Қорытынды
1917 жылға дейін Қазақстандағы темір жол құрылыстары царизм мен орыс капитализмі мен отарлық мақсаты мен әскери - саяси және экономикалық қызығушылығына байланысты болды. Жері бай бірақ артта қалған аймақтық империалистік қанау мен тонаудың обектісіне, өткізу нарығымен метрополияның шикізат көзіне айналдыру құралына айналдырмақшы болды. Сонымен қатар темір жол құрылысы үшін жергілікті халықтан олардың ата-бабаларының жерінен қуып тартып алды. Тек Орынбор -Ташкент темір жолының оңтүстік бөлігіне 13000 десятина жер бөлінді. Қазақстанда өнеркәсіп және сауданың дамуының арқасында тауар ақша қатынастарының қазақтардың дәстүлі шаруашылығына өзгерістер әкеліп, қазақ қоғамында жаңадан екі санат: байлар мен кедейлер пайда болды. Кедейленген қазақ шаруалары - жатақтар өмір сүру үшін, өздерінің дәстүлі кәсіптерін тастап, өнеркәсіп орындары мен темір жол құрылыстарына жалданып, жұмысшы болып кетті. Бол жағдай Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуына ықпал етті. Бұл процесс Ресейдің дамыған орталық өнеркәсіптік аудандарына қарағанда кеш жүрсе де, бұл процесс XX ғасырдың басында басталып, тез қарқынмен жүрді.
Қазақстан темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуы, оның Ресейге қосылуының әлеуметтік - саяси қорытындысы болды. Ресей капитализмінің ендей дамуы, оның Қазақстанға енуі, оның өз өнімдерін өткізу нарығын дамыту және Орта Азия мен Қазақстаннан Ресейдің өнеркәсібі дамыған орталық аудандары үшін шикізат тасуды жеңілдететін бірден-бір жол бұл - темір жол құрылысы болды. Ағылшындардың Ауғанстанды жаулап алуы, Ресейдің Орта Азиядаға позициясына қауіп төндірді. Сондықтан Империяның шығыстағы шекарасын нығайту үшін әскери - стратегиялық жағынан маңызды Орынбор - Ташкент темір жолы ауадай қажет болды. Сонымен қатар Столыпин «Түркістан - Ресейдің Эльдорадосы» деп атаған аймақтың экономикалық маңызы да жоғары болды. Ресей капиталистері үшін мақта өнеркәсібін дамытатын бірден-бір аймақ Түркістан аймағы болды. Сөйтіп әскери - стратегиялық және экономикалық мақсаттарға жауап беретін Орынбор - Ташкент темір жолының 1901 жылы 24 сәірдегі үкімет бүйрығы мен мемлекеттің ақшасына салынатын болып шешілді. Құрылыс 1901 жылы 10 мамырда басталып, 1906 жылдың 1 сәуірнде аяқталды.
Ресейдің отарлық аймақтарында темі жол қүрлыстарының жүруі, ол жерлерде біршама құрлыс және теміржол жұмысшыларының отрядын қалыптастырды.
Қазақстанның темір жолдарының жұмысшы кадрлары ең алдымен күйзеліске үшыраған жергілікті қазақ шаруалары, көшіп келген орыс және украин шаруалары және Ресейдің ішкі губернияларынан, Сібірден, Повольже және Оралдан жұмыс іздеп келген шаруалардың есебінен қалыптасты.Қазақстанның темір жолшыларының ішінде өнеркәсіп жұмысшыларына қарағанда, жоғары білікті орыс жұмысшылары көп болды. Олар елдің орталық аудандарынан келгендер еді, олардың экономикалық және саяси көзқарастары біршама жоғары болатын.
Қазақстанның темір жолдарында жұмысшы кадрларының қалыптасуы олардың санының тез өсумен ерекшеленеді. 1900 жылы Қазақстанда барлығы 5-6 мың теміржолшы болса, ал бірінші орыс төңкерісі кезінде 1905-1907 жж олардың саны 20 мыңға жетті. 1913 жылы Қазақстанда 23000 теміржолшы болды, ал қазақ төңкерісі қарсаңында олардың саны -30000 жуық болды. Оның 14000 нан астамы Орынбор - Ташкент жолында жұмыс істеді. Қазақстанның төңкеріске дейінгі жұмысшы кадрлардың жалпы саны 100 мың адам болса, оның көпшілігін теміржолшылар қүрады. 1917 жылы тау-кен өнеркәсібінде - 20мың , мүнай өнеркәсібінде - 5мың , балық аулау кәсіпшілігінде -15 мың адам, өңдеуші өнеркәсіпте -20мың адам, түз өңдеу кәсіпшілігінде -5 мың адам жұмыс істеді. Сонымен қатар теміржолшылардың бір жерде көптеп шоғырлануы, басқа өнеркәсіптердегі сияқты жұмысшылардың шашыраңқы болуынан әлде қайда тиімді болды. Қазақстанның ірі станцияларындағы шеберханалары мен депо жұмысшыларының саны 1-2 мың адам болды.
Теміржолшылардың арасында жұмысшы күшінің жиі ауысып тұруына қарамастан, біртіндеп тұрақты жұмысшы кадрлар қалыптаса бастады. 1913 жылы темір жол жұмысшыларының көпшілігінің стажы 5 жылға жуық немесе одан да көп болды.
Қазақстан темір жол желілерінің жұмысшы кадрлары көп ұлтты болды: орыстар жұмысшылардың басым көпшілігін құрады, қазақтар - 20%-ын құрады. Ал құрылыс жұмысшыларының ішінде қазақтардың үлесі көп болды (Орынбор - Ташкент жолында 30-40 %), ал кейде олар құрылысшылардың жартысынана астамын (Воскресенск, Жетісу темір жолдарында ) құрады.
Қакзақтарлың теміржолшылардың ішінде санының аз болуы, қолдан істелген жағдай болды. Темір жол қызметіне түземдік халықтардың өкілдерін алуды шектеу туралы патша үкімі болды. Оның үстіне қазақтардың теміржол қызметі үшін қажетті біліктілігі болмады.
Қазақстанның темір жолындағы жұмысшылар капиталисттердің аяусыз қанауына түсті, жалақының көлемі аз болды, еңбек және түрмыс жағдайлары нашар болды. Құрылыс және темір жол жұмысшыларының царизм мен капиталисттік қанауға бірігіп қарсы шықты. 1905 - 1907 жылдарындағы орыс буржуазиялық - демократиялық революция Қазақстан теміржолшыларының әлеуметтік - саяси ой-санасын дамытты. Бұл революциядан кейін бүкіл Ресей жұмысшыларының елдің отарлық саясатына көзқарастарын өзгертті. Царизм мен капиталистерге қарсы бүкіл елдің жұмысшылары бірігіп, бірге күресуге шақырды.
Қазақстанның теміржолдарындағы жұмысшы қозғалысы XIX ғасырдың 90 -шы жылдарының өзінде -ақ басталып, Ресей еңбекшілерінің царизмге қарсы күресінің қүрамдас бөлігі болды. Ірі станциялардың (Орынбор, Ақтөбе, Шалқар, Перовск, Түркістан, Арыс, Шымкент және басқаларында) шеберханалары мен деполарында жұмысшылардың көптеп шоғырлануы, олардың ішінде Ресейдің орталық өнеркәсібі дамыған аудандарында саяси және экономикалық күреске қатысып, тәжірбие жинаған орыс жұмысшыларының көп болуы Түркістан аймағында саяси және экономикалық күреске жаңа леп берді. Орынбор - Ташкент темір жолының жұмысшыларының аймақтың басқа теміржол жұмысшыларымен тығыз қарым - қатынаста болуы - Орынбор - Ташкент теміржолының жұмысшыларын мықты үйымдасқан, аймақтағы революциялық қозғалыстың алдыңғы отрядына айналдырды.
Тарихи дәйектерді саралай отырып, 1905 - 1907 жылдарында болған бірінші буржуазиялық - демократиялық төңкеріс аймақтағы теміржол жұмысшыларының кадрларының тездеп қалыптасуына әсер етіп, оларды Ресейдің саяси өміріне тартып, царизм мен капиталисттік қанауға қарсы саяси және экономикалық күрестің мектебі болды.
1905 - 1907 жылдар аралығында болған бірінші буржуазиялық -демократиялық революция тек аймақтың жұмысшыларының ғана саяси күресінің бастап берген жоқ, сонымен қатар жергілікті қазақ халқының ой -санасының оянуына қозғау болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
І.Абдурахимова Н.А, « Революционное движение в Туркестане после Первой русской революции ( 1907-1917 гг.)», Ташкент 1970
2.Асылбеков.М.Х, «Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907 гг.)», Алма-Ата 1965
З.Асылбеков.М.Х, «Развитие сети железных дорог в конце ХІХ-начале XX века», Издательство «Наука», Алма-Ата 1972
4.Вахабов.М.Г, «К вопросу о формировании узбекской буржазной нации», «Материалы объедененной научной сессии, посвещенной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период», Издательство Акдемии наук Узбекской ССР, Ташкент 1955.
Госархив Оренбургской области, ф.21, оп. 2, д. 426, // Цит. по книге М.Асылбекова
Дильмухаммедов.Е, Маликов.Ф, « Очерки по истории рабочего класса дореволюционного Казахстана», Алма- ата 1963.
Есенғарин.Н.Қ, « Қазақстанның атақты теміржолшылары », Алматы 2004
« Қазақстан тарихы», 3 том, « Атамұра » баспасы, Алматы 2002
« Қазақстан 2030 », Алматы. 1997
Қазақ Совет Энцоклопедиясы, 8 том, Алматы. 1976.
Қойгелдиев.М, « Алаш қозғалысы », Алматы .1995 .
12. Құстаев Б, «Отанымыздың тарихы туралы саяси әңгіме», «Білім» баспасы, Алматы . 1993.
13. Маликов Ф, «Революционная борьба рабочего класса накануне и в период Февральской буржуазно - демократической революции», Издательство «Наука », Алма - Ата 1968
Маликов Ф, «Февральская буржуазно - демократическая революция в Казахстане», Издательство «Наука», Алма - Ата. 1972 .
Ленин В.И, Полное собрание сочинении. Том 18-21
16.Нусупбеков А.Н, «К вопросу о формировании казахской буржазной нации», «Материалы объедененной научной сессии, посвещенной истории Средней Азии и Казахстана в дооктябрьский период», Издательство Акдемии наук Узбекской ССР, Ташкент 1955.
17. Озғанбай Ө, «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан (1905-1907жж.)» Алматы. 1999.
18. Рыскулов Т, «Избранные труды », Алма-Ата, «Казахстан » .1984.
19.Сундетов С.А, «Торговля в Казахсане в начале XX века», « Казахстан в канун Октября», Сборник статей, Издательство « Наука», Алма-Ата .1972.
20.Шойынбаев Т, «Прогрессивное значение присоединение Казахстана к России », Издательство «Казахстан» Алма - Ата 1973
21.ЦГА РУЗ ф.1. оп. 11, д. 1308 // Цит. По книге М. Асылбекова
Достарыңызбен бөлісу: |