«ағаштың қасиеттері»
туралы білім бере отырып, «Егер жерде ағаш болмаса
не болар еді?» деген сұрақтан бастауы мүмкін. Балалар өздерінің ой-
пікірлерінің нұсқаларын айта бастайды. Одан кейін: «Ағаш несімен пайдалы?»
деп сұрақ қояды. Жауаптардың түрлі нұсқалары айтылады, кейбір жауаптар
қайталанғанымен, ағаштың жаңа қасиеттері мен ерекшеліктері ашылады.
Сұрақтар тізбегі жалғасады: «Егер ағаш сондай пайдалы, одан көптеген заттар
жасауға болса, онда адам неліктен металды өндіруді, пластмасса жасауды
үйренді? Ағаштың қандай қасиеттері адамға ұнамады? Ағаштың несі қолайсыз?
Неліктен адамдар орман өсіреді және саябақтар жасайды? Барлық ағаштардың
қасиеттері бірдей ме, әлде ерекшелене ме? Ағаштар несімен ерекшеленеді?
Ағаштан жасалатын қандай заттарды атауға болады?» және т.б. Одан кейін
ағаштың қасиеттерін анықтайтын тәжірибелер жүргізіледі: суда бата ма немесе
батпай ма; жана ма, жанбай ма; суды өткізе ме, жоқ па; бояла ма, боялмай ма
және т.б. Сонымен, сабақ ақиқатты және мәнін іздеу ретінде өтеді. Баланы
ағаштың қолдану аясының кеңдігін көрсететін мәселеге жетелейді және ыдыс-
аяқ, жиһаз жасау кезінде ағаштың алмастырушылары бар екендігін түсіндіреді.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі ешқашан қоғамнан
тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда, бала тәрбиесі кез келген
бүлдіршін үшін ата-анасынан берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап,
жандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда
негізгі жұмыс түрі – ойын әрекеті.
Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін
оның сөйлеуін, сөздік қорын дамытып және айналадағы өмір құбылысын
ұғынуында ойынды пайдаланудың маңызы зор.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де
көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С Макаренко былай дейді: «Ойында
бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады».
Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге
асырылады. Ойын – балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған. [2]
Сондықтан кез келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу
керек.
Мысалы,
«Коммуникация»,
«Таным»,
«Әлеумет»,
253
«Шығармашылық» білім салалары бойынша жүргізілетін іс-әрекет барысында
берілген тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Миға шабуыл»,
«Дүрбі», «Шеңберде кім тұрады?», «Жақсы-жаман», «Ұйқасын тап», «Сиқырлы
баспалдақ», «Айтып берші», «Өлең жолын құрастыр», «Бұл не, ойлан тап!»,
«Тез ата», «Бұл қай кезде болады?», «Қайда бардым, не көрдім?», «Кім
тапқыр?», «Кім зейінді?», «Жаңылтпаштарды жаңылмай айтам» т.б. ойындар.
Осы алға қойған мақсатымды жүзеге асыру үшін мынадай жұмыстар
жүргізіп жатырмын. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |