«Үштұғырлы тіл»
бағдарламасының аясында қолданылатын әдістер мен
технологиялар
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде үштілді білім беру– көпмәдениетті
тұлға қалыптастырудың негізі.
«Үш тілдің бірлігі» мәдени жобасы – үш тілді, қазақ, орыс және ағылшын
тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі
негізі, көздеген мақсаты – мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы
орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп,
жаһан тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу.
Музыка оқу қызметінде үштілділікті дамытуға мынандай әдістермен қол
жеткіземін:
Үштілдегі «Сәлемдесу», «Қоштасу» әні арқылы
Билингвальды құрауыштар арқылы
Ойнату арқылы
Мнемотехника әдісі арқылы
Саусақ театры арқылы
Ақпараттық технологиялар арқылы
«Тілдің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Біз күлімдеп
ән шырқаймыз» атты үш тілдегі әндер жинағынан өзімнің тақырыптық
жоспарыма әндерді қостым.
Балаларға қажетті тілдерді (орыс және ағылшын) ойын әдістемесінің
негізінде меңгертуді таңдаймын.
Әрбір оқу қызметімде І кіші топта қазақ тілінде ғана, ІІ кіші тобында қазақ
және орыс тілдерінде, ортаңғы, ересек топтарында қазақ, орыс, ағылшын
тілдерінде «Амандасу», «Қоштасу» әнін орындаймын. Әр тақырыпқа
байланысты оқу қызметімде негізгі сөзді үш тілде айтамыз.
Мақсатты жүйелі жұмыс, музыкалық ойын әдістерінің әртүрлі түрлерін
пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың орыс және ағылшын тілдерін
барынша жылдам меңгеруіне көмектесетіндігіне сенімдімін. Мысалға өзімнің
оқу қызметтеттерімде мынандай ойындарды пайдаланамын:
Foxi– Түлкі –Лиса, Clap – stamp, Good bye, my little friends!- «Сау
болыңдар, менің кішкене достарым! », What is your name?- «Сенің есімің кім?»
Hello, my little friends! – «Сәлем, менің кішкене достарым!»
Мен осындай
ойындарды,
әндерді үйрету үшін оқу қызметтерімде
мнемосхеманы пайдаланамын. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда
ағылшын тілін оқыту енгізілген. Балалар ағылшын тілінде бірталай сөздерді
меңгереді. Балаларға суреттерді көрсетсең орысша және ағылшынша
аудармаларын айта алады. Сондықтан да мнемосхеманы пайдалану өте тиімді.
Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |