Микрометрлік бұранда бұл бұранданың бүкіл ұзындығына қадамы (бұранданы бір айналымға бұрғанда оның ұшының қозғалысының шамасы) тұрақты болатын бұранда. Өлшеулерді жүргізу мақсатында микрометрлік бұранды дабыл не дағыра (барабан) деп аталатын бөліктері бар ерекше баспен (бүркеншекпен, орысша головка) жабдықталған. Егер дағырада бірқалыпты n бөлік белгіленсе, онда бір бөлікке бұру кезінде бұранда ілгерілмелі мм-ге ығысады. шамасы микрометрлік бұранданың дәлдігі болып табылады. Дағырдың бір айналымнан аз бұрылысы кезіндегі ығысуы бұранданың дәлдігін дағырдың бұрылған бөлігінің санына көбейту арқылы анықталады.
Микрометрлік бұрандалы аспаппен өлшенген денелердің өлшемдерінің өлшеу дәлдігі 0,01-0,005 мм. Микрометрлік бұрандалар микрометрлерді құрастырғанда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |