Мазмұны Кіріспе І тарау. Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мәселесі



жүктеу 1,22 Mb.
бет3/5
Дата20.05.2018
өлшемі1,22 Mb.
#15192
1   2   3   4   5

Сертте тұру. Біреуге немесе адамдарға уәде берсек, оны орындау да бір діни борыш саналады. Ислам дінің де ғибадаттар парыз етілгені сияқты, бір бөлек істер мен әрекеттер де парыз етілген. Соның бірі уәде берген соң сертте тұру. Уәдеге сенімсіздік бір немесе көптеген адамға зиян тигізеді. Мұндай адамдар өздерінің абыройын жер еткеннен қоймай, басқалардың адамгершілік беделіне де нұқсан келтіреді. Кейін оған ешкім сенбейтін жағдайға келеді. Өз беделінен жұрдай болып айырылған мұндай адамды ешкім де жақтырмайды. Уәдесінде тұрмаушылар қиямет күнінде де жауапкер болады. Құран Кәрімде Аллаһу Тағала: "Сертті орындаңдар. Сөз жоқ уәде сұралады" - деген. (Исрас-сі, 34-аят). Және осы сүренің өзінде адам өлтіру, зінә жасау, кем өлшеу, жетімнің ақысын жеу, кеудесін көріп менменсу сияқты күнәға алып баратын істердің ішінде сертте тұрмау да бар.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Мүнафиқтердің үш белгісі бар -сөйлегенде жалған айтады, серттен таяды, бір аманат қалдырса, сол аманатқа қиянат жасайды"-деп айтқан екен. Пайғамбарымыз жасаған шарттарға, уәделерге өте үлкен мән беріп, берілген сертте тұратын. 628 жылы меккелік мүшриктер (пұтқа табынушылар), кәпірлермен бірігіп, мәдинелік мұсылмандар мен Худайбия деген жерде шарт жасасты. Бұл шартқа сәйкес хижрадан кейін мұсылмандықты қабылдап Мәдине қаласына көшкен меккеліктер өз отанына қайтуға тиісті болды. Бұл шартты жасағанда мұсылмандардың көсемі ретінде Мұхаммед саллаһу ғәлайһи уә сәлләм басшылық міндетін өзіне алған еді. Мекке мүшриктерінің басшысы Сухайл бинни Әмір мұсылмандықты қабылдаған ұлы Әбу Жәндәлді Меккеден Мәдинеге көшіп кетпеуі үшін қол-аяғын арқанмен байлап зынданға қамап қойған болатын. Сондай жағдайдан Әбу Жәндәл ретін тауып құтылып, Мәдинеге қашып келіп, мұсылмандардың қатарына қосылған. Сухайл бинни Әмірұлы Жәндәлді көріп, пайғамбарымызға былай деді: "Жасалған шартқа сәйкес алдымен ұлымды сұраймын. Оны бізге қайтарып бер. Пайғамбарымыз да уәдеде тұрып Әбу Жәндәлді қайтарып берді. Мұны көрген Әбу Жәндәл және мұсылмандар өте үлкен өкініште қалды". Әбу Жәндәл: "Меккеліктер дінімізге дұшпан. Мені дұшпан қолында қалдыра көрме"- деп жалбарынды. Пайғамбарымыз: "Әбу Жәндәл, сабыр ет! Аллаһ Тағаладан үмітіңізді үзбе! Аллаһ Тағала көп ұзамай саған және сен сияқтыларға біршара табады" деп шартнәмә жазылып қағазға түсіріліп қойылмаса да өз уәдесінде тұрды. Пайғамбарымыздың заманында жазба түрде шарт жасасу өте аз етін. Барлық нәрселерді қағазға түсіре бермейтін. Мұсылмандар тіршілік істерінде бір-біріне сөз берсе, әлбетте сенетін, сөздерінде тұратын, уәделерінің үдесінен шығатын. Сондықтан ұсылмандар сөзі - САҚАТ"- дейді. Сақат екі кісінің арасындағы жасалған шарт мағынасында айтылады. Мұсылмандар - туралықтың адамдары. Сондықтан олар өтірікші, алаяқтық немесе жалғандық сияқты жиіркенішті әдеттерден өздерін аулақ ұстайды.

Ислам діні мына төменде көрсетілген жағдайда уәде беру дұрыс болмайтынын, немесе берілген уәдеден қайтса орынды болатынын айтады.

-Қолдан келмейтін іс болса;

-Аллаһ Тағала арам еткен істерде;

-Бір істің күнә екенін білмей уәде етіп қойып, артынан ол істің күнә екені мәлім болып қалса, мұндай жағдайда уәдеден қайту орынды болады. Өйткені қателіктен тыйылудың да дінімізде сауабы бар;

-Берілген уәде бір жағдайда орындалмай қалса. Мұндай жағдайда кешірім сұрап, уәдеде тұра алмаудың себебін түсіндірген абзал.

Пайғамбарымыз: "Уәдеде тұру иманнан" - деген. Яғни иманы бар әр бір мұсылмануәдесінің үдесінен шығуға әрі орындауға ұмтылуы керек.

Мінездің екінші түрі – жарамсыз әрекеттер мен жаман өнеге

Жалғандық пен алаяқтық. Басқаларды алдау үшін айтылған, туралығы жоқ сөзді жалғандық дейді. Дінімізде арам етілген үлкен күнәлардың бірі жалғандық.

Құран Кәрімде Аллаһ Тағала: "...жалған сөзден қашық болыңдар", -деп бұйырды. (Хаж с-сі, 30-аят). Екінші бір аятта былай дейді: "Уа мү"миндер, Аллаһтан қорқыңдар, тура сөйлеңдер". (Ахзаб с-сі, 70-аят).

Жалғандық көптеген күнәлі істердің тууына себепкер болады. Алаяқтық, өтірікшілдік, зұлымдық, әділетсіздік, сенімсіздік, дұшпандық сияқты нәрселердің барлығы да жалғандықтан пайда болған істер. Өтірікші өз-өзіне сенбейді, адамгершілігі, ахлағы және иманы әлсіз. Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Жалғандықтан сақтаныңдар. Өйткені иман бір жақта болса, жалғандық екінші жақта. Жалғандық пен иман бір кісіде кездеспейді",-деген. Басқабір хадисіңде: "Туралықты қолдан шығарып алма, өйткені туралық адамды жақсылыққа, ал, жақсылық жәннатқа жеткізеді. Адам әрдәйім тек тура сөйлейтін болса, Аллаһ Тағала құзырында Сыддық (тура), ең шыншыл адам деп жазылады. Жалғандықтан сақтан, өйткені жалғандық кісіні жәһәннәмға түсіреді", - деп жазылады деген. Өтірікшілер адамдарды апдағанмен Аллаһты алдай алмайды. Өйткені Аллаһ (Т) адамдардың істеген әр бір істеріһ көріп тұр, сөйлеген сөздерін естіп тұр, сондықтан Оған бәрі мәлім. Өтіріктің ең зияндысы әрі ең күнәлісі, қазының (соттың) алдында жалған куәлік беруі. "Ниса" сүресінің 135-аятында Аллаһ (Т) өзімізге, ата-анамызға, жақындарымызға зиян тигізетін болса да тура куәлік беруді бұйырды. ұл менің бауырым, жақыным", деп әділетсіздікпен ешкімді де жақтауға болмайды.

Ислам дінінде кей жағдайда жалған сөйлеуге рұқсат етілген:



-ренжісіп, бірімен бірі тілдеспей жүрген ерлі зайыптыны, немесе екі мұсылманды татуластыру үшін;

- Ұрыс сәтінде дұшпанды жаңылдыру үшін;

-Бір кісінің басына, мүлкіне, дініне және намысына зұлымдық және әділетсіздікпен зиян тигізген болса, сол адамды құтқарып алу үшін;

-Сырқат кісіге үміт әрі қуат беру мақсатында;

Пайғамбарымыз бір хадисінде: "Адамдар арасын келістіру үшін жақсылық ниетімен өтірік айтқан адам өтірікші емес",-деп ескерткен.

Алаяқтық амал да адамды алдау арқылы іске асады. Жалғандық сияқты алаяқтық та арам етілген. Алаяқ адам екі жүзді болады, басқаларды алдау үшін екі түрлі бейне ұстайды. Таза мұсылманның бейнесі үлгі тұтарлық, ал үлгі тұтарлық бейне мұсылмандікі болуы керек. Ислам дінінде адам-жаратылыстың ішіндегі ең құрметтісі. Алаяқ адам мұндай құрметтен құр қалады. Басқаларды ақымақ санап тек өз пайдасы үшін өтіріктің неше түрін пайдаланады.

Пайғамбарымыз бір хадисінде: ұсылманның біреуіне де болса зиян тигізген әрі оны алдаған кісі бізден емес", - деген еді.



Ғайбат (өсек). Дінімізге сәйкес мұсылмандар -достық, тыныштық, татулық және сүйспеншілік құшағында өмір сүруі керек. Адамдар арасындағы достықты, жақындықты әрі бауырластықты жоққа шығаратын, оның орнына кінәмшілдік пен дұшпандықты өмірге келтіретін ең жаман нәрселердің бірі-ҒАЙБАТ. Ғайбаттан, яғни сөз тасудан, кісіні ренжітетін орынсыз әрі жаман сөздерден сақтану керек, өйткені бұлар ислам дінінде арам етілген.

Бір күні пайғамбарымыз сахабаларынан сұрады: "Ғайбаттың не екенін білесіздер ме?"-деп.

Сахабалары: "Аллаһ және Оның Расулы біледі", - деді.

Сонда пайғамбарымыз: "Дін бауырластарымызға жақпайтын сөздерді оның сыртынан айту", - деді.

Пайғамбарымыздың сахабалары және сұрады. "Егер бауырластары-мызды жамандау орынды болып тұрса, айтуға болама?"

Пайғамбарымыз былай деді: "Егер айтқан сөздерің тура болса, онда ғайбат айтқан боласың. Айтқан сөздерің жалған болса, онда Тұхмат айтқан, яғни жала жапқан боласың,". Құран Кәрімде Аллаһ Тағала ғайбат айтуды адам етін жегенге теңестіре отырып, кісілерді қатаң түрде ғайбаттан тыйған: "Әй мү"миндер! Күмәннің көптігінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді біреу гайбаттамасын. Біреулердің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Аллаһ тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейрімді". (Хұжырат с-сі, 12-аят). Пайғамбарымыз ғайбат айтушыны ұнатпайтын еді. Егер бір адам оның алдында ғайбат етуге оқталса, ғайбаттың арам әрі күнә екенін ол кісінің есіне салатын. Пайғамбарымыз ғайбатты естуге де рұқсат бермейтін Расулуллаһ бірхадисінде: "Ғайбатайтушы мен оны тыңдаушының күнәсі бірдей", - деген.

Ғайбатшылар бір жаман кеселге ұшыраған кісілер. Біздің алдымызда басқаларды жамандап тұрған кісі, басқалардың алдында бізді айыптап, біздің атымызға да орынсыз сөздер сөйлеуі әбден мүмкін.

Мұсылман, адамның айыбын іздемейді әрі оларды жүрген жерлерінде жалпы қауымға жаймайды. Мү"мин кісі бауырластарының қателерін немесе айыптарын құпия ұстауға ұмтылады. Пайғамбарымыз айтыпты: "Кімбір мұсылман кісіге көмек жасаса, Аллаһ Тагала да ол кісіге жәрдем жасайды; Қайсы бір мұсылман өз бауырының дертіне қуат болса, Аллаһта қиямет күні оның дертіне қуат болады. Кім бір мұсылман бауырының айыбын жасырса, Аллаһта қиямет күні оның айыбын жасырады", - деп.

Адам басқалардың айыптары емес, қайта өзіндегі қателерді тауып, жақсы кісілердің қатарынан орын алуға ұмтылу керек. Пайғамбарымыз әр кезде қайталап: "Жақсы мұсылман өзінен кемшілік табудан қолы босамай, басқалардың айыбын іздеуге уақыт таппаған адам,"- дейтін.

Ғайбаттың бұл дүниеде де көптеген кесірі болған сияқты, ахиретке байланысты көптеген зияны бар. Ғайбатшы өзі жасаған жақсылықтары мен ғибадаттардан тапқан сауаптарының босқа кетуіне себепші болады. "Ғайбатшы ораза тұтпаған адам, -депті пайғамбарымыз. Демек, ғайбат күн бойына шығып, шөліркеп тұтқан оразаларының сауабын жоққа шырады. Мұсылман адам сыпайы әрі пайдалы сөз сөйлейдінемесе үндемей қоя қояды. Бұл жайында пайғамбарымыз былай депті; "Аллаһқа және ахирет күніне сенген кісі бір сөз сөйлесе де қайырлы әрі пайдалы сөз сөйлесін, немесе тыныш тұрсын."

Бір кісі мұсылман досын, жақсылық ниетпен оның пайдасы үшін сынаса, бұл ғайбат болмайды. Өйткені дін бауырластарының қателіктен және кемшіліктен құтылуына көмектесуде әр бір муминнің діни бауырластарының алдындағы борышы. Мұндай іс ғайбат емес, хақ және ақиатқа дауат ету (шақыру) болып есептелінеді.

Хазіреті Мұса(ғ.с.)заманында, біржылдары жаңбыр жаумағандықтан егін шықпай қалды. Көпшілік Аллаһтан (Т) жаңбыр сұрап жалбарынып жатты. Біркүні Мұса(с.ғ.с.)-да өз қауымымен Аллаһтан жаңбыр сұрауға шығып, қолдарын көтеріп дұға жасап, жаңбыр жіберуді тіледі. Жәнәбі Хақуақи періштесін жіберіп, мына хабарды жеткізді: "Үмметтеріңнің ішінде тіпті берілген бір ғайбатшы бар. Егер оны ғайбаттан тоқтатсаң, саған жаңбыр болады."

Хазреті Мұса (ғ.с.): "Иа, Раббым, бүлкісінің кім екенін маған білдіргін", -деп дұға қылған еді, Аллаһ: "оның кім екенін саған білдірсем, ол уақытта мен ғайбатшы боламын."-деп жауап берді.

Ұрлық – басқалардың мүлкін немесе басқалай байлығын жасырын алып пайдалану. Ұрылар адал еңбекпен мал табуды білмейтін, басқаның адал малын көрсетпей алуды кәсіп еткен сорлылар.

Ұрлық біздің дінде де, және басқа барлық дінде де арам саналады. Аллаһ (Т) "Бақара" сүресінің 188-аятында және "Ниса" сүресінің 29-аятында ұрлықты арам еткен. Ұрлық тек мүлік пен ақша ұрлау мағанасымен шектеліп қана қоймайды.

Мысалы, кем өлшеу, мүлкін өте қымбатқа сатып, тез арада көп ақша табу, адамдардың немесе мемлекеттің сенген байлығын талан-таражға салып жұмсап қоюда жатады.

Тонау - жеке адамдардың немесе мемлекеттің мүлкін, ақшасын қарақшылық жолмен ашық күш жұмсап немесе бопсалау арқылы иемдену. Қарақшылық кезінде адамдардың жеке басына үлкен қауіп төніп, немесе ауыр жарақат алуы мүмкін. Сондықтан да тонаушылық үлкен күнәлар қатарына жатады. Иманы мен ахлақы әлсіз адам үшін ең құнды нәрсе ақша мен дүние байлығы, сондықтан ондай адамдар ұрлықты арам деп есептелмейді. Қай мемлекет болмасын ұрлық үшін әртүрлі жаза белгіленген. Ұрыларды ұстау үшін әр үйге, аулаға, жұмыс орындарына сақшылар қойылып та жатыр, бірақ ұрлықты бұл тәсілмен тыюдың мүмкіншілігі жоқтың қасы. Ұрлықты тек жаппай Аллаһ Тағалаға иман келтіру арқылы тыюға болады. Ұрлықты түгелдей жойған исламның гүлденген дәуірі осыған мысал. Иманы бар адам әр уақытта Аллаһ тағаланың назарында екенін сезінеді. Аллаһқа сенген кісі ұрлық жасамақ болса, Аллаһ (Т)-дан қорқып бұл жарамсыз істен бастартады.

Сондықтан пайғамбарымыз бірхадисінде "Аллаһ тағалаға сенген адам, жүрегінде иманы болғандықтан ұрлық жасамайды,"- деген еді. Демек, адамның иманы және Аллаһтан қорқынышы көптеген лас, күнәлі істерден құтылуына себепші болады.



Адам өлтіру. Аллаһ тағаланың жаратқандарының ішіндегі аса жоғары дәрежелісі адам. Адам Жаратушының ең Ұлық туындысы. Кім болса да, әр бір адамның бұл дүниеде өмір сүруге құқы бар.

Адамды жаратуда, өлтіруде Аллаһ (Т)-ның қолында. Адам өлтіру күнәлардың ең зоры саналады. Әділетсіздікпен кісі өлтіріп қылмыс жасаушыларды Аллаһ (Т) кешірмейді: Құран Кәрімде Аллаһ (Т) бұйырды: "Кім нахақтан, қасақана бір мү"минді өлтірсе, оның жазасы жаһанам болып,, ол жерде мәңгі қалады. Әрі ол Аллаһтың азабы мен лағнетіне душар болғандықтан, Аллаһ (Т) ол үшін үлкен азапты дайындап қойған еді,"(Нисас-сі, 93-аят).

Пайғамбарымыз бір хадис шарифінде былай дейді: "Жасалған әр түрлі қателіктердің кешірілу мүмкіншілігі бар. Бірақ кәпір болып өлгенді және бір мү"минді жаман мақсат үшін өлтірген адамды кешіру мүмкіншілігі жоқ."

Адам дүниеге қалайша келеді? Қандай қиыншылықтармен ер жетеді. Ата-анасы баласы үшін аз еңбектенеді деп ойлайсыз ба? Дүниеде ең баяу өсетін жаратылыс адам баласы. Оны өсіріп жетілдіру үшін қаншама берілгендік керек? Осындай қиыншылықпен өскен адамды өлтіруге, Аллаһ тағапаның ең зор туындысын жоюға ешкімнің де құқы жоқ.



ұран Кәрімде Аллаһ (Т), бір кісінің өлтірілгенін бүтін адамзаттың өлтірілгеніне, бір кісіні өлімнен құтқару, бүкіл адамзатты өлімнен қүтқарғанға ұқсатқан". (Маидас-сі, 32аят). Дінімізде үлкен мән берілген нәрсенің бірі кісінің өзін-өзі өлтіруі. ЖАН – адамаға берілген Аллаһ тағаланың аманаты. Жанды берген Аллаһ тағала уақыты жеткенде қайтып алады. Өзін-өзі өлтірушілер Аллаһ тағаланың аманатын сақтай алмағаны үшін әрі аманатқа қиянат жасағандықтан күнәлі болады. Өзін-өзі өлтірген адамға ешкімде жақсы көзбен қарамайды, тіпті ондай адамдарға жаназа оқылмасын деген сөз бар. Бірақ біздің имам Ағзам Ханафи мазхабында, егер адам рухани кеселдің садцарынан өз өмірін өзі үзген болса, мұндай жағдайда адамның жаназасы оқылады. Адам қандай да бір ауыр жағдайда тұрса да, қайғы жұтып, қиналып, азап шексе де, өзін-өзі өлтіруі дұрыс емес. Мұндай жағдайда иманы толық адамдар мұсылмандық сабырмен табандылық таныта отырып өзін аман алып шығады.

Кісі өлтіруді ислам діні үлкен күналар қатарына жатқызса да, заманымызға қарай, қазіргі кезде мұсылмандардың да арасында соғыс өртін тұтатушылар мен қатар, жекелеген адамдардың кісі өлтіруі тоқтамады. Олар бұл зұлымдық істерін дінге негіздеуге, дінмен байланыстыруға тырысады. Әрине мұндай әрекеттер теріс өнегесімен дінімізге үлкен зиян әкеле отырып, қоғамды бүлдіреді.

Ислам діні ізгіліктің әрі мейірімдіктің діні. Сондықтан біздің дініміз тек адамдарға ғана емес, жануарларға да шапағат етіп, оларға да зиян тигізбеуге үгіттейді, өзімізге қауіп төндірмесе хайуандарды да өлтірмеуді үйретеді.

Пайғамбарымыз заманында кейбір араптар хайуандарды бір жерге байлап қойып тірі нысана етіп, оқытып жаттығатын. Осылайша мергендіктерін салыстыратын.

Пайғамбарымыз адамдарды бұл әрекеттен қайтарып: "Атып жаттыққан кездеріңде жануарларды нысана етпеңдер, " - деді.

Ислам діні барлық жаратылғандардың өмрін құрметтеуді бұйырды. Бұл-діни ахлақтық бір борыш.



Жалаістемеген нәрсесін істеді деп кісіні айыптау, жалған сөзбенен адамның абыройын түсіре отырып, арандату арқылы көпшілік алдында ол адамның атына кір келтіру.

Жала ислам дінінде арам. Сондықтан да жала, пәк әрі күнәсіз адамдарды ауыр жағдайға ұшыратады. Сөйлеген кезде адам сөзінің мағынасына жан-жақты мән беруі керек. Сондықтан да: "Жеті рет өлше, бір рет кес", яғни "Алдымен ойлан, кейін сөйле", - дейді халкымыз. Тіл-қылыштан да өткір. Қылыштан түскен жара жазылады, ал тілден түскен жараның жазылуы қиын. Өйткені тіл жарақаты рухқа, жанға түседі. Тән жарақатынан тіл жарақаты өте ауыр. Сондықтан тілмен жасалатын үлкен күнәлардың бірі ЖАЛА болып есептелінеді.

Адамның ең үлкен күнәға бататыны тілінен. Көптеген пәлелер, қиыншылықтар адам басына тілі арқылы түседі. Сондықтан: "Басыңа келетін пәле тілден, " - дейміз.

Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед саллаллаһу геләйһи уә сөлләм бір хадисінде: "Шүбәсіз. адам баласының жасаған кателерінің айыптарының көбісі тілі арқылы келеді",- деген

Ислам ғұламалалары былай дейді: "Тамақтанып отырғанда аузына алып баратын нәрсеге қандай көніл бөлсең, ауыздан шыққан свздерге де сондай мән бер, тілімізбен басқаларға зиян тигізбеу де ахлаки бір борышымыз".

Ислам діні бұл мәселеде аңғарымпаздыққа үгіттейді. йтылған сөздің бәріне бірдей сене беруге болмайды", – деп ескертеді. Мысалы, Құран Көрімде бұйырған: "Өзін білмеген бір нәрсенің соңынан туспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады". (Истра с-сі, 36-аят). Және бір аятта: "Әй мү"миндер! Бұзық біреу келтірсе оны анықтандар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендерің өкінесіндар". (Хужрат с-сі, 6-аят).

Бұл аятта көрсетілгендей естігеніңнің бөріне бірдей сене беруге болмайды.

Адамдар бүгінде әсерлеп сөйлегенді тәуір көреді, нәтижесінде шындық бұзылып, жалғандық көрініс алады. Адамдар тарихының қай кезеңінде болмасын жалғандық болған. Тіпті пайғамбарымыздың тұсында да кездесіп, хазреті Айша анамыздың атына жала жабылған.



Пайғамбарымыз Мұхаммед саллааллаһу ғәләйһи уә сәлләм 626 жылы бәни Мусталик атты бір тайпамен соғысуға мәжбүр болды. Бұл ұрысқа аттанғанда жұбайы Айшаны да бірге алып кетті. Мұсылмандар бұл ұрыста жеңіске жетіп, шарт жасасып кейін қайтты. Жолда бір жерге кідірді. Айша анамыз бамдат (таң) намазынан бұрын оянып, таһараттың алдында кажетін өтеп алмақ болып, адамдардан тасалау жерге жетті. Жолда мойнындағы моншағын түсіріп алды. Қайтып келген соң моншақтың түсіп қалғанын көріп, моншақты іздеп ізімен кейін қайтты. Моншағын тауып алғанша біраз уақыт өтіп кетті. Түнеген жеріне қайтып келсе, әскер түгелімен жүріп кетіпті. Айша анамыз: "Менің жоқ екенімді біліп іздеп келер деп, сол жерде тосып отырды. Пайғамбарымыз ұрыс кезінде үнемі бір адамды қосынның (әскердің) соңына бақылаушы етіп қалдыратын. Ол кісі ұмытылған нәрселер болса жинастырып жүретін. Сол түнгі кезектің міндетін атқарушы Сафуан бинни Муаттал атты сахаба еді. Ол кісі ұрыстан соң бақылаушы болып кейін қалған болатын. Міне осы кісі келе жатып. жалғыз отырған Айша анамызды көріп, түйесіне мінгізіп алды. Өзі түйенін бұйдасынан жетектеп әскердің кеткен бағытына жол тартты. Бірнеше сағаттан кейін қосынды қуып жетті. Бірақ кейбір адамдар хазреті Айша мен Сафуап жайында болмаған жағдайларды сөйлеп, жала жауып, пайғамбарымыз бен Айша анамыздын арасына суықтық салды. Жаланың әсерінен Айша анамыз ауырып, Пайғамбарымыздан ұрықсат сұрап әкесі Әбу Бәкірдің үйіне кетті. Әрине бұл жала исламның үлгісі ретінде көрінетін бұл екі кісіге өте ауыр тиді. Біраз уақыт өткеннен кейін пайғамбарымызға бұл мәселе жөнінде Аллаһ Тағала тарапынан аят түсті және бұл аятта хазреті Айшаның күнәсіз екендігі білдірілді. Осы аятта отбасына және кінәратсыз әйелге жала жабылса, егер куәлері болмаса. 80 қамшы дүре соғылып жазалансын делінді. (Нұр с-сі, 4-аят). Осы аят түскеннен кейін жалған қауесет көтеріп, жаланың тууына себепші болған Әбдуллаһ бинни Убай бинни Салул, Хасан бинни Сәбит және һәмнә бинни Жаһш есімді адамдарға 80 қамшы дүре соғылды. Бұл—жала жазасы деп аталды. Міне осы уақиға пайғамбарымыздың аман-сау, кезінің тірісінде болған еді. Егер Аллаһ Тағала аяттарымен хазреті Айшаның күнәсіз екенін білдірмесе, онда не болар еді? Бірақ рақымы шексіз Аллаһу (Т) пенделерінің жіберген қателерін дер кезде түзеді.

Жарамсыз істердің бәрі де жасырын күйінде қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір әшкере болады. Басқаларға зиян тигізген адам, жердің беті ғана емес, оның асты бар екенін де ұмытпасын. Мүмкін бұл дүниеде жауыз адамдар үшін жасырынатын орын табылар, бірақ ахирет өмірінде қашатын орын болмайтынын ескерсін. Ол күнде олар "Қиямет" сүресіндегі аяттарды көрсетілгендей: "Адамдар сол күні қашар жер қайда? - дейді. (10) Жоқ әсте пана жоқ (11). Ол күнгі тұрақ Раббыңның алды. (12). Сол күні адам баласына ілгері-кейін істегені білдіріледі. (13).



Тәкәппарлық – деп, өзін басқалардан жоғары қою, өзін ұлықтау, мақтау, басқаларды төмендетіп, менсінбеуді айтамыз.

Исламияттың мақсаты, адамдарды бір-бірімен жақындастырып, татулықта өмір сүргізіп, бұл дүниеде де және ахиретте де бақытты ету. Бірақ Аллаһ (Т) -ның мақұлықтары (жаратылғандары) мінезі, табиғаты жарынан әр түрлі. Біреулері биязы мінезді жұмсақ болса, біреулері тасбауыр әрі тәкәппар. Шайтан мен-мендігі әрі өзін басқалардан жоғары қойғаны үшін Аллаһ (Т)-ның рахымынан мәңгілікке айырылды.

Тәкәппардың ислам дінінде арам. Құран Кәрімде айтылғандай, Аллаһ Тағала: "...негізінен Аллаһ, тәкәппар, мақтаншақты жақсы көрмейді". (Ниса с-сі, 36-аят). "...расында Аллаһ өзін жоғары ұстағанды жақсы көрмейді". (Нахыл с-сі, 23-аят). Өйткені жоғарылылық тек Аллаһ тағалаға тән, тек Аллаһтың құқы. Адамның тәкәппар болуға құқы жоқ. Аллаһ Тағаланың 99 сипатының бірі Әл-Мутәкәббир (үстемдік иесі). Тәкәппарлық еткен адам Аллаһтың ашуына тиеді. Бір Қудсий хадисте Жәнәбі Хақ былай деген: "Биіктік пен үстемдік менін киімім, ұлыктық менің тоным. Үстемдікте және ұлыктықта маған теңесемін деген адамның белін сындырамын".

Құрандағы көптеген аятта тәкәпарлықтан сақтану бұйырылған. Мәселен, Аллаһ Тағала былай дейді: "Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені сен жерді әсте жара алмайсың да, бой жағынан да тауларға жете алмайсың". (Исра с-сі, 37-аят).

Пайғамбарымызда бір хадисінде: "Тәкәппар адамды Аллаһ төменге түсіреді, ал кемтардын дәрежесін көтереді," - деді.

Нух (ғ.с.) дүниеден өтер алдында балаларын шақырып, оларды екі нәрседен: Аллаһқа ширк қосудан және тәкәппар болудан қайтарған еді. Пайғамбарымыз өте карапайым адам болған, әрі біздің де сондай болғанымызды қалайды.

Пайғамбарымызды бірінші көрген бір арап, ол кісінің алдында қорқып қалтырай бастаған еді. Пайғамбарымыз оған: "Әй достым, қорыкпа! Мен де Құрайыш топырағынан шыққан арпа нанын жеген бір әйелдің перзентімін", - деп кішіпейілдік көрсетіп, пайғамбарлығына мақтанбаған.

Адамдардың тәкәппар болуына түрлі себептер бар. Байлығымен, нәсілімен, мансабымен немесе білімімен мақтануы мүмкін. Қайс бинни Мутатия атты бір кісі пайғамбарымыздың мешітіне намаз оқуға келгенде, азанның айтылуын күтіп тұрған адамдардың арасынан арап емес бірнеше адамдарды көріп: "Бұлар Эроннан келген парсылық Сәлмәнның Эпиофиадан келген Хабаштық Біләлдің және насралиқты (христиандықты) тастап мұсылман болған Рүмдік Сухайбидің қайсысына жақын? Бұлардың бірі де арап емес. Біз, араптар исламиятқа үлкен қызмет жасадық. Ислам араптар арқылы халықтар арасына тарады", - деп қасында тұрғандармен бірге мақтанды. Бұл сөз пайғамбарымызға жетті. Намаз оқылып болған соң пайғамбарымыз жамағатқа арнап сөз сөйлеп: "Раббыларың бір Аллаһ, аталарын да бір ата, яғни хазреті Адам (ғ.с.) . Араптық сендердің аталарың да, аналарын да емес. Ол бір-тіл, аапша сөйлеген арап", -деп адамдарды нәсілі және кауымымен мақтанудан қайтарды.



"Мен тәкәппар болып көрінбейін деп барлық нәрсеге көмпістік көрсету тура емес, Мұсылман адам" өзіне лайық байсалдылықтың иесі. Байсалдылық-тәкәппарлық та емес, жеңілдік те емес, байсалдылықтан шығатын орташа күй.

жүктеу 1,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау