2. Көркемдік үлгілеу.
Үлгі бойынша құрастыру – бейнелеу жəне техникалық шешімдерді
байланыстыратын, шығармашылық қиын процес.
Шығармашылық шешімінің міндетінде бұйымның түр пішіні мен
қалпы болса, техникалық міндет есеп – графигі көмегімен денеге қонымды,
ыңғайлы бұйым пішінін жасау. Сызбаның негізгі мақсаты бұйымды тиімді
пішіп денеге ыңғайлы да қонымды ету. Құрастырудың негізгі торын адам
дене бітіміне байланысты тұрғызады. Бұйым негізін тұрғызбас бұрын
алдымен дене өлшемі мен дене бітісіне анализ жасап, қажетті қосымша мен
фасонын негіздейміз. Бұйым сызбасының қосымшалары негізінен матасына,
фасонына байланысты.
Болашақ
кəсіпке
баулу
оқытушысы
мен
технология
пəні
мұғалімдерінің түрлі материалдардан бұйымдарын əзірлеуге ептілігі мен
дағдысын қалыптастыру; алған білімдерін жалпы білім беретін мекемелерде,
оқу тəрбие процесінде қолдана білуге үйрету. Ассортимент - əр түрлі
товарлар жинағы. Киім ассортименті – тұтынушылар сұранымын
қанағаттандыру үшін түрі мен мақсаты алуан түрлі бүйымдардың жиынтығы.
Киім жалпы белгілері бойынша: тұрмыстық, спорттық, өндірістік жəне
формалық түрге бөлінеді.
Маусымдық белгілері бойынша киімді жазғы, қысқы, барлық маусымға
бірдей жəне көктем мен күз маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.
Əдебиет: Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий из трикотажа» 24 стр.
2 апта
№ 2 дəріс
Тақырып: Сəн
Мақсаты: Студенттерді сəн тақырыбымен таныстыру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Сəн құрамы жəне функциясы.
1. Сəн құрамы жəне функциясы.
Сəн костюм эволюциясының басты факторы болып табылады. Сəнді
адам мəдениетінің феномені ретінде 18 ғасырдың аяғынан бастап оқи
бастады. Сəнге əр түрлі көзқараспен қарады: əлеуметтік психология жəне
психоанализ.
Сəн үлгісін құрастырушы дизайнер сəн əлемінің барлық қыр-сырын меңгеруі
керек. Киім дизайнері сəн индустриясында жетістіктерге жету үшін сəн
əлеміндегі басты заңдылықтарды, өзгерістер мен жаңалықтарды жетік
меңгеруі тиіс. Бұның бəрі сəн үлгілерін жасап қана қоймай, оны басқаруға
мүмкіндік береді. Сəн - киім əлемінің алға жылжуы ғана емес, барлық
қоғамның дамуы. Адам баласының мəдени феномені ретінде сəнді XVIII
ғасырдан бастап эстетикалық құбылыс негізінде игере бастады. XIX-XX
ғасыр аяғында сəн зерттеушілері сəнді алдымен психологиялық феномен,
оның қоғам дамуына əсері жəне экономикалық – мəдени жалғастығы ретінде
қарастырды.
Сəнді
əлеуметтік
психология,
экономикалык,
мəдени
көзқарастармен жан-жақты зерттеді, əр жағдайда сəн адам баласының
қоғамдағы даму деңгейін айқындап тұрады.
Əрбір европалықтардың тілінде, орыс тілімен түбірлес сəн сөзі бар.
(Латын тілінен енген modus - өлшем, ереже, құбылмалы үлгі деген мағынаны
білдіреді).
Сəн – қазіргі замандағы қоғамның жалпыға бірдей деңгейі. Осыдан
«сəн» сөзінен төмендегідей анықтама шығаруға болады:
Сəн – бұл ерекше əдіс, үлгі, əлеуметтік ақпараттың негізгі өлшемі.
Сəн – көп адамға əсер ететін үлгі. Ол жана үлгідегі объектіні таңдаудың
мерзімді ауысымы.
Сəн – қоғамдық топтардың қалауын уақтылы өзгертетін кезек. Сəн
дəстүрімен қоса қоғамды өзгертетін құбылыс.
Сəн – көпшіліктің жүріс-тұрысы мен циклдік мінез – құлқының даму
үлгісін спецификалық қалыпқа келтіруші кезекті ауысым. Сəн мəдени
құбылыстар мен материалдық, рухани құндылықтардың барлығына тарап,
үнемі өзгеріс үстінде болады: өнер (əдебиет, музыка, театр, кино, дизайн),
ғылым, техника, саясат, спорт. Дизайн – сəн механизмінің үнемі қозғалыста
болатын мəдени ортасы болып табылады. Сəн адам баласын қоршаған
ортасының барлық заттарына əсер етеді; атап айтар болсақ; дүкен сөрелері
мен интерьерді орналастыру, тұрмыстық заттардың дизайны, мерекелердің
ұйымдастырылып безендірілуі, ойын – сауықтарының алға жылжыуы т.б.
Сəн, əсіресе адамның тілінен, шаш үлгісінен, бет бояуынан, басқа да
заттарынан анық байқалады. Бұл «аңыздар» немесе сəнге деген адасушылық
– «сəн» мен «киім» арасындағы түсінікті жиі теңестіреді. Киім мен адамның
жүріс - тұрысы сəннің өзгеруіне бəрінен бұрын жылдам əсер ететіндіктен
танымал кутюрье жəне киім дизайнерлерін сəн жасаушылар деп санауына
əкеліп трейді. Адамдардың киімдерінен оның ниетімен талпынысы, өзін-өзі
ұстауы, қоршаған адамдарға қарым-қатынасы, қоғамдағы орны анық
байқалатындығы канадалық М. Маклюэнға киім мен үйді «біздің теріміздің
жалғасы» деп атауына негіз болады.
Əдебиет. Е.И. Рачицкая, В.И.Сидоренко «Моделирование и художественное
оформление изделий » 572 стр.
3 апта
№ 3 дəріс
Тақырып: Бұйымға қойылатын техникалық шарттар.
Мақсаты: Студенттерге тақырып бойынша түсінік беру.
Əдістемелік нұсқау: Дəріс кешені жəне əдебиеттер кешені бойынша
дайындалу.
Дəрістің мазмұны:
1. Үлгілердің суретін сызу. Үлгінің сыртқы түрін сипаттау.
Тігін өнеркəсібінің əр бұйымына техникалық шарттар құрастырады.
Үлгілерге жасалынған техникалық шарттар қажетті құжат болып табылады.