М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
«Мәдениет және өнер»
институтының директоры
_____м.а. Нагимова М.М.
«__»__________ 2010 ж.
«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы
050107 Бейнелеу өнері және сызу
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
«Қолданбалы графика ІІ»
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ - ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – 4
Семестр – 8
Кредит саны 3
Дәріс – 30 сағат
Студиялық сабақ – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – 8 семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал 2010 ж.
Курс бағдарламасы жоғары оқу орындарының пәндеріне сай және Қазақстан республикасы білім беру мемлекеттік стандартқа - Алматы, 2002 - типтік бағдарлама /4.08.03. Бұйрық №528/ негізінде жасалынды, яғни ГОСО РК 3.001-2000.
Құрастырушы: оқытушы Абдешев Асқат Бекқалиұлы
«Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының отырысында қарастырылды.
« » 2010 ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі Сейтимов А.Ғ.
Қарастырылды ОҮҰ және ОӘЖБ
жетекшісі ________________
Мәдениет және өнер институтының оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.
« » 2010 ж. № ___ хаттама.
Институттың оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасының ______________ м.а.Өтегенов И.Ө.
1. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ «ҚОЛДАНБАЛЫ ГРАФИКА», Алматы, 2002
050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы, Бакалавриат
7 ғимарат 302 кабинет
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет
Асқат Бекқалиұлы Абдешев
М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушысы
Офис: «Көркем қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасы
Толық мекен жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі, 2
Жұмыс телефоны: 505346
Пән туралы мәлімет
Қолданбалы графика ІІ.
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат, әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі :
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(дәріс 1)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 мин.+ 50 мин.
|
Байланыс сағаты 2
(дәріс 2)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 мин.+ 50 мин.
|
Байланыс сағаты 3
(студиялық жұмыс 3)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ+СӨЖ
|
50 мин.+ 50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәрістер
|
Студиялық сабақ
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
4
|
8
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
Емтихан
|
Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Студенттердің көркем-суреттік білімдерінің келесі бөлімінің бірі - «Қолданбалы графика» курсы болып табылады. Бағдарлама мазмұнына базистік білімдерді игеру және үйрену, Станокты графика туралы түсініктер, оларды жоғарғы курстарда пайдалануға мүмкін болу үшін және арнайы технологиядағы композициялық білімдерді жетілдіре түсу үшін енгізілген.
Бұл сабақтарды меңгеруге көптеген практикалық сағаттар берілген. Сонымен қатар бейнелеу өнерін оқып үйрену арқылы студенттерді өнер теориясы мен әдістемесін, Станокты графикалық сауаттылықты меңгеру мен машықты қалыптастыруға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға тәрбиелейді.
Көркемсурет оқу орындарының студенттеріне негізгі пәндерді оқытудан бұрын қажетті теориялық біліммен қоса станокты графика, станокпен жұмыс жасау әдіс-тәсілдерін меңгеруге, линогравюра материалымен, жонғымен ойып кесіп шығаруға, композициялық графиканы, суретті, бейнені ойлауды және шығармашылық қабілетті дамытуға, заттардың сипаттық ерекшеліктерін еркін қабылдауға, болмысты тұтас аңғаруға үйрету қажет.
Студенттерді бейнелеу өнеріне үйретуде 2-курстан бастап соңғы курсқа дейін реалистік өнерді терең меңгеруге, оның заңдылықтары мен есептерін түсіне білуге тәрбиелеудің маңызы зор.
Курстың мақсаты:
Пәннің негізгі мақсаты - әсемдік көркем композициясының ерекшелігін ашып көрсету, жалпы және керекті композициялық сауаттылықпен қамтамасыз ету.
Композициялық жұмыс бұл суретшінің қоршаған ортаны ой елегінен өткізіп, қабылдаудағы күрделі үдеріс, бейнелеу материалын тұтастандыру, бір тектес бейнелеу образынан мақсаттандыра ұйымдастыру болып табылады.
Оқу нәтежиесінде мамандар мыналарды білуі қажет:
а) бейнелеудің және шығармашылық үдеріс структурасын ;
ә) станокты графика бейнелеудің теориялық негізін;
б) графикалық композиция, сурет заңдылықтары мен құралдарын;
в) станокты графиканың әдістері және станок техникалары мен материалдарды қолдана білуі;
Курстың міндеттері:
Студенттерді біліммен қаруландыру:
а) бейнелеу үдерісі, шығармашылық үдеріс және кезеңдердің мазмұны;
ә) графикалық суреттер көшірмесін орындау да жүйелердің заңдарын;
б) станокты графика материалдары суреттің мәнерлі тілі құралдарын;
в) педагогикалық үдерістің қызмет заңдылықтарын;
2. Студенттерді бейнелеудің әдіс-тәсілдерімен қаруландыру:
а) станокты графика станокпен жұмыс жасау тәсілдерін;
ә) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу әдіс тәсілдерін;
б) аяқталған графикалық композиция орындау тәсілдерін;
3. Көркем-шығырмашылық қабілеттерін дамыту:
а) эстетикалық талғамдарын кеңейтуге;
ә) студенттердің өнерге, оқу және шығармашылық жұмысқа бағалау қатынасын қалыптастыруға;
б) шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға;
Пререквизиты: Жалпы білім беретін мектеп бағдарламасындағы геометрия және бейнелеу өнері курсы.
Постреквизиты: Гравюра түрлері (линогравюра, литография, ксилография), Офорт (құрғақ ине, органикалық шыныда гравюра, жұмсақ лак, аквантина), графикалық композиция
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен практикалық жұмыс түрінде жүріп, оқу материалдарының мазмұны, үйренген, алған білімдері сол арқылы көрініс табады.
Студенттердің алған білімдері үй тапсырмасын тексерумен, дәрісханалардағы көрмелер, жекелеген семестрлік тапсырмалармен бақылауға алынады.
Студенттерге қойылатын талаптар:
1. Сабаққа қатысу
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. Белгілі бір себептерге байланысты сабақ қалдырса, тиісті құжаттары болуы қажет.
2. Аудиториядағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.
3. Студенттердің өзіндік жұмыстары
Өзіндік жұмыстар міндетті түрде орындалуы керек. Студенттер оқытушының белгілеген уақыты бойынша есептеседі, кешіккен немесе уақытында есептеспеген студенттердің жұмыстары қабылданбайды. Студенттердің тапсырмаларды орындаулары жөнінде мәлімет оқытушыда болады, ол жалпы қорытынды баға қоюда ескеріледі.
4. Жеке тапсырмалар
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар үй тапсырмасы түрінде орындалып, қорғалады.
5. Бақылау жұмысы.
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, жетінші, он бесінші аптада тапсырылады. Бақылау жұмыстарын тапсырудан кешіккен студенттердің жұмыстары қабылданбайды және бағаланбайды.
6. Практикалық жұмыс.
Практикалық жұмыстар әр топқа жеке-жеке сабақ кестесі бойынша өтеді.
7. Аралық бақылау
Семестр бойына екі аралық бақылау өтеді, жетінші және он бесінші аптада.
Сабақ мазмұны мен кестесі
8-семестр
1-апта
1-кредит сағат
№1 Дәріс
Тақырып: Графика өнерінің пайда болуы
Достарыңызбен бөлісу: |