31
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен қолдарын белдеріне қойып, текшелерден аттап жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Гимнастикалық орындық бойымен ішпен, қолмен тартылып еңбектеу.
Мақсаты: Жоғары тіреуіште денесін тік ұстауды сақтап жүруді үйретуді жалғастыру.
Ойын: «Қорықпаймын»
Координациялық қабілеттілік, жылдамдық.
|
1
|
32
|
Негізгі қимылдар:
Саптізбекте бір-бірден сапқа тұру, шашырап жүру
Гимнастикалық орындық бойымен қолдарын белдеріне қойып, текшелерден аттап жүру (орындықтың биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Допты еденге лақтыру және қағып алу.
Мақсаты: Саптізбекте бір-бірден сапқа тұру, шашыраңқы жүргенде кеңістікке бағдарлау және саптізбекте өзінің орнын жылдам табуға үйретуді жалғастыру. Жоғары тіреуіште жүруде тепе-теңдікті сақтап және денені тік ұстап, заттардың үстінен аттай білуді бекіту. Допты тік төмен еленге лақтыру және оны секіргеннен кейін қос қолымен қағып алу.
Ойын: «Қарғалар». Төзімділік, өлеңмен қимылды үйлестіре білу.
|
1
|
33
|
Негізгі қимылдар:
Орынан ұзындыққа секіру.
Шашыраңқы жүру, саптізбекте өзінің орнын тауып жүру. Допты затқа тигізіп домалату.
Мақсаты: Қолдарының төмен-алға қарай қимылдарын аяқтың итерілумен үйлестіріп, орнынан ұзындыққа секіруді орындауда бастапқы қалпын дұрыс қабылдауды үйрету. Залдың барлық кеңістігін пайдаланып, жүру кезінде бір-біріне бөгет жасамай, сапта өзінің орнын жылдам таба білуін бекіту. Допты екпінмен лақтыра білу және доп қимылының бағытын сақтап, көз мөлшерін дамытуды жетілдіру.
Ойын: «Қара құлақ». Жылдамдық, қақпаннан құтыла білу.
|
1
|
34
|
Негізгі қимылдар:
Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолмен қағып алу ( қос қолмен бастан асыру тәсілі , саптың арасының арақашықтығы 2 метр).
Орнынан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: Арақашықтығы 1,5 м екі сапта тұрып, лақтыру күшін сап арасындағы арақашыққа сәйкес допты бір-біріне қос қолмен бастан асырып лақтыру. Орнында тұрып ұзындыққа секіруде қос аяғымен екпінді итеріліп, қолды төмен-алға қарай қатты қимылдауды орындап, жартылай бүгілген аяқпен секіріп түсе білуін бекіту.
Ойын: «Қамбадағы тышқандар». Белгі бойынша қимылды сәйкестендіру, аяқтың ұшымен жүгіру.
|
1
|
35
|
Негізгі қимылдар:
Төрт тағандап бөрене бойымен еңбектеу
Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолымен қағып алу (қос қолмен бастан асыру тәсілі, сап арасының арақашықтығы 2 метр).
Мақсаты: Төрт тағандап бөрене бойымен еңбектеуде қол мен аяқтың жұмысын координациялауды үйрету. 2 м арақашықтықта допты бір-біріне лақтыра білу, доптың ұшу бағытын бақылау және ұшып келе жатқан допты бүгілген қолдың жеңіл қимылымен тосып ала білуді бекіту.
Ойын: «Касқыр мен лақтар»
Алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру.
|
1
|
36
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басына қап қойып жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см).
Төрт тағандап бөрене бойымен еңбектеу. Допты жоғары қарай лақтырып және оны қос қолмен қағып алу.
Мақсаты: Басындағы қаппен алаңдағы жоғары тіреуіш бойымен жүруде арқа және бастың дұрыс қалпын сақтауды, дененің қалпын бақылауды үйрету. Бөрене бойымен де еңбектеуде тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Допты алға-жоғары қарай бастан асырмай лақтыру және оны қос қолмен қағып алуды жетілдіру.
Ойын: «Асық кімде?». Ұсақ заттармен манипуляция жасай білу.
|
1
|
37
|
Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (айналу, орнында секіру).
Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басына қап қойып жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см). 2 метр арақашықтықта қос аяқпен алға қарай секіру.
Мақсаты: Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуге сәйкес: өзінің айналасында айналу, жеңіл және ырғақты секіруді орындауды үйрету. Жоғары тіреуіш бойымен жүруде нық тепе-теңдікті және дене бітімінің дұрыс қалпын сақтау, одан аяқтың ұшымен жеңіл түсе білуін бекіту. Қос аяқпен алға қарай секіруге жаттықтыру.
Ойын: «Шарлар мен бағаналар»
Доптарды сызыққа дейін тура бағытта домалату.
|
1
|
38
|
Негізгі қимылдар:
Сызықтардың үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1 м арақашықтықтағы 4 сызық).
Музыкалық-ырғақты қимылдар (жүру, отыру). Бір-біріне доп лақтыру және оны қос қолмен қағып алу (қос қолмен бастан асыру тәсілі, саптың арасының арақашықтығы 2 м).
Мақсаты: Бірнеше сызықтардың үстінен біртіндеп секіру, бір мезгілде қос аяқпен екпінді итерілу, денені алға қарай еңкейтпей, аяқтың ұшымен жерге түсуге үйрету. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеуді: тізені жоғары көтеріп ырғақпен жүруді орындау, бір қалыпты отыруды орындай білуді бекіту. Допты бастан асыра қос қол тәсілімен бір-біріне лақтыруға жаттықтыру.
Ойын: «Қасқырларды аулау»
Бірлесіп әрекет ету, кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
39
|
Негізгі қимылдар:
1 минут баяу қарқында жүгіру.
Жіптің үстінен қос аяқпен секіру (бір-бірінен 1 м арақашықтықтағы 5 жіп ). Модуль үстінен өту.
Мақсаты: Қысқа адым жасап, қарқынын тездетпей және ақырындатпай қолдарын бүгіп, ырғақты жүгіруге үйрету. Біртіндеп бес жіптің үстінен секіру, қос аяқпен екпінді итеріліп және аяқтың ұшымен жерге жеңіл түсіп, барлық табанмен тұрып жазыла білуді бекіту. Заттардың үстінен төрт тағандап еңбектеп өтуге жаттығу.
Ойын: «Қарлығаш»
Ептілік пен жылдамдықты дамыту.
|
1
|
40
|
Негізгі қимылдар:
Тұру қалпында допты қос қолмен бастан асыра лақтыру.
1 минут баяу қарқында жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен қолдары белдерінде, басына қап қойып жүру (орындық биіктігі 35 см, көлемі 20 см). Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Допты алыстан отыру қалпында бастан асыра лақтыру, бүгілген қолдың жазылу екпінімен лақтыру күшін беруді үйрету.
Аяқты өкшеден аяқтың ұшына қою, қолдарының бір қалыпты қимылдарымен, босаңдау иықтарымен қимыл қарқынына төзе білуін бекіту. Басындағы қабымен гимнастикалық орындық бойымен, дене бітімін сақтай жүруге жаттығу.
Ойын: «Ормандағы аюда». Аулай және жалтара жүгіру.
|
1
|
41
|
Негізгі қимылдар:
Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан еңбектеу
Тұру қалпында қос қолымен допты басынан асыра лақтыру.
Мақсаты: Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан еңбектеуге үйрету, қол мен аяқтың жұмыстарын координациялау. Доп ұстаған қолын бастың артына қарай апару, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.
Ойын: «Үкі»
Ептілік және жылдамдық, статистикалық тепе-теңдік.
|
1
|
42
|
Негізгі қимылдар:
Еденге салынған қабырғалы тақтай бойымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 м). Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан еңбектеу. Еденде салынған тақтай бойымен қос аяқпен секіру.
Мақсаты: Аяқтың өкшесінен аяқтың ұшына ауысуды орындауды, қабырғалы тақтай бойымен жүруде тепе-теңдікті сақтауды үйрету (майтабанға алдан-ала емдеу). Еденде жанымен тұрған сатылардың көлденең салмаларының арасынан оларға тиіп кетпей еңбектеу, еңбектеуде бағытты солға-оңға жылдам ауыстыра білуін бекіту. Шектелген алаң бойымен қос аяқпен секіруге жаттықтыру.
Ойын: «Орныңды тап»
Ойын барысында қағысып қалмай, өзінің орнын табу.
|
1
|
43
|
Негізгі қимылдар:
Жылдам қарқынмен жүгіру. (арақашықтығы 15 м)
Еденге салынған қабырғалы тақтай бойымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 м). Тура бағытта құрсауды домалату.
Мақсаты: Кең адым жасап, жүгіру адымы тактісін қол қимылдары мен үйлестіріп жылдам қарқынмен жүгіруді үйрету. Аяқтың өкшесінен аяқтың ұшына ауысуды орындау, тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту (майтабанға алдын-ала емдеу, барлық табан жұмысын нығайту).
Ойын: «Құстардың ұшып келуі»
Ептілікті дамыту, әр түрлі бағытта жүгіруде соқтығыса білмеу.
|
1
|
44
|
Негізгі қимылдар:
Бір шеңберден екінші шеңберге секіру
Тізені жоғары көтеріп жүруді жылдам қарқында жүгірумен (арақашықтығы20 м) кезектестіру. Тұру қалпында қос қолымен допты бастан асыра лақтыру.
Мақсаты: Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіруді, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсуін үйрету. Жылдам жүгіруде денесін дұрыс ұстау: қимылдауға байланысты денені аздап еңкейту, иықтарын босаңдау ұстау, алға қарау, жүгіру мен жүруді кезектестіре білуді бекіту. Допты алысқа лақтыруға жаттығу, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.
Ойын: «Белгіні тыңда»
Көңіл қою, белгі бойынша қимылды орындай білу.
|
1
|
45
|
Негізгі қимылдар:
Отыру қалпында допты бастан асыра лақтыру
Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
Мақсаты: Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру, бүгілген қолдың жазылу екпінімен лақтыру күшін беруді үйрету.
Бір шеңберден екінші шеңберге біртіндеп секіру, бірмезгілде қос аяқпен екпінмен итерілу, денені алға қарай еңкейте аяқтың ұшымен жерге түсе білуін бекіту.
Ойын: «Орамал тастамақ»
Зейін қоюды, ептілікті, координацияны дамыту.
|
1
|
46
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу
Отыру қалпында допты бастан асыра лақтыру.
Мақсаты: Рейканы дұрыс ұстау (4 саусақ үстінен, 1 астынан), гимнастикалық қабырға бойымен жоғары қарай кезектестірілген адыммен өрмелеу, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді орындауды үйретуді жалғастыру. Доп ұстаған қолын бастың артына қарай апару, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.
Ойын: «Қояндар»
Алға қарай секіру, зал бойымен секіре білу.
|
1
|
47
|
Негізгі қимылдар:
Еденге салынған сатының көлденең салмасының үстінен аттап жүру (қолдары екі жаққа созылған).
Гимнастикалық қабырға бойымен кезектестірілген адыммен өрмелеу.
Допты малдас құрып отыру қалпында бастан асырып лақтыру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары және төмен кезектестірілген адыммен өрмелеу, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуін бекіту.
Малдас құрып отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру.
Ойын: «Өзіңнің сыңарыңды тап». Көңіл қою, ұйымдастырушылық.
|
1
|
48
|
Негізгі қимылдар:
Бір қырындап жүру (оңға)
Жерден 20 см көтерілген сатының көлденең салмаларының үстінен аттап жүру (қолдары белдерінде). Еденге жанымен қойылған сатының көлденең салмасының арасынан еңбектеу.
Мақсаты: Оң жаққа қарай тізесінің бүгілгенін байқатпай, бір қырындап жүруді, арқасын және басын тік ұстауды орындауға үйрету.
Көтерілген сатының рейкаларының үстінен ырғақпен аттап жүру, тізесін жоғары көтеру және екпінді қозғалыспен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстап, нық тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Еденге жанымен қойылған сатының көлденең салмасының арасынан еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Кім көбірек лента жинайды»
3 адымнан секіруде екпінді итерілуді орындай білу.
|
1
|
49
|
Негізгі қимылдар:
20см биіктіктен тереңдікке секіру
Сол жаққа қарай бір қырындап жүру. Қатар қойылған заттардан «жыланша» айналып аяқтың ұшымен жүгіру.
Мақсаты: Белсенді түрде табанын жазуға және орындықтан секіруде жартылай бүгілген аяқпен жерге түсуге үйрету. Тізесінің бүгілгенін байқатпай, иықтарын бұрмай, сол жаққа ырғақпен бір қырындап жүре білуді бекіту. «Жыланша» жүгіру, заттардың арасымен бағытты өзгерте жүгіре білуді жетілдіруге жаттықтыру.
Ойын: «Қағып алда, лақтыр»
Допты кеудеге қыспай қағып алу, тура қолға лақтыру.
|
1
|
50
|
Негізгі қимылдар:
Допты кеудесінен қос қолымен жіптен асырып лақтыру (жіпке дейінгі арақашықтық 2 м). 20 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Тұрып, 2 м арақашықтықтан допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған жіптен асырып лақтыру. Орындықтан секіргеннен кейін, басты және денені тік ұстап, алдыға қарап, тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Тұлпар» Ептілік, төзімділік түрлі қарқында және бағытта жүгіру.
|
1
|
51
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу (2 көлденең салма бойынша).
Кеудеден қос қолымен допты тордың үстінен лақтыру (торға дейінгі арақашықтық 2 м)
Мақсаты: Көлденең бағытта қолдарын бір көлденең салмадан екінші көлденең салманы ұстап және оң жаққа қырындап жүріп гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне өтуді үйрету. Допты қолды көтергендегі биіктікте тартылған тордан асыра екпінмен лақтыру, 2 м арақашықтықта тұрып, допты алдыға-жоғары бағыттай білуді бекіту.
Ойын: «Белбеу»
Ойын ережесін орындау
|
1
|
52
|
Негізгі қимылдар:
Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қырындап өрмелеу (3 көлденең салма бойынша).
20 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүруге, нық тепе-теңдікті сақтауға үйрету.
Көлденең бағытта қолдарын бір көлденең салмадан екінші көлденең салманы ұстап және оң жаққа қырындап жүріп гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне өте білуді бекіту. 20 см биіктікте төменге секіруге жаттықтыру.
Ойын: «Соқыртеке». Жүгірудің бағытын ауыстыру.
|
1
|
53
|
Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (алға қырындап жүру, секіру).
Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Тура бағытта фитбол домалату.
Мақсаты: Алға қарай жеңіл ырғақты секірумен қырындап жүруді орындауға үйрету. Тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру; өзінің іс-әрекетін басқа балалардың іс-әрекетімен үйлестіре білуді бекіту. Фитболды қолдың екпінді қимылдарымен итеріп домалатуға жаттықтыру.
Ойын: «Қасқырларды ұстау»
Ептілік, төзімділік, іс-әрекетті үйлестіру.
|
1
|
54
|
Негізгі қимылдар:
30см биіктіктен төменге секіру.
Музыкалық-ырғақты қимылдар (алдыға қарай қырындап жүру, бір қалыпты отыру). 20 см көтерілген сатының тақтайшалары үстінен аттап жүру.
Мақсаты: Орындық бетінен екпінмен итерілуді және секіруде жартылай бүгілген аяқпен ақырын жерге түсуді үйрету. Бір аяғын алдыға қарай шығарып және екінші аяқтың басын ішке қарай бұрмай, оның жанына қойып, содан кейін ақырындап отыру мен қырындап жүруді кезектестіріп жүруді орындай білуді бекіту. Көтерілген сатының көлденең тақтайшаларынан тізесін жоғары көтеріп және денесін тік ұстауды сақтап аттауға жаттықтыру.
Ойын: «Асық кімде». Ұсақ заттармен әрекет жасау.
|
1
|
55
|
Негізгі қимылдар:
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру (ұсақ доптар)
30 см биіктіктен төменге секіру.
Мақсаты: Бастапқы қалпын дұрыс қабылдауды, допты алдыға-жоғары- алысқа қолдарын түзу ұстап екпінмен лақтыруды үйрету. Басын және денесін тік ұстап, алдыға қарап, орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Құстар мен мысықтар». Координация, кеңістікте бағдарлау.
|
1
|
56
|
Негізгі қимылдар:
Көлбеу тақтай бойымен алақаны және тізесімен жоғары қарай еңбектеу
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру (шыршаның бүрі). Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
Мақсаты: Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді үйрету. Қолдарын иықтарынан белсенді түрде алға-жоғары асырып және алысқа лақтыруда лақтыру күшін бере білуін бекіту. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу.
Ойын: «Орнынды тап». Жылдамдық, өзінің орнын тез таба білу.
|
1
|
57
|
Негізгі қимылдар:
Орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу
Көлбеу тақтай бойымен жоғары және төмен алақан және тіземен еңбектеу, оң және сол қолмен (асықты) алысқа лақтыру.
Мақсаты: Орындық бойымен екеуі екі жақтан ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, жоғары тіреуіште тепе-теңдікті сақтауды үйрету. Көлбеу тақтайдың шетінен ұстай білуді (4 саусақпен астынан, бас бармақпен үстінен), алға қарап, арқасын тік ұстауды сақтай білуді бекіту. Ұсақ заттарды бір қолымен алысқа лақтыруға, лақтыру күшін дамытуға жаттықтыру.
Ойын: «Карлығаш» Кеңістікте бағдарлау, өз орнын жылдам таба білу.
|
1
|
58
|
Негізгі қимылдар:
Баяу қарқынмен 1,5 минут жүгіру
Гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу. Баланың көтерілген қолынан жоғары тартылған тордың үстінен кеудеден екі қолымен допты лақтыру (торға дейін арақашықтық 2 м).
Мақсаты: Мұрынмен дем алу, аяқтарын жоғары көтермей, қолдарының еркін қимылдарымен жүгіру қарқынын бұзбай, жеңіл және ырғақпен жүгіру. Гимнастикалық орындық бойымен тапсырманы орындай жүру: ортасына дейін барып, қайтадан кейін бұрылып, бастапқы қалыпқа келу, өзінің әрекеттерін екінші баланың әрекеттерімен үйлестіру. Тордың үстінен доп лақтыруға жаттығу. Қолдың екпінді қимылымен допты алға-жоғары бағыттай білуді дамыту.
Ойын: «Шеңбердегі соқыртеке».
Зейінділік, ептілік, реакция жылдамдығы.
|
1
|
59
|
Негізгі қимылдар:
Қос аяқпен заттардың үстінен секіру (биіктігі — 5см).
Аяқтың ұшымен жүгіруді өкшемен жүрумен кезектестіру. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеу (3 көлденең салма бойынша).
Мақсаты: 5 см биіктіктегі 2 заттың үстінен біртіндеп секіруге үйрету.
Аяқтың ұшына тұра білу және аяқты түзу ұстап өкшемен жүруді орындау, табан сіңірлерін нығайта (майтабанды алдын-ала емдеу )білуін бекіту. Гимнастикалық қабырғаның бірінен екіншісіне оң жаққа қарай қырындап өрмелеу (3 көлденең салма бойынша).
Ойын:«Кім шапшаң». Үйлестіру, зейін.
|
1
|
60
|
Негізгі қимылдар:
Допты қос қолмен еденге қайтара ұру.
Заттардың үстінен қос аяқпен секіру (биіктігі — 10 см).
Мақсаты: Доптың үстінен жеңіл басып, қос қолмен еденге қайтара соғу, допты алақанын жайып қағып алуды үйрету. Үш заттың үстінен біртіндеп секіру, екпінді итеріліп және бүгілген аяқпен жеңіл жерге түсе білуін бекіту.
Ойын: «Алыптар және ергежейлілер»
Кең адымдап және тыпырлап жүру.
|
1
|
61
|
Негізгі қимылдар:
1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу
Допты қос қолымен еденге қайтара ұру.
