33
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс ету
Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс етудің конкурстық құжаттамада
көрсетiлген соңғы мерзiмi өткенге дейiн оны мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушыға –
мөр басылған конвертте, ал конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық құжат
нысанында табыс етедi.
Өтінімдегі болуға тиіс мәліметтер және құжаттар мемлекеттік сатып алуды жүзеге
асырудың ережелерімен анықталады.
Кепілдеме ретінде әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету үшін
ақшалай соманы шотқа салады. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асырудың ережелерінде айқындалған тәртіппен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір проценті
мөлшерінде енгізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық
комиссия мүшелерінің жалпы көпшілігінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының
уәкілетті өкілінің және әулетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің
көзінше конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында
ашады. Электрондық мемлекеттік сатып алуға конкурс тәсілімен қатысу туралы
өтінімдердің
ашу
протоколы
конкурстық комиссияның хатшысымен өтінімдер ашылған күні мемлекеттік сатып алу веб-
порталында жарияланады.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарайды және конкурсқа қатысуға
өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде (күрделі
техникалық сипаттамалары мен ерекшелігі бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді күрделі мемлекеттік сатып алуды жүргізген жағдайда осындай өтінімдер
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашқан күннен бастап жиырма
күнтізбелік күн ішінде қаралады) әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға рұқсат
беру туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурсқа
қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген мерзімнен кешіктірмей мемлекеттік
сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсынысы салынған конвертті беруге тиіс.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін екі
жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің интернет-ресурсына, мемлекеттік сатып алу веб-
порталында конкурстың қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру керек.
Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылса, тапсырыс беруші:
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
қатысуға өткізу туралы;
34
3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы
шешімдердің
бірін қабылдауға құқылы.
b. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық
көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық
есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларға,
жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк
сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.
Ең төмен баға ұсынысын берген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп танылады. Егер ең
төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім берушілер берген жағдайда, өзінің баға
ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті
өнім беруші жеңімпаз деп танылады.
Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзімі ішінде әлеуетті өнім берушілердің екіден аз баға
ұсынысы табыс етілген болса, мемлекеттік сатып алу веб-порталы мұндай мемлекеттік
сатып алуды өтпеді деп таниды және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы баға
ұсыныстарын сұрату тәсілімен қайтадан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
c. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу
Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізу келесі жағдайда болуы мүмкін,
егер (Заңның 32-бабы):
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмсе;
заңның көзделген шаралары мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп
соқпаса;
конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және
мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және
(немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға
қажеттілік болса.
Бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден
алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа
қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары
туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама
мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
5.5 Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу
Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған
күннен бастап бес жұмыс күнi ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын
айқындалған үлгiлiк шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың