С. Д.
Негізгі бөлімнің тапсырмаларын толық орындаған оқушы 4 –пен бағаланып, ал негізгі бөлімнің тапсырмаларын толықорындаған, екінші деңгейдегі тапсырмаларын ішінара орындаса ол оқушыға 5 деген баға қойылады.
Оқушы білімін ұпай санымен бағалау үшін әрбір сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Әрбір бағаға қанша ұпай сәйкес келетінін білу үшін сұрақтар санын 4-ке бөледі. Сонда әрбір баға қанша ұпаймен анықталатыны шығады. Мысалы 40 сұрақ болса әрбір баға 10 ұпай, 20 сұрақ болса 5 ұпай.
Тест дайындау мұғалімнің көп уақыты кетеді соған байланысты қазіргі таңда электронды тесттер жасадым. Мұнда әрбір оқушы тестті жеке орындайды. Тесттің деңгейіне және санына қарай белгілі бір уақыт беріледі.Уақыт біткен кезде тест аяқталады,тест аяқталған соң оқушы бағаланады.Бұл жерде мұғалім тексеріп бағасын қойып отырмайды.Компьютер өзі тексеріп өзі бағасын қояды.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.[10]
Өзіндік жұмыс оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетінің формуласының бірі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыстың тиімділігі мұғалімнің осы іс-әрекетті дұрыс жоспарлау біліктілігіне байланысты болады. Белсенді оқу танымдық іс-әрекет оқушылардың ой-еңбегімен практикалық қызметінің әрекетін болжайды. Тәжірибеден өз бетінше ізденуді, оқушылардың өзіндік жұмысын ебін тауып ұйымдастыра алатын, керек кезінде проблемалық жағдайлар туғызып олардың назарын басты проблемаларды өз бетінше шешуге құштарландыра алатын мұғалімнің оқытуда жететіндігін көруге болады.
Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін басқара білу. Ол біріншіден тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер түрінде ғана беріліп қана қоймай оқушыларды өз бетінше іздендіретін одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалдарды берудің құрылуын қайта құруды, дискрепторларды талдай бiлуі талап етеледі.
Екіншіден оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгеруді талап етеді, яғни мұғалім оқушылардың өзі белсенді, жасампаз күш болатын оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол оқытудың әр кезеңінде үй жұмысын тексерген кезде,оқушылардың жауап беруді, меңгеруге дайындығы кезінде жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде алынған білімді қорытып бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек. Осы орайда математика сабағының әртүрлі кезеңдеріне тоқтала кетейік.
Оқу тәжірибелерінде жиі кездесіп жүргендей тиімді жұмысқа жеке емес, барлық оқушыларды қатыстырады яғни оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруды,сабақтың бас кезінде дедактикалық ойындардың көмегімен үй жұмысының орындалуын мұғалімнің ұсыеған үлгісі мен салыстыру, түсінік беру, кішкене өзіндік жұмыстар,математикалық диктанттар арқылы жүзеге асыруға болады.
Жаңа білімдерді енгізу кезеңінде оқушылардың оқу танымдық іс-әректін белсендіру анықтамаларды, ережелерді, заңдарды, тиісті қасиеттерді тұжырымдардың айқындылығын дәлелдейтін шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырады. Алынған біліммен білікті баянды еткен кезде әртүрлі танымдық,есептер шығарылады. Мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың өзіндік жұмысына сай келеді және оқушылардың ізденімпаздығының дәрежесі орындалатын, обьектілермен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.[14]
Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.
Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,оларды білімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, саяси сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына назар аударған жөн. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
Жаңа сабақ түсіндіру кезінде
Қайталау сабағы кезінде
Сабақты бекіту кезінде
(4-сурет)
Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды,ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады.Соның нәтижесінде оқушылардың мынадай қабілеттері дамиды:
кез келген қосымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге жаттығады
белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинақтауға, тарихи мағлұматтарды өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады
әр түрлі тарихи есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептерді шығаруға жаттығады
өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім қабылдайды
өз ойын толық айта білу, қабылдай білуге үйренеді
Оқушылардың осындай шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқаруға болады:
Әр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатуға болады. Оқу жылының соңында мектеп психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргізу керек. Сауалнамаларға жауап алу арқылы математикаға қабілетті оқушыларды іріктеу жүргізілдеді.Осы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, ата-аналардың өтініші бойынша математикадан тереңдетіп оқыту сыныбы ашылу керек. Математиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілу қажет.[12]
А.Байтұрсынов: «Оқыту біткеннің беретіні - өлі білім»-деген көргендігін сараптай келе «оқыту» - бұйрық мағынасындағы сөз, яғни біреудің басшылығымен, үстемділігімен жүзеге асырылады, ал оқи білуге баулу, үйрету – технологизациялау талабын жүзеге асыру деп пайымдауға болады.[1]
Сондықтан қазіргі уақытта педогогикалық ғылымның бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялар шығаруда.
(5-сурет)
Бүгінгі мектеп
оқушысы
Сурет 1. Құзіретті тұлға қалыптастыратын факторлар
Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ: «Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
Адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
Өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
Мінез - құлық әрекеттерінің жиынтығы;
Айналасындағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
Қажеттiлік жүйесі;
Шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
Сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы деп атап көрсеткен өз еңбектерінде Г.К. Селевко
Орта білім берудің мақсаты Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудідамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланады. «Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» [6]
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзреттілік тәсілді алу ұсынылып жүр.
«Competent» сөзі фрацузша «құзретті», латынша сай болу «талап қою», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны береді.
Ал «құзретті тұлға» деген ұғымға ғалым Н.В. Кузьмина әр тұлғаның бойында:
Арнайы құзреттілік іс - әрекеттерде қолданатын білімі жоғары деңгейі, жұмысқа өзіндік шығармашылықпен қарау қабілетін;
Әлеуметтік құзреттілік - өзіндік жауапкершілікке алу және шешім қабылдау қабілеті;
Психологиялық құзреттілік – ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеті;
Ақпараттық құзреттілік – интернет, компьютерлік сауаттылық ақпарат көздерін меңгеру қабілеті;
Коммуникативті құзреттілік - өз тілінде сөйлеу және шет тілін меңгеру қабілеті;
Экологиялық құзреттілік – экологиялық жауапкершілік, экологиялық мәдениетті меңгеру қабілеті;
Валеологиялық құзреттілік - салауатты өмір салтын білу қабілеті;[13]
Сабақтың мазмұнына, тақырыбына қарай сабақта бірнеше өз бетімен жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда болатын жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы білім бейімділігі әр түрлі болады. Өз бетімен жұмыс әрекетін ұйымдастыруға бейімделген оқушының әрекеті зерттеу әрекетіне көшеді. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жүйелілігі,бірізділікпен ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға әкеледі. Нәтижесінде оқушының өзіндік терең ізденіске бастайды. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізу, оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білімнің көзін ашады
Мен, өз тәжірибемде СТО бағдарламасының стратегияларын пайдаланып жүрмін.
Өйткені бұл технология стратегияларын пайдалану тиімділігі:
Оқушылардың жас ерекшелігі
Мұғалім тек бағыттаушы, ал оқушы жаңа білімді, ақпаратты өз бетінше меңгеру;
Әр оқушыдан еркін жауап алуға жағдай жасалады;
Қиялын дамытуда «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланып ауызекі сөйлеу дағдылары жетіледі;
Тіл байлығын дамыту үшін,қандай жауапты соңына дейін тыңдау
Стратегиялар барлық пән сабақтарына және тәрбиелік шараларда пайдалануға болады.
Ең бастысы өзімнің өзекті деп таныған оқушыға білімді,ақпаратты өз бетінше меңгеруіне үлкен мүмкіндіктер жасалған.[9]
Әр пәнде тақырыпты ашуда, оқушылардың қызығушылығын оятуда әр түрлі ребус, математикалық сөзжұмбақтар шешу арқылы,біріншіден өткенге қайталау болса, екіншіден тақырып ашылады. Сол тақырып төңірегінде не білетіндері туралы «миға шабуыл» жасалады. Оқушылар сабақ тақырыбын өздері шығарып алып, осы тақырыпқа деген қызығушылықпен құлшына сабақ барысын тосатын болады. Оқушылар кластер құрады, әртүрлі сызба, тірек схемаларына сүйене отырып тақырыпқа байланысты не біледі соны жазады (өз біліміне, тәжірибесіне сүйенеді). Бұл жұмыстарды орындау барысында оқушыларда өз күшіне деген сенімділік пайда болады.
Есепті топ ішінде талдап, өз ойларын көршілес топтардың ойларымен салыстырып, негізгі ойды табу арқылы мәтінге ат қояды. Бұл кезде бастауыш сынып оқушыларының әлі қалыптаспаған зерттеу, сынау, салыстыру, ажырату қабілеттері дамиды.
Өтілген тақырыпқа байланысты график сызуға, есеп мәтінін құрауға, шағын шығарма жаздыруға болады. Ондағы жұмыстың ең үздігін топта өздері талдай отыра ортаға, яғни сынып алдына шығарады. Бұл кезде өзіндік бағалауға үйренеді.
Кей кезеңде әр бала немесе әр топ бар жұмыстарын қорғайды, оқушылар бір – біріне қол созады. Бұл кезде ұжым мүшелерін біріктіретін кез болады.
Сондықтан өз сабақтарымда СТО бағдарламасының «Білемін, білгім келеді, үйрендім», «Менің ойымша», «Топтастыру», «Ой қозғау», «Бес жолды өлең» және т.б. стратегияларын көбірек пайдаланамын.
Сонымен СТО бағдарлама стратегияларын пайдалана отырып өз бетімен жұмыс істеуге баулу не береді?
Оқушы үшін:
Сыныпта мықты ұжым қалыптасады;
Оқушылардың сөздік қорлары, ауызекі, жазбаша сөйлеу дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасады;
Үлгерім, білім сапасы артады;
Сабаққа қызығушылық пайда болады, белсенділігі артады;
Оқушыларда ізденушілік, шығармашылық қабілеттері ашылады;
Өз ісіне деген жауапкершілік, сенімділік пайда болады;
Мұғалім үшін:
Мұғалім тек бақылаушы, жетекші;
Көрнекі құрал оқушы қолымен жасалады;
Уақыт тиімді, үнемді пайдаланылады;
Оқушымен қарым – қатынас түсіністік, сыйластық принциптері құралады;
Шәкіртіне дәріс беруден тек ләззат алады;
Еңбегінің жемісін көре біледі;
СТО бағдарламасы бойынша жұмыс жасаған мұғалімдер мен оқушылар арасында «субьект-субьект»қарым-қатынасы қалыптасып, құзыретті тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асады.[3]
Еліміз тәуелсіздік алып, басқа елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу-құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес.Әрбір ұстаз өзінің алдындагы шәкірттеріне бойындағы барлық күш қуатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.
Оқушылардың танымдық қызығушылығы оянбаған жерде пән бойынша сапалы білім болуы мүмкін емес.Ол үшін міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек.Сондықтан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.
Қорытынды.
Оқушының білім алу үрдісіндегі өзіндік пікірі мен ой жүйесінің негізі бастауыш сатыда қалыптасатыны белгілі. Сондықтан оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге бастауыш сыныптан дағдыландырған дұрыс.
Өз бетімен істейтін жұмыс деп берілген тапсырманы мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз оқушылардың өздері атқаратын жұмыстарды айтады.
Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету кезінде екі міндетті ескерген дұрыс. Бұл міндеттердің біріншісі-оқушылардың танымдық қызметіндегі дербестікті дамыту,олардыбілімді өздігінен игеруге,дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйрету; екіншісі –оқушылардың алған білімін іс жүзінде қолдана білуге баулу.
Өз бетімен жұмыс істей алатын оқушы, тек білім білік дағдысы ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілеті, еркін сөйлеу мәдениеті, функциональдық сауаттылығы өзіне деген сенімділігі, пәнге деген қызығушылығы, шығармашалық қабілеті оянады. Сондықтан өз бетімен жұмыстың мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр – жеңілділігі, қанша уақыт орындалатынына,дискрепторға назар аударған жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы / Ә. Бидосов.-Алматы: Мектеп, 1981.-221 бет.
Гоноболин Ф.Н. Психология / Ф.Н. Гоноболин.- Алматы: Мектеп, 1976.
Дарменова Қ. Көрнекілік арқылы ойлау қабілетін арттыру / Қ. Дарменова // Бастауыш мектеп.- 1991.- № 4.- 12-14 бет.
Корпешова Г. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы көрнекіліктің рөлі / Г.Корпешова // Қазақстан мектебі. - 1986.- № 4.- 20-21 бет
Қаниева Г. Оқушының ойлау қабілетін дамыту / Г.Қаниева // Қазақстан мектебі.- 1991.-№ 5.- 3-10 бет.
М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінді»
Құдайбергенова К.С «Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары»
Мінайдарова «Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету» //Математика және Физика//
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Математика және физика. № 1. 2006 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |