«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ  ОЙ –



жүктеу 3,75 Mb.
Pdf просмотр
бет56/296
Дата09.01.2022
өлшемі3,75 Mb.
#31949
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   296
materialy resp chteniy

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПАТРИОТТЫҚ  ОЙ – 

СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Шайменова Н.К. 

«Степная орта мектебі» 

Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі 

Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Степной селосы 

 

Елбасы 2014 жылғы Жолдауында қазақ елінің ұлттық идеясы Мәңгілік Ел ата 



-  бабамыздың  сан  мыңдаған  жылдар  бойғы  асыл  арманы  екені  баршамызға 

белгілі.  Ол  арман  -  әлем  елдерімен  терезесі  тең,  әлем  қатынасынан  ойып  тұрып 

орын  алатын  Тәуелсіз  мемлекет  атануы  еді,  ол  арман  тұрмысы  бақуатты,  түтіні 

түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. 

Біз бұл арманды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. 

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың 

жиі талқыланатынын естіп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты 

ұйыстыра  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  -  Мәңгілік  Ел  идеясы. 

Тәуелсіздік  арқасында  халқымыз  мәңгілік  мұраттарға  қол  жеткізуді,  еліміздің 

жүрегі  Елорда  тұрғызылды.  Қазақтың  мәңгілік  ғұмыры,  ұрпақтың  мәңгілік 

болашағын баянды етуге арналды. 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Қазақстанның  отаншылдық  сезімін 

тәрбиелеу  білім  берудің  мектепке  дейінгі  жүйесінен  жоғарғы  оқу  орындарына 

дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды 

Отанды,  туған  жерді, өзінің халқын сүюге  тәрбиелеу  –  мұғалімнің  аса маңызды, 

аса жауапты да қадірменді парызы» -дегенеді. 

Әр  дәуірдің  тарихи  кезеңдерінде  Отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  өзіндік 

мүдделері  болады.  Ол  ең  алдымен,  «ұлтжандылық»,  отансүйгіштік», 

«патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным – сенімінен туындайды. 



117 

 

«Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес, ұлтжандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз 



айтқандай,  ұлттық  болмысты  нығайту  –  өзін  басқалардан  жоғары  қою  болып 

саналып,  ұлтшылдық  ретінде  қаралмауы  тиіс.  Патриоттық  сезім  –  Отанға,  туған 

өлкеңе,  өскен  ортаңа  деген  сүйіспеншілік.  Өз  ұлтыңды  құрмет  тұту,  туған 

тарихтан,  ана  тілден  ажырамау,  міне,  бұл  –  ел  ертеңі  -  жас  ұрпақтың  бойына 

сіңіретін  қағидаттар.Қасиетті  сезім  ананың  сүтімен  бірге  өзінен  –  өзі  келмейтін 

баланың  бойында  біртіндеп  қалыптасатын  құдіретті  сезім.  Ол  адамның  саналы 

өмірімен  қабаттас  қалыптасатын  психологиялық,  саяси  –  әлеуметтік  құбылыс. 

Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, 

ұлттық  құндылықтарына  жеке  қатынасын,  өзіндік  бағасын  түйсінуін,  қуаттап 

қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады 

 

Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық сезімін қалыптастырудың 



негіздері 

1.1


 

Патриоттық тәрбиенің мәні мен мазмұны 

 

Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстанның  болашағы  -  қоғамның 



идеялық  бірлігінде»  дейтін  еңбегіндегі  мына  бір  тамаша  ойға  жүгінсек  дұрыс 

болар  еді:  «Әрбір  адам  біздің  мемлекетімізге,  соның  бай  да  даңқты  тарихына, 

оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс- қимыл 

жүйесін  талдап  жасауы  қажет.  Елдің  мәселелері  де,  келешегі  де  барлық  адамға 

жақын  әрі  түсінікті  болуы  тиіс.  Әрбір  адам  бала  кезінен  Қазақстан  –  менің 

Отаным,  мен  Отан  үшін  жауаптымын  деген  қарапайым  ойды  бойына  сіңіріп 

өсетіндей  істеген  жөн».  Міне,  осы  сөздің  өзі  –  тұла  бойы  тұнған  отаншылдық 

тәрбие  міндеттері.  Қазақстандық  патриотизмнің  анықтамасы  да  осынау  ойдан 

арна  тартады.  Балаларға  патриоттық  рух  беретін,  халық  үшін  қызмет  етуге 

үндейтін, өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын 

іспен  көрсететін  және  үстем  таптың озбырлық  ниеттерін  айқын  әшкерелеп, оған 

қарсы  күрес  жүргізуге  шақыратын  Махамбеттің  қуаты  күшті  шағын  өлеңдерінің 

балалар  үшін  маңызы  ерекше.  Махамбет  балалар  әдебиетінің  өкілі  емес,  бірақ 

Махамбет  өлеңдерінің  бірсыпырасы  балалар  мен  үлкендерге  бірдей  ортақ  мұра. 

Абай  халықтың  болашақ  жаңа  қауымына,  жасөспірімдерге  арнап  талай  өлеңдер 

жазды,  нақыл  сөздер  айтты.  Біздің  міндетіміз  сол  бабаларымызды  үлгі  тұта 

отырып,  бүлдіршіндерімізді  болашақта  жауапкершілігі  жоғары,  туған  өлкесін, 

халқын,  Отанын, отбасын  сүйетін,  өз азаматтық  парызын әрдайым өтеуге  дайын 

тұратын тұлға тәрбилеу. 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу 

–  тәрбиенің  басты  міндеттердің  бірі.  Бұл  саладағы  күш-жігер,  алдымен, 

бүлдіршіндерді отаншылдыққа  тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым 

балаға  дүние  есігін  ашатын  туған  жері,  кең  байтақ  гүлжазира  даласы.  Балаға 

«Отан»,  «Туған  жер»  дегеніміз-  тарихи  қалыптасқан  әлеуметтік,  саяси  және 

мәдени орта екендігін түсіндіру. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  мекемелерінде  бала  жас  кезінен  бастап 

көпшіл,  ынтымақшыл,  үлкенге  сый-құрмет  көрсете  білетін  өнегелі  адам  болуға, 



118 

 

адамгершілікке тәрбиелейді. Балалардың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі 



міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқор», «Отан қораушысы»,  «Шанырақ иесі» - 

деп  жақсы  сөзін  қазақ  халқы  баласына  арнаған.  Отанды  сүю  халық  ауыз 

әдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында , халықтың тәрбие-дәстүрлері, 

әдет-ғұрыптары,  отбасындағы  тәрбие,  халық  ойындары  мен  мерекелері, 

музыкалық  шығармалары,  бейнелеу  өнері,  қол  өнері  туындыларында  тәрбиелік 

мазмұнда көрініс тапқан.  

Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  балаларды  патриоттық  сезімде 

тәрбиелеу.  Отан  туралы,  туған  жер  туралы  тақпақ-өлеңдер  жаттату,  әңгімелеу 

арқылы  бала  бойына  елге  ,  жерге,  Отанға  деген  сүйіспеншілікті  сіңіру  болып 

табылады.  Сондай-ақ  тәрбиешілер  балалармен  тақырыптық  сабақтар  өткізеді. 

Еліміздің  төл  мерекелерін  балабақшада  ертеңгіліктер  өткізіп  тойлайды.  Осы 

сабақтар,  ертеңгіліктерді  өткізуге  тәрбиешілер,  ата-аналар  белсене  қатысып,  өз 

үлестерін қосады. Балаларды тәрбиелеуде балабақша мен мектептің, кітапханалар 

мен  мұражайлардың  сабақтастығы  дұрыс  жолға  қойылған.  Адамзат  отансүйгіш 

және қайырымды бала тәрбиелеуді мақсат тұрады. Қазақ халқы өз баласының ізгі 

ниеті, адал жүректі, өр әрі намысшыл болғанын қалайды.  

Отансүйгіштікке  тәрбиелеу  отбасынан  басталады.  Бүлдіршін  өз  отбасының 

да  тарихын  білу  керек.  Бала  өз  отбасын  мақтан  тұтса,  өзін  де  сыйлай  бастайды, 

жоғары  бағалайды.  Арнайы  отансүйгіштікке  мәжбүрлеуге  болмайды  деген 

ойдамын,  себебі  нәтиже  болмайды.  Сондықтан  бүлдіршіндерді  туған  өлкесімен 

таныстыруда 

ата-аналармен 

тығыз 

қарым-қатынас 



арқылы 

жұмысты 


ұйымдастыру  керек.  Жұмыс  мазмұнын    жүзеге  асыруымыз  үшін  балалармен 

әңгіме  құрастырамыз,  кітаптарды  оқып,  талқылаймыз.  Осындай  түрлі 

жұмыстарды  қолдану  арқылы  балаларға  білім  беру  үрдісінің  тиімділігіне  әсер 

етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етеді. 

 

1.2   Балалардың мектепке дейінгі жасында «Мәңгілік ел» идеясының басты 



негізі 

«Мәңгілік  Ел»  идеясын  жүзеге  асыру  белгілі  бір  құндылықтар  жүйесіне 

негізделетіні  белгілі.  Сол  құндылықтардың  ішіндегі  ең  бастысы  –  қазақ  тілін 

мемлекеттік  тіл  ретінде  нығайту,  қазақстандықтардың  үш  тілде  еркін  сөйлеуіне 

жағдай жасау. Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. Мемлекет 

билігінің құдіреттілігі мен күштілігі қазақ тілінде сөйлеуімен өлшенеді. Мемлекет 

қай  тілде  сөйлесе,  сол  тілдің  құдіреті  қашанда  үстем  болады.  Мемлекеттік  тілде 

сөйлеу қазақ халқының ішкі бірегейлігін нығайтып, өркениеттік, мәдени бағытын 

арттырады. Тіл - ұлттың мәдени коды, ойлау және таным, дүниеге қатынасының, 

құндылықтарды  бағалай  білу  жүйесінің  коды.  Тіл  -  билік,  үлкен  саясат.  Тіл  - 

«Мәңгілік  Ел»  идеясының  басты  қолдаушысы.  Ана  тіліңді  құрметтеу  -  ұлттық 

намысты ояту мен жаңғыртудың көзі. Бұл жолда тілдік және ақпараттық кеңістік 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету - ел тәуелсіздігін қорғаудың басты ұстанымы болуы 

тиіс. 


Қазіргі  таңда  балаларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеу  мәселесі  көкейкесті 

мәселелерінің болып тұрғаны бізге мәлім. Сондықтан Мәңгілік Ел идеясын жүзеге 




119 

 

асыру үшін біздің міндетіміз ата-аналармен жүйелі жұмысты  ұйымдастыруымыз 



қажет.  Балаларды  өз  отбасын,  балабақшаны,  қаланы  сүюге,  табиғатты  аялауға 

тәрбиелеу,  балаларды  мемлекеттік  рәміздермен  таныстыру  (елтаңба,ту,  әнұран), 

елінің,  халқының,  қаласының  жетістіктерін  мақтан  тұту,  жауапкершілік  сезімін 

дамыту,  басқа  ұлт  өкілдерін  сыйлау,  олардың  дәстүрлерін  дәріптеу  сезімін 

қалыптастыру деген міндеттердің барлығы балалармен қарым-қатынас түрлерінде 

шешіледі,  яғни  ойындар,  еңбек,  тұрмыстық  жағдаяттар  ретінде  қолдануымыз 

қажет.  Осы  тұрғыда    мектепалды  даярлық  тобында:  «Менің  тұңғыш 

президентім»,«Рәміздерім-мақтанышым»  «Менің  Отаным  Қазақстан»сияқты 

тәрбие жұмыстары жүргізілді.Осының нәтижесінде бүлдіршіндеріміздің ой өрісін 

кеңейтіп,тілдері  дамып,Отан  туралы  тақпақ,өлеңдерді  жаттап,рәміздерімізді 

танып біле бастады. 

Балалардың мектепке дейінгі жасында «Мәңгілік ел» идеясын қалыптастыру 

үшін  біздің    ойын  бұрыштарында  аталмыш  тақырыптарда  рольдік  ойындарды 

ойнатуға  қажетті  құралдар  жиналған.Мысалы,  ұл  балалар  үшін  әскери  ойын 

құралдары,  қыз  балалар  үшін  әскери  санитарлар  құралдарымен  пайдаланып, 

мақал-мәтелдерді  жай  жаттаумен  қатар  оларды  түсіндіріп,  белгілі  жағдайда 

орынды  болуын  көрсетіп  біз  жақсы  нәтижеге  келіп,  Мәңгілік  ел  идеясындағы 

патриоттық сезімін тәрбиелейміз. 

Мәңгілік  Ел  идеясын,  ұлттық  идеологияның  негізгі  факторы  ретінде  қарай 

отырып,  оны  барлық  қазақстандықтар  қолдайтын  ортақ,  әлеуметтік,  этностық, 

діни бірегейлікті қамтамасыз ететін басты ұстанымға айналдыру қазіргі кезеңнің 

басты  міндеті  болмақшы.  Сонымен  бірге,  «Мәңгілік  Ел»  ұлттық  идеясының 

басты,  негізгі  іргетасы  –  бірлік  екенін  ұмытпағанымыз  абзал.  Бірлік  –  ол  елдің 

рухани  бірлігі,  халықтың  мәдени,  тілдік,  ділдік,  ақпараттық  кеңістікке  деген 

бірлігі.  Қазақстандықтардың  әлеуметтік,  мәдени,  рухани  бірегейлігін  дамыту, 

ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс. 

1.3  Балабақшада отансүйгіштік тәрбие бойынша ата-аналармен жұмыстың 

әдіс-тәсілдері 

Отансүйгіштікке  тәрбиелеу  отбасынан  басталады.  Бүлдіршін  өз  отбасының 

да  тарихын  білу  керек.  Бала  өз  отбасын  мақтан  тұтса,  өзін  де  сыйлай  бастайды, 

жоғары  бағалайды.  Арнайы  отансүйгіштікке  мәжбүрлеуге  болмайды  деген 

ойдамын,  себебі  нәтиже  болмайды.  Сондықтан  бүлдіршіндерді  туған  өлкесімен 

таныстыруда 

ата-аналармен 

тығыз 

қарым-қатынас 



арқылы 

жұмысты 


ұйымдастыру  керек.  Жұмыс  мазмұнын  жүзеге  асыруымыз  үшін  балалармен 

әңгіме  құрастырамыз,  кітаптарды  оқып,  талқылаймыз.  Осындай  түрлі 

жұмыстарды  қолдану  арқылы  балаларға  білім  беру  үрдісінің  тиімділігіне  әсер 

етіп, отансүйгіштік сезімге тәрбиелеуге жағымды әсер етеді. 

Сонымен  қатар  осы  мәселе  әлеуметтік  оңалту  үдерісінде,  тұлғаның 

әлеуметтік  ортада  өз  орнын  табу  және  өмір  жолын  таңдауда  жаңа  сипатқа  ие 

болып,өзінің шешу  жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауға тура әкеледі. 

Осы жұмысты жүзеге асыру үшін  отансүйгіштікке тәрбиелеу  бағдарламасы 

шеңберінде жүйелі жұмысты тәрбиеші ата-аналармен бірге ұйымдастыруы қажет. 



120 

 

Осыған орай тәрбиеші ата-аналарымен тәрбие әдістерін ұйымдастыру үшін 4 



топқа бөлдік: 

1.

 



Бүлдіршіннің адамгершілік сана сезімін қалыптастыру әдістері; 

2.

 



Іс-әрекет арқылы еңбекке баулу әдісі

3.

 



Тәртіпке іс-әрекет арқылы ынталандыратын әдісі; 

4.

 



Мінез-құлық арқылы өзіне-өзі баға беру әдісі. 

Осыған орай келесі міндеттер кешенін орындау керек: 

 

балаларды  өз  отбасын,  балабақшаны,  көшені,  қаланы  сүюге,  табиғатты 



аялауға тәрбиелеу

 



балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру (елтаңба,ту,әнұран); 

 



елінің,халқының,қаласының  жетістіктерін  мақтан  тұту,жауапкершілік 

сезімін дамыту; 

 

басқа  ұлт  өкілдерін  сыйлау,олардың  дәстүрлерін  дәріптеу  сезімін 



қалыптастыру; 

 



еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу; 

 



ұлттық қолөнер шеберлігін білуге қызығушылықты қалыптастыру

 



адам құқықтары жөніндегі алғашқы білімдерін кеңейту; 

 



Қазақстанның қалалары туралы білімдерін тереңдету. 

 

Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген 



патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық 

сезім адамда өзінен  өзі,  не болмаса  туа  пайда болмайды. Ол  ерте жастан адамға 

әсер  ететін,  ұзақ  мақсатты  түрде  бағытталған  тәрбиенің  қорытындысы. 

Патриотизм  ортаның,  отбасындағы  тәрбиенің,  мектептің,  мектепке  дейінгі 

мекеменің  және  түрлі  коғамдық  ой-пікірлердің  әсер  етуімен  қалыптасады. 

«Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке 

деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемлекеттік 

кауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  өзінің  мемлекетке  тәуелді  екенін 

мойындау,  яғни  патриотизм  дегеніміз  —  мемлекет  деген  ұғымды,  оның  жеке 

адаммен  барлық  жағынан  өткені  мен  бүгінгі  күні  және  болашағымен  қарым-

қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, 

келешегіне  отаншылдық  туын  арқау  еткен  асқақ,  жандары  таза  жас  ұрпақты 

тәрбиелеу  мен  қасиетті  Отанның  қадірін  ұғындыру,  ар,  намыс,  ождан  сөздерін 

ұлт,  атамекен,  халық  сияқты  киелі  түсініктермен  байланыстыру  арқылы 

болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті. 

Халқымызда  «баланы  жастан»  деген  дана  сөз  бар.  Тәрбиенің  бесіктен 

басталатынын  ескерсек,  ата-бабадан  келе  жатқан  дәстүрлерді  ең  алдымен  өзіміз 

түсініп,  балаларға  оның  нәрін  сіңіре  білсек,  болашақ  патриот  тәрбиелесек,  бұл 

еңбегіміздің жаңғағы, қосқан үлкен үлесіміз болмақ. Дәл осындай игі қасиеттерді 

бойына  сіңірген  жалпы  адами  құндылықтарды  меңгерген,  қоғамның  жоғары 

мұраты  мақсаттарына  сай  келетін  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  –  баршамыздың 

алдымызда тұрған міндетіміз. 

 

 



121 

 


жүктеу 3,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   296




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау