Онда бөлшектерді пішуге жəне тігуге қойылатын талаптар бөлшектерді
өлшеу табелі, бұйымдарды қабылдап алу, сақтау тасымалдау ережелері
көрсетіледі.
Бұйымда өңдеуге қойылатын техникалық талаптар: ұсынылатын маталардың
тізімі, пішілетін бөліктердің тізімі, бұйым өлшемдері мен үлгілер мəліметі.
Қосымша: үлгілер комплектісі, үлгілер көлемінің кестесі, бұйымдарды пішу
картасы, пішу схемасы, қосымша қолданылатын үлгілердің тізімі.
"Пропорция" сөзін біздің дəуірімізге дейін I-ғасырда Цицерон енгізді, латын
тіліне аударғанда платондық атау ұқсастық "байланыс" дегенді білдіреді.
Мəдениетте пропорция көркемдік шығармадағы элементтердің сандық
байланысын анықтайды. Сондықтан тұтас күрделі бөлшектердің бір
өлшемнен екіншіге байланысын "пропорция" деп түсінеміз.
Киімнің эстетикалық бейнесінде "пропорция" өлшеуіш құралы болып
табылады. Ежелгі дəуірде суретшілер "пропорцияны" əдеміліктің болмысы
деп біледі. "Пропорция" қарапайым жəне иррационалды болып бөлінеді.
Қарапайым немесе арифметикалық тұтас сандық жəне еселі сандарға
байланысты. Осының негізіндегі бастапқы өлшем-модуль, бейне өлшемін
өлшейтін, мысалға өлшеуіш лентасы, осындағы модуль өлшемі-1см.
Пропорциялы күрделі екінші түр жатады, себебі оған тек геометриялық салу
арқылы жетуге болады. (мысалға квадрат қабырғаларының диоганальға
қатысы).
"Алтын пропорция" немесе "алтын күн" атты пропорция нағыз иррационалді
пропорция болып есептеледі. "Пропорция сөзі Пифагорға да белгілі болған,
ол сөзді ежелгі египеттіктерден жер шарын кезген кезінде.
"Алтын пропорция" суретін құрау кеззінде " алтын қиse" принципі тұр, себебі
суретші адамға арнап киім тігер кезде оның бейнесіне көңіл аударуы керек.
Адам денесін зерттеушіге бірінші пропорциональ үйлесімдік туралы ой келуі
керек. Өзінің бай жеке ерекшеліктерін тұлғасына қарай отырып, оның орташа
пропорциональдық бөлігіне келеді.
Адам бейнесіндегі пропорцияны өзара үйлесімді өлшемдер үйлестігімен
түсінуге болады. Адам бейнесіндегі пропорцияны зерттей отырып
суреnшілер мен анатомдар барлық уақытта бір шешімге , немесе бір
заңдылыққа бейне суретін салар кезде бір типтік образға сүйенеді. Өлшем
бірлігі ретінде модуль өлшемі алынады.
Осы принципті көне дəуірдегі мүсіншілер қолданған, соның ішінде Лисипп
өзінің тəсілін Поликлей каноник жасауда қолданған. Модуль размері
санасында ол да бас биіктігін қабылдады. Соның варианты бойынша бас
ұзындығы 8 рет сыйды.Егер бейнелеу тіке толық бойымен алшақ қойып жəне
қолдарын басынан бет жағынан жүргізіп өкшеге дейін тіке қиылысқан сол
саусағына дейін дұрыс төртбұрыш құрайды.
Бұл схема кейін "ежелгі төртбұрыш" атанды. Бұл бірінші анық жəне
жеткілікті жəне көне адам тұлғасының бейнелері болды. Кейінгі уақытта
"ежелгі төртбұрыш" суреттелімен жəне бейнеленуімен толықтырылып
бірнеще түрге өзгертілді. Адам тұлғасын алғашқы қозғалысымен жəне
кішкене қолын көтере қозғалысын дөңгелек ішінде ортасын кіндігі етіп
шығарды.
Уақыт өте келе əртүрлі кейіптегі какондар өзгертілді, модульдік биікке бет,
бас, мұрын, қол омыртқа бағаны т.б. биіктіктер қолданылды. Анатом
П.К.Кроузиннің зерттеуінде адамдар денесін əртүрлі жасқа пропорциялауды
үйретті, сонымен қатар ерлер мен əйелдер тұлғасының айырмашылық
пропорциясын көрсетті. Қазіргі уақытта көркемді какон болып адам
бейнесінің соның ішінде бос бейненің биіктігі 1/8 бүкіл дене ұзындығына тең
келетін өлшемді алады. Осы өлшем "алтын қима" принципіне негізделген.
Адам денесінің биіктігіне сəйкес келетін вертикаль анатомдық бөліктерге
бөледі. Сондықтан осы сəйкестікке сүйене отырып бас өлшемі белге шейін 3
есе, ал белден төмен 5 бас өлшемін құрайды. Осы үйлесімдікке қарай
отырып, дене бітімнің көрсе көз тойғысыз көрікті тік , қазмойын, кішкене бас
пропорциональді қолы мен аяғын көруге болады.
Адам денесі барлық уақытта əдемі бейнелеуші зат ретінде еркімен
пропорциясын өзгертуге болатын обьект ретінде қаралып келді. Əсіресе бұл
өзгешіліктер əйел бейнесіндегі көркемдік, Рубенсов табиғатындағы
шашыраңқы, көпшіл формадан, қазіргі кездегі тар, тік биік бейнелерге fesces/
Киімнің формасы адам бейнесі арқылы анықталтындықтан əдемілікпен
пропорцияны жасау кезінде суретші киімді жобалау үшін ойланып та
жатпайды.
Модольер болашақ костюмнің суретін салғаннан кейін, оның алдында
маңызды есеп туады-киім формасының , бөлшектерінің өзара пропорциялық
тамаша ортасын табу, жеңнің формасы, жағасы осылардың барлығы адам
бейнесімен үйлесімділігі.
Композициядан ең негізгі құралдың бір-пропорция себебіі осының арқасында
заттардың өзара үйлесімділігі болып бейне құралады.
Пропорция бұл есептелінген өлшемдік система, бейнедегі бүкіл элементтер
өзара қарым-қатынаста. Сондықтан пропорция ойланып істелген болса
тұтастық жəне формада болады. Киімді костюмді құрастыру кезінде суретші-
модольер адам бейнесінің пропорциясын əрқашан есте ұстайды. Костюмді,
киімді жобалау кезінде бірнеше кезеңнен өтеді.
Бірінші кезең- қарындашпен салынған сурет немесе маникенге киілген киім.
Осы кезеңде мата арқылы болашақ киімнің өлшемдері бейнесі бөліктері
анықталады. Осы процесс кезінде ең жақсы бейнеге дəл келетін қозғалысына
байланысты бірнеше варианттар шығады.
Екінші кезеңде форманы материалмен толтыру немесе конструкциясын
жетілдіру. Бірінші жағдайда пропорция таза мата бөліктен тұрады. Матаны
маникеннен сыпырмай-көмкеріп тігеді. Екінші жағдайда модельер макеттік
матаны көмкеріп тігіп, маникен үстінде немесе адамға кигізіп өлшеп, барлық
бөлшектерінің дұрыс пропорциональ блуын қадағалап өлшемін алады.
Келесі кезең формасның көркемдік тұсы-инженерлі конструкторлық
туындысы. Конструкторлы есеп тəсілімен лекалды қолдана отырып, екінші
кезеңде форманың бөліктері анықталады.