Балалардың ұйымдастырған іс-әрекеттері
Төртінші топтан басқа барлық ойындар мен жаттығулар (логикалық) нақты
бір жас шамасына белгіленбеген. Бір жастағы балалардың психологиялық
деңгейлері әр түрлі болады ғой, олардың кейбірі ойын мен жаттығудағы
кезеңдерді әлсін-әлсін меңгерсе, ал кейбір балалар бірден шапшаң әрекет етуі
мүмкін, бірақ барлық бала берілген деңгейлердің барлығынан ерте ме, кеш пе,
өтуі тиіс. Сондықтан балалармен жұмысты бастамас бұрын әр бала
интеллектуалды дамудың қай сатысында тұрғанын анықтап алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |