9
1. Стратегиялық бюджеттендіру
Ұйымды стратегиялық жоспарлау дегеніміз не? Бұл ұйымның орташа мерзімді және ұзақ
мерзімді мүмкіншілікте атқаратын қызмет жоспарын (қызмет бағытын), қойылған мақсатқа
жету үшін оның ресурстық жабдықталуын анықтау процесі.
Мектептегі дәстүрлі жұмыс істеу жоспарының стратегиялық жоспардан негізгі
айырмашылықтары мынадай:
Дәстүрлі
жоспар
жұмыс жоспары жыл сайынғы
ұстаздардың тамыз кеңесінде
бекітіледі, алдағы оқу жылының
мақсаттары мен міндеттері
анықталады;
жылдық жоспардың негізгі міндеті –
оқу мекемесінің тиімді қызмет етуін
қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспар
мектептің стратегиялық жоспарының
негізгі міндеті – мектепті дамыту;
стратегиялық жоспар оң өзгерістер
катализаторының міндетін
атқарумен қатар бір жылға мектеп
жұмысының Жоспарын тұрақты
жүзеге асыруды қамтиды.
Стратегиялық жоспарды әзірлеу кезінде Әдістемелік нұсқаулықтың 5-ші қосымшасына
сәйкес
(Нұсқаулықтың 1-ші қосымшасын қараңыз) мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларының үлгісін басшылыққа алған жөн.
Стратегиялық талдау стратегиялық жоспарлау процесінің ажырамас бөлігі. Мектеп
қауымдастықтағы ағымдағы жағдайын бағаламайынша жағдайды өзгерту немесе жақсарту
мүмкін емес. Жиналған деректерінің ахуалдық талдауы мыналар үшін қажет:
мектеп дамуындағы мүмкіндіктер мен әлеуетті қауіптер аясын анықтау;
мәселелерді анықтап себеп-салдарлық талдауды жасау;
мектеп дамуында күтілетін сценарийлерді талдау.
Қаржы ақпаратын өңдеу стратегиялық талдаудың маңызды құрамды бөлігі болып
табылады. Қаржы ақпаратымен жұмыс істеу циклге келесі қызмет түрлері кіреді:
1. Өткен кезеңнің есептілігін дайындау;
2. Қаржылық талдау жасау, яғни шаруашылық қызметін табысты жүргізуді
сипаттайтын параметрлерінің өзгеру динамикасын көрсететін көрсеткіштерді
есептеу негізінде мектептің ағымдағы
жағдайын бағалау;
3. Мақсат қою және ресурстарды қолданудың ұтымды
тәсілдерін анықтау;
4. Келешек қызметін модельдеу. Негізгі факторлардың өзгеру кезіндегі (сатып
алынатын ресурстардың бағасы, салық реттегіші және басқалары) экономикалық
тұрақтылықты бағалау және дамудың әр түрлі сценарийлерін (оптимистік,
пессимистік, ықтимал) жасау.
Сондықтан бюджет - мақсатқа жетуге қажет барлық ресурстарды қарастыратын,
стратегиялық жоспарды жүзеге асыратын құрал болып табылады.
Бюджетті құру, қабылдау, кейін олардың атқарылуын бақылау процесі бюджеттендіру деп
аталады. Бұл белгілі бір уақыт ішінде шаруашылық жүргізуші субъектінің ресурстарын