16
18.
Абай таны-
мындағы
хауас
мәселесі.
Хауас мағынасын
түсіну арқылы
Абай танымындағы
хауасқа бойлау.
1
19.
Абайдың
«толық адам»
туралы ілімі.
«Ғылым таппай
мақтанба» өлеңінің
философиясына
үңілу. Әр заман
ойшылдарының
«толық адам»
туралы ой-пікір-
леріне шолу жасай
отырып, Абайдың
«толық адам»
туралы іліміне
қадам басу.
Әдебиет
теориясымен
жұмыс.
Салыстыру
жұмыстары.
2
20. Абайдың
жүрек культі...
Абайдың жүрек
культіне деген
философиялық
тұжырымдамасы,
Қайрат, Ақыл,
Жүрек үшеуін
ғылымға жүгіндіруі
хақында.
Шығарма-
шылық
жұмыстар
орындау.
Ойтолғау.
1
21.
Абайдың
толық адам
туралы
ілімінің
жалғасын
қайдан көруге
болады?
Оқушыларды
іздендіру
мақсатында
Шәкәрімнің «Үш
анығы» мен «Ар
ғылымы» туралы.
Шәкәрім
шығармашы-
лығымен
жұмыс. «Үш
анық» еңбегі.
Ғылыми жоба
жазудың
алғы-
шарттары.
1
22.
Ар ғылымы
оқылса...
Қорытынды
сабақ.
Ш.Құдайбердиев.
«Ар ғылымы
оқылса»...
арман болып
қалмаса екен...
философиялық
ой қозғау.
Дөңгелек
үстел:
«Абайтану».
1
БАРЛЫҒЫ:
34
17
ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Абайды терең танып білу;
- Абай шығармаларын оқу, білу, түсіну;
- Абайтану тарихын тану;
- Шығармаларды талдай білу;
- Абай аудармаларын білу;
- Ғұлама ойшылдың пәлсапалық нақыл сөздерінің
мән-мағынасын, маңызын түсіну;
- Ақынның қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын,
шеберлігін тану;
- Ақын поэмаларының өзіндік ерекшеліктерін тану.
- Абайтану бойынша мәнжазбалар мен курстық
жұмыстар, ғылыми жобалар жазу;
- Театрмен, мұражай, өнер ордаларымен байланыс
жасау;
- Ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасай білу.
«АБАЙТАНУ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫ БОЙЫНША
ИГЕРГЕН БІЛІМДЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ КЕЛЕСІДЕЙ ҚАБІЛЕТТЕРІ
БОЛУЫ КЕРЕК:
• Абай шығармаларының зерттелуін білуі;
• Абай өлеңдерін талдай отырып, шеберлігін,
ерекшелігін айқындай алуы;
• Пәлсапалық нақыл сөздерінің маңызын, тақырыбын
айқындай алуы;
• Аудармадағы шеберлігін көрсетуі;
• Поэмаларын әдеби талдау арқылы тақырыптық-
идеялық негізін аша білуі.
18
ҚЫСҚАША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Элективті курста дамыта оқыту технологияларын,
интерактивтік оқыту әдістерін, басқа да оқытудың
жаңа, әр түрлі әдістерін қолдану –
оқушылардың
шығармашылық белсенділігін дамытудың бір факторы
болып табылады. Мұндай сабақтардың ерекшелігі өзіне
деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге
баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды,
қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға
ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Сабақ барысында
әр оқушы өзіндік тұжырымы арқылы жаңа материалды
саналы түрде игереді. Сабақтың қызықты, тартымды
өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына
байланысты. Сабақта жүргізілетін жұмыстардың түрлері
ауысып, түрленіп отыруы – міндетті шарттардың бірі.
Әрбір жұмыс түріне берілетін уақытқа да ерекше көңіл
бөлінуі қажет, өйткені бір жұмыс түріне уақыт көп
бөлінсе немесе жиі қайталанып отырса, ол оқушыларды
жалықтырады. Сондықтан оқытушы сабақты дұрыс
жоспарлауға, оны түрлі әдіс-тәсілдермен әсерлі өткізуге
ерекше мән беруі қажет.
Көрнекі құралдар сабақтың ұтымдылығын артты-
ратыны белгілі. Қазіргі кезде қазақ тілі мен әдебиетіне
байланысты көрнекіліктер көптеп шығарылып жатыр.
Осы тақырыпқа байланысты шығып жатқан әр түрлі
плакаттарды, буклеттерді, электронды материалдарды
пайдалану арқылы сабақты түрлендіруге болады. Соның
ішінде «сөйлейтін қалам» технологиясын пайдалану
өте тиімді болмақ. Оқушылар бірте-бірте ғылымға аяқ
19
басу үшін мәнжазба, курстық жұмыс жазғызудың рөлі
зор. Олар сол арқылы өзінше ойлауға, тұжырым жасауға
икемделеді. Материал жинау мен оны саралауға үйренеді.
Техникалық құралдардан фильмоскоп, үнтаспа
қолдануға болады. Қазақтың ақын-сазгерлерін өткен
кезде олардың шығармаларын үнтаспадан тыңдату өте
қолайлы.
Элективті курста оқытушы жаңа материалды оқу-
шының бұрын алған біліміне сүйене отырып беруі керек.
Сонда оқушылардың бұрын алған білімі қайталанып
отырылады да, жаңа материалды тез ұғуға мүмкіндік
туады. Элективті курсқа арналған арнайы оқулық ретінде
Мекемтас Мырзахметұлының «Абайтану» оқу құралы
ұсынылады. Керекті материалдарды оқытушы өзі
жинақтап, іріктеп алады. Сондықтан оқытушы материал
жинақтаған кезде мәтіндердің тілінің жеңіл, жатық
болуын, көлемінің оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес, рухани құндылықтарға толы ұлттық тәрбие беру
арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бола алатынын
ескерген жөн.
ЭЛЕКТИВТІ КУРС БОЙЫНША
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАН БІЛІМІН ТЕКСЕРУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
- Тест сұрақтарына жауап алу;
- Оқылған әдебиеттерге аннотация жаздыру;
- Әр түрлі шығармашылық жұмыстар жазғызу;
- Берілген жоспар бойынша ғылыми жобалар
жаздыру;
Достарыңызбен бөлісу: |