Өзгерiстер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20 __ жылғы «___»_____________ _____________________
(өтініш берушінің қолы)
20__ жылғы «___» _______құжаттар қабылданды ________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі,
аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Өтініш учаскелік комиссияға
20_ жылғы «_____» _________ берілді
20_ жылғы «_____»________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _____________________;
уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы «__» _______, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы____________________;
___________________________________________________________________
(қию сызығы)
Мен бұдан бұрын өткен тоқсанда көрсеткен отбасымның құрамы, отбасы мүшелерінің алған табыстары, жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы туралы мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.
Өзгерiстер пайда болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар берген үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
Өтініш берушінің қолы ___________________
Азамат _______________ өтініші отбасының _________ тіркеу нөмірімен 20 __ жылғы «___»_____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы __________________________
«Мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) не көрсетілетін қызметті алушы ұйымының атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті алушының
мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ________________________________________
ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы көрсетілсін) құжаттар қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
___________________________________________________________________
(қолы)
Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
____________________________________________________________________
Телефоны __________
Алдым: көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/қолы/
20 ____ жылғы «___» ______________
Достарыңызбен бөлісу: |