«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет91/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   296
materialy resp chteniy

 

Литература 

1.  Ильина,  С.К.  Лекотека  в  ДОУ.  Организация,  документация    —  М.:  ТЦ 

Сфера, 2011. 

2. Пискун О. Ю., Есипова Т. П. Лекотека как новая форма социализации и 

образования  детей  с  ограниченными  возможностями  здоровья.    Новосибирск  

«ДАУН СИНДРОМ», 2011.  

3.  Пронина  Н.Н.  Психологическая  поддержка  семьи,  воспитывающей 

ребенка с проблемами развития. «Особый ребенок», выпуск 1, М. « Теревинф», 

1998 

4.Эльконин,  Д.Б.  Психология  игры.  -  2-е  изд.  –  М.:  Гуманит.  изд.  Центр 



ВЛАДОС, 2007.  

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ЖҰМЫСЫН 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Жанғали Светлана Жәрдемқызы, 

 «Райхан» мектепке дейінгі бөбекжай директоры, 

Атырау облысы Индер ауданы  

 

Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері,түрлері 

мақсаты  мен  мазмұнын  педагог  пен  бала  бірлескен  қызметін  ұйымдастыру 

жаңалық  енгізуді  білдіреді.  Инновациялық  технологиялар,әдістер,  балалардың  

психологиясы  мен  педагогикасын  терең  білуді  педагогтарға  нақты  бір 

жетістіктерге көмектеседі. Нақтылап айтқанда, балаға білім мен тәрбие беруді 

саналы,сапалы  етіп  қызығушылықтары  мен  өміршеңділігін  арттырады  деп 

айтуға  болады.    Президент  Н.Ә.Назарбаев  "Қазақстан  -2050"  стратегиялық 

жолдауында "біз білім -ғылым-инновациялар үштігі билеген постиндустриялық 



176 

 

әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден ,бұл -уақыт, қазір инновация заманы, 



инновация ғасыры" деп атап көрсеткен болатын.[1]  Ақпараттық технологиялар 

мен  инновациялық  педагогикалық  әдістерді  біріктіру  білім  беру  сапасы  мен 

тиімділігін  арттырады.  Оқу    қызметінің  қызықты  да  түсінікті  болуы 

тәрбиешінің  шеберлігі  мен  ізденімпаздығына  тікелей  байланысты.  Интернет 

желісінде жұмыс істеу де балаларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен 

хабардар  болып  ,  оны  игеруіне  шексіз  мүмкіндіктер  ашатыны  хақ.  Мектепке 

дейінгі  балалардың  есте  сақтау  қабілеті  әлсіз,  қабылдау  процестері  тұрақсыз 

келеді.  Сондықтан  олар  затты  қолмен  ұстап,көзімен  көргенді  ұнатады. 

Балабақшада барлық салаларда мультимедиялық оқулықтар, слайд шоу, видео, 

электронды ойындар, электронды көрнекіліктер т.б. кеңінен қолданылады. Осы 

орайда  электрондық  оқулықтар  біріншіден  балалардың  қызығушылығын 

арттырады,  екіншіден  зейін  қойып  көрумен  қатар  түсінбеген  жерлерін  қайта 

көруге  мүмкіндік  алады.  Білім  жүйесіндегі  инновациялық  өзгерістерге 

Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев    назар  аудара  келе,  Республикалық  мұғалімдер 

съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нәрсе- ХХІ ғасырда 

алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды және рухани 

әлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең 

тиімді жүйесін жасаған ел ғана көтеріле алады» - деген болатын. [2]   

Бұл  тұрғыда  инновациялық  технология  мен  әдістерді  енгізудің  маңызын 

атап өткен жөн.   

Қоғамымызда  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  мен 

еліміздің  білім  беру  саласының  әлемдік  білім  кеңістігіне  шығуы  –  білім  беру 

саласында,  соның  ішінде  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға  уақыт 

талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Мектеп жасына дейінгі тәрбие 

мен  білім  беруге  оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістемелерін  енгізу–  жаңа 

формация  педагогын  қалыптастырудың,  баланы  жан-жақты  қалыптасқан  жеке 

тұлға ретінде тәрбиелеудің алғы шарттарының бірі болып отыр. 

Білім  беру  саласының  өзі  мектепке  дейінгі  тәрбиеден  бастау  алатынын 

ескерсек,  өткен  ғасырдың  80-ші  жылдарының  аяғына  таман  кішкене  ғана 

елдімекеннің  барлаушылар  бөлігінде  ашылған  шағын  балабақша  жылдар  өте 

келе  Республикалық,  Халықаралық  деңгейде  жұмысын  көрсетіп  отырған 

алдыңғы  қатардағы  балабақшалардың  біріне  айналды.  Мұның  өзі  тынымсыз 

еңбек  пен  ізденімпаздықтың  арқасында.  Қазіргі  таңда  балабақша 

қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  –  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  әдіс  тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  қазіргі  заманғы 

педагогикалық  технологияларды  меңгеру.  Бүгінгі  күні  тәрбиешілер 

инновациялық  және  интерактивтік  әдістемелерін  ұйымдастырылған  оқу 

қызметі  барысында  пайдалана  отырып,  оның  сапалы  әрі  қызықты  өтуіне 

ықпалын тигізуде. 

Оқу-тәрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нәтиже  беріп  жүрген 

инновациялық педагогикалық технологиялар мен әдістер 

 



Ақпараттық технология; 

 



Жобалау технологиясы 


177 

 



 

Коучинг технологиясы 

 

«ЭБРУ» судың бетіне сурет салу техникасы 



 

«Желімді витраж» әдісі 



 

«Пейп-АРТ» әдісі 



 

АРТ-терапия әдістері. 



Пәндік-  дамытушы  орта–  тәрбиелік  мәні  зор,  эстетикалық  талғаммен 

безендірілген,  талапқа  сай,  баланы  жан-  жақты  дамытатын  қарапайым,  жайлы 

орта.  Бірігіп  әрекеттенуге  лайықты  ұйымдастырылған,  сапалы,  ыңғайлы, 

ақпаратқа бай, бірізділігі мен айқындылығы тартымды ұйымдастырылған орта 

баланың  алғашқы  дүниетаным  негіздерінің  қалануына,  шығармашылығын 

танытуына  ықпал  етеді.  Пәндік-дамытушы  ортаны  жобалағанда  нені  есте 

сақтаған  жөн?  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  негізгі  үш  қажеттілігі  бар: 

қимыл-қозғалыс,  тілдік  қарым-  қатынас,  таным.  Осы  мақсатта  «тану-сезіну-

ойлану»  қағидасын  берік  ұстанудамыз.  Топтағы  дамытушы  орта  осы 

қажеттіліктерді  қанағаттандыруы  тиіс.  Мектепке  дейінгі  ұйымда  пәндік-

дамытушы  ортаны  жасақтау,  балабақшаны  безендіру  бағытында  2015  жылғы 

тамызда Ресейдің Сочи қаласында өткен мұғалімдердің ҮІ Халықаралық Слеті 

мен  Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  ұйым  педагогтарының  ІІ 

Халықаралық  Слетінде  тәжірибе  таратылған  болатын.  Бұл  іс-тәжірибе 

Халықаралық білімді дамыту Академиясының Президенті О.В.Горюновтың оң 

бағасына  ие  болып,  біздің  балабақшамыз  Лауреат  атанды.  Пәндік  ортаны 

жобалаудағы 

негізгі 


міндет- 

балалардың 

зерттеушілік 

мәдениетін 

қалыптастыру, танымдық, шығармашылық дамуына жағдай туғызу болатын. 

Балабақшадағы  жобалау  технологиясы  бойынша  жұмыстар  мұнымен 

шектеліп  қалмайды.  Себебі,  жоба-балалардың  қоршаған  ортаны  жан-жақты 

танып  білуіне,  оларды  ерте  жастан  дамыту  үшін,  әрқилы  іс-  әрекеттерге 

қызығушылығын оятуға, үлкендермен бірге қиындықтарды жеңуге, сұрақтарға 

жауап іздеуге, ойлау қабілетін дамытуға жағдай туғызады.  

2014  жылы  маусым  айында  Астана  қаласында  өткен  «Мектепке  дейінгі 

жастағы  балаларды  ерте  жастан  дамыту:  жай-  күйі,  бағыт-  бағдары  және 

перспективалары»  тақырыбындағы  Халықаралық  ғылыми-  практикалық 

конференциясында  балабақша  әдіскері  Э.Куанышева  балаларды  ерте  жастан 

дамытуда  жобалау  әдісінің  алатын  орны  туралы  баяндама  жасап,  іс-

тәжірибемен  бөлісті.  Инновациялық  технологиялардың  ішінде 




жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау