15-параграф. 2 - жартыжылдық
262. Шаруашылық-тұрмыстық еңбек:
1) дастарқан жая білуді (майлық қағаздарды қою, балалардың санына қарай тәрелке, қасықтарды қою) қалыптастыру;
2) педагогтің көмегімен табиғат бұрышындағы жұмыс (гүлдердің топырағын қопсыту, аквариумдегі балықтарды күту) дағдыларын бекіту; еңбек міндеттерін, кезекшілік міндеттерді бөлу, бір-біріне көмектесу;
3) қарды күреу және жолды тазарту икемділігін қалыптастыру;
4) өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (мойынорағышты, бауды байлау, түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу), өзінің киімін орындықтың арқалығына ілу, аяқ киімін кереуеттің астына ұқыптылықпен қою дағдыларын қалыптастыру;
5) өзінің шкафын тәртіпке келтіру икемділігі мен дағдысын жетілдіру;
6) ересектің көмегімен ойын бұрышын жинау (әртүрлі ойыншықтарды жуу және сүрту, оларды өз орындарына қою, қуыршақтардың киімін жуу) дағдысын бекіту;
7) үлескені тәртіпте ұстау, ересектің көмегімен жерді қопсыту, суғару, гүлді күту дағдылары мен икемділіктерін бекіту;
8) бір-біріне, өзінің заттарына құныттылықпен қарау мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
263. Күтілетін нәтижелер:
1) еліктеу немесе әрекеттену тәсілін көрсету бойынша киіну және шешіну;
2) үстел басында өзін қалай ұстау керектігін біледі;
3) ересек адамның өтініші немесе сөздік нұсқауы бойынша өз денесін күте біледі;
4) ересек адамның сәл көмегімен киімінің түймелерін (түймені және сыдырмалы немесе "жабысқақ" түймелікті салу және шешу) салуды біледі;
5) құрдасына түймесін салуға мойынорағышты байлауға көмектеседі;
6) шкафының ішін тәртіпке келтіреді;
7) ересектің нұсқауы бойынша заттарын салады;
8) кезекшінің міндетін атқарады;
9) ересектің өтініші бойынша ойыншықты жуады және орнына қояды;
10) ересекпен бірге өсімдіктерді (табиғат бұрышындағы, үлескедегі) күтеді;
11) ересекпен бірге қар күрейді, жолды тазартады.
264. Қол еңбегі:
1) дағдыларды қалыптастыру: қағазбен жұмыс (ортасынан, түзу сызық бойымен бүгу, жапсыру, жырту, умаждау); әртүрлі пішіндегі (шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек) қағазды бүктеу, бұрыштары мен қабырғаларын түйістіріп, бүгу сызығы бойымен саусақпен жүргізу,ересек адамның көрсетуі мен нұсқауы бойынша ұжымдық жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру;
2) баланың сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай байланыстырылған сөйлеу тілін (сен бізге айт және істе, қалай екенін көрсет және айт) дамыту;
3) табиғи материалмен (бүр, жапырақ, емен жаңғағы) жұмыс дағдысын жетілдіру;
4) қалдық материалмен (сіріңке қораптары, пластик шөлмектер) жұмыс дағдысын қалыптастыру;
5) ұқыптылыққа, материалды үнемдеп ұстауға, әрекетке қызығушылық танытуға тәрбиелеу.
265. Күтілетін нәтижелер:
1) әрекетке қызығушылық танытады;
2) өзінің әрекетін қадағалайды;
3) еліктеу бойынша, әрекеттену тәсілін көрсету бойынша бұйымдар жасайды; ересектің көмегімен үлгіні талдайды;
4) педагогтің сұрақтарына (алдымен не? одан кейін не?) жауап береді;
5) бұйымдарды жасауға арналған құралдарды пайдаланады;
6) әрекетті сөзбен айтып отырады (сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай);
7) ересек адамның басшылығымен қағазбен, табиғи және қалдық материалдармен жұмыс істей алады;
8) бұйымдарды жасаған кезде құрдастарына шамасы жеткенше көмектеседі;
9) ересекпен бірге ұжымдық жұмысты құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |