Дьенештің логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан
тұрады:
а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш);
б) үш түсті (қызыл, көк және сары);
в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);
г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).
Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық
фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.
«Логикалық блок» атты дидактикалық жинақ 48 көлемді геометриялық
пішіндерден тұрады, олар бір-бірінен көлемі, түсі, қалыңдығы мен пішіндері
бойынша ажыратылады. Осылайша әр пішін төрт өзіндік ерекшелігімен
белгіленеді: түсі, пішіні, көлемі және қалыңдығы. Жинақта осы ерекшеліктері
бірдей келетін пішіндерді таба алмайсыз, олардың әрқайсысы өзінше әртүрлі.
Ерекшеліктерінің нақты нұсқасы (қызыл, көк, сары, тіктөртбұрышты, дөңгелек,
үшбұрышты, шаршы) және пішіндердің көлемі, қалыңдықтары мен
үлкендіктері әртүрлі болғандықтан балалар оларды жылдам ажыратып, айтып
бере алады.
Логикалық блоктардың жинағы баланың заттарды бір түрінен екінші,
үшінші және төртінші ұқсастықтарымен салыстыра отырып, ойлау өрісінің
дамуына жетелейді. Блоктармен әртүрлі қимылдар жасау барысында балалар
алдымен заттардағы ортақ бір ұқсастықты байқауға машықтанады (түсі, пішіні,
көлемі, қалыңдығы), оларды салыстырып, топтап, әрқайсысының ұқсастықтары
бойынша орналастыруға бейімделеді. Осыдан кейін олар заттарды бір ғана
ұқсастығымен емес, екі, осыдан кейін үш және төрт ұқсастықтары бойынша
топтауға, жіктеуге, бөлуге, орналастыруға машықтанады. Осымен бірге
балалардың мүмкіндіктеріне қарай бір ғана жаттығуда тапсырманың деңгейін
оңай алмастыруға болады. Мысалы, бірнеше бала аюдың лашығынан Машаға
ата-әжесіне баратын бағытты табу үшін жол салады. Ал бір бала жол салғанда
онда біркелкі пішіндерді қолданбай салуы керек, ал екінші бала жол салғанда
пішіні мен түсі жағынан біркелкі фигуралар болмайтындай етіп салуы керек,
273
үшінші бала жанында пішіні, түсі мен көлемі жағынан біркелкі келмейтіндей
етіп жол салу керек. Мұнда бірінші бала бір ерекшелікті ұстанса, екінші бала
екі ерекшелікті ұстанады, яғни бірден пішіні мен түсіне көңіл бөліп отырады,
ал үшінші бала бір уақытта үш бірдей ерекшелікті ұстанып отырып, жол
салады.
Логикалық блоктарды қолдана отырып балалар әртүрлі әрекеттер жасайды;
салады, ауыстырады, алып тастайды, жасырады, іздейді, «араздасып қалған»
ойыншықтарды өзара ажыратады және тағы да көптеген осындай әрекеттер
жасайды, ал осыны жасай отырып, олар осы әрекеттерге қатысты өз пікірлерін
айтады. Логикалық блоктар дегеніміз геометриялық пішіндердің жинағы
болғандықтан (дөңгелек, тіктөртбұрыш, біржақты үшбұрыш, шаршы), олар
баланың ерте жастан бастап көптеген басқа да дамытушылық тапсырмаларды
орындау кезінде заттың пішіндері және геометриялық фигуралармен
танысуында кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |