Мәдениет және ақпарат министрінің


§2. Жүк көтергіш құрылғылар



жүктеу 1,75 Mb.
бет4/7
Дата17.11.2017
өлшемі1,75 Mb.
#1140
1   2   3   4   5   6   7
§2. Жүк көтергіш құрылғылар.
231. Жүк көтергіш көтерме құрылғыларда қолмен немесе электірқуатымен іске қосылатын жетектер қолданылады. Бұндай жетек көлденең кеңістік бетіне қондырылып және екі есе максималды жұмыс жүктемесін көтере алатындай болуы керек. Жетектер мен бағытбұрғыш шығырлар тұрақты (пайдалану) немесе монтаждау айналмалы бөліктерге (якорь – зәкірлерге) бекітілуге тиіс. Шынжырарқанды бұрғыштары бар ескі айналмалы бөлікткерді (якорь- зәкірлерді) пайдалануға тыйым салынады. Бірнеше аралары жақын орналасқан тіреулерге қызмет жасау үшін тиісті зәкір – қадаға шана немесе доңғалақпен қондырылған жылжымалы жүк көтергіштерді пайдалануға болады.

232. Электірлік жүк көтерменің электірқозғағышының белдігі мен барабан белдігінің бір бірімен жалғануы тісті және червякті беріліс арқылы жүзеге асырылуы керек. Қайысты және фрикциялық берілістегі, фрикциялық және жұдырықша муфталы жүк көтермелерін бірге пайдалануға жол берілмеуі керек.

233. Көтерме тетіктерінің рұқсат етілетін жарамдылығы осы механизмді пайдалану және орнату жөніндегі ережелер мен төлқұжаттарға сәйкес айқындалады.

234. Электіркөтерменің басқару пульті өзінен 3 м ұзамайтын қашықтықта орнатылуы керек. Электіркөтерменің басқару пультін электірқуатын беріп тұрған желіге пульттің сыртқы жағынан бекітілген, басқару түймесі «жабысып» қалған жағдайда тоқ көзінен шұғыл ажыратуға оңтайлы жерде ажыратқыш арқылы орнатқан дұрыс.

235. Электркөтермелердің барлық тоқ өткізбейтін бөліктері міндетті түрде жерге қосылуы керек.

236. Электіркөтермемен жүк көтеру барысында антеннаға жауапты діңгекші маманды көтеріп – түсіруге арналған бесікшені немесе антенна құрылғыларының шығыңқы бөліктеріне абайсыз соқтығу ықтималдығы болатын болса, сонымен қатар бесікшені көтеру жылдамдығы секундына 0,33 метрден асып кеткенде тартпалы шынжыр арқанның немесе (иілмелі не қатты) бұрғыштар орнату қажет. Иілмелі бұрғыштардың көлденең, еңкіш және тігінен орнатылулары мүмкін, ал олардың ұштары құрылғыларға берік орнатылуы керек. Діңгек құрылғысының бесікше шынжырбауларының немесе антенна төсеміне тимеуін ескерген жөн.

237. Діңгекшілерді жалғыз бағанды діңгектерге қол көтерме арқылы көтеріп түсіруге арналған бесікшелер қалыңдығы 50 миллиметр және мөлшері 600 x 300 миллиметр құрғақ шырша немесе емен тақтайларынан қоршаусыз –ақ жасала беріледі.

Бесікшені тақтайға бекіту үшін тақтайдың бұрыштарына шеттерінен 50 миллиметр шегініп диаметрі 7,7 – ден 8,7 миллиметрге дейінгі шынжырбау өтетіндей етіп төрт тесік жасалады. Шынжырбаудың ұштарын тақтайдың астымен қиғаштап 200 милиметрліклік ұзындықтан кемітпей және әрбір жағынан 5,5 - тен кемітпей шегелеп, өрме арқылы бекітеді. Айқастырғаннан кейін тақтайдың үстінен шынжырбаулардың әрқайсысының ұзындығы 1,2 метрден қалдырылып, көтерме жынжырбаумен тікелей шиеленіп түйілу арқылы бекітілуі керек. Көтерме шынжырбаудың ұшы үш қысқыш арқылы бекітіледі.

238. Бесікше мен каретканың (жылжыма бөлігі) бір біріне жалғасып бекіген тіркемесі қапыда ажырап кетпейтіндей болуы керек.

239. Адамдарды жоғары көтеру үшін қолданылатын әрбір шығыр, қапсырма немесе ілгек шығарушы зауыттың төлқұжаты мен белгілі тәртіпте бекіген сынақ хаттамасымен жасақталуы керек.

240. Атқарылатын жұмысқа қатысыжоқ болса электрмеханикалық жетек жүйесіндегі монтаждау шығырларының төлкелерін (втулка), электіркөтерменің көмегімен діңгекшілерді көтеріп және түсіруге ағаштан жасалған бесікшелерді, бесікшелерге кабель, түтік және басқа заттарды асып іліп қоюға рұқсат етілмейді

241. Таратушы аспаптар жұмыс істеп тұрғанда таратушы антенналарда көтерме құрылғыларының жұмыс шынжырлары болмауы керек. Бұндай жағдайларда щұғыл көтерме шынжырбаудың сақтығына арналған көтерме шығырдан смола жағылған жіп өткізілуі керек. Монтаждау немесе басқа жұмыс түрлері жүргізіліп жатқан антенналық құрылымдар осы жұмыс түрлері жүргізілетін мерзім бойына пайдаланудан шығарылуға тиіс.

242. Пайдалануға бермес бұрын, сонымен қатар әрбір он екі ай сайын (көктемде) барлық адамдар мен жүктерді АМС тіреулеріне көтеруге арналған көтерме құрылғылар мен олардың көмекші құралдары осы құрылғыларды пайдаланып отырған ұйымның құрамына антендік топтың жетекшісі мен антенші – діңгекші кіретін комиссиясы тексеріп, толық техникалық сипаттама құжаттары жасалуы керек.

Егер де тексеріс барысында қауіпті ақаулықтар анықталып жатса, онда көтерме құрылғы мен көмекші құралды пайдалануға рұқсат берілмейді.

Тексеріс және қарап шығу нәтижелері кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кесімге (акт) енгізіледі.

Адамдарды көтеруге арналған көтерме құрылғы статикалық салмақ арту арқылы сынақтан кейінгі 10 минөт ішінде құрылғының жүк көтеру қабілетінен 1,5 есе және динамикалық 10% -де пайдалануға бере беруге болады.

Жүк көтеруге арналған көтермелердің техникалық сипаттамасы бойынша талаптар осы Ереженің 16 –қосымшасында көрсетілген.

243. Көтерме құрылғылардың төменде көрсетілген жарақтары болуы керек:

1) мерзімдік тексеріс жорналы;

көтермелердің түрі, атқаратын жұмыс бағыты, шығарушы зауыт туралы мәлімет, шығарылған жылы, зауыттық нөмірі, көтеретін жүк салмағының мөлшері, тежегіш түрі, электірқозғағыш жөніндегі мәлімет, барабанның диаметрі, электірсымдарының электіржүйелік кестесі (электіржетекті көтермелер үшін).

2) бұғаттардың төлқұжаттары;

3) көтерме және бағыттаушы шынжырбаулардың, сонымен қатар шығырлардың бекітпе тартпаларының орналасқан орны көрсетілген қондырғылық сызбалары;

244. Діңгекші антен маманын қол жетекті көтермемен көтеру жұмыстарына екі арнайы үйретілген немесе құсқау алған қызметшілер жіберілуі керек. Электр жетекті көтермеге жалғыз адам қызмет көрсетеді. Көтермеге қызмет көрсететін мамандарға діңгекші антен маманы діңгекке шығып тұрғанда жұмыс орнын тастап кетуге тыйым салынады

245. Көтермеге шынжырбау көлденең жалғанған болса, ол электіркөтерменің барабанына жоғарыдан оралуы керек, ал қол көтерменің астынан оралуы керек.

246. Көтерменің электіржетегін басқару «Көтеру» немесе «Түсіру» әрекеттеріне арналған түймелерді нығарламай қол алмастан басу арқылы жүзеге асырылуы керек. Түймені босатқанда электіржетек тоқ көзінен ажыратылуға тиіс.

247. Мыналарға рұқсат етілмейді:

бесікшеден бұйрық бергенше адамдарды көтеріп – түсіру ( жүкті көтеріп – түсіруге бұйрықты тек бір ғана жауапты адам бере алады);

бесікшеде адам барында жөндеу жұмыстарын атқаруға немесе пультті тоқ көзінен ажыратуға;

шынжырбауды қолмен бұруға;

барабанға қарай бет алған шынжырбаудың үстінде тұруға;

көтерме жұмыс істеп тұрғанда тазалауға, майлауға немесе жөндеуге;

бесікшемен екі адамнан артық тасымалдауға;

қол көтермесінің храповикті дөңгелегінің ілгешегін ағытып қоюға.

248. Көтермен қауіпсіз аймаққа орнатылады.

249. Тіреуге әрбір көтерілген сайын:

жүк көтермесін қарап, храповикті механизмнің қалпын, тісті доңғалақтарды, көтерменің рама бекітпесін және раманың зәкір бекітпесін, ілгешектерін;

сақтандырып қою барысында көтерме шынжырбауларды қарап отыру керек.

Құрал қарау кезінде тоттанудан, сымдардың үзілуінен және ұшқындардан зақымдалуы мүмкін көтерме шынжырбаулардың жай – күйіне баса назар аудару керек.

250. Қол көтермелерін пайдаланғанда жүктің көтеру – түсіру жылдамдығын тек қана тұтқаның айналу жылдамдығын өзгерту арқылы реттеуге болады.


  1. Суытқыш құрылғыларға қызмет көрсету барысында қолданылатын қауіпсіздік талаптары


§ 1. Компрессорлық, сорғылық, желдеткі құрылғылар және ішкі, сытқы түтікті өткізгіш тораптар мен ауаөткізгіштер
251. Суытқыш құрылғыларға қызметжасау жұмыстарына электірқауіпсіздігі жөнінде ІІІ – тен кем емес санаттағы арнайы оқу мен білімін тексеруден өткен мамандар жіберіледі.

252. Радиоқондырғылардың уытқыш құрылғыларыныңқатарына: компрессорлық, сорғы, желдеткі құрылғылар, сыртқы және ішкі түтікті өткізгіш тораптар және ауаөткізгіштер, градирналар, бу конденсаторлары, суытатын әуіздер жатады.

253. Компрессорлық, сорғы, желдеткі құрылғылар мен көмекші құрлдарды барлық бұрандалар, қақпақтар, итерме жапқыштар өтуге арналған өткелдердің ендері 0,7 метрден кем болмауы керек.

254. Компрессорларға,сорғыларға және желдеткілерге, сонымен қатар агрегаттардың қимыл үстіндегі барлық ашық бөлшектеріне метал қаптамалар кигізіліп, қоршалуы керек және оларды жұмыс барысында қозғап, шешуге болмайды. Айналмалы бөліктерінің қаптамаларына тетіктердің айналу бағытын көрсететін белгілер салынып қойылуы керек. Электірқозғағыштардың орамаларының ұштары да қаптамалармен жабылып тұруы керек.

Моторлар мен желдеткілердің шуылын азайту мақсатында құрылғылар міндетті түрде үйлестіріліп, реттеліп және амортизаторларға орнатылулары керек; ауаөткізгіштер дыбысбәсеңдеткіш материалдармен жабдықталуға тиіс; желдеткі ұштарының ауаөткізіштерімен түйісетін жалғамалар брезенттен немесе резеңке түтіктерден жасалуы керек. Желдеткілер мен моторларды оқшауланған камераларда орналастыру қажет.Металдан жасалған ауа өткізгіштер жерге қосылуы керек.

255. Компрессорлар, желдеткілер мен сорғылар орналастырылған ғимаратжайлардың едендеріндегі барлық ашық саңылаулар, өткелшелер мен көпірлер 1 метрден кем емес биіктіктегі таяныш қанаттармен, қоршау табанының деңгейі мен ортадағы аралық элементбиіктігі 0,15 метр төмен емес жақтаумен қоршалуы керек. Алаңдардың едендері мен баспалдақтары беті бұдырланған құрыштан жасалуы керек.

256. Шамдарды суытқыш дербес ауаужелдеткілерін интегралды шуыл деңгейі рұқсат етілген нормалардан асып түскен жағдайда аппарат(шкап пен тұғырлар) бөлмелерінен сыртқа шығарылуға нұсқау беріледі және оларды міндетті түрде қаптап қою қажет. Желдеткілердің корпустары, олардың тоқүзерлері жерге қосылуы керек. Ауа беріп тұратын түтіктер шамдардың радиаторларына жанаспай орналастырылуы керек.

Басқа бөлмелерден қашықтан басқарып атыратын құрылғысы бар желдеткі агрегаттарды, сорғылардың электірмоторларын және компрессорларды апатты жағдайда шұғыл тоқтату мақсатында және алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті жерден тоқ көздерінен ажырататын тоқүзерлер орнатылуы керек.

257. Центрден тепкіш желдеткілердің ашық тесіктері көздерінің өлшемі 20 x 20 миллиметрлік металл торкөзімен қоршалуы тиіс.

258. Компрессорлардың,сорғылардың және желдеткілердің электірқозғағыштарын қолмен іске қосатын тетіктер орналасқан бөлмелердің едендерінде диэлектрикалық кілемшелер төселіп, ал ылғалды жайлардың едендері тұтас оқшаулау төсенішімен жабылуы қажет.

259. Компрессорларды, сорғыларды және желдеткілерді тазалау, сүрту және жөндеу жұмыстарын жүргізуге (оның ішінде бұрандаларды бекіту) агрегат жұмыс істеп тұрғанда тыйым салынады.

260. Компрессорларды, сорғылар мен желдеткілерді тазалап, жөндеу жұмыстарын жасағанда, оларды іске қосатын электірқозғағыштар тоқтан ажыратылуы керек; сорғылар мен компрессорлар жүйеден ағытылуы керек және олардың қысымдары түсірілуге тиіс. Резервтегі сорғы қосылып негізгі сорғымен қосарласа жұмыс істеп тұрса, жөндеу жұмыстарын жөндеуге жататын сорғының турбинасын тоқтату мақсатында шаралар қолданылғаннан кейін ғана бастаған жөн (сорғыш және итерме жапқылардың барлығын жауып қою керек).

261. Сүртуге арналған шүберектер компрессор және сорғы орналасқан бөлмелерде жабылатын темір жәшіктерде сақталуға тиіс.

262. Құбырлар мен ауа құбырларының бұрандалары мен жапқыштары ғимаратжайдың еденінен немесе қаіпсіз баспалдақтар мен арнайы алаңқайлардан тез қол жететін жерлерге орналастырылуы керек.

263. Құдықтар,тұйық бөлмелер (камералар), туннельдер жайларды кернеуі 12 Вольттан аспайтын тасымалы электіршамдарымен немесе жарылмау амалдары қарастырылған аккумуляторлық шамдармен жарықтандыру қажет

264. Құбырлардың барлық жұмыс түрлерін қысым келу жолдарын жапқы арматурамен тиянақтап бекітіп барыпқысымды түсіргесін ғана бастау керек. Жапқы арматураның сабына «Ашуға болмайды – жұмыс жүріп жатыр» деген ескертпе плакат ілінеді.

Ауа құбырын майдан өртеу арқылы тазалауға қатаң тыйым салынады.

265. Маңайында жұмыс жүргізіліп жатқан жабдықтың қозғалмалы және тоқ жүргізгіш бөліктері қоршалып немесе тоқ көзінен ажыратылуы керек.

266. Жүйені сынақтан өткізу барысында құбырларда қандай да болмасын жұмыс істеуге, сонымен қатар құбырларды қағуға рұқсат етілмейді.
11. Жұмыстардың жеке түрлерін атқару барысында қойылатын талаптар
§ 1. Жүкті тиеп-түсіру жұмыстары
267. Жүкті тиеп- түсіру жұмыстары арнайы бөлінген қатты да тегіс төсеніш үстінде атқарылады.

268. Жүкті тиеп – түсіру жұмыстарын көтергі – тасымал жабдықтарының (крандар, тиегіштер) және шағын механикалық құралдарының (шығырлар, жүк көтергіштер) көмегімен механикаландырылған әдіспен жүргізіледі.

269. Жүктің салмағы 20 килограммнанн асқан жағдайда, сонымен қатар жүкті 3 метрден жоғары көтеретін болғанда жүкті тиеп – түсіру механикалық әдіспен атқарылуы міндетті болмақ.

270. Жүкті тегіс және жазық кеңістік үстімен қолша тасу нормасының шегі жасы 18 – ден асқан ер адамдар үшін 20 килограммнан аспауы керек. Жүкті қолмен көтеру немесе тасу нормаларының шегі жасы 18 – ден асқан әйелдер үшін осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес болуы керек.

271. Трансформаторларды, мәшинелерді және басқа да ауыр салмақты жабдықтарды көтерер бұрын алдын ала арқандау (строповка) сызба – кестесі әзірленуі керек. Тростың шынжырбауы жабдықтың қаңқасына, рамасына немесе осы мақсатта қарастырылған тетіктерге (сақиналар, қапсырмалар) бекітілуі керек.

272. Ауырсалмақты жүктерді тегістік үстімен сырғыма құралдар көмегімен жылжытуға болады.

273. Сырғымалы құрылғылар арқылы жүкті тасымасбұрын жүк өтетін жолдарды барлық бөгде заттардан тазалап алған жөн.Сырғымалы құрылғылардың ұштарының жүк астынан шығу мөлшері 0,5 метрден аспауы керек. Жүк астына сырғымалы құрылғыларды сүймен (лом) немесе домкраттар арқылы жіберу керек. Жүктің аунап кетпесі үшін жүктің алдыңғы жағынан тиянақтап, қосымша сырғыма құрылғыларды пайдаланған жөн.

274. Жүктің өз салмағымен сырғанап немесе аударылып кетпеу үшін еңкіш тегістік бетінен жүкті түсіру барысында тежегіш құралдарды пайдалану қажет.

275. Бір орыннан екінші орынға ауыстырылып, көтеріліп немесе түсіріліп жатқан жүктің астында тұруға болмайды.

276. Бүкіл тиеу – түсіру жұмыстарын қолғап киіп, ал жүк көтергіш каскалармен атқарылатын жұмыстарды дулыға қалпақ киіп істеу керек.
§2. Биіктікте атқарылатын жұмыстар
277. Биіктікте атқарылатын жұмыстар арнайы құрылғылардың: баспалдақтар, тасымалы баспалдақтар және басқа да құралдар көмегімен істеледі. Кейбір жұмыс түрлерінің жағдайы мен жұмыс ерекшелігіне қарай басқа да түрлі құралдар қолданылуы мүмкін. Кездейсоқ тіреулерге, таяныштарға (жәшік, кірпіш)уақытша төсеніштер пайдалануға рұқсат етілмейді.

278. Ағаш баспалдақтар құрғақ бұтақтары, жарылған іздері жоқ қылқан жапырақты немесе қарағай тақтайларынан жасалады. Пайдаланылған тақтайлардың қалыңдығы 50 миллиметрден аспауы керек.

279. Баспалдақтардың бет тақтайшалары ені 1 метрден кем емес тегіс болуы керек, тақтайлар аралығындағы саңылаулар 5 миллиметрден аспауы керек. Тақтайлар жүктің ең ауыр салмақ мөлшерінде 20 мм көп майыспауы керек. Орнатылып жатқан құрылғылар мен төсеме шетінің аралығындағы қашықтық 50 мм – ден аспауы керек. Өңдеу жұмыстары жүргізілген кезде саңылау 150 миллиметрге тең болғаны жөн. (оның ішінде жұмыс жүргізілмейтін уақытта ағаш құрылғылар мен ғимарат аралығындағы саңылауларды жауып қойған дұрыс).

280. Баспалдақтардың таяныш тіреулері, жақтау тақтайлары және бір аралық көлденең элементі болуы керек. Таяныш тіреулерінің биіктігі 1 метр, шеттері – 0,15 метрден кем болмағаны жөн. Таяныш тіреулердің аралық алшақтығы 2 метрден аспауы керек.

Жақтау тақтайларын баспалдаққа орнатып, ал таяныш тіреулерін бағандардың ішкі жағынан бекіту керек. Ағаштан жасалған таяныш тіреулердің жаңқалары болмағаны жөн.

281. Электірқұрылғыларды жөндеу және басқа күтім қызметтерін көрсеткенде темір баспалдақтар мен сатыларды пайдалануға рұқсат етілмейді. Тасымалы баспалдақтар мен сатылар әбден құрғаған қылқан жапырақты бұтақсыз тақтайлардан жасалуы керек.Баспалдақтар мен сатылардың барлық бөлшектері әбден тазаланып, сүргшіленуі керек.

282. Баспалдақтардың және сатылардың басқыштары адырналарға кіріктіріліп жасалуы керек. Басқыштардың ара қашықтығы 0,25 метрден асып, 0,4 метрден кем болмауы керек.

283. Баспалдақтар мен сатылардың адырналары әрбір 2 метр сайын, сонымен қатар астыңғы және үстіңгі басқыштарымен қоса 8 миллиметрлік біріктіргіш бұрандалармен бекітілуі керек.

284. Сүйемелі сатымен жұмыс істегенде жұмыскер басып тұрған баспалдақ сатының ең жоғарғы ұшынан 1 метрдей қашықтықта болып, жұмыс істеуге ыңғайлы болғаны дұрыс.Сатының ұзындығы 5 метрден аспауы керек.

Сатының ұзындығы жеткіліксіз болған жағдайда тіреу құрылғыларын бөшкеден, жәшіктен жасауға тыйым салынады. Жиылмалы басқыш сатыларын негіздеу жазықтығынан 70-75 градус орнату керек. Сатының жоғарғы бөлігінде қосымша бекіткіш құралы қолданылмаса, 75 градустан артық бұрыштап орнатуға рұқсат етілмейді.

285. Жерге орнатылатын жылжымалы сатылардың төменгі бөліктерінде үшкір ұшты құрсаулары болуы керек. Ол сатыны жұмсақ және кедір-бұдырлы еденде (паркетті, плиталы, бетонды) қолданылатын болса, оған тайғанамайтын немесе резеңкеден башмақ кигізу керек. Қажет болған жағдайда сатылардың жоғарғы жағы ұштарында арнайы ілгегі болуы керек. Жиылмалы басқыш сатымен 1,3 метр артық биіктікте жұмыс істеген кезде, құрылғы конструкциясына немесе сатыға сақтандырғыш белдікті қолдану керек.

286. Алаңды басқыштар шошақ (пирамидалы) пішіндес, орнықты және жеңіл жылжытылатын болуы керек.

Дөңгелекті басқыш жұмыс істеу барысында дөңгелегінің қозғалуын болдырмау үшін, ілмекті құрылғымен жабдықталуы керек.

Биіктігі 1,0 метр және одан артық басқыштар алаңы қоршалуы керек (тірек, таяныш).

287. Қозғалмалы саты-басқыштардың жұмыс барысында өздігінен қозғалып кетуін болдырмайтын ілмекті құрылғысы болуы керек.

288. Биікте тұрып жиылмалы басқыш сатымен немесе басқышпен екінші бір сатыға немесе басқышқа ауысуға тыйым салынады.

289. Мынадай жағдайларда сатыда жұмыс істеуге рұқсат етілмейді:

тегершіктердің, белдіктердің және жүк тасушы құралдардың жанында және жұмыс істеп жүрген машиналардың астында;

биікте тұрып сымдарды және ауыр бөлшектерді сүйеу үшін механизделген саймандарды қолданып (саңылауды пневматикалық және электрлі балғаман тесу);

тасымалды электр сайманымен (құралымен).

Мұндай жұмыстардың орындалуы үшін тірегі бар арнайы сатылар немесе басқыштарды пайдалану керек.

290. Сатыда жасалатын жұмыстарға кіріспес бұрын оның орнықтылығын қамтамасыз етіп, содан кейін тексеру және сынап көру арқылы тайғанап және абайсызда қозғалып кетпейтініне көз жеткізу керек.

291. Егер сатының жоғарғы жағын мықтап бекіту мүмкін болмаса, сондай-ақ оның металды ұшы немесе резеңке башмағына қарамастан, адам көп жүрген жерде сатының абайсызда құлап кетуі мүмкіндігін ескерту қиын болған жағдайда, сатыны екінші бір жұмыскер демеп тұруы керек.

292. Биіктегі жұмыстар үшін саты шабақтарының аралық бөлігіне арнайы төсеулер құрылуы керек.

293. Ағаш сатылар мен басқыштарды тексерген кезде, ағаштың жағдайына ағаштың қаттылығына, оның техникалық талаптарға сай екендігіне назар аудару керек.

Баспалдақтар мен адырналардың тақтайларында ұзына бойлай түскен жарықшақтардың ұзындығы 100 миллиметрден және тереңдігі 5 миллиметрден аспауы керек. Сонымен бірге, жарықшақтардың орналасу орны мен бағыты адырналар мен баспалдақтардың осал тартуына әкеп тіремеуін қадағалаған жөн. Жарықшақтар мен шытынап сынған жерлерді сылап,желімдеп немесе басқа жолмен бітеуге рұқсат етілмейді.

Көлденең түскен жарықшақтарға жол берілмейді.

Баспалдақтар мен сатылардың металдан жасалған тетіктерінің жарығы, қабыршақтары және өткір бұрыштары болмауы керек.

Адырнаның төменгі тіреуіш бөліктері мен шығып тұрған сүйеулер жіті тексеріліп отыруы керек. Сүйеулер адырнаға тығыз бекітіліп және арасында ешқандай да саңылау болуға жол берілмеуі керек. Резеңке тетіктері тозығы жеткенде ауыстырылып, ал мұқалған кертіктер қайралып отыру керек.

294. Баспалдақтар мен сатыларды жаңадан жасап немесе толық жөндеуден өткізгеннен кейін жай тұрғанда 150 килограмм/сантиметр, ал пайдалану барысында 120 килограмм/сантиметр статикалық салмақпен сынақтан өткізіледі. Аталған жүк 20 минөтке қабырғаға немесе құрылғыға сүйеп қойған баспалдак немесе сатының тиянақталмаған жазықтыққа 75 градус қатысты етіп орта тұсына салынып, сыналады. Жүкті түсіргеннен кейін баспалдақтарда және олардың адырнаға кіріктірген тұстарында ақаулар болмауы керек.

295. Егер сатының баспалдақтары біріктірілген қос иінінде де болса, бірінші иінін сынаған тәсілмен екінші иінді де сынау керек.

296. Кәсіпорын ағаш баспалдақтар мен сатылардың мерзімдік сынақ мезгілдерін пайдалану жиілігіне сәйкес, бірақ алты айда бір реттен кем емес етіп белгілейді.

297. Сынақ барысы кәсіпорынның техникалық басшысы бекіткен кесім арқылы рәсімделіп, арнайы жорналға тіркеледі. Баспалдақтардың (сатылардың) кезекті сынақ мерзімі адырналарға жазылады.

298. Әрбір пайдаланымдағы баспалдақ пен сатыға (мүліктік) инвентарлық нөмір қойылады. Бұл нөмір, сонымен қатар қай цехқа, ушәскеге жататыны көрсетіліп, адырналарға белгіленеді.



12. Электрқұралмен, электрлі қол машиналармен және электрлі қол шырақтармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік шаралары
299. Электрқұралдары және электрлі қол машиналары талаптарына лайық болуы керек. Тоққа түсу қаупі өте жоғары ғимараттар мен олардың сырттарына электр құралымен және 1-кластық электрлі қол машиналарымен жұмыс істеуге электр қауіпсіздігі жөнінен ІІ –ден төмен емес санат дәрежесі бар қызметкерге ғана беріледі.

Қосымша жабдықтау бөлшегін (трансформатор, жиілікті түрлендіруші аспап, қорғамалы тоқтан ажыратқыш құрылғы) торапқа (желіге) қосу немесе ажырату жұмысын электр қауіпсіздігі жөнінен ІІІ –тен төмен емес санаты бар маман жүзеге асыра алады.

300. Электр тоғымен зақымдалу қаупінің дәрежесін бақылайтын ғимарат категориясына қарай, электр құралдары мен электрлі қол машиналарының бірнеше түрлі кластары төмендегідей ретпен қолданылады:

1-класты машина-өндіріс жағдайларын жұрыс пайдалануда (құрылыс монтажды жұмыстардың дайындығы мен өндірілуінен басқа). Жұмыс істегенде 1-класты электр құралы мен электрлі қол машинасын жеке қорғаныс құралдарымен пайдалану керек;Егер машина мен құралдың біреуі ажыратушы трансформатордан қуат алса, оларды қорғаныс құралдарынсыз пайдалануға болады;

2-класты машина-құрылыс – монтажды жұмыстарды өндіру және дайындау жағдайынан тыс, 2-кластық электр машиналары мен құралдарды пайдаланып жұмыс істегенде, аталған құралдарды пайдалану қажет болған жағдайда, жеке қорғаныс құралын қолданбауға болады;

3-класты машина-қолайлы емес жұмыс жағдайлары болған кезде, (ауыспалылығы шектеулі ыдыстарда, аппараттарда және басқа да металды ыдыстарда) құрылыс-монтажды жұмыстарын дайындау мен өндіру барысындағы қауіпті жағдайларда.

Құрылыс-монтажды жұмыстарын дайындау және өндіру барысындағы мұндай жағдайларды 2-кластық электрлі қол машиналары мен құралдарын қолдануда жеке қорғаныс құралы қажеттілік етеді.

3-кластық электрлі қол машинасы мен құрал болмаған жағдайда, электршаруашылығына жауапты маман 1-2-кластық машина мен құралды пайдалануға рұқсат бере алады. Бірақ, рұқсатты беру үшін, машина немесе құралдың біреуі ғана автономды қозғалтқыш генераторының қондырғысынан, ажырытқыш трансформаторынан немесе бөлек ораулары түрлендіргіштен және қорғамалы тоқтан ажырату құрылғысынан қуат алуы керек.

Жұмыс оқшаулағышы және қосылғыш элементі бар өнімдер 1-кластың қатарына жатады.

Қос оқшауланғышы және жерге қосыла алмайтын элементі бар өнімдер 2-кластың қатарына кіреді.

Кернеуі іштей және сырттай тоқ кернеуі 42 Вольттан жоғары электр тізбегі жоқ өнімдер, 3-кластың қатарына кіреді.

301. Электр құралды торапқа қосу үшін, 1,5 шаршы миллиметрден кем емес желі қимасы бар немесе шлангі сымы қолданылуы керек. Ондай тоқ сымы болмаған жағдайда, резеңке шлангінің ішіне салынған, 500 Вольттан төмен емес кернеуден ажыратыла алатын ПРГ иілгіш тоқ өткізгіш сымын қолдануға рұқсат етіледі.

Кабель сымдарының сырты электр құралына енгізіліп және олардыңсынбауы мен қажалмауы үшін мықтап бекітілуі керек.

302. Электрқұралдың корпусын жерге қосу жұмысы бір мезгілде жұмыс кернеуіндегі тоқ өткізгіштік қызметін атқара алмайтын, қуат алушы сымның арнайы желісі арқылы орындалады. Бұл мақсатқа нөлдік тұйықтықтағы қорғамалы тоқ өткізгіш сымын қолдануға тыйым салынады. Осыған байланысты үш фазалы электр құралдың қуаттануы үшін төртжелілі сым, ал бір фазалыға-үшжелілі шлангі сым қолданылуы керек.

Шлангімен тоқ өткізгіш сымы лайықты жұмыстың түйілісі мен жерге қосу құралы бар, штепсельді айырдың соңына жабдықталуы керек.

«Айыр» аспабының жерге қосылу түйілісінің тоққа ерте қосылуы мен кештетіп ажыратылуын қамтамасыз етуі керек. Ондай штепсельді жалғаулар болмаса, құралды жерге қосу үшін құралдың корпусына арнайы жерге қосу қысқышымен жалғанған, 4 шаршы миллиметрден кем емес қималы, жалаңаш мыс сымды пайдалануға рұқсат беріледі.

303. Электрқұралы күші азайған трансформатордан қуат алған жағдайда, құралдың сыртының жерге қосылуы күші азайған трансформатордың жерге қосу қысқышынан, қуат алушы шлангілі тоқ өткізгіштің жерге қосатын желісіне жалғануы арқылы жүзеге асырылады. Электрқұралдың қуат алуы үшін автотрансформаторларды қолдануға тыйым салынады.

304. Электрлі қол машиналары, қол шырақтары және электрқұралымен жұмыс істеудің алдында не өндірілуі керек:

қозғағыштардың берік және жинақы бекітілгенін тексеру;

іштей қарау жүргізу арқылы кабельдің дұрыстығын, оның қорғамалы тұрбасын және штепсельді айырын, корпустың оқшаулағыш қозғалтқышының бүтіндігінтұтқалар мен электр сақинасының шатырын тексеру;

қорғамалы қаптаманың барлығы мен оның дұрыстығын тексеру;

тоқ үзердің анықтылығын тексеру;

бос жүрістегі жұмысты тексеру.

1-класты машиналардың, әсіресе, жерге қосылған тізбектердің дұрыс екенін тексеру /машинаның корпусы мен жерге қосылу байланысының штепсельді айырларының аралығында/.

Электрлі қол машианалары, қол шырақтары, электрқұралдың және оның қосымша жабдықтарының ақауы болса, жұмысқа пайдаланылуға беруге тыйым салынады.

305. Электрқұралы мен электрлі қол машиналарын пайдаланатын мамандарға тыйым салынатын жағдайлар:



электрқұралды және электрлі қол машиналарын аз уақытқа болса да маман емес адамға беруге;

электрқұрал мен электрлі қол машинасын бөлшектеп, өзіндік жөндеу жұмыстарын жүргізуге (солармен бірге тоқ өткізгіш сымдарды, штепсель жалғанған жерлерд);

электрлі қол машинасы мен электрқұралдың сымынан немесе айналмалы өткір құралынан ұстануға;

электрлі тоқ машинасы әбден тоқтағанша, үгінділер мен жоңқаларды қолмен жинауға;

жиылмалы басқыш сатыдан жұмыс істеуге; ол үшін мықты ағаштар немесе төсеме тақта құрылуы керек;



электрлі қол машинасы мен электрқұралды бақылаусыз және электр торабына қосылған күйі қалдыруға;

барабанның ішіне қазанды, металды резервуарларды, тасымалды трансформаторлар мен жиілікті түрлендірушіні.



306. Электрқұрал инвентарлы нөмірге алынып және құрғақ, жылы ғимарат ішіндегі шкаптың ішінде немесе сөреде сақталуы керек.

307. Электрқұралды тексергенде:

электрқұралдың қозғағышы мен торабын бекітетін бұрандалардың тартылғанын;



тоқ өткізгіш сымның жағдайын (желінің сынған және ажыратылған жеріндегі ішкі зақымдалудың жоқтығын).

308. Электрлі қол шырақтары асып қоятын рефлекторы және ілмегі бар сақтандырғыш торымен жабдықталуы керек. Ол сақтандырғыш торы бұранданың тұтқасына бұрауыштың көмегімен алынатындай етіп бекітілуі керек.

Шырақтардың тоқ өткізгіш сымына жалғану талаптары электрқұралдың жалғану талаптарымен бірдей.

309. Қауіптілігі жоғары ғимараттардағы жұмыс барысында, кернеуі 42 Вольттан жоғары емес электрлі қол шырақтары қолданылады. Ал өте қауіпті әрі қолайлы емес жағдайларда кернеуі 12 Вольттан жоғары емес қол шырақтары пайдаланылу керек.

Кернеуі 42 Вольтқа дейінгі шырақтардың қуат алуы үшін төмендетілген трансформаторлар, машиналық түрлендіргіштер, генераторлар мен аккумуляторлық батареялар керек.



Төмендетілген трансформаторды қолдану барысында кернеуі 42 Вольттан төмен ораудың соңы жерге қосылуы керек, ал трансформатордың қуат алатын бірінші жағынан тоқтың қысқа тұйықталуынан сақтайтын лайықты сақтандырғыш орнатылуы керек.

Көрсетілген нысаналарға автотрансформаторларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

310. Керенеуі 42 Вольтқа дейінгі штепсельді розетка желісі кернеуі 127 немесе 220 Вольтты розетка желісінен құрылысы бойынша ерекшеленуі керек. Қол шырақтардың айырлары (жалғаулары) кернеуі 127 немесе 220 Вольтты желіге қосылып кету мүмкіндігін жібермеуі керек.

311. Электрқұралы мен электрлі қол шырақтарын сақтау және дұрыстығына бақылау жасаушы маман электрқауіпсіздігі жөнінде ІІІ-тен төмен емес санат дәрежесі бар, ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған тұлға болуы керек.

312. Корпуста тұйықталудың, жерге қосылған желінің немесе сымдардың үзілген жерінің, электрқұралы мен электрлі қол шырақтарында оқшаулаушы кедергінің жоқ екендігі айына бір рет кернеуі 500 В мегомметрмен тексеріледі.

313. Корпустың іші мен сыртындағы металды қозғағыштарға қатысты электрқұралдың тоқ жүріп тұрған кабелі мен орауындағы оқшаулау кедергі 0,5 Мом кем емес, 2-кластық өнімдер үшін –

2 МОм; күрделі жөндеуден кейін: жұмыстан оқшаулаушы кернеу астындағы қозғағыштар кедергісі- 2 МОм, қосымша үшін- 5 МОм, күшейтілген оқшауланғыш үшін- 7 МОм.

Төмендетілген трансформаторлардың оқшаулау кедергісі бірінші және екінші ораулардың аралығында және ораулар мен корпустың әр бөліктері ааралығында өлшенеді. Сынау мерзімі алты айда бір рет жүргізіледі.



жүктеу 1,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау