|
Механиканың физикалық негіздері
|
бет | 10/49 | Дата | 04.12.2022 | өлшемі | 1,81 Mb. | | #40449 |
| Ìåõàíèêàíû? ôèçèêàëû? íåã³çäåð³ Ìåõàíèêà Ìåõàíèêà46. Соқтығысу
Соқтығысу – екі немесе бірнеше денелердің, аз уақыт ішінде бір-бірімен әрекеттесуі. Екі түрлі соқтығысу бар: абсолют серпімді және абсолют серпімсіз.
47. Абсолют серпімді соқтығыс
Абсолют серпімді соқтығыс кезінде кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады және керісінше. Бұл жағдай екі дененің толық энергиясы және толық импульсі сақталады.
48. Абсолют серпімсіз соқтығыс
Абсолют серпімсіз соқтығыс кезінде деформацияның нәтижесінде, кинетикалық энергия жартылай немесе толығымен ішкі энергияға (жылуға) айналады. Соқтығыстан кейін денелер не бірдей жылдамдықпен қозғалады, не тыныштық күйде тұрады. Абсолют серпімді соқтығыста тек импульстың сақталу заңы орындалады, ал механикалық энергия сақталмайды.
49. Күш моменті
Күш моменті - күштің әсер ету сызығынан күш әрекеті қарастырылатын өске дейінгі ара кашықтығымен күштің көбейтіндісіне тең шама. Күш моменті векторы - ось бағытымен қарағанда күштің денені сағат тіліне қарсы бағытта айналдырғандай көрінетін күш пен моменттік нүктеден өтетін жазықтыққа перпендикуляр болып бағытталады. Күш моментінің формуласы : M=F×d M=күш моменті ; F=күш;d=күш иіні.
50. Инерция моменті
Инерция моменті — айналмалы қозғалыстағы қатты дененің инерттілігінің өлшемі.
51. Гюйгенс–Штейнер теоремасы.
Бұл теорема бойынша, кез келген оське салыстырмалы инерция моментін есептеу дененің инерция центрі арқылы µткен оське сєйкес инерция моментін есептеумен айырбасталады. Гюйгенс–Штейнер теоремасын былай тұжырымдауға болады: кез келген оське қарағандағы I инерция-моменті сол оське параллель жєне дененің инерция центрі арқылы өткен басқа оське сєйкес инерция моменті мен дененің m толық массасының осьтер арасындағы d қашықтық квадратына көбейтіндісінің қосындысына тең.
52. Импульс моменті жәнесақталузаңдары
Импульс моме нті, "қозғалыс мөлшері моменті" деп те аталады, – материалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының динамикалық сипаттамаларының бірі.
Сақталу заңдары — кез келген процесте немесе олардың белгілі класында кейбір физикалық шамалардың сан мәндерінің уақытқа байланысты өзгермейтіндігін тұжырымдайтын физикалық заңдылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|