2.3Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері: Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясын; білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейін; жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті; тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді; бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды; білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды; тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым-қатынасын; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін; табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен,
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған. Глоссарий Азаматтық-патриоттық, құқықтық және көпмәдениетті тәрбие 19 гуманизмге, қазақ халқының тілін, тарихы мен әдет-ғұрпын құрметтеуге және сүюге, оның озық дәстүрлерін сақтауға, дамытуға, Қазақстандағы басқа да халықтардың мәдениетін зерделеуге, қабылдауға және меңгеруге негізделген азаматтық ұстаным мен патриоттық сананы, құқықтық және саяси мәдениетті, дамыған ұлттық өзіндік сананы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, әлеуметтік және діни толеранттықты қалыптастыруы тиіс.
Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, балалар мен жастар ортасында құқыққа қайшы көріністерге қарсы тұру даярлығын қалыптастыру зор маңызға ие болуда. Ақпараттық мәдениет – адамның жалпы мәдениетін құраушылардың бірі; дәстүрлі, сондай-ақ жаңа ақпараттық технологияларды қолданып жеке ақпараттық қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыру бойынша мақсатты дербес қызметті қамтамасыз ететін ақпараттық дүниетанымның және білім мен білік жүйесінің жиынтығы. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаты адамда психикалық тұрақтылық пен кәсіби қызметінде тиімді қажеттерді қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын, жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастыру
. Оның құрамдасына профилактикалық білім беру кіреді. Діни секта – негізгі діни бағыттан бөлінген және оған қарсы тұратын діни топ. Еңбек және экономикалық тәрбие балаларда, жасөспірімдер мен жастарда өзіне өзі қызмет ету білігін және дағдысын, еңбек іс-әрекетінің әр түріне жауапты және шығармашылық қарым-қатынасын, ұжымда, топта жұмыс істеу біліктілігін; адамның өз әрекетінің мәнін және салдарын дұрыс бағалап, қажетті ресурстарды пайдаланып, олардың шынайы әсерін күшейте отырып, белсенді және жауапкершілікпен әрекет етуді, яғни жаңа өндірісті және қоғамды құру біліктілігін қалыптастыруды көздейді. Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл уақыт өте келе өзгеріске ұшырамайтын және адамдардың белгілі бір шектеулі тобы (әлеуметтік топ, таптар, партия, мемлекет немесе мемлекеттердің коалициялары) үшін емес, барша адамзат үшін маңызды абсолют құндылықтар
. Бұл құндылықтар халықтың барлығына тән, ішкі мәні терең және сыртқы моральдық ережелер емес, тура ішкі іс-тәжірибе нысаны ретінде қабылданады, яғни олардың негізінде адамның ар-намысы махаббат, шынайылық, жайлылық, парыз, күштемеу, қайырымдылық, рақымшылықты нақтылы түрде көрсетеді. Жалпыадамзаттық құндылықтар мәңгі, тарихи тұрғыдан шектелмеген рухани табиғатқа ие, әлеуметтік, саяси, ұлттық, ғылыми, тұлғалық және басқа құндылықтар жүйесінің өзгермелі инварианты болып табылады, әр адамда және материалдық әлемде барынша қалыптасады. Олар барлық адамдар үшін эталон, үлгі болып саналады, оларды дамытуға педагогикалық процесс бағытталған. Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалып- 20 тастыруы.
Өзін-өзі тану адамға қоршаған әлемді түсінуге және өзінің сондағы орнын сезінуге, өмірлік ұстанымын анықтауға, қоршаған әлемге көзқарасын жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан жүйелеуге көмектесуі тиіс. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өзектендіруіне, оның қабілеттері мен әлеуеттік мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қажетті шарт болып табылады. Адам, сонымен өзін-өзі тануының нәтижесінде толысу сезімін, өмір қуанышын, оның мәнісін сезіне отырып тұлғалық өсу мен өзін-өзі жетілдіру қабілетіне ие болады. Зияткерлік мәдениетті дамыту білім алушылардың белсенді ойлау қызметін дамытуды, олардың санасын шынайы, қарапайым біліммен байытуды, ойлау қабілетін дамытуды көздейді.
Кәсіби-шығармашылық тәрбие кәсіптік және тұлғалық маңызды негізгі құзыреттіліктерді (арнайы, бейіндік, коммуникативтік, әлеуметтік, зияткерлік, ақпараттық, дербес) және оның басқа түрлерін қалыптастыруды, білім алушыларды кәсіптік қауымдастықтың дәстүрлері мен құндылықтарына бейімдеуді, кәсіптік этика нормаларын ұстануды көздейді. Коммуникативтік мәдениет қалыптастыру мінез-құлық ұстанымдарын анықтайды, құндылықтар жүйесін, нормаларын көрсетеді және шығармашылық қызметте өзінің дербестігін көрсету үшін қарым-қатынас жасау, байланыстарды орнату, дамыту, өзара келісу, жолға қою және түзету енгізуге көмектеседі.
Отбасылық тәрбиенің айқындауыш буыны адамгершілік, рухани және гуманистік құндылықтар тәрбиесі басым адамдар арасында эмоциялық және тиімді қарым-қатынастардың әлеуметтік-тарихи тәжірибесін табыстау болып табылады. Балалар мен жастардың әлемдік және ұлттық мәдениеті, дәстүрлері мен барша қазақстандық қоғам қажеттіліктері негізінде құрылған жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануы алдыңғы кезекте тұрады.
Рухани-адамгершілік тәрбие қоғам өмірінің нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген тұлғаның өзіндік санасын дамыту, этикалық ұстанымдары мен оның моральдық қасиеттерін және мақсатын қалыптастыру үшін жағдай туғызуды көздейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының мүмкіндіктері, оның қызметінің ерекшеліктері, адамның дене, психикалық және рухани денсаулығының өзара байланысы туралы түсінік беретін ағарту жұмысында ғана емес, сол сияқты тәрбиеленушілерді түрлі спорт түрлеріне тікелей баулу арқылы да жүзеге асырылуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – сыбайлас жемқорлықты көпшілік айыптауы көрсететін құндылықтар жүйесі; сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік қатынасты көрсетеді, «адалдық пен сатылмау – жүріс-тұрыс нормасы» берік азаматтық ұстанымды білдіреді. Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі.
Бұл арнайы 21 ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекеті.
Тұлғаның әлеуметтік-маңызды және жеке қасиеттерін, ерекшеліктерін қалыптастыру (әлеуметтік бейімділік, әлеуметтік белсенділік, әлеуметтік тұрақтылық) әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінде мінезқұлықтың өз стилін, шығармашылығын және дербестігін дамытуды, қоғамда болып жатқан өзгерістерге жылдам және тәнік (адекватты) әрекет етуді, белсенді өмірлік ұстанымы болуын көздейді.
Экологиялық тәрбие адамның бойында табиғатқа деген этикалық көзқарастардың және қарым-қатынас этикасының пайда болуын және қалыптасуын, табиғат ресурстарының жай-күйіне жеке жауапкершілік сезімі мен адамдардың олармен орынды әрекеттесуін тәрбиелеуді көздейді.
Экологиялық тәрбиенің негізі, ең алдымен, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын сақтауды, елдегі экологиялық жағдай туралы халықтың хабардарлығын қамтамасыз ету болып табылады. Эстетикалық тәрбие сұлулық, көркем мәдениет, дәуірлер мен халықтардың көркем құндылықтары, ұлттық және жалпыадамзаттық призма арқылы адамгершілік-рухани құндылықтар қалыптастыруды көздейді.
Өнер құралдарының көмегімен дамудың қазіргі кезеңінде өзіндік санасы жаңа, анағұрлым жоғары деңгейдегі, тұжырымдамалы ойлауға, әлемді тұтас көре білуге, өзінің шығармашылық қызметінде ол туралы құндылықты түсініктерді іске асыруға, ұжымда өмір сүру білігіне, әлем мәдениетімен және адамдармен қарым-қатынаста өзін көрсете білуге қабілетті адам қалыпта
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ешенді тәрбие бағдарламасын әзірлеудің өзектілігі өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауымен келісілген. Бұл, ең алдымен, елің мен оның жетістіктері үшін мақтаныш. Мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап өз Отанына деген махаббат, елі үшін жауапкершілік, халқының құндылықтары мен дәстүрлерін сақтау сезімін қалыптастырудың маңызы зор.
Ел Президентінің қазақстандықтарды күшті де өркендеген ұлт ретінде көргісі келетін тілегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік өзіндік теңестіру проблемасы келешекте оның әлеуметтік бейімделуін арттыру жолдары ретінде көтерілген.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту —
Қазақстан дамуының басты бағыты» халыққа Жолдауында, негізі әлеуметтік-экономикалық жаңғырту болып табылатын, біздің мемлекетіміздің басты он бағыт бойынша одан ары дамуының басым міндеттері анықталды.
Жолдауда Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі туралы жеке айтылған. Білім беруде өскелең ұрпақты ересек өмірге даярлау процесінде ең алдымен оқытудың тәрбиелік компонентін күшейту қажет. Патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық сияқты құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту қажеттілігін тудыратын көптеген құндылық бағдарларының маңыздылығына ықпал еткен ірі әлеуметтік-саяси өзгерістермен атап өтілді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жаңа ұлттық пайымдау ұсынылды: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін тұғырнамасы болуы тиіс.
Қазақстан әлемдік қауымдастықта экономикалық әлеуеті мықты ел
ретінде танылды. Алда осы әлеуетті барынша тиімді түрде іске қосу және экономиканың жоғары қарқынмен дамуы негізінде қалың бұқара топтарының әл-ауқатын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
Білім беруде оқыту мен дамытудың ортақ процесіне кіріктірілген педагогикалық қызметтің органикалық құрамдасы болуы тиіс тәрбиеге басымдық беріледі.Осыған байланысты тұлғаны қалыптастыру проблемасының кешенді әзірлігі, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін барынша толық іске асыру мүмкіндігін іздестіру – Қазақстанда педагогика ғылымы дамуының магистралды бағыты болып табылады.
Осының барлығы қоғамның жаңа тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру қажеттілігін ескереді. Қазақстанда тәрбие қызметінің нормативтік негізін құрайтын құжаттар әзірленді. Алайда, ұлттық және жалпыхалықтық мәдени құндылықтарда тәрбиеленген тұлғаның әлеуетті бейнесі қалыптаспаған және нормативті бекітілмеген.
Бағдарлама білім жүйесінің маңызды мақсатын шешуге жақындатады:
оның тәрбиелік әлеуетін арттырады. Оның ерекшелігі сол, онда оқыту процесіне жүйелі және бірізді енгізу тиімді болып саналатын қазақ халқының мәдени мұрасын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды пайдалануға назар аударылған.
Бағдарлама позитивті, жасампаз көзқарасы оның жауапкершілік
сезімінен, Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне бағытталған саналы таңдау жасауға және өздігінен шешім қабылдауға қабілетті азамат тәрбиелеуді, сол сияқты берік адамгершілік негізі бар, үнемі жетілу үстіндегі тұлға қалыптастыруды көздейді.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын ұзақ мерзімді іске асырудың іс-шаралар Жоспары, сол сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалар:
— «Қазақстан – 2050 Стратегиясы»;
— «Қазақстан – 2030 Стратегиясы»;
— Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;
Тұжырымдамасы мазмұнына кіргізілген іс-шаралар енгізілетін болады
Білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін іске асыру білім беру мекемесінде қолайлы тәрбиелік орта құру, тұтас тәрбие жүйесін реттеу және мектеп түлектерінің өмірде өз тағдырына жауапты болу даярлық деңгейін сапалы түрде арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асырудың соңғы нәтижесі жастардың ұлттық және жалпыхалықтық құндылықтарда тәрбиелік деңгейі өсуінің оң динамикасын, балалар мен жастардың әлеуметтік және еңбек белсенділігінің артуын болжайды.
Бағдарламаны әзірлеу тұрғысының негізіне ҚР Білім және ғылым министрінің №227 Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие Тұжырымдамасы алынды.
Кешенді бағдарлама өзінің мақсаттары мен міндеттеріне, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде тәрбие процесінің мазмұны мен ұйымдастыруының жаңаруына сәйкес білім беру ұйымдарының барлық түрлері үшін тәрбие бағдарламаларын әзірлеу мен енгізуіне негіз болуы тиіс.
. Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастар тәрбиесінің қазіргі жағдайына талдау
Елдегі білім беру жүйесінің соңғы жылдардағы дамуы мемлекеттік саясатта басым бағыттардың бірі болды.
Қоғамдағы оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Гумандық мұраттар принципі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар идеялары іске асырылуда. Қазақстандық патриотизм, азаматтылық, руханилық ұғымдарының саяси және адамгершілік мәнін, гуманды-бағдарланған, әлеуметтік-белсенді, үйлесімді-дамыған тұлға қалыптасуын пайымдау процесі басталды. Жалпықазақстандық менталитет, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерді ескере отыра, ұлттың интеллектуалды, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңарту үшін жағдай жасалуда.
Қазақстан Республикасы Конституциясы, бала құқықтары туралы Конвенция ережелері іске асырылуда, халықаралық заңнама ескерілген, оқыту және тәрбие мәселелерін реттейтін: «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы» заң шығару құжаттары үнемі жетілдірілуде, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы қабылданды.
«Атамекен», «Балбөбек», «Дәстүр», «Гражданин», «Кәусар бұлақ», «Люби и знай свой край» және тағы басқа адамгершілік идеалдарды тәрбиелеуге, патриот-адам азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мәдениетке, әлемдік құндылықтарға бағдарланған бағдарламалар табысты түрде іске асырылуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 2010-2014 жылдарға арналған отандық «Балапан» бағдарламасы әзірленді және қабылданды. Бағдарламаны іске асыруда 2012 жылдың 1 қаңтарындағы дерек қорытындысы бойынша елде 587 мың бала баратын 8096 мектепке дейінгі ұйым (2748 бала бақша, 5348 шағын орталық) жұмыс істеуде.
, таным, денсаулық, шығармашылық және социум сияқты 5 білім беру саласынан тұратын жаңа буын стандарты енгізілді.
Қазақстандағы балалар қозғалысы дамуының оң динамикасы байқалады: 1754 балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктеріне 1 миллионнан артық оқушы қамтылған. 1609 патриоттық клубтарда 60 000-нан астам балалар мен жасөспірімдер айналысады.
2011-2012 оқу жылынан бастап елдің барлық мектептерінде республикалық қоғамдық бірлестік – «Жас Ұлан – бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» құрылды және жұмысын бастады.
Әскери-патриоттық, әскери-спорттық клубтар мен орталықтардың жұмысы жанданды. Тәрбие және бос уақыттағы қызмет орталықтары құрылуда, шығармашылықпен ойлауға қабілетті, технологиялық, ақпараттық, экологиялық, эстетикалық, дене мәдениеті бар рухани дүниесі бай, адамгершілікті, бәсекеге қабілетті және белсенді тұлға қалыптастыру бойынша жұмыс жандануда.
Қосымша білім беру – тәрбие мазмұнының маңызды компоненті болып табылады, мектептердегі білім алушылардың жалпы санының 21,6% қамтылған,
Елде болып жатқан маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, жаһандану процесі балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу саласында басқа проблемаларды шиеленістірді. Атап айтсақ: балалар мен оқушы жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы; өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның бір субъектісі деген түсінігінің қалыптаспауы; бірқатар ұлттық және мәдени дәстүрлердің ұмыт болуы; денсаулық мәдениеті және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі. Осыған социум бөлігінің рухани және адамгершілік жұтаңдануын; отбасының тәрбиелік ықпалының төмендеуін; әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, оқушы жастар арасында нашақорлықтың кең таралу проблемаларын қосу қажет. Балалар мен жастар зорлық, қылмыс, жезөкшелік, нашақорлық және т.б. насихатталатын жағымсыз ақпараттарды толассыз қабылдауда. Тәрбие жұмысында этникалық фактордың, қазіргі діни ахуалдың және т.б. өсіп келе жатқан рөлі үнемі ескеріле бермейді. Сонымен қатар, тәрбие бағдарламалары мен технологияларын жаңа тұрғыдан іске асыруда енгізу механизмдерінің толық өңделмегендігі, педагогикалық және жетекші кадрлардың жаңа жағдайдағы тәрбие жұмысына жеткілікті даяр еместігі байқалады.
4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
Мақсаты: Білім алушылардың патриоттық және азаматтық сана, адамгершілік, толеранттылық, жалпы мәдени, салауатты өмір салты, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыруға бағдарланғанұлттық тәрбиежүйесін дамыту және жаңғырту
Міндеттері:
1. Білім беру ұйымдарында тәрбие жүйесін дамытуға қажет қазақ халқының ұлттық, отандық және әлем мәдениеті құндылықтарына негізделген нормативтік базасын жетілдіру.
2. Білім беру ұйымдары білім алушыларын тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы басымдықтары контексінде өскелең ұрпаққа тіршілік әрекетінің барлық сферасында өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін тәрбиенің басты бағыттарының мазмұнын (ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, еңбек, эстетикалық және т.б.) анықтаудың ғылыми-теориялық және әдістемелік базасын әзірлеу.
3. Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар
Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын қалыптастыру және дамыту.
4. Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдение —
тін қалыптастыру.
5. Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,
қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.
6.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да
құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.
7. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету.
8. Тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда тәрбие саласында инновациялық іс-әрекетті ынталандыру, жаңа тұрғыларды енгізу механизмдерін әзірлеу.
9. Педагогикалық және тәрбие жұмыстары жетекші қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес арттыру. Тәрбие саласында ғылыми кадрларды даярлау.
7.Тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері
Тәрбие принциптері – адам тәрбиесіне негіз болатын идеялар немесе құндылықты тұғырларды, қоғам дамуының деңгейін, оның тұлғаның нақты типін жаңғырту, тәрбие процесінің мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру қажеттілігі мен талаптарды көрсетеді.
Бағдарламаны іске асыру қағидалары мен маңызды ережелері – міндетті түрде сақталуы тиіс принциптер:
Тәрбиенің табиғи сәйкестілік принципі тәрбие табиғи және әлеуметтікмәдени процестердің өзара байланысын ғылыми деңгейде түсінуіне, табиғат және адам дамуының ортақ заңдарымен келісілуіне, онда өзіндік дамуы үшін, өзінің әрекеті мен мінез-құлқының экологиялық салдарлары үшін жауапкершілігін және балаларда жеке басының және жас ерекшеліктерін ескере отыра тәрбиелеу қажеттілігін қалыптастыруына негізделуі тиіс.
Тәрбиенің мәдени-сәйкестілік принципі тәрбиенің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделе және этникалық мәдениет дәстүрлері, нормалары мен аймақтық ерекшеліктеріне сәйкестікте құрылу, адамды этностың, қоғамның, тұтас әлемнің мәдениетіне қатыстырылу тиістігін болжайды.
Тәрбиенің гуманды-бағыттылық принципі адам тұлғасына гуманды қарым-қатынас жасауды, оның құқықтары мен еркіндігін құрметтеуді, тәрбиеленушінің дене, әлеуметтік және психикалық денсаулығы туралы қамқорлықты болжайды.
Тәрбиенің мақсаттылық принципі тұлға қалыптасуы мен дамуының әрбір сатысында мақсаттың айқындығын, социум қажеттілігін ескеруді, тәрбие жұмысының мазмұны мен түрін тиімді таңдауды талап етеді.
Тәрбиенің қоғамдық бағыттылық принципі тәрбиеленушілердің Конституция және мемлекет заңдарын құрметтеуді тәрбиелеуге бағытталған азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруды болжайды.
Тәрбиенің өмірмен және еңбекпен байланыс принципі тәрбиеленушілердің адамдардың қоғамдық және еңбек өмірімен кеңінен танысуын және оларды түрлі қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырылуын көздейді.
Тұлғалық көзқарас принципі тәрбиеленушілердің жас, жеке, тұлғалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруді болжайды.
Тәрбиенің халықшылық принципі тәрбие негізі ретінде халықтың дәстүрлері мен ұлттық-мәдени құндылықтарын, шаруашылық және рухани тәжірибесін анықтайды.
Халықтың мәдени мұра басымдығы принципі – патриотизмге тәрбиелеуді, өз үйіне, туған өлкесіне құрмет қалыптастыруды, тәрбиеленушілерді қазақ халқының дәстүрлеріне, ұлттық-мәдени және педагогикалық құндылықтарына қатыстыруды білдіреді.
Тәрбиенің үздіксіздік принципі тұлғаның бүкіл өмір сүру кезеңдерінде жан-жақты дамуын: оның күші мен қабілеттерін шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерінің, оның кәсіби және жалпымәдени өсуінің үдемелі толысуында барынша толық іске асыруын көздейді.
Әлеуметтік өзара тиімді әрекет ету принципі білім беру жүйесінің түрлі типтегі ұжымдарында білім алушыларға қарым-қатынас аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін, әлеуметтікмәдени өзіндік анықтау, тепе-тең қатынастың сындарлы процестері үшін жағдай тудыратын, тұтас алғанда әлеуметтік бейімделуін, өзін жүзеге асыруын қалыптастыратын тәрбиелеуді іске асыруды көздейді.
Демократияландыру принципі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекет, достастық, ынтымақтастық және шығармаластық педагогикасына негізделген жүйені болжайды. Ол сонымен қатар, педагогикалық басшылық, өзін-өзі басқару, бірге басқару және өзін-өзі реттеу жүйелерінің құрылымына кіретін өзара байланыс пен өзара шарттылықты білдіреді. Оқушыларды еркіндік, тұлғалық қасиет рухында және т.б. тәрбиелеу.
6. Тәрбие мазмұны
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты –патриоттық сезімі бар және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуын қамтамасыз етуде өз рөлін түсінетін әлеуметтік жауапты тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Көзделген амал «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегияларымен, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен, басқа да бағдарламалық құжаттармен сәйкестікте іске асырылады.
Қазақстандық патриотизмді, елдің мемлекеттік рәміздеріне құрмет, азаматтылық, толеранттылық, рухани-адамгершілікті, дене тұрғысынан жетілген, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру мәселелерінің басым сипаттарын анықтай отыра, «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар» әзірленді.
Ел Президентінің бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық-мәдени құндылықтар негізінде білім беруді жаңа белеске көтеруді көздейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 27 қаңтардағы Жолдауында: «… оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет.
Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық.
Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс.
Көп ұлттылық пен көп тілділік осы құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты артықшылығы болып табылады» — деген болатын.
Жоғарыда аталған басымдықтар бүгінгі күні тәрбие процесін мемлекеттік саясаттың іргелі негізін құрайтын, заманауи қазақстандық қоғам дамуының басты стратегиялық және басым міндеттерінің бірі ретінде көрсетеді. Міне, сол себепті де білім беру ұйымдарында тәрбиені жалпыұлттық басымдық, біртұтас құрылыстың жүйеқұраушы элементі ретінде қарастыратын кешенді бағдарлама әзірлеу қажет.
Қолданыстағы бағдарлама жүйесінің проблемалық аймақтары:
— балалар мен жастарда рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтардың біртұтас жүйесінің болмауы;
— өскелең ұрпақта өзі туралы қазақстандық қоғамның субъектісі ретінде түсінігінің болмауы;
— кейбір ұлттық және мәдени дәстүрлердің жойылуы;
— баланың әлеуметтенуінде, тұтас алғанда отбасы тәрбиесінде отбасы рөлінің төмендеуі;
— мектептерде еңбек тәрбиесін ұйымдастыру, сабақтан тыс еңбек қызметін жаңарту, отбасында еңбек тәрбиесінің жеткіліксіздігі;
— білім алушылардың құқықтық сана, заңға мойынұсынушылық және заңмен қорғалу тәрбиесін терең зерттеу мен практикада іске асыру қажеттілігі;
— тәрбие саласында мамандарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік базасының тарылуы, тәрбие жұмысы бойынша барлық педагог кадрлардың курстық даярлық пен қайта даярлаудан өтуінің маңыздылығын бағаламау;
— жасөспірімдердің позитивті оң эмоционалдық-психологиялық аясын қамтамасыз ету, балалардың эмоционалдық көңіл-күй, әлеуметтік патологияны өздігінен реттеудің даярлық жүйесін қалыптастыру қажеттілігі;
— төмен сынамалы өнімдердің, тұтас алғанда масс-мәдениеттің балалар мен жастарға тигізер ықпалының артуы;
— оқушылардың дене тәрбиесі сабағын жеткілікті бағаламауы;
— денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық жұмыстарды жетілдірудің қажеттілігі.
Білім беру жүйесінің замауи жағдайларда құрылуы және дамуы оның ұлттық тарих, халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, қазақ халқының мәдениетін сақтау, ұлттық дамудың басты құралы білім екенін тануды, басқа халықтардың тарихы мен мәдениетін құрметтеудің органикалық бірлікте болуы білім берудегі басымдықтар мен үздіксіздікті, білім берудің ұлттық бағыттылығын болжайды.
Білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің басым бағыттары
Бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттері негізінде келесі басым бағыттарды бөліп көрсетуге болады:
● Азаматтық-патриоттық тәрбие Отанымыздың тағдыры үшін жауапты, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын; әр оқушыда өмірге, қоғамның дамуына, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы рөлін түсінуге ықпал ететін белсенді азаматтық позициясын; қазақстандық демократиялық қоғамда азаматтық құқықтар мен міндеттердің тұтас кешенін белсенді, жауапкершілікпен және тиімді іске асыруға жауапты даярлық пен қабілеттіліктің жиынтығын, өз білімі мен білігін практикада саналы қолдануды қалыптастыруы және дамытуы тиіс.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— балалар мен жастар ұйымдарының, мектептік және студенттік өзін-өзі басқарудың әлеуетін әлеуметтік маңызды шығармашылық жобаларға, азаматтық және патриоттық бағыттылыққа, конференцияларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға жұмылдыру;
— Гуманитарлық цикл пәндерінің тәрбиелік әлеуетін пайдалану;
— Білім беру ұйымының дәстүрлерін дамыту (рәміздер, жылнама, білім беру ұйымының тарих мұражайы, үздік және белгілі түлектер туралы).
— білім алушыларда гумандық көзқарас, белсенді азаматтық бағыт және елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына өз үлесін қосу талпынысын қалыптастыру.
— Қоғамда, білім беру ұйымдарында экстремизм, ксенофобия белгілеріне, тұлға құқықтары мен қасиеттеріне қатысты төзгісіз атмосфера қалыптастыру.
Құқықтық тәрбие тұлғаныңқұқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез-құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеуге, ішкі еркіндігі мен өзіндік қасиетін тәрбиелеуге бағытталады. Бұлардың барлығы заманауи құқықтық даярлықты, заңдарды, өз құқықтары мен міндеттерін білуді, мемлекеттің құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерін қолдану білігін талап етеді.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Адам құқықтары, демократия негіздері салаларына жаңа педагогикалық технологиялар енгізу;
— Құқықтық тәрбие бағдарламаларын енгізу;
— Балалар мен отбасыларға әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек қызметінің (консультациялық орталықтар) желісін кеңейту;
— Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы, қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу;
— Жыл сайын Конституция сабақтарын, құқық сабақтарын, құқықтық білім берудің тақырыптық онкүндіктерін, «Оқушылардың, студенттердің құқықтары және міндеттері» дебат апталықтарын өткізу;
— Білім беру ұйымдарында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік басқару органдары өкілдері, Қазақстан Республикасы парламенті депутаттары, соғыс және еңбек ардагерлерінің және т.б. қатысуымен кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;
— Білім беру ұйымдарында құқықтық бағыттағы балалар мен жастар бірлестіктерінің: полицияның жас достары отрядтары, жас заңгерлер клубтары, жас жол қозғалысы инспекторлары, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша кеңестер, әкелер кеңестері қызметін дамыту;
— Құқық саласында қоғамдық ұйымдардың тәрбиелік ресурстарын қолдану.
Ақыл-ой тәрбиесі – білім алушылардың көзқарасы, шығармашылыққа, стандартты емес шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге, өзіне, өзгелерге эмоционалды құндылықты қатынасының қалыптасуымен, өздігімен білім алу қажеттілігінің дамуымен, тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамытумен, интеллектуалды, көптілді мәдениет, ой-қызметі мәдениеті саласында ойлау қабілетін, оқу-танымдық қызметінің функционалдық сауаттылық, компьютерлік сауаттылықты меңгеру процесінде ақпараттық мәдениетке дағдылануымен анықталады.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Жыл сайын Білім күнін өткізу;
— Талантты жастарды дамыту және қолдау үшін республикалық «Жас талап» байқауын, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін сауатты және еркін меңгеруіне байқаулар, олимпиядалар өткізу;
— Жалпы білім беретін мектептерде ғылыми сессиялар, тақырыптық апталар, семинарлар және іргелі ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші ғалымдарының ғылыми-танымдық дәрістерін ұйымдастыру;
— Қазақстанның ғылым қоғамдары жеңімпаздары, оқушылары мен жетекші ғалымдарының қатысуымен жыл сайын Қазақстан Кіші ғылым академиясының республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу.
● Рухани-адамгершілік тәрбие тұлғаның жан-жақты даму жүйесінің жетекші компоненті ретінде адамгершілік сана, адамгершілік идеалдар, адамгершілік және этикалық құндылықтар, нормалар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: гумандық, ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят, принциптіліктіңқалыптасуын, діни құндылықтарды игеруді, адамгершілікті жауапты қоғам мүшесінің қалыптасуын, оқушыларды ана тіліне, мемлекеттік тіл – қазақ тіліне, ынтымақтастық, ұлттық келісім, басқа ұлттардың мәдениетін, дәстүрлері мен тілін құрметтеу және сыйлау рухында тәрбиелеуді болжайды,
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы бойынша әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу;
— Теледидар мен радиодан таратылатын хабарлар бағдарламаларында және баспа беттерінде ғалымдар, белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, педагогтардың қатысуымен өскелең ұрпақ тәрбиесі туралы проблемалар талқыланатын айдарлар (үнемі жүргізілетін) ұйымдастыру;
— Жалпы орта, кәсіптік-техникалық және орта арнайы білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындарындағы адамгершілік-рухани тәрбие сапасының мониторингін жүргізу;
— Түрлері мен типтері әртүрлі білім беру ұйымдары тәрбие қызметінің сапасы мен нәтижелілігін бағалау критерияларын әзірлеу және енгізу;
— Білім беру ұйымының жыл сайынғы жұрт алдындағы есептері арқылы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының барлық бағыттары бойынша (соның ішінде, адамгершілік-рухани) және оның нәтижелері туралы Интернет желісінде ақпарат базасын құру.
● Ұлттық тәрбие адам тұлғасын өз ұлтының, халқының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын, адамгершілік, рухани, отбасылық, еңбек дәстүрлерін тасымалдаушы ретінде қалыптастырады, өзге халықтардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, өскелең ұрпақты туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құнттылықпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— мектепке дейінгі мекемелер мен білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесіне этнопедагогика идеяларын енгізу мәселелері бойынша әдістемелік кешен жүйесін әзірлеу;
— ЖОО, лицейлер, колледждер, мектептер және біліктілікті арттыру институттары жанындағы ғылыми-зерттеу зертханалары, орталықтар, этнопедагогика кабинеттері жұмыстарын жетілдіру;
— Тірек мектептерінде халықтық педагогика идеяларын жаңарту бойынша эксперименттік алаңдар ашу;
— Студент жастармен жүргізілетін тәрбие жұмысында этномәдениет орталықтарының іс-тәжірибесін қолдану;
— Абай, Шәкәрім және басқа да көрнекті ағартушылардың, сол сияқты Қазақстанның қазіргі таңдағы жазушылары еңбектерін зерттеу мақсатында оқырмандар конференциясы жұмысын жаңғырту;
— Этнопедагогика идеяларының іске асырылу тәжірибесі нәтижесін анықтау үшін республикадағы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламалары мен тәрбие жүйесінің байқауын өткізу;
— Этнопедагогикалық тәрбиеде сабақтастық жолдарын әзірлеу;
— «Студенттердің этномәдени сәйкестілігін қалыптастыру бойынша аудиториядан тыс жұмысты ұйымдастыру» ақпараттық әдістемелік кешенін әзірлеу;
— «ҚР білім беру ұйымдарында ұлттық тәрбие әдістемесі» әдістемелік нұсқаулар әзірлеу;
— Оқу-тәрбие процесіне этнопедагогиканы енгізуді көздейтін бағдарламалардың түрлі нұсқаларын («Кәусар бұлақ», «Атамекен», «Мың бала», «Жұлдыз» және т.б.) қолдану.
● Отбасы тәрбиесі оқушылардың отбасындағы адамгершілік негіздерді игеруіне, отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін, толық отбасын құру үшін денсаулықтың бірегейлігі түсінігін қалыптастыруына, балаларына тәрбие ықпалдылығын қамтамасыз ету үшін ата-аналармен ынтымақтастық қатынас құруға, ата-аналардың өз міндетін табысты атқаруына ықпал ететін функционалдық сауаттылығын қалыптастыруына бағытталған.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Отбасы тәрбиесінің тұжырымдамасын әзірлеу;
— Педагогтар мен ата-аналар жұртшылығы серіктестігінің нәтижелерінің критерияларын әзірлеу және бағалау;
— Мектептік қорғаншылық кеңестері қызметінің саны мен жүйесін ұлғайту;
— Ата-аналар ассоциациялары, кеңестері, комитеттері, қорларының ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудегі үйлестіру қызметін қамтамасыз ету үшін Республикалық қоғамдық ата-аналар Кеңесінің жұмысын жандандыру;
— Ұлттық тәрбие саласында балалар мен оқушы жастар, қосымша білім беру ұйымдары және сауықтыру демалыс лагерлері балаларының қоғамдық ұйымдары жұмыстарын үйлестіру бойынша «Жаншуақ» республикалық қоғамдық Кеңесін құру;
— «Ақ босаға» республикалық жас отбасылар байқауын өткізу;
— «Оқушылардың ата-аналарына білім берудегі көмек» әдістемелік құралын әзірлеу.
● Экономикалық тәрбие оқушыларда ақпараттық қоғам, инновациялық экономика талаптарына жауап беретін экономикалық сана қалыптастыруды, тұлға бойындағы қасиеттерді тәрбиелеу мен дамытуды, қаржы-құқықтық мәселелер, компьютерлік сауаттылық саласында экономикалық ой және мәдениет, функционалдық сауаттылық қалыптастыруды болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы негізгі ережелерді түсіндіру бойынша әдістемелік құрал әзірлеу;
— Табысты бизнесмен және кәсіпкерлердің қатысуымен «Кәсіпкер», «Бизнесмен», «Биржа» ұйымдастыру-іскерлік ойындарын өткізу;
— Инновациялық заманауи кәсіптердің жылдағы жәрмеңкесін өткізу;
— Білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауында мүдделері мен қажеттілігін дамыту және табысты әлеуметтенуі үшін заманауи салалық кәсіпорындарға саяхаттар ұйымдастыру бойынша әдістемелік құрал әзірлеу.
●Еңбек және кәсіби тәрбие еңбекке позитивті оң қатынас және мотивация қалыптастырады, еңбекке жоғары құндылық ретінде дұрыс қатынас орнатуды тәрбиелейді, білім алушыларды қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтардың рухани және мәдени жетістіктеріне бейімдейді, балалар және оқушы жастарды еңбек және еңбекке деген жауапкершілік қатынасты қалыптастырумен байланысты этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды меңгеру негізінде тәрбиелеуді, технология пәндерінің тәрбиелік әлеуетін іске асыруды, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытуды, еңбек мәдениетін тәрбиелеуді жүзеге асырады
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Елбасы Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 10 шілдесіндегі «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласы бойынша әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу;
— Колледж, кәсіптік лицейлер оқушыларының еңбекке және болашақ мамандықа қатысты этикалық аспектісі қалыптасу деңгейінің диагностикалау әдістемесін әзірлеу;
— Кәсіптік бағдар беруде білімді арттыру мәселелері бойынша балалар мен оқушы жастардың жазғы демалысын ұйымдастыру кезінде республиканың түрлі бағыттағы кәсіптік лагерлерінде кәсіптік ауысымдар өткізу, сауықтыру және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру;
– Еңбек тәрбиесінің педагогикалық технологияларын қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
— Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы кәмелетке толмағандарды каникул күндерінде жұмыспен қамтуды ұйымдастыруын жетілдіру;
— Білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттердің қоғамдық-пайдалы еңбегі және жазғы еңбек практикаларын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;
— Кәсіпорын, ұйым жетекшілерінің шақыртуымен ЖОО түлектерімен кездесулер және бос орындар жәрмеңкелері арқылы студенттердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау, студенттердің «Жасыл ел» еңбек отрядтары мен құрылыс отрядтарындағы жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету.
● Эстетикалық тәрбие білім беру ұйымдарының білім алушыларында эстетикалық сана (эстетика, әлемдік және отандық мәдениет негіздерін білу, ұлттық-көркем шығармашылыққа қатысу), эстетикалық талғам және сезім, көркем-эстетикалық қажеттіліктер, қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтардың құндылықтарына көркем-эстетикалық қабілет тәрбиесін қалыптастыруды болжайды
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Өз халқының тарихи-мәдени тамырын түсіну үшін халықтық мәдениет, ежелгі технологиялар мен әдет-ғұрып дәстүрлерін жаңарту;
— шығармашылық көрмелер, жеке концерттер, тұсау кесерлер, көрсетілімдер, жеке орындауларды және т.б. ұйымдастыру арқылы қызығушылықтары бойынша бірлестіктерде шұғылданатын оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен жеке жетістіктерін паш ету практикасын кеңейту;
— Эстетикалық тәрбиенің инновациялық технологиялары жұмысын практикаға енгізу бойынша мұғалімдерге көмекші құрал әзірлеу;
— Білім беру ұйымдарында мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптарды ресімдеу және өткізудегі эстетикалық талаптарға қойылатын ұсыныстар әзірлеу;
— Қазақстанның тарихи орындарына кіріктірілген білім беру экспедицияларын ұйымдастыру.
● Экологиялық тәрбие ғаламдық экологиялық дүниетану мен табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды, экомәдени құндылықтарды игеруді, табиғат ресурстарының жағдайы мен адамдардың олармен саналы өзара әрекет етудегі жеке бас жауапкершілігін тәрбиелеуді, табиғатпен араласуды, балалар мен оқушы жастардың экологиялық мәдениетін, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына кіші Отанға деген қатынасты тәрбиелеуді болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдармен кіріктірілген өзара әрекет негізінде білім беру жүйесінің оқу ұйымдарында білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық бағыттағы жастар орталықтарын, қозғалыстарын және отрядтарын құру;
— Экологиялық бағдарлы мектептік экологиялық топтар мен отрядтар құру тәжірибесін зерттеу және табиғат қорғау қызметін қорытындылау;
— Мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жоғары сынып оқушылары мен студенттер арасында экологиялық тәрбие әдістемесін экономикалық тәрбиемен органикалық байланыста құру;
— Қоршаған табиғи ортаны зерттеуде ғалымдар және өндірістің түрлі салалары мамандарымен бірге экологиялық проблемаларды шешу жолдарын әзірлеу мен білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесінде практикалық зерттеу материалдарын пайдалану бойынша жүйелі ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру;
— Балалардың газет, журналдары беттерінде оқушылар үшін экологиялық байқаулар өткізу.
● Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру балалар мен жастарда өз денсаулығына жауапкершілік қатынас орнату дағдысына негізделген, дұрыс дене дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыруға, қозғалыс білік-дағдыларын физикалық жетілдіруіне ықпал етеді, қоғамдық пайдалы еңбекке, өмірге, Отан қорғауға жақсы даярлықты қамтамасыз етеді, тиімді кәсіби қызмет үшін функционалдық, әлеуметтік бейімделу және психикалық орнықтылықты қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын іске асырады, салауатты өмір салты, ағза ерекшеліктері туралы білім жүйесін қалыптастырады, дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салауатты өмір салтын дамытуды қалыптастырады.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру;
— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу;
— Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау;
— Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру;
— Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу;
— Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.
● ҚР білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының алдын алу білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің құқықтық мәдениет және мінез-құлық нормаларына саналы қатынасын тәрбиелеуді; девиантты мінез-құлықты әрбір оқушының тұлғалық әлеуетін өзіндік іске асыруын; жағымсыз мінез-құлық реакциясын туындататын келеңсіз факторларды жоюды, тұлғаның осы факторлар әсеріне тұрақтылығын дамытуды; рухани-адамгершілік құндылықтарға қатыстыру, спортпен шұғылдану негізіндегі салауатты өмір салтын болжайды.
Олар келесі мақсаттарда көзделеді:
— ҚР білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқының себептері мен мотивін зерттеу бойынша мониторинг өткізу;
— Девиантты мінез-құлықтың алдын алу бойынша мекеме мамандарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мамандардың психологиялық-педагогикалық даярлығын арттыру бойынша шараларды іске асырудан, педагогтар мен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдер арасындағы өзара әрекетті жақсартудан тұрады;
— Девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің тұлғалық өсуін қамтамасыз ету (республикалық слеттер өткізу, жобаны қорғау, байқаулар және т.б.);
— Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік маңызды жеке қасиеттерін дамыту, еркіндік, өзін ұстай білушілік, бос уақытын ұйымдастыру дағдысын (мәдени бос уақытын, саяхаттар, тарихи орындарда болу және т.б. ұйымдастыру) дамыту;
— Әлеуметтік ұйымдардың әртүрлі – жалпымемлекеттік, адамгершілік, қоғамдық, экономикалық, дәрігерлік-санитарлық, педагогикалық, психоло —
логиялық деңгейлерінде әр жастағы топтардың мінез-құлқындағы ауытқушылықты жоюға бағытталған, жалпы және арнайы іс-шаралар өткізу;
— Психолог, нарколог, валеолог, әлеуметтанушы, заңгер және т.б. қатысуымен ата-аналар конференцияларын ұйымдастыру;
— Кәмелетке толмағандар арасында түрлі қызмет түрлеріне жұмылдыру үшін қызығушылықтар бойынша клубтар желілерін кеңейту;
— Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын таратуға белсенді ықпал ететін жасөспірімдер қоғамдастығын, балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін құру («Жас ұлан», «Жұлдыз», «Жас толқын», «Болашақ» және т.б.);
— Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу (семинарлар, конференциялар, кездесулер, әңгімелер және т.б.).
8. Бағдарламаны іске асыру механизмі
Бағдарламаны іске асыру механизмі білім беру процесіне қатысушылардың ата-аналармен, қоғамдық институттармен өзара серіктестік арқасындағы іс-әрекетке негізделеді.
Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдары бағдарламаның бас орындаушылары болып болып табылады.
Бағдарламаны іске асыруды басқарудың ұйымдастыру-құқықтық аспектілері.
ҚР Білім министрлігі Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды жүзеге асырады және төмендегі негізгі қызметтерді атқарады:
· Бағдарламадағы келесі қаржы жылына арналған іс-шаралардың жылдық жоспарын әзірлеу және қызметті үйлестіру;
·қоғамдық институттар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және түрлі ұйымдастыру-құқықтық формадағы ұйымдармен үйлестірілген өзара іс-әрекет етудегі іс-шаралар кешенін атқару;
· Бағдарлама іс-шараларын іске асыру нәтижелерінің мониторингі, Бағдарлама іс-шараларын іске асыру туралы статистикалық және аналитикалық ақпараттарды жинау және жүйелеу;
·Бағдарлама іс-шаралары тиімділігі мен нәтижелілігінің көрсеткіштерін және олардың Бағдарлама индикаторлары мен көрсеткіштеріне сәйкестігін тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру;
·Бағдарламаны іске асыруды басқару және Бағдарлама іс-шараларының іске асырылуын бақылау мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу мен қолданылуын қамтамасыз ету;
·жұртшылықты Бағдарламаны іске асырудың барысы және нәтижесі туралы хабардар ету бойынша, сонымен қатар Бағдарлама бойынша Интернет желісінде мамандандырылған сайтты контентті қамтамасыз ету негізінде қызметті жүзеге асыру.
10. Күтілетін нәтижелер
— білім беру ұйымдарында білім алушылармен ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға негізделген, тәрбиенің ғылыми-педагогикалық, ұйымдастыру-кадрлық, қаржылық-құқықтық базасы қамтылған тәрбие жұмысы жүйесін құру;
— білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақты тәрбиелеудің басты бағыттарының мазмұнын Қазақстан Республикасы ұлттық басымдықтар контексінде жаңарту;
— оқу процесінің тәрбиелік компонентін күшейту;
— балалар мен оқушы жастарды тәрбиелеу мәселелерінде педагог кадрлар мен ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттыру;
— білім алушылардың тәрбиелілік динамикасын жақсарту, балалардың бақылаусыздығы мен жасөспірімдердің бейәлеуметтік мінез-құлқын алдын ала ескеру;
— тәрбие бағдарламалары мен технологияларын іске асыруда инновациялық тұрғыларды енгізу.
Кешенді бағдарламаны білім беру ұйымдарының барлық меншік түрлері мен формаларында іске асыру нәтижесінде балалар мен оқушы жастарда казақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, толеранттылық, жалпы және құқықтық мәдениет, салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін іске асыру, кәсіби өзіндік анықтау, балалар демалысын қамтамасыз ету бойынша тәрбие жүйесінің тиімділігі артады. стыру маңызды міндет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |