Мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесі
1. Мейірбике күтімі:
1) мыналармен:
диспансерлік бақылаудағы қатерлі ісіктің ауруының IV клиникалық сатысынан;
жүргізілген мамандандырылған емнен кейін жағдайын дәрілік түзетуді қажет ететін, қатерлі ісік ауруынан;
соңғы сатыдағы күшейген созылмалы аурулардан (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек функцияларының жетіспеушілігінің декомпенсация сатысы);
диспансерлік есептың 1Г тобы бойынша диспансерлік бақылауда тұрған туберкулез ауруынан зардап шегетін адамдарға;
жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының 3-4 сатысынан;
2) бастан өткерген аурудың салдарынан өмірлік маңызды әлеуметтік-тұрмыстық функцияларды қамтамасыз етуде өзіне өзі толық немесе ішінара қызмет көрсетуге қабілетсіз, тұрақты басқа адамның күтімін, көмегін немесе қарауын қажет ететін, басқа адамға үнемі тәуелді адамдарға көрсетіледі.
Мейіргерлік күтім көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |