Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
Бағалау
|
Бағаның әріптік баламасы
|
Бағаның сандық баламасы
|
Бағаның проценттік баламасы
|
Бағалаудың дәстүрлі жүйесі
|
A
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
11.2. Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату арқылы тексеріледі.
6. Пікірлесу.
Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.
11.Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары
1-7апта материалдары бойынша сұрақтар.
Пәнді оқыту мақсаты, міндеті, мазмұны. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің тарихы.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі курсының мазмұнын ашу және он басқа да арнайы ғылымдармен байланысы.
Кеңес дәуіріндегі сурет салу әдістері.
Сурет салудың шетелдік әдістемесі. Ежелгі Ассирия мен Египет мемлекеттеріндегі, алғашқы қауымдық қоғамда бейнелеп сурет салу әдістемесі.
20 ғасырдың 60-70 жылдарындағы Ресейдегі бейнелеу өнерін оқыту әдістемесін тереңірек қарастырып, үлес қосқан әдіскерлер.
Қазақстан Республикасының және Ресей бейнелеу өнері жаңа буын оқулықтарына және бағдарламаларына тереңірек анализдік талдаудар жасау.
Жарық пен түстер табиғаты туралы айту.Спектрлі түстерді атау, оларға мінездеме беру. Түстердің қасиеттері.
Түс шеңбері дегеніміз не?
Заттық түс және түс дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Контрастті және қосымша түс деп нені айтуға болады.
«Салқын» және «жылы» түстер деп қандай тустерді атаймыз. Түстердің салқынды жылылығы кескіндемеде қандай орын алады?
8-15 апта материалдарын бақылау сұрақтары.
Түстердің өзгеруі. Жарық пен ауа құбылыстарының перспективасы.
Алдыңғы көріністегі (пейзаж, натюрморт, интерьер) заттардың қабылдану ерекшеліктері.
Сурет пен нұсқа салудағы натура заттарының бір-бірімен қатынасының түстік шағылысуын берудің қандай мағынасы бар?
Жарық көзінің түсі табиғат көріністерінің жалпы колоридтік жағдайына қандай әсерін тигізеді? Суретшілер туындыларына анализ жасаңыз және уақыт мезгілі мен жыл мезгілін көрсететін суреттердің колоридтік ерекшеліктерін атаңыз.
Суретің идеясы мен образды құрамын берудегі колорид маңызы қпандай? Бірнеше суретшілер туындылырына салыстырмалы анализ жасаңыз.
Кескіндемедегі түстердің тондық қатынасы туралы; Қатынастар арқылы жұмысты орындау неге негізделеді.
Бейненің кескіндік тұтастығы деген не? Оны орындау үшін сураетші қандай тәсілдер қолданады?
Емтиханға дайындау сұрақтары:
Живопись түстерінің салқынды-жылылық табиғаы және ол неге негізделген?
Қандай түстерді констракты деп атаймыз?
Күштің және жарықтың спектрлі құралы негізінде натурада түс қалай өзгереді.
Натура мен нұсқаның жалпы тондық және түстік жағдайы дегеніміз не?
Живописьте түстік және жарықтау камертоны қалай қолданылады?
Бейненің тональды түстік масштабы қалай сақталады?
Натура нұсқасын орындауда живописьтегі композициялық орталық қалай ерекшеленеді?
12. Оқыту пәнінің бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі
Бұл пән бойынша электрондық оқулықтар жоқ
13. Арнаулы аудиториялар мен лабораториялық кабинеттер тізімі
№ 7 оқу ғимараты, аудитория /кесте бойынша/.
Достарыңызбен бөлісу: |