БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ҰЙЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ
Ахметкалиева Г.М
мектепке дейінгі педагогика пәні оқытушысы
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Тоқсан жылдан астам тарихы бар Шығыс Қазақстан гуманитарлық
колледжі бір кездері Шығыс Қазақстан облысының, қала берді
республикамыздың шығыс аймағаның түгелдей халыққа білім беру саласын
мамандармен қамтамасыз етіп отырды. Сол алғашқы қарлығаштар
республикамыздың білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп,
жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру ісінде толымды үлес қосты.
Қиындығы мен қуанышты сәттері де аз емес қилы-қилы жылдарды бастан
кешкен Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі осы жылдар ішінде ұзақ та
күрделі жолдан өтті. Ол жол – бүгінгіегемен еліміздегі білім беру саласы
тарихының құрамдас бір бөлігі. Сондықтан оны республика тарихынан бөліп
алып қарауға болмайды.
Бүгінгі гуманитарлық колледж жылдар бойы қалыптасып, берік орныққан
дәстүрді одан әрі сәтті жалғастыра отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі
болашақ ұрпақтарын тәрбиелейтін білікті мамандар тәрбиелеу ісіне зор үлес
қосып келеді.Колледж түлектерінің білім деңгейлерінің жоғарылығынан,
атқарған істерінің сапалылығынан оқу орнының мамандар даярлау дәрежесінің
ауқымы кең екендігін байқауға болады.
Педагогтің ең басты мақсаты - өзін үнемі шығармашылық деңгейде ұстау
дейтін болсақ, оқу тәрбие жұмысының нәтижесі - техникалық құралдарға,
әдістемелік кабинетке, материалдық базаға тікелей байланысты екені баршаға
аян. Кез-келген ұйымның қол жеткізген қандай да бір жоғары жетістіктері, сол
ұйымның бірлігі мен біліктілігі қашанда сол ұжымның іскерлігін, беделін
айқындайды.
Қазіргі кезеңдегі қоғам дамуындағы ғылым мен техникалық прогреске
байланысты ерекшеліктердің бірі мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі мен
оқытудың бағдарламасы қайта қарастырылды. Осыған орай, біздің мектепке
дейінгі ұйымдардың алдында бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды
міндеттерінің бірі – балалардың жас шағынан бастап, өз бетінше ойлау
қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық белсенділіктерін дамыту,
дарындылықтарын арттыру. Әбу-Насыр әл Фараби айтқандай: «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас
жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», – десе, біз: «Білім мен тәрбие
егіз», – дей отырып, құзіреттілігі шыңдалған педагогтің берген сапалы білімі
саналы тәрбиемен шынайы астасқанда ғана ұлт тілегі, мемлекет, халық мүддесі
орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізеді.
Біз дайындап жатқан мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы жыл
сайын қоғамдық сұраныста болғандықтан жаңа үлгідегі оқыту жүйесінің
134
интербелсенді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, болашақ жас мамандардың өз іс-
тәжірибелерінде қолданып кәсіби біліктіліктерін артыра түсері анық.
Бүгінгі таңда жастардың білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр.
Олардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі еліміздегі ғылыми
техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындайды. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге, мамандарды жан-
жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударуы
да сондықтан. Мұндай игі істерден колледж де тысқары қалған жоқ.Соның
айғағы ретінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының білікті
педагогтерінің Өскемен қалалық «Балапан», «Еркетай», «Азамат» балабақша-
бөбекжайында өткізілген практикум-семинарларды айтуға болады. Айтулы
семинарлардыбалабақша-бөбекжайларда ұйымдастырудың өзіндік себептері
бар. Ондағы басты мақсатымыз–практиктәрбиеші-педагогтермен пікір алмасу,
олармен бірге жобалар жасау, іс-тәжірибе алмасу, өзіміздегі бар жинақталған
технологияларды көрсету болып табылады. Өз кезегінде Шығыс Қазақстан
гуманитарлық колледжінің педагогтері білім беру жүйесіндегі инновациялық
технологиялардың, техникалық және кәсіптік білім беру салаларындағы
жобалардың, жалпы елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты мектепке дейінгі
мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде де қажеттілігін дәлелдегендей.
Инновациялық технологияның мектепке дейінгі балаларды оқытып-
тәрбиелеудегі маңыздылығы – ол заман талабы. Қазіргі дүние есігін іңгәләп
ашқан сәби өмірінің алғашқы жылдарда-ақ отбасындағы ұялы телефон,
планшет, теледидар сияқты кез келген техниканың тілін біледі. Сондықтан
мектепке дейінгі шақтағы балалардың сөйлеуі, ойлауы, қиялы өте ерте дамиды.
