Мектеп директорларына арналған қаржы мәселелері жөніндегі



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет4/37
Дата25.11.2017
өлшемі5,05 Kb.
#1481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

12 
 
жалпыреспубликалық  бағыттарын  іске  асыруға  арналған  орталықтандырылған  ақша  қоры 
республикалық бюджет болып табылады.  
Жергілікті  бюджеттің  екі  түрі  бар:  жергілікті  облыстық  бюджет,  республикалық  маңызы 
бар  қала  бюджеті,  астаналық  бюджеті  және  ауданның  жергілікті  бюджеті  (облыстық 
маңызы  бар  қалалар).  Жергілікті  мемлекеттік  органдарының,  оларға  ведомстволық 
бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз 
етуге  және  тиісті  аудандағы  (облыстық  маңызы  бар  қаладағы)  мемлекеттік  саясатты  іске 
асыруға  арналған  орталықтандырылған  ақша  қоры.  Жергілікті  бюджет  лайықты 
 
мәслихаттың  шешімімен  бекітіледі.  Бюджет  деңгейлері  бойынша,  яғни  республикалық 
бюджет  пен  жергілікті  бюджетке  келіп  түсетін  барлық  түсімдер  Бюджет  кодексімен  
бөлінеді.  
Әртүрлі  деңгейдегі  мәселелерді  шешетіндіктеріне  байланысты  республикалық  және 
жергілікті  бюджеттер  шығысы  бір-біріне  ұқсамайды.      Мысалы,  ҚР  Білім  және  ғылым 
министрлігінің  қызметін  қамтамасыз  ету  республикалық  деңгейде  жүргізілсе,  ал  жеке 
алынған мектептер бұл жергілікті деңгейде қамтылады.  
2.2. Бюджеттік процесс және оның кезеңдері  
Қазақстанда бюджеттік процесс келесі реттелген кезеңдерден тұрады: 
1. Бюджетті әзірлеу және бекіту; 
2. Бюджеттерді атқару; 
3. Бюджеттерді нақтылау және түзету; 
4. Бюджет есебін және есептілігін жүргізу;  
5. Бюджеттің атқарылуын бақылау. 
Бюджетті  әзірлеу  және  бекіту  -  бюджет  процесінің  алғашқы  кезеңі.  Ол  өз  кезегінде  үш 
кезеңнен  тұрады:  бюджетті  жоспарлау,  әзірлеу  және  бекіту.  Бюджетті  жоспарлау  кезінде 
жоспарланатын  мерзімде  түсімдердің  көлемі,  сонымен  қатар  оларды  қолдану  бағыттары 
анықталады.  Мұнда  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  міндеттері  мен 
басымдылықтары ескеріледі.  
Бюджет бір қаржылық жылға жоспарланады, сондай-ақ алдағы үш жылға бюджетке болжау 
жасалынады.  
 
Бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері: 
1)  сабақтастық  принципі  –  өткен  және  ағымдағы  қаржы  жылдың  бюджет  орындалуы 
нәтижелерін  ескере  отырып,  өткен  кезеңде  негіз  ретінде  бекітілген  орташа  мерзімді 
қазыналық саясатың бағыттарын сақтап, бюджетті жоспарлау;  
2)  басымдылық  принципі  –  бюджетті  алдағы  орташа  мерзімді  кезеңге  әлеуметтік-
экономикалық дамудың басымдылық бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; 
3) негізділік принципі - бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу 
қажеттігін  және  олардың  көлемдерінің  негізділігін  айқындайтын  нормативтік  құқықтық 
актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау.
   
 
Жергілікті  деңгейдегі  бюджет  комиссиясы  бюджет  өтінімдерін  тақырыптар  топтамасы 
бойынша  қарастырады.  Бюджеттік  комиссияның  бюджеттік  өтінімдерді  қарау  графигі 


13 
 
бюджет  комиссиясының  жұмыс  органымен  жасалынады.  Бюджеттік  бағдарламалар 
бойынша  бюджет  комиссиясы  соңғы  шешімді  қабылдаған  кезде  бюджеттік 
бағдарламалардың әкімшілері қосымша өтінім бере алмайды. Алайда жыл ішінде мәслихат 
сессияларында  бюджетке  қосымша  қаржыландыру  мақсатында  анықтаулар  енгізілуі 
мүмкін.   
 Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Тиісті 
мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын 
құрады. Тұрақты  комиссиялар  жұмыс  топтарының  пікірлерін  ескере  отырып,  тиісті 
негіздемелермен  және  есептермен  қоса  жергілікті  бюджет  жобасына  өзгерістер  мен 
толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген 
бас  тұрақты  комиссияға  жібереді. Бас  тұрақты  комиссия  тұрақты  комиссиялардан  түскен 
ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. 
 Жергілікті  бюджет  жобасы  тиісті  мәслихат  сессиясында  талқыланады.    Қаржы  жылына 
сәйкес  жергілікті  бюджетті  бекіту  мәслихаттың  шешімін  қабылдау  арқылы  жүзеге  асады. 
Алдағы  қаржы  жылына  қосымшалармен  бірге  жергілікті  бюджет  туралы  мәслихаттың 
шешімі БАҚ-та жарияланады. Мүдделі адамдар мен ұйымдар бюджеттік процестің бірінші 
кезеңіне,  шығындар  лимитін  анықтауға,  бюджеттік  бағдарламаларды  құруға,  сондай-ақ 
қатысудың  әртүрлі  механизмдерін  қолдана  отырып  республикалық  бюджет  (жергілікті 
бюджет  туралы  шешім)  туралы  заңды  қабылдауға  да  қатыса  алады.  Мысалы,  қоғамдық 
тыңдаулар, лоббилендіру, эдвокаси науқаны және т.б. 
 
Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  бюджет  жобасының  қарау  және  айқындау 
ағымдағы  қаржы  жылының  1  қазанынан  кешіктірмей  аяқталады.  Мемлекеттік  жоспарлау 
жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  орган  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджет  жобасын 
ағымдағы  қаржы  жылының  15  қазанынан  кешіктірмей  ауданның  (облыстық  маңызы  бар 
қаланың) жергілікті атқарушы органына қарауға береді. Аудан (облыстық маңызы бар қала) 
бюджет  жобасын  ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органы 
ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізіледі. 
 
Мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда 
тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірліктің  әкімі  кезекті  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына 
арналған  жергілікті  қаржы  жоспары  туралы  шешім  шығаруға  құқылы,  ол  жергілікті 
бюджетті  мәслихат  бекіткенге  дейін  қолданылады.  Кезекті  жылдың  бірінші  тоқсанына 
арналған  жергілікті  қаржы  жоспары  ағымдағы  жылдың  25  желтоқсанынан  кешіктірілмей 
кезекті  қаржы  жылына  арналған  жергілікті  бюджет  жобасының  төрттен  бір  бөлігі 
көлемінде  бекітіледі. Кезекті  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанына  арналған  жергілікті 
қаржы  жоспары  бекітілген  жағдайда  осы  қаржы  жылына  арналған  жергілікті  бюджет  сол 
жылғы  1  наурыздан  кешіктірілмей  бекітілуге  тиіс. Жергілікті  атқарушы  органдардың 
кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті жоспарымен қосымшалары 
туралы  шешімдері  тиісті  ресми  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жарияланады. 
 
«Құқықтық  және  экономикалық  реформаларды  қолдау  орталығы»  Қоғамдық  Бірлестікпен 
Сорос-Қазақстан  қордың  «Мемлекеттік  қаржының  ашықтығы»  бағдарламасы  аясында  


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау