АЭжБУ Бітірушілер қауымдастығының Бітірушілер - қамқоршылар кеңесі
мәжілісінің
№ 4-3 ХАТТАМАСЫ
Алматы қ. «26» сәуір 2013ж.
Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі мәжілісінің өтетін орны: Алматы қаласы,
Байтұрсынов көшесі 126, «Алматы энергетика және байланыс университеті»
коммерциялық емес АҚ, «А» гимараты, № 213 бөлме.
Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі мәжілісінің өтетін уақыты:26.04.2013ж., сағат 17.00.
Бітірушілер-қамқоршылар кеңесінің мүшелері: 19 адам, сонымен қатар дауыс беру
құқы бар 13 адам.
Бітірушілер-қамқоршылар кеңесінің 15 мүшесі қатысты, оның ішінде 7 дауыс беру
құқығына ие, 3 (Календарев А.Н., Балабатыров А.С., Каршегенов У.Т.,) күн тәртібіндегі
мәселерді сырттай дауыс беру арқылы шешуге қатысты: бюллетеньдер қоса берілді ( келу
парағы қоса берілді).
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Мекемелер мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі туралы.
2. 2012-2013 оқу жылында кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық технологиялар
бойынша келіп түскен проблемалық мәселелер туралы.
3. АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу бойынша түскен
ұсыныстар және жоспарлар туралы.
Процедуралық мәселелерді шешу: күн тәртібін және шешімдер қабылдау тәртібін
бекіту.
Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі
ШЕШТІ:
I. Келесі күн тәртібі бекітілсін:
1. Мекемелер мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі туралы.
2. 2011-2012 оқу жылында кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық технологиялар
бойынша келіп түскен проблемалық мәселелер туралы.
3. АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу бойынша түскен
ұсыныстар және жоспарлар туралы.
ІІ. Күн тәртібі мәселесі бойынша шешімдер ашық дауыспен қабылданады.
Дауыс беру нәтижесі: жақтаған – 10 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалған – жоқ.
4-3.1. Мекемелер мен ұйымдардың жас мамандарға қажеттілігі туралы
Күн тәртібі мәселесі бойынша әлеуметтік сектор мүшесі, РТБФ деканы Медеуов У.
сөз сөйледі, ол 2012-2013 оқу жылында кәсіпорын мен ұйымдардан келесі өтінімдердің
келіп түскенін хабарлады:
1. «Уранэнерго-Пул» «НАК «Казатомпром» АҚ тәуелді бола тұрып, өндірістік
қызметті кеңейту шеңберінде өндірістік дағдыларды игеру үшін 3 және 4 курс
студенттерін, сондай-ақ ЖОО бітірушілерін шақыруға ниетті. Ерекше көзге түскен
қызметкерлерге «НАК «Казатомпром» АҚ өндірістік кәсіпорындарында ары қарай
жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Қазіргі кезеңде студенттер машықтанудан өтті,
бітіруші курстар дипломдарын алғаннан кейін конкурсқа қатысады.
2.
«DANA
TELECOM»
ЖШС
«Радиотехника,
электроника
және
телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша оқуды аяқтап жатқан перспективті
менеджерлерді іздестіруде. Объектілерді жобалау бойынша бос позицияларға мамандарды
кезекті жинау 2013ж. маусым айында өтеді.
3. "ALTO Com LTD" ЖШС. Қызмет түрі – серверлік жабдық, компьютерлер мен
оның қосалқы бөліктерін және т.б. техникалық жабдықтарды сату.
Вакансия: сату бойынша менеджер. Конкурстық іріктеу жүруде.
4. «Wireless Local Loop Telecom» ЖШС» компаниясына:
- инженер
- радиотехник қажет.
4 курс студенттері түйіндеме жіберді, дипломдарын алғаннан кейін аталған
позицияларға талаптана алады.
5. «188.KZ» ЖШС 15 вакансиялардың ашылғандығын хабарлайды, іс жүзінде 15
адам сынақ мерзімімен қабылданды (6 адам АЭжБУ-дан).
6. «Атырау жылу жүйелері» АҚ компаниясына жылу жүйелерін жөндеу және
пайдалану шебері және жылу жүйелерін жөндеу инженері лауазымдарына
мамандар – Атырау облысының тумалары қажет.
Жалақы мөлшері - Жөндеу және пайдалану шебері = 63 500 теңге + 33%
- Жөндеу инженері = 56 600 теңге + 33%
Факс : 8 (7122) 32-38-30 немесе
e-mail:
Atyrau_teplo@rambler.ru
ЖЭФ-те Атырау қ. мен облысынан 2 студент оқиды, оларға вакансиялар жайлы
ақпарат берілді. Диплом алғаннан кейін әңгімелесуден өтулеріне болады.
7. "WorleyParson" ЖШС «Өтілгер» позициясына жас мамандар қабылдайтындығын
жариялады.
Электрика, механика, АСУ, телекоммуникация мамандықтары бойынша биылғы
жылғы бітірушілер қажет.
Негізгі талаптар – АвтоКАД бағдарламасын білу және сызбаларды әзірлей білу. 4
адамнан АЭжБУ-дан қабылданғаны 2 адам.
Жалпы, ұйымдар мен мекемелерден келіп түскен тапсырыс-хаттар бойынша қажет
мамандар, негізінен, 4-6 магистратура бітірушілері, «188.KZ» ЖШС-ға ғана 15 адам.
Барлық ұйымдар дерлік, тұрғын үймен қамтамасыз ете алмайды, еңбек ақысы жоғары
емес, ал ол бітірушілердің жұмыс істеу жағдайларын қиындатады. ЖОО мен студент
машықтанудың мамандануы мен тиімділігін қалдырып, машықтанудан өту мәселесін
шешуге мәжбүр. ЖОО осы жылы студенттердің машықтанудан өтуі туралы бірнеше
кәсіпорынмен шарт жасады. Студенттерді дайындаудағы теориялық материалды
практикалық бекіту үшін тұрақты негізде жеке тапсырыс беруші-кәсіпорындарда да,
мем.кәсіпорындарда да кәсіби машықтану базаларын құру қажет.
2012 ж. магистранттарды есепке алмағанда, бітірушілерді жұмысқа орналастыру
68% құрайды. Магистранттарды есептегенде жұмысқа орналастырудың оң динамикасын
құрайтын 88,3%. Бітірушілердің белгілі бір бөлігі машықтанудан өткеннен кейін жұмысқа
орналастырылды, яғни жұмыс беруші мен студенттің үздік үлгерім мен даярлыққа
екіжақты қызығушылығы. Сонда да, жұмысқа орналаспаған және сұранысы жоқ
бітірушілер де бар, сондықтан жұмыс берушілерді үздік бітірушілерді таңдау үшін
ғылыми-өндірістік конкурстар өткізуге, студенттер машықтанудан өтетін ұйымдармен
серіктестікке шақырамыз.
Былтырғы жылдағыдай, ҰҚК Академиясы біздің бітірушілер арасында оқытуға
және одан әрі жұмысқа орналастыруға конкурс өткізуде. Сессия аяқталған соң студенттер
аталған құрылымға аударманы ресімдейді.
Биыл РТжБФ жетім балалар қатарынан 3 студент оқуды аяқтайды: ЕРжанов
Рахимжан, Жолдасова Гульбану, Чукаева Елена. Бітірушілер қамқоршылар-кеңесі
мүшелерінің демеуімен екі студент жұмысқа орналасады және бір студент (Чукаева
Елена) тұрмыс құрып, күйеуімен Ресейге көшеді.
Сөз сөйлеушіге Даукеев Ғ. сұрағы: Бітірушілерді жұмысқа орналастыруда
қиындықтар бар ма?
Медеуов У. жауабы: басқа қаладан келген студенттер Алматыда қалуға ықыласты,
бірақ үздік студенттер компания таңдай алады.
Қаралған мәселені тыңдап және талқылап Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі
ШЕШТІ:
1. Ақпарат мәліметке алынсын.
2. Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі мүшелері студенттер практикадан өтуі арқылы
еңбекке орналасуы үшін ЖОО-ға ұйымдық және техникалық, технологиялық көмек
берсін,
кәсіпорындар
мен
ұйымдарға
жас
мамандардың
қажеттілігін
қанағаттандырсын.
Дауыс беру нәтижесі: жақтаған – 10 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалған – жоқ.
4-3.2. 2011-2012 оқу жылында кәсіпорындар мен ұйымдардан ақпараттық
технологиялар бойынша келіп түскен проблемалық мәселелер туралы
Күн тәртібі мәселелері бойынша ақпарат-технологиялар секторы мүшесі, ИТФ
деканы Табултаев С.С. сөз сөйледі. Ол 29.11.2012ж. сектордың жұмыс жоспарына сәйкес
ИТФ факультет бітірушілері жұмыс істейтін кәсіпорындардың деректер базасы
толықтырылып келе жатқанын айтты (тағы 4 ұйыммен толықтырылды). Биыл
кәсіпорындар мен ұйымдардан келесі сұраным-өтінішітер келіп түсті:
1.
«Талдықорған көлік-электржелілік акционерлік компаниясы» (ТКЭАК) АҚ,
Талдықорған қ;
2. «Электроюгмонтаж» ЖШС;
3. «Аргус Контакт» ЖШС Алматы қ;
4. «V және V телекоммуникациялық компаниясы» ЖШС, Алматы қ.
- «ТКЭАК» АҚ 28.02.2013ж. №41-622 хатында техникалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру, АЭжБУ студенттерінің машықтанудан өту мәселелері және
өндірістік циклдердің технологиялық проблемалық мәселелерінде серіктестікті
ұсынды.
АЭжБУ серіктестік мүмкіндігін растайды.
- «Электроюгмонтаж» ЖШС 17.02.2013ж. №44 хатында пайдалану-жөндеу
жұмыстары сметасын құрудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу бойынша
шарт жасау мәселесін талқылауды ұсынды.
АЭБУ серіктестікті қолдайды.
- «Аргус Контакт» ЖШС және «V және V телекоммуникациялық компаниясы»
ЖШС (Алматы қ.) 4 курс студенттерінің өндірістік машықтануы мен одан әрі
конкурстық негізде жұмысқа орналастыруы үшін база ұсыну, сондай-ақ
қызметкерлердің Cisco Академиясы, Oracl курстарында біліктілігін арттыруда
серіктестікті ұсынды.
Қазіргі уақытта «Alageum Electric» АҚ ақпараттық технологиялар басқармасының
директоры В.Покусовпен кәсіпорында біздің студенттердің машықтанудан өтуі мен
компанияның өндірістік проблемаларын шешудегі серіктестік туралы келіссөздер
жүргізілуде. Бұл мәселені Покусов В. өзі толығырақ ұсынады.
Университет өз бітірушілері жұмыс істейтін кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік
проблемаларын шешуде көмек көрсетуге даярлығын білдіреді.
Мамандарды «Cisco» курстарында оқыту туралы кәсіпорын ұсыныстары бар, бірақ
төлемнің жоғары бағасы кедергі болуды. ЖОО-ның серіктесін жоғалтқымыз келмейді.
Даукеев Ғ. жауабы: Бұл сұрақты Мәскеудегі бас Орталықпен, біздің бітірушілер
жұмыс істейтін кәсіпорындар, одан әрі жабдықтар мен бағдарламаларды сатып алатын
«Cisco» локалды Орталығы болатыны туралы келісу керек.
Покусов В. сөз сұрады: Біздің компания Қазаұстаннның барлық облыстарында,
сондай-ақ Орта Азияда орналасқан энергетика және машина жасау объектілерімен
айналысады. Студенттердің машықтанудан өту мәселесі біз үшін қазіргі өндіріс
мәселелері үшін де, болашақта құрылатын объектілер мен іске қосылатын қуаттар үшін де
маңызды. Ақпараттық технологиялар саласында әртүрлі мамандандған мамандар қажет,
сондықтан біз Сіздермен серіктес болуға мүдделіміз.
Ректор Даукеев Ғ.: АЭжБУ жоғары деңгейде білімді, нарықта сұранысқа ие, өнділістегі
ақпараттық және желілік технологияларды шешіп, енгізуге қабілетті мамандарды даярлап,
ЖОО-ның кәсіпорындармен серіктестігін дамытуға талпынады. Университеттің
мамандары мен ғалымдары біздің серіктестердің, сондай-ақ түрлі кәсіпорындардың
барлық мәселелері мен тапсырыстары бойынша жұмыс істейді.
Табултаев С.С. сөзін тыңдап және талқылап Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі
ШЕШТІ:
1. Ақпарат мәліметке алынсын.
Дауыс беру нәтижесі: жақтаған – 10 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалған – жоқ.
4-3.3. АЭжБУ Бітіруші күніне арналған салтанатты жиналыс өткізу бойынша
түскен ұсыныстар және жоспарлар туралы
Күн тәртібі мәселесі бойынша Жауапты хатшы Иментаева Д. сөйледі, ол
бітірушілердің университетке өз курстастары және оқытушылармен кездесу
ұсыныстарымен хабарласатындығын айтты. Биыл ПТЭ-88, ЭЭ-68, ТЭС-68 бітірушілері
хабарласты. Аталған ұсыныстарды қабылдап, ректорат Әртүрлі жыл бітірушілері
кездесуін 2013ж. 25 мамырында өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын қарастырып,
бекітті, онда келесі негізгі тармақтар көрсетілген:
- бітірушілер, АЭжБУ материладық базасын бекітуге елеулі үлес қосқан
демеушілер, тапсырыс беруші-кәсіпорындардың тізімін құру;
- әртүрлі жыл бітірушілеріне шақыру хаттарын әзірлеу;
- аталған хаттарды АЭжБУ бітірушілері жұмыс істейтін кәсіпорындар мен
ұйымдарға тарату;
- университет сайтында шақыру хаттарын жариялау;
- салтанатты ісшараның сценарийін әзірлеу;
- ғалымдардың ғылыми жұмыстарының, жабдықтар мен құрылғылардың
көрмесін, кафедралардың, ғылыми зертханалар мен АЭжБУ орталықтарының
ақпараттық стенділерін ұйымдастыру;
- кафедралар мен зертханаларда экскурсия жасау, оқытушылар, студенттер және
магистранттармен кездесу ұйымдастыру.
Былтырғыдай бітірушілерге сауалнамалар таратылады. Онда бітірушілер
ақпараттарымен қоса, бітірушілермен кездесу өткізу бойынша тілектері мен
ұсыныстары туралы тармақтары енгізілген. Ағымдағы жылы бітірушілерден
кафедраларда өздерін оқытқан оқытушылармен кездесулер ұйымдастыру туралы
тілектер келіп түскен. Бұл күні ардагер және зейнеткер оқытушыларды
университетке шақыруды ұсынып отырмыз. Әрине, бұл кездесуде ән, әзіл және
конкурстар болуы тиіс. Бітірушілер, оқытушылар және суденттер кездесулері
үзілмей, ЖОО дәстүрлері алдағы уақытта нығайып, кеңейе түседі деп ойлаймыз.
Иментаева Д. сөзін тыңдап және талқылап Бітірушілер-қамқоршылар кеңесі
ШЕШТІ:
1. Ақпарат мәліметке алынсын.
2. Бітірушілер қамқоршылар кеңесінің мүшелері жоспарланған ісшаралар жайлы
түлектерге хабарлауға, бітірушілермен кездесуді 2013ж. 25 мамырында өткізуге көмек
етсін.
Дауыс беру нәтижесі: жақтаған – 10 адам, қарсы – жоқ, қалыс қалған – жоқ.
Төраға
Ғ. Даукеев
Жауапты хатшы
Д. Иментаева
Достарыңызбен бөлісу: |