3. Сумен шыңдалу бұл шыңдалу амалдарының ішіндегі ең қарқындысы, себебі судың жылу өткізу қасиеті 28 рет көбірек, ауаға қарағанда. Жүйелі түрде сумен шыңдалу салқын тиіп аурудың алдын алатын сенімді түрі.
Сумен шыңдалу үшін келесі жосық түрлерін ұсынады: ысқылау, су құю, душтар, суға түсу.
Ысқылау – шыңдалудың бастапқы кезеңі. Бірнеше күн денені сулы орамалмен, губкімен (жұмсақ ысқыш) немесе қолмен ысқылайды.
Суды құю бұл шыйды.
Суды құю бұл шыңдалудың келесі кезеңі. Судың төменгі температурасына судың шапшып ағу әсері қосымша әсер етеді. Бұдан кейін денені орамалмен жігерлі түрде ысқылап, ұзақтығы – 3-4 минуттан аспауы керек.
Душ қабылдау
Ашық суларда шомылу
Қармен ысқылап, қарға шомылу және мұздай суға шомылу (морждалу).
Тексеру сұрақтары: Шыңдалудың гигиеналық маңызы неде? Шыңдалу шаралары қандай? Метеорологиялық факторларға жататын себептер қандай? Шыңдалудың дене тәрбиесінде маңызы қандай? Шыңдалудың Отан қорғауда маңызы қандай? Шыңдалу негіздеріне нелер кіреді? Ауамен шыңдалу қалай басталады? Қандай температурада ауамен шыңдалады? Оның қандай түрлері бар? Сумен шыңдалудың түрлері қандай? Ысқылау, суды құю шыңдалудың қай кезеңдеріне жатады?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 8. Тақырыптың аты: Тамақтану тәртібінің гигиеналық негіздері
Мақсаты: Ұтымды және теңдестірілген тамақтану туралы түсінікті кеңейту. Ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, минералды затта мен дәрумендердің адам ағзасына тигізетін әсерін студент қауымға жеткізу. Балалар мен жасөспірімдердің тамақтануының ерекшеліктерін, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың арасындағы айырмашылықтарын ашып беру.
Тірек сөздер: Тамақ рационы, ұтымдылығы мен тепе- теңдігі, тамақтың калориялылығы, реттелетін қуат шығындары, тәуліктік рацион, тамақтың сапалы құндылығы, белоктар(ақуыздар), майлар, көмірсулар, минералды тұздар, дәрумендер.
Негізгі сұрақтар:
Тамақтың калориялылығы
Тағамдардың сапалық құндылығы
Тамақты сіңіру мен тамақтану кестесі
Қысқаша мазмұны: 1.Тағам – ең маңызды әлеуметтік және биологиялық себептер болып табылады. Адамның денсаулығы мен тіршілік жағдайын қажетті қуатпен қамтамасыз ететін бірден бір фактор.
Тамақ белгілі бір гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс: сандық жөнінен қолайлы, ол дегеніміз адамның қуат шығынына сай келу керек; сапалы және құндылығы жоғары болған жөн (қажет тағам заттарын); белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды тұздар) және теңдестірілген болуы керек; әртүрлілігімен және жануар тектес пен өсімдік тектес тағамдардың құрамы болған жөн; жеңіл сіңірілетін, тәбетті ашатын, дәмді, жағымды иісі бар және сыртқы түріде тартымды болу керек; сапасы жақсы және зиянсыз.
Тамақтың калориялылығы ол ағзаның қуат шығынын қайтадан толтыру болып табылады. Шығатын қуат шығыны килокалориямен (ккал) есептелінеді. 1 ккал = 4,184 кДж тең (ол халықаралық бірлік жүйесі бойынша). Реттелмейтін қуат шығындарына жататыны негізгі зат алмасу мен тағамның арнайы динамикалық әсерінің шығыны.
2. Негізгі зат алмасу – қуат шығынының ең аз деңгейі ағзаның ең маңызды қызметін бір деңгейде ұстап тұру үшін. Тіпті ағзаның толық тыныштықта болғанының өзінде де қуат шығыны жүрек пен тамырлар, тыныс алу мен бөліп шығару жүйелер, ішкі секреция бездерінің жұмысына, дене температурасын реттеуге және басқа да жұмыстарына жұмсалады.
Тағамның арнайы динамикалық әсері ол негізгі зат алмасуды жоғарлатады. Бұл қосымша қуат шығыны ас қорыту үрдістерімен байланысты. Белоктарды (ақуыздарды) қабылдағанда қуат шығыны 30-40%, майларды – 4-14%, көмірсуларды -4-6 % -ға өсіреді.
Реттелетін қуат шығындары – бұл әртүрлі қызметке байланысты. Ең көп қуат шығындары дене жұмысымен айналысатын себебі жұмыс істейтін бұлшық еттерде тотығу – тотықсыздану үрдістері әлдеқайда жоғары деңгейде өтеді.
Мысалы, жүру кезінде негізгі зат алмасу 80-100% өссе, жүгіру кезінде – 400% жетеді. Сондықтан дене жұмысы ағзаның қуат шығынын реттеуші және шешуші себеп ретінде қарастырылады. Неғұрлым бұлшық ет қимыл-қозғалыстары қарқынды болған сайын, соғұрлым қуат шығынының деңгейі жоғары.
Қуат шығынын анықтау үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Ішінде ең кең тараған тәсіл газ алмасу тәсілі бойынша қуат шығынын анықтайды.
3.Тәуліктік рационның қолайлы калориялылығын анықтау арқылы жүргізіледі. Олар бірнеше топқа бөлінеді: І- топ – ой еңбегімен шұғылданатындар (мекемелер мен кәсіпорындардың жетекшілері, инженерлер мен техникалық жұмысшылар, дәрігерлер мен педагогтар, тәрбиешілер, ғылыми қызметкерлер ж.б. ІІ – топ – жеңіл дене еңбегімен айналысатындар: инженерлер, техниктер жұмыстары дененің күш салуы, тігіншілер, агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлері, медбикелер мен санитарлар, өндіріс тауарларын сатушылар, оқытушылар, дене шынықтыру және спорт инструкторлары, бапкерлер. ІІІ – топ – орташа ауыр жұмыс істейтіндер: слесарьлар, хирургтер, химиктер, автокөлік жүргізушілер, тамақ өндірісінің қызметкерлері, бригадирлер мен теміржолшылар, машинистер мен полиграфистер. ІҮ – топ – ауыр жұмыс істейтіндер: ауылшаруашылығында жұмыс істейтін жұмысшылар мен механизаторлар, мұнай мен газ өндірісіндегілер,металлургтер мен құймашылар, ағаш шеберлері ж.б. Ү – топ - өте ауыр жұмыс істейтіндер: тау жұмысшылары, болатқұюшылар, орман шаруашылығындағылар, кірпіш қалаушылар, бетон құюшылар, жер қазушылар, жүк тиеушілер ж.б.
Тамақтың сапалы құндылығы онда әртүрлі тағам қосындыларының құрамы: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды тұздар мен су болуы тиіс.
Белоктар (ақуыздар)
Майлар (липидтер)
Көмірсулар
Дәрумендер
Минералды тұздар
Тексеру сұрақтары: Тиімді және қонымды тамақтану деген не? Тағамның құрамында қандай маңызды заттар болуы тиіс? Тамақтың калориялылығы дегенді қалай түсіну керек? Реттелетін және реттелмейтін қуат шығындарын қалау түсіну керек? Тәуліктік рационның сапалы калориялылығы дегенді қалай түсіну керек? Олар қанша топқа бөлінеді? Оқытушылар мен студенттер қай топқа кіреді? Тамақтың құндылығы деген не? Белоктар ағзаға не үшін керек? Майлар мен көмірсулардың ағзаға әсері қандай? Минералды тұздар мен судың қатысы қандай?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№9.Тақырыптың аты: Спортшылардың тамақтануына қойылатын талаптар
Мақсаты: Жаттығу кезеңі мен міндетіне байланысты, спорттың әр түріне байланысты спортшылардың тәуліктік тамақтануының қуаттылығын анықтап қажеттілігін көрсету болып табылады.
Тірек сөздер: Спортшылар тамағы, арнайы ерекшлелік, тамақтың калориялылығы, тамақ құрамының сапасы, спортшылардың тамағының негізгі азық түліктері, сүт пен сүт тағамдары, ет, құс еті, жұмыртқа, балық, нан, жармалар, картоп, көкөніс, жеміс – жидек, тағамдық майлар, бал мен кондитерлік өнімдер.
Негізгі сұрақтар:
Тағам құрамының калориялылығы мен сапасы
Спортшыларға арналған негізгі тағамдар
Спортшыға арналған тамақ рационы
Қысқаша мазмұны: 1. Спортшылардың тамағы – денсаулықты сақтаудың ең негізгі себебі, жұмыс қабілеттілігін жоғарлату мен жоғары спорттық нәтижелерге жетудің бірден бір қажетті себебі.
2.Тамақтың калориялылығы спортшының жоғары деңгейдегі қуат шығынын толық жабуы тиіс. Оны есептегенде қандай спорт түрімен айналысатынын және дене массасын ескерген жөн, мысалы спортшының тәуліктік рационын анықтау үшін, кестеде келтірілген сандарды спортшының дене салмағына көбейту керек (кестені қара).
3.Әртүрлі спорт өкілдеріне арналған тамақ рационының құрамы мен калориялылығы (дене массасының 1 кг шаққанда)
Спорт түрі
|
Ақуыздар
|
Майлар
|
Көмірсулар
|
Тамақтың
Калориялылығы
|
Гимнастика, мәнерлеп сырғанау
Жеңіл атлетика, қысқа қашықтыққа жүгіру, секіру
Спорттық жүріс 20 км, 50 км жүгіру
Ауыр атлетика, лақтыру
Күрес пен бокс
Футбол, хоккей
Баскетбол, волейбол
Ат спорты
Ату спорты
Шаңғы спорты :
жақын қашықтыққа
алыс қашықтыққа
Коньки спорты
|
2,2 – 2,5
2,3 – 2,5
2,5 – 2,9
2,5 – 2,9
2,4 – 2,8
2,4 – 2,6
2,3 – 2,4
2,1 -2,3
2,2 – 2,4
2,3 – 2,5
2,4 – 2,6
2,5 – 2,7
|
1,7–1,89
1,8 – 2,0
2,0 – 2,2
1,8 – 2,0
1,8 – 2,2
2,0 – 2,2
1,8 – 2,0
1,7 – 1,9
2,0 – 2,1
1,9 – 2,2
2,0 – 2,4
2,0 – 2,3
|
8,6 – 9,75
9,0-9,8
11,2 – 13,0
10,1 – 11,8
9,0 – 11,0
9,6 – 10,4
9,5 – 10,8
8,9 – 10,0
8,3 – 9,5
10,2 – 11,0
11,5 – 12,6
10,0 – 10,9
|
59 – 66
62 – 67
73 – 84
66 – 77
62 – 75
66 – 72
63 – 71
60 – 65
60 – 67
67 – 74
74 – 82
69 - 74
|
Cүт және сүт тағамдары: сүт - өте құнды тағам. Онда 100 жақын заттар бар: 20 амин және 18 май қышқылдары, 26 минералды тұздар, 12 дәрумен, 10 ферменттер, 4 сүтті қант, гормондар ж.т.б. Орташа 100 гр сүтте жеңіл сіңірілетін келесі маңызды заттар: ақуыздар – 2,8 г, майлар – 3,2 г, көмірсулар – 4,7 г. Өзінің амин қышқылдары құрамы бойынша сүттің ақуызы ең құнды болып есептеледі.
Айран, ацидофилин, просткваша ж.б. сүтті ашытудың арқасында арнайы бактериялармен алады.
Қаймақ (кілегей) – майлылығы 10% (100 грамында 118 ккал) және 20% ( 100 грамында 205 ккал).
Сүзбе (творог) – жоғары биологиялық құндылықты тағам.
Ірімшік (сыр) – сүтті құндылықты тағам.
Ет – негізгі ақуыздың құнды көзі болып табылады.
Құс еті
Жұмыртқа
Балық және балықтан жасаған тағамдар.
Көкөністер
Жеміс – жидектер
Сармай
Қатты майлар (сиыр, қой, шошқа)
Өсімдік майлары
Бал
Тексеру сұрақтары: Тамақтың калориялылығы дегенді қалай түсіну керек? Әрбір спортшыға қанша калория қажет? Рационның сапасы дегенді қалай түсіну керек? Майлардың құндылығы неде? Көмірсулардың құндылығы неде? Ақуыздардың құндылығы неде? Дәрумендердің қажеттілігі неде? Олардың пайдасы қандай? Сүт және сүт тағамдарының маңызы неде? Ет, құс еті, жұмыртқа мен балықтың спортшы ағзасына пайдасы қандай?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 10. Тақырыптың аты: Балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесінің гигиенасы
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен өсуінің, денсаулық жағдайының өзгеру тенденцияларын, балалардың әр түрлі ауруларға шалдығуының алдын алу шаралары мен гигиеналық негіздерін түсіндіру. Мектептегі оқу – тәрбие жұмысының гигиенасы мен ондағы бөлмелер мен бйымдарға қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.
Тірек сөздер: Мектеп жасына дейінгі (3-6 жас), мектептің бастауыш сыныптары (7-10 жас), орташа сыныптар оқушылары (11- 14 жас) және жоғарғы сынып оқушылары (15 – 18 жас), тірек – қимыл аппараты, жүрек қан тамырлар жүйесі, тыныс алу жүйесі, орталық нерв жүйесі, бойы мен салмағы, жұмыс қабілеттіліктері, акселеранттар мен ретарданттар, микроклимат, желдету, жиһаздар, спорттық аймақтар, оқыту- спорттық – бөлмелер, дәрігерлік бақылау ж.б.
Негізгі сұрақтар:
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері
Мектепте оқу-тәрбие үрдісіне негізгі гигиеналық талаптар
Сынып бөлмелері мен бұйымдарына қойылатын гигиеналық талаптар
Қысқаша мазмұны: 1.Оқу – тәрбие жұмысы мен дене тәрбиесін ұйымдастыру мектепте оқушылардың жасына қарай өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі (3-6 жас), мектептің бастауыш сыныптары (7-10 жас), орташа сыныптар оқушылары (11- 14 жас) және жоғарғы сынып оқушылары (15 – 18 жас) болып бөлінеді. Дене шынықтыру мұғаліміне оқушылардың тірек – қимыл аппаратындағы, жүрек қан тамырлар мен тыныс алу жүйесіндегі және орталық нерв жүйесіндегі өзгерістер туралы деректер өте қажет.
Балалар мен жасөспірімдердің ересектерге қарағанда ағзасы ерекше. Олар әрдайым өсіп дамуда болады. Өсу дегеніміз ағза саны жағынан да сапасы жағынан да өсуде болады. Сапасы дегеніміз ол мүшелердің өсіп жетілуі. Балалардың ең көп өсетін уақыттары дүниеге келген бірінші жылы және жыныстық жетілу кезінде болады (13-14 жаста).
Сүйектер бұл уақыттарда жеңіл майысып, егер де жүктеме дұрыс берілмесе, дұрыс қалыптаспауы мүмкін.
2. Балалардың жұмыс қабілеттілігі және сонымен бірге дене жүктемелеріне бейімделуі жүрек қан тамырлар мен тыныс алу жүйелерінің жұмыс істеу жағдайына байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларына соларға сәйкес күн кестесі, тиімді тамақ, күнделікті шынығу, жеке гигиенаның ережелерінбілу қажет. Дене жаттығуларымен әрдайым айналысып, қимылды ойындар, серундер өте маңызды болып есептеледі.
Орташа мектеп жасындағы балармен жасөспірімдерге жеке гигиеналық ережелерді сақтап, оқу – тәрбие жұмыстарының кестесін сақтаған жөн. Бұнда да тиімді тамақтанып, демалыс пен оқуды ұштастырып, тиімді қимыл-қозғалыстар мен сымбаттылыққа көңіл аудару қажет.
Мектептегі оқу – тәрбие жұмысына гигиеналық талаптар оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қолайлы жағдай жасауға, ой жұмысы мен дене дамуына қалыпты жағдайлар туғызу, үлгерімдерін жоғарлатуға бағытталған жөн.
3. Сынып бөлмелері жоба бойынша әрбір оқушыға 1,25 м2 есебінен және барлық жалпы ауданы 60 м2 аспауы қажет. Сынып төртбұрышты, ені 6,1 м –ден аспауы керек, ұзындығы – 8,2 м болуы керек. Бұндай сынып өлшемдерінде ең соңғы партада отырған оқушыға тақтада жазылғанды көріп және мұғалімнің айтқан сөздерін анық естуі керек.
Микроклиматтық жағдайларда гигиеналық жағынан өте маңызды болып табылады. Ауа температурасы климатқа байланысты 17-240C; салыстырмалы ылғалдылығы – 25-60%; ауаның қозғалу жылдамдығы – 0,15 – 0,25 м/сек.
Сынып бөлмелерін желдету орталықтан жүргізіліп, бір оқушыға 16 м3 жылытылған ауа берілуі тиіс.
Сынып бөлмелерінде де жарық (табиғи және жасанды) жеткілікті болып көз ауруларына шалдықпауы тиіс. Жарық әрқашанда сол жақтан белгілі бұрышпен партаға түсіп, оқу мен жазуға қолайлы болғаны жөн.
Тексеру сұрақтары: Дене тәрбиесі мен оқу –тәрбие жұмыстары мектепте жастарына байланысты ма? Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылар қандай және қанша топтарға бөлінген? Жастарына байланысты бойлары мен салмақтарындағы айырмашылқтар қалай әсер етеді? Оқушылардың жұмыс қабілеттіліктерінде қандай айырмашылық бар? Оқу – тәрбие үрдісінде мектепте негізгі гигиеналық талаптар қандай? Сынып бөлмелері мен ондағы құрал – саймандарға қандай гигиеналық тааптар қойылады?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 11. Тақырыптың аты: Тұрғын жерлер мен өндіріс орындарында бұқаралық дене шынықтыру және спорттың гигиеналық негіздері
Мақсаты: Ғылыми –техникалық жетістіктердің қазіргі заманғы сай дамуына байланысты өндіріс орындарын жетілдіру жұмысшы ағзасына дене мен эмоционалдық жүктеменің өсуімен сипатталады. Сондықтан қызметтік жағдайларды қайта қалпына келтіру, шаршауды төмендететін тәсілдерді кеңінен қолдану, жұмыс қабілеттілігін жоғарлату, көңіл күйінің жақсаруын қадағалап жетілдіре түсу болып табылады.
Тірек сөздер: Өндірістік гимнастика, кіріспе гимнастика, дене шынықтыру үзілістері, дене шынықтыру минуттары, белсенді дем алу кезіндегі микро үзілістер, жұмыстан кейін қайта қалпына келу, еңбек факторларының жағымсыз әсерлерінің алдын алу, алдын алу гимнастикасы, денсаулық топтары, тұрғын жерлердегі денешынықтыру – сауықтыру сабақтары ж.б.
Негізгі сұрақтар:
Өндірістік гимнастика
Еңбектен кейінгі қайта қалпына келу
Еңбектің жағымсыз себептері әсерінің алдын алу
Қысқаша мазмұны: 1.Өндіріс гимнастикасының негізгі мақсаты ол еңбекшілердің кәсіптік деңгейін жоғарлату әдейі таңдап алынған жаттығулардың арқасында, жұмыс қабілеттілігін қайта қалпына келтіру, шаршауды төмендету.
Кіріспе гимнастика ағзаны барынша тез жұмысқа енгізу. Соның арқасында орталық нерв жүйесінің қолайлы қозғыштығына жету және қалыпты жұмыс ырғағына арнайы жаттығулардың есебінен жұмысқа ену.
Дене шынықтыру үзілістері, белсенді дем алудың бір түрі болып табылады және жұмыс қабілеттілігінің әлдеқайда жоғары деңгейде ұстап, шаршаудың алдын алады. Ол 5-7 жаттығудан тұрады да 5-7 минут ішінде шаршаудың алғашқы белгілері көріне бастағанда доғарады.Көбіне бұл түс қайта жұмыстың екінші жартысында жасалады, 2-2,5 сағат жұмыстың аяқталуына қалғанда.
Дене шынықтыру минуттары бұл да белсенді дем алудың кішігірім түрлеріне жатады және 1-2 минуттай уақыт алып, 2-3 жаттығудан тұрады. Оның мақсаты жергілікті шаршауды төмендетуге арналған мысалы, жұмыс орнында ұзақ отырғаннан, өте жоғары деңгейдегі кернеуден, көздің шаршауынан ж.т.б.
Белсенді дем алудың микроүзілістері – еңбек гимнастикасының ең қысқа түрі, небәрі 20-30 секундқа созылады. Оның мақсаты – шаршауды бәсеңдету.
2. Кейбір есептер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс күнінің аяғына қарай шаршаудың әртүрлі деңгейін сезінеді, оның ішінде 25% жұмыс істейтіндер өте қатты шаршайды. Онша шаршамайтындары ия сезбейтіндері небәрә жұмыс істейтіндердің – 20%. Жалпы шаршаудың дамуы ол дене шаршауы, нервтік психологиялық және аралас.
Қайта қалпына келтіру гимнастикасы жұмыс күні аяқталысымен жасалады. Дене жаттығуларының кешені 7- 10 минутқа созылып, 7-9 жаттығудан тұрады.
Кейбір кәсіпорындарда дене шынықтыру – сауықтыру орталықтары болуы мүмкін, онда: су мен температуралық амалдар, психофизиологиялық реттеу амалдары, спорттық тренажерлар, енжарлы әсер ету амалдары болуы мүмкін.
3. Еңбектің жағымсыз себептерінің алдын алу үшін – профилактикалық гимнастика, арнайы денсаулық топтары және өздігінен барып сабақтарға қатысу.
Профилактикалық гимнастика – бұл жаттығулар кешені, еңбектің жағымсыз әсерлерінен қорғанудың бір амалдары. Бұл жаттығулар жұмыстан тыс уақыттарда өткізіледі (түскі үзіліс кезінде немесе жұмыс аяқталысымен).
Өндіріс орындарының зиянды, жұмыс қабілеттілігін төмендететін әсерлерден арнайы жаттығулар арқылы шаршауды төмендетуге болады.
Кейбір мекемелерде шыңдалу мектептері бар, оларда жүру мен жүгіру топтары, қысқы суға жүзу, спорттық және қимылды ойындар, гимнастика.
Спорттық – сауықтыру клубтары, тұрғын жерлерде балалар мен жасөспірімдер клубы, спорттық клубтар болуы мүмкін.
Тұрғын жерлерде немесе жұмыс істейтін орындарда дене шынықтыру мен шұғылданатындарды дәрігерлік тексеру орталықтары бар.
Тексеру сұрақтары: Еңбек гимнастикасы не үшін қажет? Олар қайда орналасады? Кіріспе (ендірме) гимнастикасы қайда және үшін бағытталған? Дене шынықтыру үзілістерінің маңызы қандай? Олар қанша уақытқа созылуы мүмкін? Дене шынықтыру минуттары дегеніміз не? Олар қай уақытта өткізіледі? Жұмыста шаршағаннан кейін қайта қалпына келу үшін қандай амалдар қолданылады? Алдын алу гимнастикасы деген не? Оның адам ағзасына тигізетін пайдасы қандай?
Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.
№ 12. Тақырыптың аты: : Спортшыларды даярлауда гигиеналық жүйемен қамтамасыз ету
Мақсаты: Спортшыларды даярлау жүйесінде үш жүйеасты бар: спорттық жаттығулар, жарыстар және жоғарда аталған екі жүйені толықтыратын себептерді түсіндіру. Спортшыларды даярлауда гигиеналық құрылым жүйелерімен қамтамасыз етуді, жаттығулар мен жарыстардың гигиеналық негіздерін, қолайлы әлеуметтік – гигиеналық микроорта, күнделікті өмір мен еңбек қызметін барынша жоғары деңгейде ұйымдастыру.
Тірек сөздер: спортшыларды даярлауды қамтамасыз ететін гигиеналық жүйелер, жарыстар мен спорттық жаттығулар, рационалды (тиімді) күн кестесі, жеке гигиена, шыңдалу, арнайы тағамдар мен тамақтану, қайта қалпына келудің гигиеналық амалдары, жаттығулар мен жарыстар өткізгенде қолайлы жағдайлар, қосымша гигиеналық шаралар, арнайы кешендер сол шараларды өткізу үшін ж.б.
Негізгі сұрақтар:
Спортшыларды даярлауда гигиеналық жүйемен қамтамасыз етудің құрылысы
Жаттығу үрдісі мен жарыстардың гигиеналық негіздері
Спорттық жұмыс қабілеттілік пен қайта қалпына келуді тездететін қосымша гигиеналық амалдар
Қысқаша мазмұны: 1.Спортшыларды даярлауды қамтамасыз ететін гигиеналық жүйелер біздің елде де баршылық, бірақ оның сапасы туралы әңгіме бөлек. Оның өзінің белгілі құрылымдары бар және ол келесі элементтерден тұрады: жаттығу үрдісіне және жарыстарға гигиеналық талаптар; қолайлы әлеуметтік – гигиеналық микроорта себептері, оқу және еңбек ету; тиімді тәуліктік кесте; жеке гигиена; шыңдалу; арнайы тағамдар және тиімді ішімдіктер кестесі; қосымша гигиеналық шаралар; күрделі жағдайларда дайындалу мен жарысқа шығуда арнайы гигиеналық шаралар.
Ең негізгі дене тәрбиесіндегі қағида – сауықтыру тиімділігінде ол дегеніміз денсаулықты нығайту және дене жұмыс қабілеттілігін жоғарлату.
Гигиеналық өте маңызды алғашқы дәрігерлік тексерулер, себебі жаттығу сабақтарына келген адамдардың барлығы оны өтуі тиіс. Денсаулығын жан-жақты тексеріп болғаннан кейін ғана жаттығуға кірісуге болады. Болашақ спортшының антропометриялық көрсеткіштері мен қызметтік жағдайларын тексергеннен кейін дәрігер жаттығу сабақтарына жіберуге және бапкер мен келісіп рұқсат береді.
Спорттық жаттығулардың ең маңызды және міндетті шарты - әрдайым дәрігерлік – ұстаздық бақылау болып табылады.
Өзін - өзі бақылау да өте маңызды.
2. Жаттығу үрдісін өткізу және оны жоспарлау жасы мен жынысына лайықты іске асуы керек.
Жаттығудың барлық кезеңдерінде жаттығу мен жарыста ағзаға зиян келтіретін амалдар мен тәсілдерді қолдануға болмайды.
Адамның жұмыс қабілеттілігінің өзгергіштігі айналымды болғасын жерде оны маусымдық, апталық және тәуліктік деп бөледі.
Маусымдық өзгерістер толқынтәрізді қисықпен сипатталады, жаздың аяғымен күзде ең биік шыңына жетіп, ал қыстың аяғы мен көктемде ең төмен деңгейіне жетеді.
Апталық жұмыс қабілеттіліктің өзгеруі аптаның ортасына қарай, сәрсенбіге жоғарлап, содан кейін сенбіге қарай төмендейді. Ондай заңдылық әсіресе мектеп оқушылары мен студенттерге тән. Бұл оқу – тәрбие және еңбек жұмыстарын ұйымдастыру әлеуметтік себептерге байланысты.
Тәуліктік жұмыс қабілеттілігінің өзгеруі (циркадты) ағзаның қызметтік жүйелерінің биоырғағымен және қимыл- қозғалыс кестесіне байланысты.
Жаттығу үрдісін тиімді құру спортшының жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді және жаттығу мен жарыстардан кейін толық қайта қалпына келуге себеп болады. Бірақ та қазіргі заманда спортта әртүрлі жұмыс қабілетін жоғарлататын және қайта қалпына келуді тездететін амалдар кең тараған. Үш жүйені айырады: педагогикалық, медико-биологиялық, психологиялық.
Достарыңызбен бөлісу: |