Мазмұны кіріспе І бөлім мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері 8


Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері



жүктеу 0,64 Mb.
бет5/6
Дата14.02.2018
өлшемі0,64 Mb.
#9535
1   2   3   4   5   6

2.2 Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері.


Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады. [38]
Ата-аналармен жеке кездесу

Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.

Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.

Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады. [39]


Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарымен таныстырады.

Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.

Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткізуге де болады. Ол үшін, мектеп ұжымы алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін жиналыстарды жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы дәрістер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс.

Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар – көркем-өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді. [40]

Ата-аналар комитеті

Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгермейтін және «қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу, үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б.

Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.
Ата-аналар белсенділерімен жұмыс

Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді.

Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады. [41]
Ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер

Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.

Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет.

Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.

Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды.

Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі. [42]



Конференция өткізу
Отбасы тәрбиесінің басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата-аналарымен конференциялар өткізіледі. Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарының уәкілдері де қатыса алады. Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады. Мысалы: «Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы», «Отбасындағы тәрбиеде жұртшылықтың рөлі». Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәжірибелер еске алынып, конференцияларда ата-аналардың «Үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесем», «Біздің отбасындағы еңбек тәрбиесі», «Отбасында бала бос уақытын қалай пайдалану керек» сияқты баяндамалары тыңдалады.

Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жұмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды.

Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылырдың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың мәтіні, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б. [43]
Ата-аналар лекторийлері

Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады.

Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:


  1. Қоғамдық және отбасылық тәрбие, олардың бірлігі.

  2. Балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістерінің тәрбиелік рөлі.

  3. Жыныс тәрбиесі, жастарды некелік-отбасылық өмірге дайындау. [44]


Ата-аналар университеттері

Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады.

Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік беріледі.

Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер ата-аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады.

Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет:


  1. Оқушыға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы. Мұндай жағдай, тіпті қиын оқушыға да қатысты болуы шарт.

  2. Мұғалімдердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестеріне өте мұқият назар аударуы.

  3. Оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп анықтау, талдау және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыру.

  4. Оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудің формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс-қимыл көрсету.

Мұғалімдердің ата-аналарымен қарым-қатынасында педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы. [45]

Ата-аналар семинары біз барған № 1 А.Байтұрсынов атындағы, М.Әбенова атындағы мектептерде үнемі болып тұратыны анық. Осындай «ата-аналар семинары» туралы «Егеменді Қазақстан» газеті 7 наурыз 2003 жылы былай деп жазды: «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ».

Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, тәжірибиелі ұстаздарымыздың бірі З.Жаппасованың ұйымдастыруымен жақында ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар теориялық сабақтан соң «Мен анамның қолқанатымын», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» әдеби – музыкалық көріністі тамашалады. Семинарға қатысушылар З.Жаппасованың ұстаздық шеберлігіне ризашылық білдірді. [46]

Ұлы чех ғалымы «Ұлы дидактика» - атты педагогикалық шығарманың авторы Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ орта, сусыз диірменмен тең» деген болатын. Шынында тәртіп болмаған жерде балаға еш нәрсені айтып түсіндіруге де, жұмыс істеуге де, одан тиянақты нәтиже шығаруға да мүмкіндік болмайды. Сондықтан оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүгінгі мектеп тәжірибиесінің ең негізгі түйінді мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, саналы тәртіп – ұйымшылдықтың, іскерліктің, ілтипаттылықтың, сыйластықтың, өнегеліліктің ұйтқысы.

Негізінде оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі – оқыту процесімен бірлікте жүргізіледі. Мұны атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Кім жақсы оқыта білсе, ол тәртіпке де бағындыра біледі» деген ұлағатты сөзінен аңғаруға болады. Демек, оқушылардың сабаққа белсене қатысуы, оған ынта-назарын салуы, мұғалімдердің әртүрлі педагогикалық методикалық әдістерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Егер сыныптағы сабақтың мазмұны өте жеңіл, не түсініксіз ауыр болса, оның үстіне мұғалім еркін түсіндіре алмаса, онда сыныпта сөз жоқ тәртіп өзінен-өзі бұзылады. Болмаса, сабақ үстінде оқушылардың ешбір жұмыссыз қарап отырып қалуы оларды жалқаулыққа, бей-жайлыққа ұшыратады. Сондықтан мұғалімнің сабақ түсіндіруі айқын, анық, дәлелді, ұғымды болуы керек. Бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибиемен дәлелді, ұғымды астасып түсіндірілген сабақ ұғынықты, әрі қызықты болатыны белгілі.

Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылардың қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастырады, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатыстырады.

Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата-аналардың өзара жағымды қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік-ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді. [47]



жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау