Мазмұны кіріспе 3 I бөлім. Шетел тұлғаларына салық салудағы Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің экономикалық мәні


Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні



жүктеу 0,64 Mb.
бет2/3
Дата24.02.2018
өлшемі0,64 Mb.
#10642
1   2   3

1.3. Шет ел тұлғаларына жеке табыс салығының экономикалық мәні
Жеке табыс салығы Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдерінде де бар. Бірақ оның жеке тұлғалардан алыну тәртібінде, салынуында кейбір өзгешеліктер бар. Мысалы Ұлыбританияда табыс салығы заңмен шешілген жеңілдіктер шегерімі есебінде жылжық жиынтық табыс ретіндегі салық салынатын табыстан ұсыталынады. Сонымен қатар ол жалақылық және инвестициялық (еңбекпен табымаған) болып бөлінеді.

Төлем көзінен жалақы мен айлықтан түскен табыстан тұратын жалданған еңбек тұлғасы үшін салық декларациясы толтырылмайды. Басқа жағдайларда табысқа салынатын салық заңмен белгіленген мерзімде, салық төлеушімен ұсынылған декларация негізінде жүргізіледі.

Британиялық табысқа салынатын салық шешуші деңгейде 1965 және 1973 жж. реформалар көмегімен ұйымдастырылды. 1965 жылға дейін табыс салығын жеке тұлғалар сияқты заңды тұлғалар да, оның ішінде корпорациялар төледі. Корпорация пайдасына жеке салық енгізілгеннен кейін, оның әрекет ету саласы жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын немесе іскерлік серіктестік партнері ретінде танылатын адамдарды қосқанда, азаматтардың жеке табысына дейін қысқарады.Табысқа салынатын салыққа елеулі өзгерістер 1973ж. реформа негізінде енгізіледі, нәтижесінде жалақылық және инвестициялық табыстарға ставкалардың бірыңғай шкаласы бойынша салық салына бастады. Бұл салық салу техникасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар жеңілдіктер мен түсімдерді есептеуге арналған шедулалар міндетін түпкілікті деңгейде өзгертті.

Универсалды және ең маңызды жеңілдік – табыс көзінен тәуелсіз барлық салық төлеушілердің пайдалануға құқығы бар жеке жеңілдік және отбасы басшысына салық салынуда есептелінетін қосымша отбасылық жеңілдік. Жеке және отбасылық жеңілдік мөлшері бөлшек сауда бағасы индексінің өсімі есебінде (және де ерекше экономикалық жағдайларға байланысты Парламент Үкімет ұсынысы бойынша жеңілдік мөлшеріне тыйым салуға құқылы) әр қаржылық жылда автоматты түрде қарастырылып отырады. Қазіргі кезде Ұлыбританиядағы жеке жеңілдік 3445фунт стерлинг мөлшерінде анықталады.

Табыс салығының үш түрлі ставкасы әрекет етеді. Салық салынатын табыс (барлық жеңілдіктер есебінен кейін) – 2500фунт стерлингке дейін – 20, 2501-ден 23700фунт стерлинге дейін - 25 және 23700фунт стерлингтен жоғары - 40.

Келесі қарастыратын мемлекет – Франция. Осы елдің салықтары ірі үш топқа бөлінеді. Оның бірінші тобы табысты алу кезінде алынатын табыс салықтары. Табыс салығының тобында жеке тұлғалардың табыс салығы маңызды орын алады. Оның үлес салмағы Францияның мемлекеттік бюджетінде 18-дан асады. Берілген салық өткен қаржылық жыл қорытындысы бойынша жыл басында мағлұмдаған табыстан жыл сайын алынып отырады. Салық фискалды бірлікке – ерлі-зайыпты және олардың асырауындағы адамдардан тұратын отбасыға салынады. Жалғыз адамдар үшін фискалды бірлік , әрине, бір адам. Табыс дегеніміз есеп беру жылы ішінде түскен барлық ақша түсімдері: еңбекақы, сыйақылар, зейнетақы, ғұмырлық рента, жылжымалы мүліктен түскен табыстар, жерді пайдаланудан түскен табысар, өнеркәсіптік және коммерциялық қызмет табыстары, коммерциялық емес сипаттағы табыстар, бағалы қағаздар операцияларынан түскен пайда және т.б. Сонымен қатар меншік құқығын тапсырудағы алынған бір жолғы табыстар да есепке қабылданады. Салық салу бизнесінен заңмен арнайы анықталған шығындар, мысалы, тамаққа берілетін мақсатты жәрдемақы алынады. Кейбір шегерімдер белгіліәлеуметтік топтарға: қарт адамдар, мүгедектер және т.б. пайдаланылады.

Жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы прогрессивтік сипатта, 0-ден 56,8 ставкасында.

90-жылдарда жеке тұлғалардан табыс салығы салықтық сипаттағы әлеуметтік аударымдармен толтырылды. 1991 жылы Қаржы туралы заңмен белгіленген жалпы әлеуметтік аударым жылжымалы және жылжымайтын мүліктен түскен барлық табыстың 1,1-ды құрайды. Мұнымен қоса, салым бойына пайыз түрінде алынған, табыс базасында есептелген әлеуметтік аударымдар бар. ПАуңдарым ставкасы - 1. Сондай-ақ арнайы әлеуметтік аударымдар да бар.

Германияда табыс салығы прогрессивті. Оның минималды ставкасы - 53. Салық салынбайтын минимум, жалғыз адамдар үшін, айына – 1536 марка және отбасыдағы екі адам үшін – 3072 марка. Бұдан соң балалардың салық жеңілдіктері, жасқа байланысты жеңілдіктер, төтенше жағдайлардағы жеңілдіктер (ауырып қалу, төтенше жағдай). Мысалы, 64 жасқа келген максималды ставкасы, табысы 120 мың маркадан асатын азаматтар үшін, 240 мың марка отбасылық екі жан үшін пайдаланылады.

Табыс салығының салу обьектісі – адамн.ың барлық табысы : жалдамалы еңбек, өзіндік жұмысы, кәсіпшілік қызмет немесе ауыл және орман шаруашылығы қызметіндегі, капиталдан түскен, мүлікті жалға беруден және алудан, сондай-ақ басқа түсімдер.

Салық салынатын табысты анықтау үшін, түсімдерден шығындар алынады. Бұл жағдайда ерекше шығындар есепке алынады, мысалы,

ерлі-зайыптылар айрылысқаннан кейінгі алимент, медициналық сақтандыру жарналары мен өмірді сақтандыру, шіркеулік салық, кәсіптік білім алудағы шығындар және тағы басқалар. Жалдамалы жұмыскерлерден алынатын табыс салығын, жұмыс беруші оларға еңбекақы төлеген кезде ұстап қаладыжәне органдарына аударады.

Еңбекақы салығын анықтауда салық класстары, салық кесетелері мен салық карталары сияқты категориялар пайдаланылады. Жалдамалы жұмыскерлер мен қызметкерлер топталатын, алты салық класы бар.

І класс – балары жоқ бойдақ жұмыскерлер;

ІІ класс – бойдақтар, баласы бар айырылысқан немесе жесір қалған адамдар;

ІІІ класс – үйленгендер, егер дн отбасында ерлі-зайптының біреуі ған жұмыс істесе. Егер екеуі де жұмыс істесе, оның біреуі өзара келісіммен Ү класқа көшеді;

ІҮ класс – күйеуі мен әйелі жұмыс істеген жағдайда, екеуі де салықты бөлек төлейді;

Ү класс – жұмыс істейтін үйлегендер, оның біреуіне ІІІ класс бойынша салық салынады;

ҮІ класс – бірнеше жерде еңбекақы алатын жұмыскелер;

Салық кестелері кластары, отбасныдағы шаруашылықтың бірлесе немесе жеке жүруін есепке алады. Кестелер сондай-ақ салық жеңілдіктерін есепке алады.

Еңбекақыдан салықты ұстау салық картасының негізінде жүргізіледі. Карта тұратын жері бойынша қауыммен толтырылады. Онда салық класы, балалар саны, жұмыскердің дін тұтуы куәландырылады. Сондай-ақ мүгедектігі, 64 жасқа толғаны және т.б. көрсетіледі.

1994 жылы Германия салық түсімі түрінде 786 млрд. марка алады. Олар былай бөлінген: федералды бюджетке – 379 млрд. марка, жер бюджетке – 269 млрд., қауым бюджетіне – 97,3 млрд., Еуропа Одақ қорына – 40,7 марка көлемінде.

Көптеген дамыған елдердегідей, Италиядағы мемлекеттік табыстың көзі жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы болып табылады. Табыс салығы прогрессивтік сипатта және күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғалармен алынған кешендік таза табыс ескеріледі. Салық жер меншігінен, капиталдан, жалдау бойынша жұмыстан, кәсіпкерлік қызмет пен басқа да көздеоден алынған табыстардан құрылады.

Жер меншігінен алынған табыс өз кезегінде, жер учаскелері мен құрылыстан алынған табыстан құрылады. Оның біріншісі жерді иемдену фактісінен немесе аграрлық қызметті жүзеге асырудан жасалады. Екіншісі тікелей иеленушінің ғимараттар мен үйлерге эксплуатация жасаудан алынған табыстан және оларды жалға бері нәтижесінде түскен табыстан құрылады.

Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының ставкасы прогрессивтік сипатта. Өзгерістер инфляция индексі есебінде жыл сайын енгізіліп отырады. 1993 жылшы 7,23 млн. лирге дейінгі табыстар 10-қ ставка бойынша, 7,2 млн-нан 14,4 млн. лирге дейінгі табыс - 22, 14,4 млн-нан 30 млн. лирге дейін - 27 және осы түрде 50-ға дейін салынған. Асырауында адамдары бар отбасы тұлғалары немесе 5,1 млн. лирден төмен табыс табатындар салық жеңілдіктерін пайдаланады.

Табыс салығы, төлеушінің салық органдарына тапсырған табыс туралы декларацияны толтыру жолымен есептеледі.



ІІ БӨЛІМ. Шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктерін талдау
2.1. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу обьектілері,

жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары


Төлеушiлер:

Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi салық төлеушiлер) болып табылады.

Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар:

1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар.

Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер;

2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;

3) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу;

4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;

4-1) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар;

5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттік облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар;

5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;

6) әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде әскери қызметшілерге, белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген, оны қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алған ішкі істер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қызметкерлеріне берілетін төлемдердің барлық түрі;

7) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;

8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер;

9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);

10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер;

11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер;

12) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 27 еселенген шегiндегi табысы;

13) өткізілер күні қор биржасының "А" және "В" ресми тізімінде тұратын акциялар мен облигацияларды өткiзу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы (*листингтiң ең жоғары немесе ең жоғарыдан кейiнгi санаты бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде өткізу күнінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезінде);

13-1) олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жасалған жағдайда осы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;

14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа);

15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, төлемдердің әрбір түрі бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген шегiндегi төлемдер;

16) қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер;

17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi;

18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;

19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары;

20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;

21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары;

23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы;

24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары);

25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары;

26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (келген) жерінен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;

26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар;

28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар;

29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқкиiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны;

30) өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарын қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны;

31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;

31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;

32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;

33) сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары;

34) өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлықақыларының сомалары;

35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;

36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары;

37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары;

38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi.

39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;

40) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген кірістері;

41) міндетті зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларына аудармағаны үшін есептелген өсімпұл сомалары.

2.2. Жеке табыс салығының ставкалары және салық декларациясы

Салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынуға тиіс.

Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түріндегі табыстарға 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.

Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына:

1) қызметкердің табысы;

2) бiржолғы төлемдерден алынған табыс;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлетiн зейнетақы төлемдерi;

4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

5) стипендиялар;

6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады.

Салық агенттерi жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзiнен салық салынатын табыс төленетiн күннен кешiктiрмей жүргізедi.

Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 20-сына дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді олардың орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi белгiленген.

Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген.

Депозитарлық қолхат бойынша кірістер төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.

Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.

Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада жеке тұлғаның төленген кірістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қызметкердің жұмыс берушi есептеген, көзделген салық шегерiмдерi сомасына азайтылған табыстары төлем көзiнен салық салынатын табысы болып табылады.

Жұмыс берушi материалдық, әлеуметтiк игiлiктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде берген табыстарды қоса алғанда, жұмыс берушi төлейтiн ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар қызметкердiң табыстарына жатады.

Қызметкердiң заттай нысанда алған табысына:

1) заттай нысандағы еңбекақы;

2) қызметкер алған тауарлар, қызметкердің мүддесiн көздеп орындалған жұмыстар, қызметкерге өтеусiз негiзде көрсетiлген қызметтер;

3) қызметкердiң үшiншi тұлғалардан алған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құнын жұмыс берушiнiң төлеуi кiредi.

Қосылған құн салығы мен акциздердiң тиiстi сомасын қоса алғанда, заттай нысандағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны қызметкердің осындай нысандағы табысы болып табылады.

Қызметкердің материалдық пайда түрiнде алған табысы мыналарды да қамтиды:

1) қызметкерге сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) құны мен осы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сатып алу бағасы немесе олардың өзiндiк құны арасындағы терiс айырма;

2) жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша қызметкердiң оның алдындағы қарызының немесе мiндеттемесiнiң сомасын есептен шығару;

3) жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге жұмсаған шығыстары;

4) жұмыс берушiнің қызметкердің өз қызметiне байланысты емес шығындарының орнын толтыруға жұмсаған шығыстары.

Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын анықтау кезiнде салық жылы iшiндегi әрбiр ай үшiн шегерiмге мыналар жатқызылады:

1) Қазақстан Республикасының заң актiсiнде табысты есептеудiң тиiстi айға белгiленген ең төменгі жалақы мөлшерiндегi сома;

Бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн ерлi-зайыптылар, балалары мен ата-анасы (оның iшiнде уақытша болмағандар) отбасы деп танылады.

Асырауындағы адам, салық төлеушiнiң табысы есебiнен өмiр сүретiн және айына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын жеке табыс көзi жоқ, салық төлеушiнің отбасы мүшесi;

3) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары.

4) өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары;

6) жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықақылары.

7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.

Жарты айдан аз жұмыс істеген қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын айқындау кезінде шегерім жүргізілмейді.

Қызметкердiң табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы қызметкердiң салық жылы iшiнде төлем көзiнен салық салынатын табысына белгіленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

Жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын жүргiзiледi.

Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, мыналарды:

1) дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустар мен адвокаттарға өздерінің қызметіне байланысты табыстар бойынша төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға біржолғы талон негізінде арнайы салық режимін пайдалана отырып, қызметін жүзеге асыруға байланысты табыстар бойынша төлемдерді;

2) жеке тұлғалардан мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді сатып алғаны үшін оларға төленетін төлемдерді қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленетін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

Жеке табыс салығының сомасы төлем көзiнен салық салынатын бiржолғы төлемдерден түскен табысқа белгiленген ставканы қолдану жолымен есептеледi.

Төлем көзінен салық салынатын зейнетақы төлемдеріне салық төлеушілердің зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған төлемдер жатады.

Жеке табыс салығының сомасы белгiленген тәртiппен есептеледi.

Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ҚР Салық кодексінде белгіленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

Ұтысты, сыйақыны төлеу кезінде ұсталған салық сомасы төлем көзінен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеуді жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын дара кәсіпкер салық кезеңі үшін есептеген жеке табыс салығының есебіне жатқызылады.

Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүргендерге төлеуге арналған ақша сомасы, сондай-ақ мәдениет, ғылым қайраткерлерiне, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерiне және басқа жеке тұлғаларға төлеуге арналған ақша сомасы табыс көзiнен салық салынатын стипендия болып табылады.

Жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы төленетiн стипендия сомасына қолдану жолымен есептеледi.

Сақтандыру сыйлықақылары:

жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтары есебiнен;

жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сақтандыру сыйлықақылары есебiнен;

жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.

Жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстарына осындай шарттар мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда төленетiн сатып алу сомасы жатады.

Жеке тұлғалардың жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысына сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi сомасының сақтандыру сыйлықақыларының сомасынан асып кеткен сомасы да жатады.

Жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төленетiн табыс сомасына қолдану жолымен есептеледi.

Салық төлеушiнiң төлем көзiнен салық салынбайтын табыстарына, табыстардың мынадай түрлерi:

1) мүлiктiк табыс;

2) жеке кәсіпкердің ҚР Салық кодексінде айқындалатын табысы;

3) адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы;

4) ҚР Салық кодексінде белгiленетiн өзге де табыстар жатады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеудi салық төлеушi белгiленген салықтық шегерiмдер сомасына азайтылған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыс сомасына белгiленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

Салық төлеушiде төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардың бiрнеше түрi болған кезде, адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстарын қоспағанда, салық төлеушi жеке табыс салығын есептеудi белгiленген ставканы төлем көзiнен салық салынбайтын барлық табыс түрлерiнің сомасына қолдану жолымен дербес жүргiзедi.

Мынадай резидент жеке тұлғалар:

1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;

2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар;

3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.

Салық төлеушi ҚР Салық кодексінде белгiленген жағдайларда енгiзiлген аванстық төлемдердi есептей отырып, салық жылының қорытындысы бойынша жеке табыс салығын төлеудi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей дербес жүзеге асырады.

Салық төлеушiлердің мүлiктiк табысына:

1) Қазақстан Pecпубликасының заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшiн сатып алынған мүлiкті қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын:

а) бiр жылдан аз уақыт меншiк құқығында болған жылжымайтын мүлiктi;

б) бағалы қағаздарды, сондай-ақ заңды тұлғадағы қатысу үлесiн;

в) қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында қымбат бағалы тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындылары мен антиквариаттарды;;

г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;

2) төлем көзiнен салық салынатын табысты қоспағанда, мүлiктi жалға беруден алынған табыс жатады.

Мүлiктi сату құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен алынған табыс болып табылады.

Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.

Заң көмегiн, нотариаттық iс-әрекеттер ақысын қоса алғанда, адвокаттық және нотариаттық қызметтi жүзеге асырудан түскен табыстардың барлық түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстардың орнын толтырудан алынған сомалар адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы болып табылады.

Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы белгiленген ставканы алынған табыс сомасына қолдану жолымен ай сайын есептеледi.

Есептi ай үшiн жеке табыс салығының сомасы есептi айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей төленуге тиiс.

Төлем көзiнен салық салынбайтын басқа табыстарға Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегі көздерден алынған табыстар жатады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:

1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;

3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;

5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;

6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, судьялар;

7) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде табыстары олар үшiн белгіленген салық салынбайтын шектен асып кеткен жеке тұлғалар табыс етеді.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетiлген жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ұсынады.

Қазақстан Республикасының сайлау туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы зңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация есепке тiркелген орны бойынша салық органына салық жылынан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Арнаулы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер арнаулы салық режимi қолданылатын қызметiнен түскен табыстарынан жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етпейдi.

Қазақстан Республикасынан тыс жерле төленген жеке табыс салығының сомалары Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасында жеке табыс салығын төлеу кезiнде eceпке алынады.

Салықтан есепке алынатын сомасының мөлшерi жеке табыс салығының ставкасын қолдана отырып, осы табыстан Қазақстан Pеспубликасында есептелуi мүмкін салық сомасынан аспауға тиiс.


2.3. Резидент еместердің табысына салық салу ерекшеліктері
Резиденттер мен резидент еместер:

1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе өмiрлiк мүдделерiнің орталығы Қазақстан Республикасында орныққан жеке тұлғалар Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.

2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Егер ағымдағы салық кезеңiнде және өткен екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң санына мынадай:

ағымдағы салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1;

өткен бiрiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/3;

өткен екiншi салық кезеңiнде болған күндердiң санына - 1/6 коэффициенттерiн әрбiр салық кезеңiне қолдана отырып анықталған күндердiң саны кемiнде бiр жүз сексен үш күнтiзбелiк күн болған жеке тұлға да ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.

Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында отыз күнтiзбелiк күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.

Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, ол тұлға Қазақстан Республикасында болатын соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн осы тармақтың мақсатында резидент емес ретiнде қаралады.

3. Мынадай шарттар бiр мезгiлде орындалған жағдайда:

1) жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса немесе оның Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;

2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;

3) кез келген уақытта жеке тұлғаның тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне жеке меншiк құқығындағы немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi Қазақстан Республикасында бар болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орныққан деп қарастырылады.

4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтiнiш немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген мынадай жеке тұлғалар:

мемлекеттiк билiк органдары шет елге iссапарға жiбергендер, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;

тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық қызметкерлерi;

Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының меншiгi немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;

оқу немесе практикадан өту мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген студенттер, стажерлар мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;

сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатымен Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да өлшемдерге қарамастан резидент жеке тұлғалар деп танылады.

5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) өздерiнiң тиiмдi басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге заңды тұлғалар да осы Кодекстiң мақсатында резиденттер деп танылады.

Негiзгi басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажет стратегиялық коммерциялық шешiмдердi қабылдайтын орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.

6. резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар резидент еместер деп танылады.

Резидент еместiң тұрақты мекемесi

1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:

1) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тауарларды өндiрумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, берумен, өткiзумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, резидент еместiң кез келген басқару орны, филиалы, бөлiмшесi, өкiлдiгi, бюросы, кеңсесi, офисi, кабинетi, агенттiгi, фабрикасы, шеберханасы, цехы, зертханасы, дүкенi, қоймасы;

3) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, көмiрсутектерiн өндiру орындарын қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiрумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кенiш, мұнай және (немесе) газ скважинасы, карьер, жер үстi немесе теңiз мұнаралары және (немесе) скважиналары;

4) қызметтi жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, құбырмен, газ құбырымен, табиғи ресурстарды барлаумен және (немесе) игерумен, құрал-жабдықтарды орнатумен, монтаждаумен, құрастырумен, жөнге келтiрумен, iске қосумен және (немесе) қызмет көрсетумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын (оның iшiнде бақылау және байқау қызметiн жүзеге асыратын) кез келген орын;

5) қызмет көрсету мерзiмдерiне қарамастан, ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлiк немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.

1-1. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезінде резидент емес осындай мақсат үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсететін орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында күнтізбелік алпыс күннен астам кезең бойы жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады

2. Құрылыс алаңы, монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргізу, жұмысты жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеме құрады.

Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық немесе өзге де жабдықтарды және (немесе) басқа да осыған ұқсас жұмыстарды жүзеге асыру орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.

Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау туралы актiге қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң iс-әрекетiн тоқтатады.

3. Резидент емес, сондай-ақ, егер:

1) уәкiлетті тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелді сақтандырушы немесе қайта сақтандыруды жүзеге асырса;

4) Қазақстан Республикасында ақылы негiзде және (немесе) тауарлар сатуды iске асыратын көрме өткiзсе;

5) резидентке немесе резидент емеске шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүддесiн бiлдiруге, iс-әрекет жүргiзуге немесе оның атынан келiсiм-шарт (шарт, келiсiм) жасасуға құқық берсе, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.

4. қызметтi жүзеге асыру кезiндегi он екі ай кезең шегіндегі уақытша үзілістер және маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға әкеп соқпайды.

5. Осы резидент еместiң атынан келiсiм-шартқа қол қоюға уәкiлеттiк берiлмеген тәуелсiз делдал (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да осыған ұқсас шарт негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз агент) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.

Өзінің әдеттегі (негiзгi) қызметi аясында әрекет ететiн және резидент еместен заң жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын тұлға тәуелсiз делдал деп түсiнiледi.

6. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншілес және негiзгi ұйымдардың арасында ережелерiне сай келетiн қатынастар туындамаса, өзiнiң негiзгi ұйымының тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.

6-1. Өзге де заңды тұлғаға, оның ішінде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнінде қызметтер көрсететін резидент емес мынадай шарттарды бiр мезгілде орындаған кезде:

eгep мұндай персонал тек өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп әрекет етсе;

шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент eмec осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелеріне жауапты болмаса;

шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алынатын резидент еместiң табысы осындай персоналдың өзін ұсынған заңды тұлғаның атынан және оның мүдделерiн көздеп өз міндеттерін орындаған уақытын ecкepe отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентінен аспауға тиіс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.

Шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрceтуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшін резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерін табыс етуi міндетті.

Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.

7. Резидент еместiң қызметi оның салық органында тiркеу есебiне тұруына немесе тұрмауына қарамастан, осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеме құрады.

Резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары

Табыстардың мынадай түрлерi:

1) Қазақстан Республикасында тауарларды өткiзуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

2) нақты қызмет көрсетiлген жерiне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге көрсетiлетiн басқару, қаржылық (сақтандыру және (немесе) тәуекелдердi қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет көрсетулердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заңдық адвокаттық қызмет көрсетулерді қоспағанда) қызметтерден, бағдарламалық өнiмдердi демеу және қолдау бойынша қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

2-1) салық салуда жеңілдігі бар елдердің резиденттері болып табылатын тұлғалармен алынған, оларды нақты көрсету жеріне қарамастан қызмет көрсетулер көрсетуден (тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге немесе резидент еместерге) алынатын табыстар;

3) Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткiзу;

резиденттер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаға, консорциумға немесе мүлiкке қатысу үлесiн өткiзу;

резидент еместер шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлесін, егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акцияларының, қатысу үлесінің немесе активтерінің 50 проценттен астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, үлестерін өткізу;

резидент еместер шығарған және Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жiберiлген борыштық бағалы қағаздарды өткiзу нәтижесiнде алынған құн өсiмiнен түскен табыстар;

4) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiне байланысты резиденттiң немесе резидент еместің борышты қайтаруды талап ету құқығын басқаға беруден түскен табыстар;

4-1) борышты талап етуді алу орнына қарамастан, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқығын алу кезінде борышты талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар;

5) резидент еместердiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жасасқан келiсiм-шарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттер мен резидент еместердiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);

6) резидент заңды тұлғадан дивидендтер түрiнде түсетiн табыстар;

7) мыналардан:

резиденттерден;

егер осы резидент еместердiң берешегi олардың тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар осы резидент еместерден алынған, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар.


жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау