Статистикалық зерттеулер 5 кезеңге бөлінеді:
Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;
Мәліметтер жинау;
Мәліметтерді өңдеу және топтастыру;
Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;
Зерттеудің нәтижелерін іс жүзінде енгізу.
Статистикалық зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау – зерттеудің негізгі мақсаты мен қойылған міндеттерді анықтаудан басталады. Ал жоспарда мақсатқа жету үшін қандай міндеттер, жұмыстар атқарылуы керек екені белгіленеді. Біріншіден, зерттеу немесе бақылау объектісі анықталады. Мысалы, халық денсаулығына әсер ететін жағдайларды білу үшін бүкіл республика халқын зерттеу объектісі деп аламыз. Мұны жалпы статистикалық жиынтық дейді. Ал, статистикалық жиынтық дегеніміз белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапасы жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің тобы. Статистикалық жиынтықтың 2 түрі бар: 1) жалпы; 2) іріктілген немесе таңдамалы.
Достарыңызбен бөлісу: |