«Мейіргер ісінің негіздері»



жүктеу 0,96 Mb.
Pdf просмотр
бет1/92
Дата26.01.2022
өлшемі0,96 Mb.
#35082
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
мет МІН 3к каз 6сем (2)



 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

1 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Мейіргер ісінің негіздері» 



ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ 

 

 



Мамандығы:

 «

Мейіргер ісі» 



Курсы: 



Семестрі:

 5 

 

 



Құрастырушы:Айбекова.Г.Н  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шымкент 2019 ж 


 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

2 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

3 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

1-сабақ 

1.Сабақтың тақырыбы.Мейірбике ісі философиясы.Мейіргер ісінің негізгі 

ұғымдары.Кәсіптік этика және деонтология.

 

2.Сағат саны:

306 мин(100%) 

3.Сабақтың түрі:

тәжірибелік. 



4.Сабақтың мақсаты: 

оқыту

.Мейіргер ісі философиясы,кәсіптік этика және деонтология тараулары жайлы білім 

беру. 

тәрбиелік:

  

студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу. 



дамытушылық: 

студенттердің ақыл-ойын дамыту.

 

5.Оқыту әдісі:

түсіндіру, әңгіме-сұхбат,

дебат.сұрақ жауап. 

6.Материалды-техникалық жабдықталуы: 

а)техникалық құралдар:компьютер,мультимедиялық құралы 

ә)

 Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары: хронологиялық кесте.



 

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлме. 



7.Әдебиеттер:

Негізгі (Н) 

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007. 

2.  «Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: практикум» Морозова Г.И. – М., 

2009 

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013 



Қосымша (Қ) 

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. 

Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006. 

8.Ұйымдастыру кезеңі:

6мин (6%)



 

 



Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.  

 



Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

 



Сабақтың мақсаты мен міндеті. 

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру

.35 мин (15%) 



10. Жаңа сабақты түсіндіру

.60 мин (30%)  

Жоспар: 

•Мейіргер жұмысының ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыру; 

•Мейіргер жұмысының сапасын бақылау жүйесі; 

•Мейіргерлік үдерістің мақсаты; 

•Мейіргердің кәсіптік дайындығын бақылау; 

•Мейіргер ісін жетілдіру жолдары; 

Этика-адамның имандылығы мен адамгершілігін зерттейтін философиялық пән.  «Этика» 

терминін  енгізген  Аристотель.  Медициналық  этика-бұл  медицина  қызметкерлерінің 

науқасты емдеу, күту жөнінде адамгершілік қасиетінің рөлінің жоғары екенін зерттейді. 

Жасалынып  жатқан  емнің  нәтижесі  науқастың  медицина  қызметкерлеріне  деген 

сенімділігіне  көп  байланысты.  Науқасты  емдеу  барысында  осы  дерттен  айығып  кетуіне 

жүрегіне парызы болып саналады. 

Әрбір медицина қызметкерлерінің науқаспен өзара қарам-қатынасы жақсы жағымен көзге 

түсіп, биязы мінезімен, парасаттылығымен, адамгершілігімен жылы сөзімен, әңгімесімен 

сырқат  адамды  көңілдендіріп  отырса,  оның  ойын  ауруынан  басқа  бағытқа  аудара  бәлсе, 

онда науқастың қабылдап жатқан дәрі-дәрмектері бойына дарып шипасын тигізуі сөзсіз. 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

4 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

Бұл  арада  В.М.Бехтеревтің  «Егер  сырқат  адам  дәрігер  мен  немесе  мейірбикемен 

әңгімелескеннен  кейін  науқас  бір  жеңілдік  сезінбесе,  онда  олардың  дәрігер  болмағаны» 

немесе    «Дәрігер  немесе  мейірбике  науқасты  тексеремін  деп  жүргенде  науқас  адам, 

оларды одан бұрынырақ тексеріп үлгереді» деген сөздерін де есте ұстаған дұрыс. Осыған 

орай мейірбикелер аса  кішіпейіл, мейірімді, мәдениетті  болуымен қатар, өзіне тиісті  істі 

дер кезінде орындайтын тындырымды болуы, сондай-ақ, ол жинақы, байыпты, парасатты, 

сабырлы, ұстамды болуы тиіс, үстіндегі халаты, бас киімі таза, үтіктелген өзіне шақ болуы 

керек. 

Белгілі  философ,  әрі  ғалым  Авиценна  -  медицина  қызметкерлерінде  адамгершілігі, 

парасаттылығы,  рухы  жағынан  ерекше  қасиет  болуы  тиіс-  сұңқар  көзді,  қолы  қыздың 

қолындай, сезімтал, ақылды, арыстан жүректі қасиет болу керек деп жазады. 

Медицина  қызметкерлерінің  өзара  қатынастары  этикаға  сәйкес  болуы  тиіс.  Мысалы, 

дәрігермен мейірбике, мейірбике мен науқас, мейірбике мен науқас туыстары арасындағы 

қатынас  мәдинетті  сыпайы,  яғни  субординацияны  сақтай  білгені  абзал.  Егер  мейірбике 

науқасты шақырғанда аты-жөнін атап шақырғаны бұл мәдинеттілікті көрсетеді. 

Дәрігермен  мейірбике  арасындағы  қатынас  өте  жылы,  тығыз,  сыйластықта  болуы 

керек.Өкінішке орай кейбір дәрігер өзінің лауазымын пайдаланып, ауруханаларда емделіп 

жатқан науқастарды қарау кезінде науқастардың көзінше мейірбикенің болмашы қателігін 

науқастардың көзінше ауыр сөздер айтуы, бұл ешқандай этикаға жатпайтын қылық. Егер 

мейңрбике қателік жіберсе, онда дәрігер оңаша бөлмеге шақырып алып, түсіндіру керек. 

Ал, аурулар алдында жәбірленген мейірбикеде қандай абырой, бедел болмақ. 

Науқасты  сөзбен  емдеуге  де  және  жаралауға  да  болады.  Қазақтың  мынадай  мақалдарын 

осы жерде айта кетейін. «Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады», «қалауын тапсаң 

қар  жанады»,  «жақсы  сөз  жарым  ырыс»  деген  бабалар  мақалдары  жылы,  жақсы  сөзге 

бағытталған. Мысалы, аурып жатқан науқасты тіптен дерті ауыр болса да, көңілін сұрап 

барған  адамға  қалыңыз  қалай  десе,  ол  жақсы  деп  жауап  береді,  жаман  деген  сөзді 

айтпайды. 

Науқасты сөзбен жаралауға да болады-мұны ятрогендік ауру деп атайды.Кейде мейірбике 

науқастың  қолайсыз  диагнозын,  зертханалық  зерттеу  қорытындысын  асығыс  байқамай 

айтып  салу  мүмкін,  бұл  медициналық  мәдениеттіліктің  төмендігін,  этиканың 

сақталмағандығын  білдіреді.  Дәрігер  немесе  мейірбике  науқастың  көзінше  артық  сөз 

айтпай, бір-бірімен сыбырласып немесе түсініксіз терминдер айтып сөйлеуіне болмайды. 

Науқастың  көзінше  қандай  бір  ауыр  диагноз  болмасын,  мысалы,  рак  ауруы,  оған  кеш 

келіпсің, емдеу өте қиын, бұған медицинаның әлі келмейді деген сөдер айтылмауы керек. 

Медицинаның деонтологияға дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігі жатады. Науқас адам 

және оның сырқаты туралы мәліметтер ешкімге жарияланбау керек. 

Медицина қызметкерлерінің заң алдында жауапкершілігі 

Халықтың  денсаулығына  және  адамгершілігіне  қарсы  қылмыстар.  10-тарау,  №267  бап. 

Санитарлық-эпидемиологиялық 

ережелерді 

бұзу. 


Қазақстан 

Республикасының 

қылмыстық кодексі. 

1.Абайсызда  адамдардың  жаппай  сырқаттануына  немесе  улануына  әкеп  соқтырған 

санитарлық-эпидемиологиялық  ережелерді  бұзу.  Екі  жүзден  бес  жүз  айлық  есептік 

көрсеткішке  дейінгі  мөлшерде  немесе    сотталған  адамның  екі  айдан  бес  айға  дейінгі 

кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, немесе 3  

жылға  дейінгі  мерзімге  белгілі  бір  лауазымды  атқару  немесе  белгілі  бір  қызметпен 

айналысу  құқығынан  айыруға,  немесе  2  жылға  дейінгі  мерзімге  бас  бостандығын 

шектеуге, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 




 

Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасы 

044-57/16 (     ) 

5 беттің  96 беті

 

Әдістемелік өңдеу 



 

2.Абайсызда  кісі  өліміне  әкеп  соққан,  дәл  сол  әрекет-бес  жылға  дейінгі  мерзімге  бас 

бостандығын шектеуге, немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Мейіргердің кәсіптік міндеттері: 

•Науқастардың ауруының алдын алу, емдеу диагностикалау шараларын жүргізуге; 

•Халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинауға; 

•Біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысуға; 

•Халық  денсаулығын  сақтау  және  қоршаған  ортаны  қорғаудың  қағидасын,  негізгі 

қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білуге; 

•Медициналық  этика  мен  деонтологияны  ,  денсаулықты  алдын  ала  сақтаудың  негізгі 

жағдайларын білуге 

•Халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білуге міндетті. 

.Мейіргер  маманының міндеттері: 

•Науқастарды күте білуі; 

•Балалардың,  қартайған  кісілердің  үйінде,  емханадағы  жағдайына  баға  бере  білуі  және 

оларды бақылап, күтіп, керек болған кезде дәрігерге дейінгі көмекті көрсете білу; 

•Жасанды реанимациялық іс-шаралардың әдістерін қолдана білу; 

•Күрделі манипуляцияларды орындай білу; 

•Дәрігерге ассистенттік көмек көрсетуді білу; 

•Науқастарды және емдеу диагностикалық процедураға қажет аспаптарды әзірлей білу; 

•Анализдерді талдай білу; 

•Халықтың санитарлық-эпидемиялық ережелерді орындауын қамтамасыз ету; 

•Құрал-жабдықтарды, материалдарды залалсыздандыру, дезинфекциялауды білу; 

•Медициналық құжаттарды толтыру; 

•Медициналық этика мен деонтологиялық ережелерді орындай білу. 

Орта  буынды  медицина  қызметкерлері  өз  жұмысында,  тек  қана  моральдық  жауаптан 

басқа,  заң  алдында  да  жауап  береді,  мысалы,  дәрігерлік  құпияны  жариялағаны  үшін, 

құрамында  наркотик  бар  дәрілерді  ұрлағаны  немесе  сатқаны  үшін  керек  жерде 

медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б. 

.


жүктеу 0,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау