22
мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет
түрлерін көрсеткені үшін қолма-қол ақша алу кассалық кіріс ордерлерінің негізінде
міндетті түрде бақылау-кассалық машиналарды қолдана отырып тараптардың қол жеткізген
уағдаластықтары негізінде жүргізіледі немесе ақшаны екінші деңгейдегі банктер арқылы
аудару.
Мемлекеттiк мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен
бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек,
ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ларына есептелуi тиiс. ( 8-бөлім «Бюджеттің
атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету»
15
).
Ақылы қызметтердің ҚБШ бойынша операцияларды жүргізу үшін мемлекеттік мекеме
аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекеменің ақылы негізде тауарлар
(жұмыстар және қызметтер көрсету) ұсынудан түсетін ақша түсімдері мен шығындары
жоспарын, қол қою үлгісі бар құжатты және мөр басылымын ұсынады.
Мемлекеттiк мекеменің өз билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi)
өткізуден түсетiн ақшаның есебiнен операция жүргiзу үшiн жыл сайын мемлекеттiк
мекеменiң өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден
түсетiн ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспары (бұдан әрi – жоспар) жасалынады.
Жоспар ереженің 96-қосымшасына сәйкес жасалынады. Қаржыландырудың жоспары
бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен
қалыптастырылады
Қаржы жылы iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер жоспарды және
мемлекеттiк мекемелер бойынша Жиынтық жоспарды нақтылау шартымен оларға
өзгерiстер енгiзу арқылы ағымдағы жылы жұмсалуы мүмкiн. Ол үшін бюджеттiк
бағдарламалар әкiмшiсiне бюджет орындалу Ереженің 98-қосымшасына сәйкес нысан
бойынша жоспарға өзгерiстер енгiзу туралы анықтаманы және есептермен негіздемелері
бар қосымшаны беру керек.
b. Демеушілік және қайырымдылық көмек, өтемсіз аударымдар мен қайырмалдықтар,
гранттар
.
Тартылған қаражаттарды маңызды екі категорияға бөлуге болады: гранттар және түрлі
кіріс көздерінің жарналары
Грант – донорлардың, яғни үкімет институттарымен (мысалы, Мәдениет министрлігі),
халықаралық ұйымдарымен (БҰҰ), қайырымдылық ұйымдарымен (Сорос-Қазақстан
қоры және басқалары), корпорацияның арнайы бөлімшелерімен берілетін өтеусіз
қаржылық көмегі
16
. (
Нұсқаулықтың 9-қосымшасын қараңыз).
Гранттар белгілі бір немесе алуан түрлі қызметке, сондай-ақ операциялық шығыстарды қолдау
үшін грант шарты арқылы ұсынылады. Грант көлемі алдын-ала жарияланады, себебі грант
15
«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 Қаулысы, 24.04.2013ж. өзгерістерімен
16
Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес
қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009
жылғы 20 наурыздағы № 376 Қаулысы