Мақсаты: Гимнастикалық қабырға бойынша адымдарын кезектестіріп, түсіп келе жатқанда көлбеу тақтайдың біреуін жіберіп алмай, аяғына дейін жетіп және еденге ақырын түсуді үйретуді жалғастыру. Допты күштеп жұмулы алақанмен соғып, допты қос қолмен қайтара соға білуді бекіту.
Ойын: «Кім жоғын тап»
Назарды бір жерге аудару, ұйымшылдық.
|
1
|
62
|
Негізгі қимылдар:
Гимнастикалық орындық бойымен қолы белінде, бір жағымен қырындап жүру
1,5 метр биіктікте гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеу. Қос аяғымен заттардың үстінен секіру (биіктігі -10 см).
Мақсаты: Жоғары тіреуіште денесін тік ұстап, басын төмен түсірмей, нық тепе-теңдікті сақтап, қырындап жүруді орындауға үйрету. Көлденең бағытта бір көлденең салмадан кейін екінші көлденең салманы ұстап солға қырындап жүруді көлбеу тақтайдан гимнастикалық қабырғаға өте білуді бекіту. Биіктігі 10 см 3 заттың үстінен бірізділікте секіріп жаттықтыру.
Ойын: «Кегляны ұрып құлату». Көз мөлшерін дамыту.
|
1
|
63
|
Негізгі қимылдар:
Музыкалық-ырғақты қимылдар (артқа қырындап жүру, айналу).
Гимнастикалық орындық бойымен жанымен бір қырындап затпен толтырылған доптың үстінен аттап жүру. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен еңбектеу.
Мақсаты: Артқа қарай қырындап жүруді айналумен үйлестіріп орындаға үйрету. Жоғары тіреуіште заттың үстінен жанымен аттап жүруде денені тік ұстауды және тұрақты тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Гимнастикалық орындық бойымен ішпен қолдарының екпінді қимылдарымен тартылып еңбектеуге жаттықтыру.
Ойын: «Секіру». Жылдамдық, екпінмен секіру
|
1
|
64
|
Негізгі қимылдар:
Оң жақ және сол жақ аяқпен орнында секіру.
Музыкалық-ырғақты қимылдар (артқа қырындап жүру, жаймен отыру).
2 метр биіктіктегі гимнастикалық қабырға бойына өрмелеу.
Мақсаты: Орнында бір аяқпен, тепе-теңдікті сақтап және бір аяқпен итерілуді екпінмен орындап секіруге үйрету. Бір аяқтың артына екінші аяқты қойып қойылған аяқтың өкшесін бұрмай, жаймен отыруды қырындап жүрумен кезектестіріп орындай білуді бекіту. Гимнастикалық қабырға бойымен кезектестірілген адыммен өрмелеуге жаттығу, шыдадылықты дамыту.
Ойын: «Қарлығаш». Кеңістікте бағдарлау, өзінің орнын тез таба білу.
|
1
|
65
|
Негізгі қимылдар:
Допты бір қолымен еденге соғу.
Оң және сол жақ аяқта бір орында секіру. Орындық бойымен екі жақтан бастап ортасына келгенде екі жаққа кету тапсырмасын орындап жүру.
Мақсаты: Допты соғу күшін реттей отырып, қолдың бірқалыпты қимылымен допты еденге соғуға үйрету. Орнында бір аяқпен секіруде табанмен түспей, итерілуде аяқтың ұшына сүйеніп орындай білуін бекіту. Орындық бойымен жүруде өзінің әрекетін басқаның әрекеттерімен үйлестіре білуге жаттықтыру.
Ойын: «Белгіні тыңда». Тепе-теңдік.
|
1
|
66
|
Негізгі қимылдар:
Көлбеу саты бойымен гимнастикалық қабырғаға өрмелеу
Бір қолымен допты еденге соғу.
Мақсаты: Көлбеу сатыға (гимнастикалық қабырғаға 3 көлденең салмаға салынған) қалыпты жағдайда көлденең салмадан ұстанып, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, гимнастикалық қабырғаға шығу және одан түсу. Допты еденге жұдырығын түйіп, күшпен соқпай, қолдың қалыпты қимылымен соға білуін бекіту.
Ойын: «Мысық пен тышқан»
Еркін жүгіру, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру.
|
1
|
67
|
Негізгі қимылдар:
Көлденең бөрене бойымен тура жүру
Көлбеу саты бойымен гимнастикалық қабырғаға өрмелеу.
Мақсаты: Көлденең бөренеге тұрақты тепе-теңдікті сақтап, бөрене бойымен аяқтың ұшымен жүру, денені және басын тура ұстап, бөренеден жеңіл түсуге үйрету. Көлбеу саты бойымен (гимнастикалық қабырғаның 4 көлденең салмасына) екі жақтағы брусьяны ұстап: 4 саусақпен астынан, үлкенімен үстінен, көлденең бағытта бір салмадан екінші салманы ұстап өрмелей білуін бекіту. Бір қолмен допты еденге соғып жаттықтыру.
Ойын: «Біз көңілді баламыз»
Өзінің әрекетін басқалардың әрекетімен үйлестіру.
|
1
|
68
|
Негізгі қимылдар:
Жұппен жүгіру
Көлденең бөрене бойымен жүру (жанымен қырындап жүру). Асықты алысқа лақтыру.
Мақсаты: Жұппен жеңіл және ырғақпен жүгіруге, өзінің адымын басқаның адымымен үйлестіруді үйрету. Бөренеде тұрақты тепе-теңдікті сақтап және денені тік ұстап солға және оңға қырындап жүре білуді бекіту. Ұсақ заттарды алдыға алысқа лақтыруға жаттықтыру.
Ойын: «Соқыр теке»
Кеңістікте бағдарлау, зейін.
|
1
|
69
|
Негізгі қимылдар:
Секіртпеде секіру
Жұппен жүру және жүгіру. Көлденең бөрене бойымен жүру (жанымен қырындап жүру).
Мақсаты: Секіртпені білекпен және иықпен айналдыруға, денені тік ұстауға, аяқтың ұшымен секіру, секіртпені айналдыру мен секіруді үйлестіруге үйрету. Жұппен жүріс қарқынын және ырғағын үйлестіру, қимылдың бағытын сақтау, жүру мен жүгіруді кезектестіре білуді бекіту. Тұрақты тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Ойын: «Өзіңе жұп ізде». Жылдамдық, соқтығыспай жүгіре білу.
|
1
|
70
|
Негізгі қимылдар:
Көлденең нысанаға лақтыру (арақашықтығы 2 м).
Секіртпемен секіру.
Мақсаты: Допты көлденең нысанаға қолды екпінмен жазып лақтыруға үйрету, көзмөлшерін дамыту. Қысқа секіртпенің үстінен ырғақпен секіріп, алғашында аяқтың басына түсіп, содан кейін өкшесіне түсе білуін бекіту.
Ойын: «Кетті, кетті орамал». Ұсақ заттармен жұмыс істей білу.
|
1
|
71
|
Негізгі қимылдар:
Тік нысанаға лақтыру (нысананың ортасының биіктігі 1,5 м, арақашықтығы 2 м).
Арқасындағы қаппен еңбектеу (арақашықтығы 6 м).
Мақсаты: Допты тік нысанаға қолды екпінмен жазып лақтыруға, тоқтаусыз сермеу мен лақтыруды орындауға үйрету, көзмөлшерін дамыту. Алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеу, өзінің әрекетін бақылау, арқасын тік ұстауды сақтау.
Ойын: «Құлатып алмай алып кел»
Дұрыс жүру, дененің қисайғанын алдын ала емдеу.
|
1
|
72
|
Негізгі қимылдар:
Допты қабырғаға лақтырып және қағып алу
Төрттағандап еңбектеу. Гимнастикалық орындық бойымен допты домалату.
Мақсаты: Қабырғаға доп лақтыруға, лақтыру күші мен қабырғаға соғылған допты ұстау мүмкіндігінің өлшемін салыстыруға үйрету.
Төрттағандап еңбектеу, қимыл бағытын сақтай білуді бекіту. Шектелген жазықтық бойымен допты домалатуға жаттықтыру.
Ойын: «Балапандар»
Педагогтің белгісі бойынша әртүрлі тапсырма орындау.
|
1
|
|
Барлығы
|
72
|