Қазіргі мектепке дейінгі жастағы бала мән-жайдың толық түсіндірілуін қажет
етпейді. Оларға жалаң сөзбен түсіндіру қызықсыз.
Сонымен қатар өмірінің алғашқы күнінен бастап өзін өте белсенді
ұстайтын балалар да көп кездеседі. Іс-тәжірибеде педагог-тәрбиешілердің топ
ішінде мұндай ерекше балалармен жұмыс жасауына да көп мүмкіндіктер бола
бермейді. Гипербелсенді балаларды тыныштандыру, топтық тапсырманы
орындауға, ұйымдастырылған оқу қызметіне бағыттау қиындықпен жүзеге
асады.
Соңғы бес жыл шамасында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
мамандығына педагогтерді даярлау барысында жас мамандарды гипербелсенді
балалармен қалай жұмыс жүргізу керектігін біршама алға қойып келеміз. Осы
мақсатта гипербелсенді балаларды тыныштандыру, бір әрекетпен ұзақ уақыт
айналысуына мүмкіндік жасау мақсатында жаңаша бір әдіс ойлап таптық. Ол
арнайы қолдан дайындалған құрал арқылы баланың бізсіз тоқыма тоқи алуы.
Біріншіден, бұл құралды қолда бар заттан жасауға болады. Екіншіден бала
өміріне, денсаулығына ешқандай қауіп келтірмейді. Арнайы тоқыма құралы 5
литрлік бос пластмасса құтыдан жасалады.
Бұл құралдың гипербелсенді баламен жеке жұмыс кезінде маңыздылығын
анықтау мақсатында Өскемен қаласындағы балабақша-бөбекжайларында
эксперимент жасап көрдік. Эксперментке қатысқан қыз балаларға қуыршаққа
135
мойын жапқыш тоқимыз десек, ұл балаларға өрмекші адамның торын
жасаймыз деп қызықтырамыз. Алғашында бір екі ілгекті ілгеннен кейін бала
өзінің тоқыма жұмысымен ұзақ уақыт айналысып отырғанын ұмытып байқамай
да қалады. Гипербелсенді баланың бар назары тоқымаға аударылғандықтан
бастаған ісінің соңына дейін аяқтауға тырысады. Өзінің тоқыма тоқуға деген
ептілігі болмасада, бір әрекеттен соң келесі әрекеттің тоқтаусыз жалғасып
жатуы баланы тыныштандырады, қызығушылығын оятады. Бұл құралды тек
балабақшада ғана емес, сонымен қатар отбасында да қолдануға болады. Бұл
құралмен тоқыма тоқу тіпті жұмыстан шаршап келген ата-аналардың да
шаршағанын басуға, дем алуына пайдасын тигізеді. Отбасы мүшелерінің бір-
бірімен жақын араласуына, бастаған істерінің нәтижесіне бірлесіп жетуге
ықпалын тигізеді.
Ежелгі грек ойшылы Платон айтқандай «Егер етікші нашар аяқ-киім тіккен
болса, онда бүкіл мемлекет адамдары нашар аяқ-киім киеді, ал егер тәрбиеші
надан болса, бүкіл бір буын адамдар өкілі надан болғаны». Қазіргі заманауи
тәрбиешіге қоғам үлкен талап қояды және оңды нәтиже күтеді.
Қорытындылайкеле айтарымыз мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты
дамуы, мектепте білім алуға деген құлшынысының болуы мектепке дейінгі
мекемедегі тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігінеде тәуелді. Ал кәсіби
құзіреттіліктің өзі ұзаққа созылған, тыңғылықты, өзін шыңдауға бағытталған
тәрбиеші еңбегінің нәтижесі. Тәрбиеші болдың - кәсібіңді арғымақша ерттеп,
мін, өз ісіңнің шебері бола біл. Өйткені тәрбиешінің кәсіби құзіреттілігі - бұл
өте жоғары деңгейдегі, әрі, ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу және оқыту
өнері. Құзіреттілік негізі - жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті, дүниетаным
және осы сапалармен біріге ұштасқан педагогикалық техникамен озат тәжірибе.
Бұл қасиеттердің барлығы колледжіміздің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
мамандығының білім алушыларына мектепке дейінгі мекемелермен тығыз
байланыс орнатудың, іс-тәжірибеден өткізудің негізінде ғана жүзеге асады.
Сондықтан колледж білікті маман даярлауда мектепке дейінгі мекеме
қызметкерлерімен жүйелі тығыз байланыста болады.
Достарыңызбен бөлісу: |