2.2Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Тәрбиенің тұжырымдамалық
негіздерін іске асыру шарттары
Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдарға және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, мектепішілік және жоғары оқу орныішілік бұқаралық ақпарат құралдары, баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен авторлық бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік құралдарды қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу. Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және қосымша білім беру мазмұнын кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін зерделеу. Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің әлеуетін күшейту.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету – қажетті материалдық, техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – бала тәрбиесінде білім беру ұйымдарының колледждердің педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен, ата-аналар қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысының тәжірибесін тарату және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс іс-шаралар және жобалар арқылы жүзеге асыру тәжірибесі. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар, волонтерлық, әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.
Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» курстарында педагогикалық кадрлардың білімі мен біліктілігін арттыру; сынып жетекшілері, кураторлар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін қайта қарау. Мектептерге тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып жетекшілерін енгізу.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін
іске асыруда күтілетін нәтижелер
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері:
– Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықты аясын;
– білім алушы жастарда қазақстандық патриотизмды, азаматтық өзіндік санасын, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, толеранттылық және рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың артып отырған деңгейін;
– жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздерін, ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
– рухани дамыған және жоғары адамгершілікті тұлға қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
– бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, қамқоршылық кеңестерінің рөлін көтеруді;
– білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуын;
– тұлғаның дамыған экономикалық ойын және кәсіби қалыптасуға
саналы қарым-қатынасын қалыптастыруды; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын; экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін;
– табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алу мен өзін-өзі жүзеге асыруды, отбасы институтының өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің жалпы векторы үйлесімді, жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге сүйенеді: Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамзаттың түсінігімен және рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену. Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану.
Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі 9 жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін дамыту. Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың ісәрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді.
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру. Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер педагогикалық салдарлары. Жүйелілікті көзқарас – нысанды оны құрайтын бөліктердің жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі қарастыру құрылымдық компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы байланыстар талдауын қажет етеді.
Тұтастық көзқарас – білім алушы тұлғасының зияткерлік және руханиадамгершілік дамуының бірлігін анықтайтын педагогикалық процестің мәнін көрсетеді. Синергетикалық көзқарас тәрбиені тура себеп-салдарлы байланыстарға негізделмеген, белгілі бір деңгейде өздігімен ұйымдастырылатын процесс ретінде емес, керісінше бір мағыналы емес, заңды және кездейсоқ, болжанған және стихиялы, ретті және ретсіз сияқты көптеген ішкі және сыртқы ықпалдармен келісілген процесс ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Тұжырымдамалық негіздер тәрбие процесінің келесі принциптерін іске асыруды жорамалдайды: Гуманистік бағыт принципі – педагогтің тәрбиеленушіге өз дамуына жауапты және дербес субъект ретінде бірізді қарым-қатынасы, оның тәрбие процесінде тұлғамен және ұжыммен ізгілікті қарым-қатынас негізінде өзара әрекет стратегиясы. Жалпыадамзаттық құндылықтар принципі тәрбие руханиадамгершілік дәстүрлер мен ұлттық және әлемдік мәдениет нормаларына негізделуі қажет деп санайды. Мәденисәйкестілік принципі – тәрбие мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттер нормаларына сәйкес құрылуы тиіс.
Үздіксіздік принципі – тұлғаны тіршілік әрекетінің барлық кезеңінде жан-жақты дамыту, оның күші мен қабілетін, кәсіби және жалпымәдени өсуін барынша толық жүзеге асыруда шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін байыту. 10 Табиғисәйкестілік принципі – табиғат дамуының ортақ заңдарының басымдығы; табиғи және әлеуметтік процестердің өзара байланысы; тәрбие жұмысында білім алушылардың жынысы мен жас ерекшеліктерін ескеру.
Тұтастық принципі оқу және оқудан тыс қызметтердің кіріктірілуімен қамтамасыз етіледі: оқу қызметі когнитивті құрамдасты қалыптастырады; сабақтан тыс қызметте эмоционалды-құндылықты мінез-құлықтық компонент дамиды. Этникалық принцип – тәрбиені ұлттық сана қалыптастыруға бағытталған ұлттық мазмұнмен толтыру, барлық азаматтар үшін ана тілінде білім алуына және қарым-қатынас жасауына, салт-дәстүрлерді, әдетғұрыптарды, рәсімдерді зерттеуіне жағдай жасау. Тәрбие жұмысының басым бағыттары Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар тұтас педагогикалық процестің өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының барлық бағыттары арқылы өтеді. 1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 2. Рухани-адамгершілік тәрбие 3. Ұлттық тәрбие 4. Отбасы тәрбиесі 5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Тәрбиенің мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру процесінде, сабақтан тыс және бос уақытта іске асырылады. Тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігінің өлшеуіші ретінде тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және қоғамдық құбылыстарға қарым-қатынастардан байқалатын критерийлер ұсынылды. Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке; 11 елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына; өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне; басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне; құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына; заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту. Іске асыру механизмдері Сабақтар, оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру
. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары.
Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін»,
«Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген руханиадамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; өзінің қасиетіне, арына және парызына; ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет ғұрпына; 12 діни құндылықтарға; ой, сөз және іс бірлігіне; өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; адамдарға риясыз қызмет етуіне; өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру. Іске асыру механизмдері Оқу пәндері мазмұнына құндылықтарды кіріктіру арқылы оқытудың тәрбиелік әлеуетін күшейту; педагогикалық консилиумдар, ата-аналар институты; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының метапәндік және тәрбиелік рөлін күшейту, рухани-адамгершілік тәрбие тұрғысынан қосымша білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы жүзеге асырылады. Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие Мақсаты: Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; өз халқының мәдени мұрасына; қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; Қазақстанның этномәдениетіне; этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. Іске асыру механизмдері Сабақтар, оқу пәндерінде, қосымша білім беруде, сабақтан тыс ісәрекеттерте жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды кіріктіру Этнопедагогика кабинеттерінің қызметі;
«Мәңгілік Ел» жобасы аясында акциялар, ҚР Елтаңбасы, Туы мен Гимнін, мемлекеттік тілді, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін, Қазақстан тарихын білу бойынша фестивальдер және байқаулар өткізу; өлкетану жұмыстары және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі Мақсаты: 13 Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялықпедагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): этноәлеуметтік рөлдерге; өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, ұқыпты қарау. Іске асыру механизмдері Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеті; Репродуктив денсаулық орталықтары, мамандар кеңесін және бірлескен отбасылық іс-шаралар өткізу; «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында ата-аналарды оқыту, жасөспірімдер мен бойжеткендердің жүрістұрыс мәдениеті туралы жастармен әңгімелер жүргізу, жоғары сынып оқушылары мен ЖОО студенттері үшін «Отбасылық өмір этикасы» электив курсын кіргізу; ата-аналардың мектеп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ақсақалдар алқасы; мемлекеттік тапсырыс бойынша ата-аналардың психологиялық-педагогикалық жаппай оқуы; мемлекеттік емес ұйымдармен ынтымақтастық; аула клубтарының жұмыстарын қалпына келтіру; балалар мен жастардың қосымша білім беру нысандарына ақысыз негізде қол жеткізуін ұйымдастыру; элективті курстар, фестивальдер, байқаулар, «Менің отбасым», «Жыл отбасы» жарыстары арқылы жүзеге асырылады. Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие Мақсаты: Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл экономика» бағдарламасына; экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; «адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке; кәсіби білім мен өнімді еңбекке; нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; мамандық таңдауына; үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту. Іске асыру механизмдері 14 Сабақтар, оқу пәндері, қосымша білім беру, туған өлкеге жасаған экспедициялар, туристік жорықтар, сенбіліктер, мектепті, ауданды, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру, жасыл желек отырғызу, «Жасыл ел» қозғалысы және «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында волонтерлық қозғалыстар, экологиялық форумдар, ғылыми экологиялық жобалар, табиғат зоналарын қоқыстан тазартуға қатысу.
Технология сабақтарындағы еңбек тәрбиесі, қосымша білім беру, мектептен тыс, сабақтан тыс іс-әрекеттер; кәсіпорындарға саяхаттар, тәлімгерлермен, жаңашылдармен, табысты кәсіпқорлармен кездесулер, тәлімгерлік, дуальдық білім беру, кәсіби шеберлік байқаулары, студенттердің құрылыс және педагогикалық отрядтары; «Өмірді және мансапты жоспарлау», «Кәсіби сынамалар» жобаларын іске асыру; «Технология» пәнінің, оқу шеберханалары мен зертханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту арқылы жүзеге асырылады. Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі Мақсаты: Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): өмір бойы білім алуына; өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; пікірталас жүргізу дағдыларына; жасампаз қызметке; топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; ақпарат көздерін сыни іріктеуге;
Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; жоғары ақпараттық мәдениет қалыптастыруға ұмтылу және қызығушылық білдіру. Іске асыру механизмдері Сабақтар, оқу пәндері, электив курстар, қызығушылығы бойынша үйірмелер және сабақтар, мектептік және желілік дебат турнирлері, балалармен және жастармен бірлескен жобалық жұмыстар; сабақтан тыс қызметтер, балалар мен жастар бірлестіктеріндегі қызмет, түрлі деңгейдегі 15 бірге басқару органдарына қатысу, қосымша білім беру, жаратылыстануғылыми және гуманитарлық циклдары пәндерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктіру, «Физика жүрек үнімен», «Математика руханиадамгершілік заңдары туралы ғылым ретінде», «Тарихтың адамгершілік тағылымдары», «Ақпараттық мәдениет негіздері» және т.б. элективті курстар жүргізу. Зияткерлік ойындар, байқаулар, тренингтер, викториналар, олимпиадалар, ғылыми-практикалық конференциялар. Дарынды мамандармен және замандастарымен кездесулер, рефераттар, ғылымизерттеу, ғылыми-тақырыптық ақпараттық жобалар, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, мәлімдемелер, мектептік және студенттік медиаорталықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сайттар, кітапханаларды дәріптеу.
Психометриялық және социометриялық тесттер мен әдістемелер; көшбасшылықты дамыту жөніндегі бағдарламалар және т.б. арқылы жүзеге асырылады. Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): толеранттық және ғаламдық пікірге; көпмәдениеттілік және көптілділікке; мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; мәдениетаралық әрекетке; қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; қарым-қатынас мәдениетіне; эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; шығармашылықпен ойлауға және қиялға, шығармашылық-эстетикалық қызметті қалыптастыруға қызығушылық, ұмтылыс таныту. Іске асыру механизмдері
Сабақтар, жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін барлық мәдениеттен айқындауда «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасын кіріктіру, жастарда мәдениеттер мен халықтардың алуан түрлі бірлігін көру біліктілігін дамыту. Үйірмелер, әдеби клубтар және т.б.; театрларға, мұражайларға, көркемсурет көрмелеріне, галереяларға, тарихи орындарға саяхаттар; шығармашылық кештер, оқушылар жұмысының көрмелері, байқаулар; белгілі тұлғалармен, өнер қайраткерлерімен және т.б. кездесулер; Қазақстан халқы Ассамблеясымен және этномәдени орталықтармен ынтымақтастық; білім беру ұйымдарында Қазақстан халқы Кіші Ассамблеяларын құру арқылы жүзеге асырылады. 16 Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты Мақсаты: Салауатты өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату. Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы): денсаулық жағдайының скринингіне; әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінезқұлыққа; өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі
. Іске асыру механизмдері Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы, оқу пәндері, қосымша білім беру, спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша ақпараттық-ағарту курстар, семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін, спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |