Мектептегі қорларды тиімді пайдалану Елдік шолуы



жүктеу 4,1 Mb.
Pdf просмотр
бет68/100
Дата26.12.2019
өлшемі4,1 Mb.
#24975
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100

4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
шараларына қатысады. Мектептің оқу-көмекші персоналының ең көп таралған санаты Қазақстанда 
лаборант  болып  табылады,  мысалы,  физика,  химия,  биология  және  информатика  пәндерінен. 
Олардың  жұмысы  зертханаларды  күтіп-ұстаудан,  эксперименттерді  даярлаудан,  мұғалімдерге 
зертханалық сабақтарды өткізуге көмектесуден тұрады.   
Мектептің басқа персоналы  
Мектептерге  ҚРҮ  № 77  қаулысына  сәйкес  көптеген  көмекші  персоналды  жалдауға  тура 
келеді.  Жалпы  алғанда,  мектептердің  күнделікті  қызметін  қолдау  үшін  13  басқа  кәсіби  санат 
қарастырылады  (мысалы,  бухгалтер,  психолог,  медбике,  кітапханашы,  әкімші,  хатшы,  жөндеу 
шебері, күзетші, вахтер) (4.A1 қосымшасын қараңыз). Әрбір санатта лауазымдардың саны мектеп 
түріне, білім деңгейіне және қалыптастырылған сыныптардың санына байланысты болады.   
Мектептің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыру 
Нормативтік  талаптардың  ауқымды  жүйесі  бүкіл  ел  бойынша  оқу  жағдайында  теңдікті 
қамтамасыз етуге бағытталған. Мұғалімдерге қатысты нормативтік талаптар, мұғалім-оқушы және 
мектептің  санитариялық  жағдайының  арақатынасы  мектеп  ішінде  оқушылардың  көбін 
салыстыруға болатын жағдайға тап болатынын білдіреді. Көптеген мектептерде оқушылар оқудың 
белгілі  жылында  иеленетін  машықтарды  айқындайтын,  сол  бір  ғана  бағдарлама  бойынша  білім 
алады. Оқулықтар барлық мектептерде де беріледі; жаңа оқулықтар мұғалім үшін құралмен және 
бағдарламалық қамтамсыз етумен бірге келеді.  
Мектепті таңдау және оқушыларды қабылдау саясаты  
Оқушылар  өздері  тұрып  жатқан  аудандағы  мектепке  басымдық  тәртіппен  қабылдануы 
мүмкін,  бірақ  олардың  елдегі  кез  келген  мектепке  баруға  құқығы  бар.  Егер  түскен  өтінімдердің 
саны сыныптардың рұқсат етілген мөлшерінен асқан болса, онда бар орындардың саны аудандық 
органдармен  келісу  бойынша  бір  оқушыға  шаққанда  кемінде  2,25  м

келеді  деген  шартпен 
көбейтілуі мүмкін және егер орын бәрібір аз болса, өтініш берушілер мектепке бекітілген ауданда 
тұрады деген шартпен жаңа сынып ашылуы мүмкін. Белгілі бір оқу бейіні бар мектептердің түсу 
емтихандарын өткізуге құқығы бар. Зерттеу деректеріне сәйкес, ата-аналар өз балаларына мектепті 
таңдау кезінде басшылыққа алатын өлшемнің ең маңыздысы үйге жақын болуы және сабақ беру 
сапасы болып табылады (ҰБСБО, 2013).  
Сыныптардың көлемі және оқушылар мен мұғалімдердің арақатынасы  
Қазақстандағы  сыныптардың  орташа  көлемі  салыстырмалы  түрде  үлкен  емес:  бастауыш 
білімде  –  17,7  оқушы,  негізгі  орта  білімде  –  18,1  және  жалпы  орта  білімде  –  15,6  (2012  жылы 
ЭЫДҰ  бойынша  орта  көрсеткіш  бастауыш  және  негізгі  орта  білімде  тиісінше  21  және  24  еді, 
ЭЫДҰ  2014a).  Осы  көрсеткіштердің  астарында  облыстар  мен  қалалардың  арасында  елеулі 
айырмашылықтар  тұр:  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  бастауыш  білімдегі  9,9  оқушыдан 
Алматы  қаласында  бастауыш  білімде  25,6  оқушыға  дейін.  Шағын  мектептердегі  сыныптардың 
орта  мөлшері  (8,4  білім  алушы)  басқа  мектептерге  қарағанда  (20,8  білім  алушы),  екі  есе  аз                 
(4.1-кесте).  Дәл  осылайша,  білім  алушылар  мен  мұғалімдердің  арақатынасы  ЭЫДҰ  елдерімен 
салыстырғанда  төмен  болып  табылады.  Ел  бойынша  орта  көрсеткіш  8,5  тең  және  ол  Солтүстік 
Қазақстан облысындағы 5,5-тен Астана қ. 14,9-ке дейін өзгереді (4.1-кесте). ЭЫДҰ бойынша орта 
көрсеткіш бастауыш, негізгі орта және орта білімде тиісінше 15, 14 және 14 тең (ЭЫДҰ, 2014a). 
 
 
 


4. БӨЛІМ ҚОРЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
«МЕКТЕПТЕГІ ҚОРЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ» ЕЛДІК ШОЛУЫ: ҚАЗАҚСТАН 2015 © ЭЫДҰ ЖӘНЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНК, 2015 
4.1-
кесте Өңірлер, сыныптар және мектептердің көлемі бойынша оқушы-мұғалім арақатынасы, 2011 
Облыстар мен 
қалалар 
Оқу жылдары бойынша 
сыныптардың көлемі 
Мектептердің көлемі 
бойынша сыныптардың 
көлемі (2011) 
Сыныпта
рдың 
орташа 
көлемі  
Оқушылар 
мен 
мұғалімдердің 
коэффициенті  
  
1-4 
сыныпт
ар 
5-9 
сыныпт
ар 
10-11 (12) 
сыныптар 
Шағын 
мектептер 
Басқа 
мектептер 
Барлығы  
Барлығы  
Ақмола 
11.7 
12.8 
10.3 
8,2 
17,7 
12 
7.4 
Ақтөбе  
15.8 
16.7 
15.2 
8,5 
22,1 
16.1 

Алматы  
19.2 
19.4 
14.3 
8,5 
20,5 
18.6 
8.7 
Атырау  
19.1 
18.5 
15.2 
17,5 
18,4 
18.3 
9.1 
Шығыс 
Қазақстан  
15.4 
15.9 
14.5 
9,9 
17,5 
15.5 

Жамбыл 
19.1 
19.2 
16.4 
12,5 
20,5 
18.8 
8.3 
Батыс Қазақстан   
14 
15.5 
13.4 
7,2 
18,5 
14.6 
7.4 
Қарағанды 
16.9 
17.6 
14.4 
7,1 
20,3 
16.9 
8.9 
Қостанай 
12.8 
14.7 
11.7 
8,0 
19,7 
13.5 
7.6 
Қызылорда 
21.3 
21.5 
18.3 
6,0 
21,8 
20.9 
6.9 
Маңғыстау  
21.8 
22.3 
18.4 
9,8 
21,8 
21.7 
11.7 
Павлодар  
13.8 
13.7 
11.8 
6,9 
21,5 
13.5 
7.7 
Солтүстік 
Қазақстан  
9.9 
11.4 
10.6 
6,9 
16,6 
10.6 
5.5 
Оңтүстік 
Қазақстан  
20.8 
21.7 
20.8 
10,6 
21,7 
21.2 
9.2 
Астана қ.  
25.3 
24.5 
24.7 
 
25,1 
24.7 
14.9 
Алматы қ.  
25.6 
23.9 
21.5 
 
24,4 
24.4 
12.4 
  
 
 
 
 
 
 
 
Ел 
бойынша орта 
көрсеткіш  
17.7 
18.1 
15.6 
8,4 
20,8 
17.6 
8.5 
Дереккөз: АТО (2014) 
Қолданыстағы  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  жалпы  білім  беретін  мектептерде 
сыныптардың  мөлшері  25  оқушыдан  аспауға  тиіс.  Алайда,  өңірлік  және  жергілікті  органдардың 
сыныптардың мөлшерін түзету кезінде өз қалауынша шешім қабылдау құқығы бар. Бұдан басқа, 
үлкен  сыныптарда  сынып  мөлшері  аздау  болуы  мүмкін  (20  оқушы)  және  құрылыс  жұмыстары 
жүргізілген жағдайда 2,25 м
2
 үлестік алаңға дейін көбеюі мүмкін. Сондай-ақ нормативтік құжаттар 
арнайы  білім  сыныптары  үшін  сыныптың  барынша  үлкен  мөлшерін  белгілейді.  Мысалы,  сынып 
мөлшері  көзі  нашар  көретін  балалар  үшін  сыныптар  және  естуі  нашар  балалар  үшін  сыныптар 
жағдайында 8 оқушыдан аспауға тиіс.   
Оқушыларды топтастыру 
Мектептер әлеуметтік жағдайы әртүрлі білім алушыларды және әртүрлі қабілеті бар білім 
алушыларды,  ұлдар  мен  қыздардың  санын  бірдей  етіп,  жасы  және  оқу  жылы  бойынша 
сыныптарды  қалыптастыруы  тиіс.  Білім  алушыларды  қабілетіне  қарай  топтастыруға  1-4-
сыныптарда  тыйым  салынады,  ал  5-9-сыныптарда  білім  алушылар  өздері  таңдаған  пәндер  мен 
қабілеттер  негізінде  топтастырылуы  мүмкін.  Бастауыш  сыныптардың  оқушыларын  1  сыныптан 
бастап 4 сыныпқа дейін бір мұғалім оқытады, бұл іс жүзінде «циклді жүргізу» немесе «көп жылғы 


жүктеу 4,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау