Мазмұны кіріспе 1 КӨмірсутегілік шикізатты өндірудің технико- технологиялық ерекшеліктері


КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ



жүктеу 1,09 Mb.
бет6/8
Дата12.02.2020
өлшемі1,09 Mb.
#28798
1   2   3   4   5   6   7   8


3. КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН ӨНДІРУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ПАЙДАЛАНУ ШЫҒЫНДАРЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Өндіріс шығындарының азайтылуын жоспарлау және олардың экономикалық ынталандыруы


Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындар жұмысының аса маңызды көрсеткіштерінің бірі – кәсіпорындардың өнімді өндіру мен өткізуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары болып келеді. Өзіндік құн өнім құнының бір бөлігі болып табылады. Соңғысы, әдетте, социалистик қоғамда келесі бөліктерден құралады: тұтынылған өндіріс құралдарының құны, қажетті еңбекпен құрылған құн және қосымша еңбекпен құрылған құн. Өнімнің құнының ақшалай түрде көрсетілген алғашқы екі бөлігі өнімнің өзіндік құнының негізі болып табылады. Қосымша өнімнің (қоғамға арналған өнімнің) құны кәсіпорындардың қазіргі кездегі шаруашылық есеп жағдайларында қайсыбір біөлігінде өнімнің өзіндік құнына енгізіледі. Нақты түрде бұл келесіден көрінеді, өнімнің өзіндік құнына әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, салықтар мен алымдар және басқа да төлемдер кіреді. Сол себептен, сондай-ақ еңбек құралдар мен заттарының бағалары олардың құнына, ал еңбекақы қажетті өнімнің құнымен әркез сәйкес келе бермейтіндігіне байланысты, өзіндік құн өндірістің тұтынылған құралдары мен қажетті өнімнің құнымен сандық түрде сәйкес келмеуі мүмкін. Өнімнің өзіндік құнының шамасына қолданылатын техниканың, технологияны, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру технологиясының деңгейі әсерін тигізеді. Өндіріске тахникалық прогрестің ең соңғы жетістіктерін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың аса жетілдірілген және ғылыми әдістерін енгізген сайын шығарылатын өнімнің өзіндік құны төмендей бастайды, бұл өнім бірлігіне қатысты жанды және заттандырылған еңбек шығынының азаюынан көрінеді. Өнімнің өзіндік құнын азайтуың үлкен халық-шаруашылық маңызы бар. Өнімнің өзіндік құнының азаюының нәтижесінде ең алдымен кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларындағы пайда арта бастайды және олардың тиімділігі артады.Өнеркәсіп кәсіпорнының өнімді өндіру мен өткізу саласындағы өндіріс құралдарының, еңбек күшінің, қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтын ақшалай түрдегі шығындары өнімнің өзіндік құны деп аталады. Бұл кәсіпорындардың, құрылыстық, көліктік және басқа ұйымдардың іс-әрекетінің аса маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады.Ең ақырында өнімнің өзіндік құнының деңгейі кәсіпорын ұжымының бүкіл өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелерін, атап айтқанда, техника мен өндіріс және еңбектің ұйымдастырылу күйін, барлық құрал-жабдық түрлерін, энергияны, материалдарды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Салалардың алдына өнеркәсіптегі өнімнің өзіндік құнын азайту міндеті қойылған болатын.Он екінші бесжылдыққа өнімнің өзіндік құнын азайту шараларының үлкен кешені жоспарланып отыр. Қоғамдық өнімнің көп материалды қажет етушілігін 4-5 %-ға азайту көзделіп отыр.Өнеркәсіптік, көліктік және құрылыс министрліктерінің, бірлестіктер мен кәсіпорындарының жылдық жоспарларында өнімнің өзіндік құныны азайту жөнінд тапсырмалар бекітіледі және тауарлық өнімнің есебіндегі материалдық шығындардың шегі (ақшалай түрдегі) енгізіледі.Өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның қолданыстағы өндіріс құралдарына, аударымдарды қоса алғандағы төленетін еңбекақыға және өнімді өндіру мен өткізу қызметтерінің ақысын төлеуге жұмсайтын барлық шығындары болып табылады. Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындар негізгі және қосымша өндірістер бойынша жоспарланады.Өндірістік өзіндік құнға тұтастай кәсіпорын бойынша өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жатады, б.а. сондай-ақ негізгі өндірісті басқару мен күтімге алумен, техниканы, өндіріс технолоиясы мен оны ұйымдастырумен қатысты болып келетін шығындар ескеріледі.Толық өзіндік құнға өнімді өндіруге, сондай-ақ оны өткізуге жұмсалған шығындар жатады.

Өнімнің өзіндік құнын жоспарлаған кезде төмендегілерді есептейді:



  • өндіріске жұмсалатын шығындардың жалпы сметасы;

  • тауарлық (жалпы) өнімнің жоспарлық өзіндік құны;

  • өнім бірлігінің өзіндік құны;

  • тауарлық өнімнің шығындары және оларды азайту.

Жоспарлық көрсеткіштерді белгілеу үшін төмендегілерді есептейді:

  • кәсіпорынның негізгі және қосалқы бөлімшелері бойынша өндіріске жұмсалатын шығындар;

  • шығынардың жиыны;

  • цехтық, жалпы шаруашылықтық, өндірістен тыс және басқа түрдегі шығындардың сметалары;

  • өндік құнның калькуляциясы.

Тұтастай өнімнің өзіндік құны бойынша жоспар мен калькуляция, б.а. жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнының есебін материалдарды, отынды, электрқуатын және т.б. шығындаудың жоспарлық нормалары мен жұмыс уақыты пен еңбекақының жоспарлық шығындарына негізделумен әзірлейді.

Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын жоспарлауға өнімнің өндірісіне жұмсалған шығындардың (кәсіпорында бірнеше өнім түрлері болған жағдайда барлық өнім түрлеріне арнап есептеулер жүргізеді), сондай-ақ өнеркәсіптікт сипаттағы жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған шығындардың есебі кіреді.Өндіріске жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер (өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасы) мен шығындық баптар (өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы) бойынша жоспарлап, ескереді.Шығынға жұмсалатын шығындарды экономикалық элементтер бойынша топтастыру кәсіпорынның материалдық ресурстарға қатысты жалпы қажеттерін, негізгі қорларды амортизациялаудың жалпы сомасын, еңбекақыға жұмсалатын шығындарды және басқа да ақшалай шығындарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл топтаманы айналымдық құралдарды жоспарлау мен олардың қолданылуын бақылап отыру үшін, сондай-ақ тауарлық өнімнің шығынын анықтау үшін қолданады. Бұл топтаманы өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасын құрастыру кезінде қолданады, алайда шығындардың бағытталуы, арналуы мен пайда болған жері туралы түсінік бермейді. Ол бойынша сонымен қатар өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға болмайды. Бұл үшін шығындардың шығындардың баптары бойынша топтамасы, б.а. өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы қолданылады.Өндіріске жұмсалатын шығындардың баптары деп солардың бағытталуына, арналуы мен пайда болуына байланысты қалыптасқан шығындар аталады.Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындардың баптарының атаулығы әртүрлі өнеркәсіп салалары үшін әртүрлі болып келеді және әр саладағы техникаға, технология мен өндіріс және еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктерімен белгіленеді.Шығындарды шығындардың баптары бойынша топтастыру жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнын анықтауға, сондай-ақ өзіндік құнның сол деңгейі қандай факторлардың әсерімен қалыптасқандығын, оны төмендету жөніндегі жұмысты қай бағыттарда жүргізу керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Негізгі шығындар — тікелей өндірістік процеске қатысатын шығындар.

Үстеме шығындар — бұл өндірістік процесті басқару мен ұйымдастыру жөніндегі шығындар.

Бір элементтік шығындар — бұл шығындардың бастапқы элементтері.

Кешендік шығындар — бірнеше бір элементтік шығындардан құралған шығындар. Мысалы, негізгі құралдарды ағымдағы жөндеуге қатысты шығындар.

Шығындар олардың пайда болу және өндірістік шығындарға жазылу уақыты бойынша ағымдағы кезең мен келешек кезеңдердің шығындары деп бөлінеді. Ағымдағы кезеңнің шығындары сол жылғы өнімнің өндірісі мен соны өткізумен байланысты болып келеді. Келешек кезеңдердің шығындарына жоспарланып отырған жылда пайда болатын, алайда ұзақ уақыттық нормативтік мерзім бойы өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығындар кіреді. Бл өндірісті игеру мен әзірлеуге жұмсалатын шығындар.Барлық шығындарды анықтау үшін кәсіпорындар өндіріске қатысты шығындардың сметасын жасайды, ол өзіндік құн жөніндегі жоспарды техникалық өнеркәсіптік қаржылық жоспардың басқа бөлімдерімен үйлестіруі тиіс.Өндіріс сметасы — өзіне негізделумен айналымдағы құралдардың қажеті көлемі есептелетін, қаржылық жоспар жасалып және сол кәсіпорын жеткізуші-кәсіпорындармен келісімшарттар жасасатын маңызды жоспарлық құжат.Өндіріске жұмсалатын шығындардың сметасына өнімді шығарумен, сондай-ақ өздерін кәсіпорын бөгде ұйымдарға ұсынатын өнеркәсіптік емес сипаттағы қызметтермен қатысты болатын негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындары жатқызылады.Шахматтық баланс ұстанымы бойынша жасалатын өндіріске қатысты шығындардың сметасы негізгі үш бөлімнен тұрады:

1) шығындардың элементтері;

2) өнеркәсіптік цехтардың қызметтері және жалпы шаруашылықтық шығындар;

3) тауарлық өнімнің толықтай шығарылуына жұмсалатын шығындар.



Барлық шығындар сол кәсіпорынның ұйымдық құрылымына сәйкес негізгі және қосалқы өндіріс элементтерінің қимасында. Калькуляциялардың баптары шығындардың шахматтық балансын құрастыруда қатыспайды, себебі олар кәсіпорынның әрбір құрылымдық бөлімшесінің ішінде шығындардың элементтері бойынша үлестірілген.Өндіріске қатысты шығындардың сметасы шығындардың бағытына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын, шығындардың әрбір бастапқы элементі мен кәсіпорынның бөлініп көрсетілген құрылымдық бірліктері бойынша жекелеген шығындарды, сондай-ақ оның жалпы шаруашылық шығындары бойынша жиынын береді; қызметтердің кәсіпорынның ішінде және шетке өзара ұсынылуын көрсетеді, сондай-ақ күрделі құрылыс пен күрделі жөндеуге қатысты шығындардың жиынын береді; негізгі өнімді өндіруге қатысты шығындардың жиынын береді, бұл өндіріске қатысты шығындардың сметасын өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнының калькуляцияларымен (есептеулерімен) байланыстырады.Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының аса маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Кәсіпорында ол маңызды мағынаға ие болады, себебі кәсіпорынға өнімді шығару мен өткізу үшін қанша шығындар қажет болатынын, жоспарлық кезеңде қандай қаржылық нәтижелерді күтуге болатынын білуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспар төмендегідей бөлімдерден тұрады:

  1. Өнімді өндіруге жұмсалатын шығындардың сметасы (экономикалық элементтер бойынша жасалады).

  2. Барлық тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік құны.

  3. Жекелеген бұйымдардың жоспарлық калькуляциялары

  4. Техникалық-экономикалық факторлар бойынша өнімнің өзіндік құнын азайтудың есебі

Өнімнің өзіндік құны жөніндегі жоспардың маңызды сапалық көрсеткіштеріне келесілер жатады: тауарлық және өткізілген өнімнің өзіндік құны; өнімнің аса маңызды түрлері бірліктерінің өзіндік құны; тауарлық өнімнің 1 ақш. бірл. жұмсалатын шығындар; техникалық-экономикалық факторлар бойынша өзіндік құнның азайтылу пайызы; салыстырылып отырған өнімнің өзіндік құнын азайту пайызы.Өткізілетін өнімнің өзіндік құны тауарлық өнімнің толық өзіндік құны одан алынған өсім оған қосылған жоспарланып отырған кезеңдегі өткізілмеген өнім қалдықтарының өзіндік құнының азаюы.Өнім бірлігінің өзіндік құнының есебі калькуляция деп аталады. Калькуляциялар сметалық, жоспарлық, нор­мативтік болады.

Сметалық калькуляция біржолғы тәртіппен жасалатын бұйымдарға немесе тапсырысқа арнап жасалады.Жоспарлық калькуляция (жылдық, тоқсандық, айлық) өндірістік бағдарламада ескерілген игерілген өнімге арнап әзірленеді.

Нормативтік калькуляция соны құрастыру сәтінде қолданыста жүрген шығындық нормалар бойынша есептелген өнімнің өзіндік құнының деңгейін көрсетеді. Ол өндіріске қатысты шығындардың нормативтік есебі орын алатын өндірістер үшін қажет.Өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдістері. Тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаудың екі әдісі кең тараған: нормативтік және техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау. Әдетте, олар бір-бірімен тығыз байланыста қолданылады. Нормативтік әдістің мәні келесіге негізделген, өнімнің өзіндік құнын жоспарлау кезінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды қолданудың нормалары мен нормативтері, б.а. кәсіпорынның нормативтік базасы қолданылады.Өнімнің өзіндік құнын техникалық-экономикалық факторлар бойынша жоспарлау әдісі нормативтік әдіске қарағанда артықшылыққа ие, себебі ол жоспарлық кезеңде өнімнің өзіндік құнына түбегейлі әсерін тигізетін көптеген факторларды ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл әдіс кезінде келесі факторлар ескеріледі:



  1. техникалық – кәсіпорында жоспарлық кезеңде жаңа техника мен технологияның енгізілуі;

  2. ұйымдастырушылық – бұл факторлар ретінде кәсіпорында жоспарлық кезеңде өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жетілдіру түсініледі (арнайы бағыттану мен кооперацияны тереңдету, кәсіпорында басқарудың ұйымдық құрылымын жақсарту, еңбекті ұйымдастырудың бригадалық әдісін енгізу);

  3. шығарылатын өнімнің көлемін, атаулығы мен ассортиментін өзгерту;

  4. жоспарлық кезеңдегі құнсызданудың деңгейі.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының барлық шығындарын белгілеу үшін өндіріске қатысты шығындардың жинағы құрастырылады, оған сондай-ақ негізгі және қосалқы өндірістердің шығындары енгізіледі (кесте).Шығындар жинағын құрастырудағы мақсат - өздерінің бағытталуына байланыссыз барлық шығындардың жалпы жиынын қосындылау, әрбір элементтер мен МГӨК-тің жекелеген бөлімшелері бойынша шығындардың жиынын анықтау, мұнай мен газды өндірудің жиынтықтарын анықтау.Кәсіпорынның басшылығы әрдайым шығарылатын өнімнің өткізілу бағасына, атаулығына, ассортименті мен көлеміне қатысты, кредиттік және инвестициялық саясатқа және басқа көптеген нәрселерге қатысты болатын оңтайлы шешімдерді таңдап алу қажеттілігінің алдында тұрады. Осындай экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдерді іздестірумен кәсіпорынның өзін-өзі ұстаудың баламалы нұсқаларын есептеп және талдаудан өткізеді.Өзіндік құнды жоспарлау – бұл материалдық өндірісті жоспарлаудың бір бөлігі және ол оның тиімділігін материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды, сондай-ақ табиғи байлықтарды аса тиімді пайдаланудың есебімен барынша арттыру мәндетіне негізделумен жүзеге асырылуы тиіс.Мұнай өндірісінің өзіндік құнын жоспарлаудың тікелей мақсаттары ретінде жоспармен ескерілген өнімді жасап шығару үшін қажет етілетін өндіріске жұмсалатын шығындардың шамасын экономикалық тұрғыдан негіздемелеу, сондай-ақ мұнай өндіру кәсіпорындардағы шығындарды жүйелі түрде азайтуға арналған резервтерді анықтау мен жұмылдыру, өндірістің пайдасы мен тиімділігін арттыру шығады. Экономикалық ынталандыру қорлары (ЭЫҚ) материалдық ынталандыру қоры түрінде, өндірісті, ғылым мен техниканы дамыту қоры (ӨҒмТДҚ) мен әлеуметтік даму қоры түрінде әр шаруашылық есептік бірлестік пен кәсіпорында құрылады.Бірлестіктің экономикалық ынталандыру қорларының жоспарлық көлемдері еңбек ұжымдарын саланың – мұнай мен газ өндірісінің ақырғы нәтижелеріне деген қызығушылығын арттыруды ескеретін салалық жүйе бойынша белгіленеді.Бұған мұнайды, газ конденсатын, мұнай мен табиғи газдарды өндіру көлемі үшін нормативтер бойынша бесжылдық және жылдық жоспарларда материалдық ынталандыру қорын қалыптастыру арқылы қол жеткізіледі.Жылдық жоспарлардағы экономикалық ынталанадыру қорларының көлемдері қор құрушы көрсеткіштер бойынша бесжылдық жоспардың тапсырмаларын орындау дәрежесіне байланысты болады.Мұнай өндірісіндегі қор құрушы көрсеткіштер — бұл тонналық мөлшерлемелер, мұнай өндірісінде —кубтық мөлшерлемелер. Тонналық мөлшерлемелер бесжылдық жоспарда бірлестіктер бойынша сараланып жіктелген түрде 1 т мұнай, конденсат және мұнай газы үшін теңге түрінде бекітіледі. Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде ЭЫҚ-ны құру тұтастай бірлестік бойынша жүргізіледі. Ведомстволарға бағынатын бөлімшелер өздері ЭЫҚ-ларды құрмайды, олар бірлестік қорларының есебінен бекітілген тәртіппен қалыптастырылады. Бірлестіктің әрбір бөлімшесіне арнап оның негізгі міндеттеріне негізделумен қорларды құру көрсеткіштерінің жүйесін бекітіледі. Тонналық мөлшерлемелерді қолдану өндірістік бірлестіктердің құрамына кіретін барлық кәсіпорындар мен бөлімшелерді соларға арнап бекітілген көрсеткіштер мен нормативтер бойынша ынталандыруды қамтамасыз етеді. Тұтастай өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша мұнай-газ өндіру бірлестігінің материалдық ынталандырудың нақты қорының көлемі мұнайдың, газ конденсаты мен газдың қосынды түрдегі өндірісі бойынша жоспарды орындау немесе орындамау кезінде нақты өндіру көлеміне (Qф) және бекітілген нормативке негізделумен белгіленеді:

Қмп=QфСпл (24)

мұндағы, Қмп — материалдық ынталандыру қоры, теңге;

Спл— мұнайдың жоспарлық өндірісі үшін тонналық мөлшерлеме, барр/т.

Материалдық ынталандыру қорына қосымша аударымдар келесі түрде жүргізіледі: 1) мұнай мен газ конденсатын жоспармен бекітілген мөлшерден жоғары мөлшерде өндіргені үшін ең жоғары норматив бойынша— 5 барр/т;
∆Қмп=∆QС∆Q, , (25)



мұндағы, ∆Қмп — материалдық ынталандыру қорының өсімі, теңге;

∆Q — мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемдерін арттыру, т;

С∆Q — жоспармен салыстырғанда мұнайдың өндірісінарттырғаны үшін тонналық мөлшерлеме (норматив);



2) мұнайлық және табиғи газды жоспармен бекітілген мөлшерден жоғары мөлшерде өндіргені үшін (∆Г)

∆Қмп=∆ГС∆г (26)

мұндағы, С∆г— газды жоспардан тыс жоғары көлемде өндіргені үшін кубтық мөлшерлеме, теңге/1000 м3;



3) бірлестіктер мен кәсіпорындардың материалдық ынталандыру қоры тауарлық өнімді жұмсаудың шекті деңгейін есептегі (шектен тыс шығындау) жоспардағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеткені (арттырғаны) үшін арттырылады (азайтылады):

∆Қмп(с)=0,1Qтт.плт.ф) (27)



мұндағы, ∆Қмп(с) — материалдық ынталандыру қорын өзіндік құнды өзгертудің есебінен өзгерту, теңге;

Qт— тауарлық өнімнің көлемі, теңге;

Зт.пл, Зт.ф — тауарлық өнімнің теңгесіне қатысты соған сәйкес жоспарлық және нақты шығындар, тг/тг;

4) мұнайды әзірлеу сапасын арттыруға ынталандыру ісі материалдық ынталандыру қорына мұнайдың сапасы үшін көтерме бағаға қосып төленетін қосымша төлемдер жоспарымен салыстырғанда одан асырудан алынған 50 % пайданы аудару арқылы жүзеге асырылады. Мұнайдың сапасын арттырғаны үшін материалдық ынталандыру қорын арттыру (∆Фмп.к) тәуелділікпен белгіленеді:



∆Қмп..к=0,5Qккпл) (28)

мұндағы, Цк мен Цпл — сапасы жоғары мұнайдың көтерме бағалары және жоспарлық баға, теңге;



Qк — сапасы жақсартылған мұнайды өткізу көлемі, т.

Меншікті қажеттерге жұмсалатын мұнайды үнемдеу мақсатында мұнайды өндіру көлемі бірлестіктің материалдық ынталандыру қорына аударылатын аударымдарды есептеу кезінде бекітілген нормативтермен салыстырғанда өндірістік-техникалық қажеттерге жұмсалған мұнайды үнемдеу (шектен тыс жұмсау) мен шығындау шамасына арттырылады (азайтылады).Мұнай өндіру өндірістік бірлестіктерге бекітілетін тонналық мөлшерлемелер шектерінде бірлестіктің кәсіпорындары үшін материалдық ынталандыру қорының бөлек түрдегі есептелуін ескеретін сала ішіндегі жүйе бекітіледі:



  • өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша (қызмет көрсетуші өнеркәсіптік емес шаруашылықтардың бүкіл кешенімен) — бірлестіктің өнеркәсіптік іс-әрекет бойынша пайдасының есебінен;

  • мердігерлік бұрғылау ұйымдары бойынша — мердігерлік бұрғылау пайдасының есебінен.

Мұнай өнеркәсібінің өндірістік бірлестіктерінде ортақ материалдық ынталандыру қоры құрылады, оған материалдық сыйақылау қорының (МСҚ) қаражаттарымен қатар сыйақылаудың басқа да арнайы жүйелері бойынша қаражаттар енгізіледі, атап айтқанда:

  • МСҚ-ға жаңа техниканы құрғаны, игеру мен енгізу үшін;

  • өнертапқыштық пен оңтайландыруға көмек көрсеткені үшін сыйақылауға арналған қаражаттар;

  • экспортқа арнап өнім жеткізгені, өндіріс шығындарынан көпшілік тұтынатын тауарларды өндіргені үшін, құрылыс объектілерін іске қосқаны үшін, өнімнің сапасын жақсартқаны үшін.

Мұнай және газ өнеркәсібінің бірлестіктерінде МСҚ-ның шамасы келісімшарттарға сәйкес өнімді жеткізу жөніндегі тапсырмалар мен міндеттемелердің есебімен өнімді өткізу жоспарын орындаған жағдайда 15%-ға арттырылады және аталмыш тапсырмаларды орындамаудың әрбір пайызы үшін 3%-ға азайтылады, алайда МСҚ-ның жоспарлық көлемінің 20%-нан артық болмайтын мөлшерге. Бұл ретте МСҚ-ның босаған қаражаттары резервке қойылып және осы қорды кейінгі кезеңдерде жеткізілімдер бойынша тапсырмалар мен міндеттемелерді орындаған жағдайда 15%-ға арттыруға арнап пайдаланылады.МСҚ-ға жылдың соңында еңбекақы қорын үнемдеудің арқасында пайда болған қаражаттар аударылады. Еңбекақы қорын шектен тыс жұмсаған жағдайда оның өтеуге арнап материалдық сыйақылау қорының бір бөлігі пайдаланылады. Өндірістік бірлетіктер еңбек ұжымының келісуімен МСҚ-дағы қаражаттардың бір бөлігін ерекше маңызы бар тапсырмаларды орындауға ынталандыру үшін іргелес-кәсіпорындарға; құрылыстық, көліктік, геофизикалық ұйымдарға беруі мүмкін.

Өнімнің өзіндік құнын талдау ісі негізінен төмендегілерге арналған:

1) өнімнің өзіндік құнының оның алдыңғы кезеңдегі деңгейімен және жоспарлық тапсырмада ескерілген деңгейімен салыстырғандағы қол жеткізілген деңгейін анықтау;



  1. өнімнің өзіндік құнын төмендету жөніндегі тапсырманың орындалуына немесе орындалмауына әсерін тигізетін себептерді анықтау;

  2. өзіндік құнның жекелеген құрамдас бөліктері бойынша жіберілген шектес тыс шығындаудың шамаларын белгілеу және оның себептерін анықтау;

  3. шығындар мен өнімсіз шығындарды жою жөніндегі, материалдық және ақшалай қаражаттарды үнемдеу жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу.

Өнімнің өзіндік құнына талдау жүргізу кезінде арнайы өзіндік құны бойынша жоспарлық және есептік материалдар ғана емес, сондай-ақ өндірістік бағдарламаның орындалуын, негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттарды пайдаланудың, еңбек өнімділігі мен еңбекақыны және т.б. талдаудың көрсеткіштері қажет.Өнімнің өзіндік құнына толық құнды талдау жүргізу үшін өндіріске жұмсалатын шығындарды есепке алудың тәртібін, шығындардың элементтері мен баптары бойынша шығындардың жіктемесін және әсіресе бұрғылау мен өндірудегі шығындар құрылымының ерекшеліктерін білу қажет.
Кесте 9-Ұңғымалар құрылысы циклының жекелеген кезеңдері бойынша нақты және жоспарлық шығындар (мың теңге.).

Көрсеткіштер

Жоспарлық өзіндік құны бойынша

Нақты шығындар

Ауытқу (+,-)

Әзірлену жұмыстары

683,0

610,0

-73,0

Құрылыстық-монтаждау жұмыстары

1364,0

1332,0

-32,0

Бұрғылау

11993,0

12070,0

+77

Сынау

698,0

685,0

-13,0

Кәсіптік-геофизикалық шығындар

811,0

811,0

-

Үстеме шығындар

2223,0

2221,0

-2

Ақаудан болған шығындар

-

27

+27

Барлығы

17772,0

17756,0

-16

Шығындарды құрылыстық элементтер бойынша салыстыру нақты шығындардың жоспарлық шығындармен салыстырғандағы 16 мың теңгеге жалпы азаюы жағдайында бұрғылауда қаражаттардың шектес тыс жұмсалуына жол берілгендігін көрсетіп отыр.

Шығындарды экономикалық элементтер бойынша талдау бұрғылауға жұмсалған шығындардың жалпы деңгейіне әсерін тигізген үнемдеу немесе шектен тыс шығындау шығындардың нақты қай элементтері, материалдардың қай түрлері бойынша алынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Кестедегі деректер көрсетіп отырғандай, тұтастай бұрғылауға жұмсалған қаражаттардың 77 мың тг. сомасы мөлшерінде жалпы шектен тыс шығындалуы жағдайында энергияға, техникалық суға және басқа шығындық баптар бойынша үнемдеу алынды. Нақты шығындардың жоспарлық шығындардан ауытқуын анықтаудан кейін әрбір бап бойынша ауытқудың себептері анықталады. Мысалы, материалдық шығын түрлері бойынша ауытқулардың себептері материалдардың бағасын өзгерту және бекітілген шығындау нормаларынан ауытқу болуы мүмкін. Шығындардың материалдық баптары бойынша өзіндік құнды төмендегідей түрде талдайды:


  1. шығындардың нақты шығынның шығындау нормаларынан 1 м-ге ауытқуының нәтижесінде өзгеруі

± ∆Зн = (Мфм) НфЦпл (29)



  1. шығындардың бағалардың ауытқуының нәтижесінде өзгеруі

±∆Зц=(Цф- Цплфмф (30)



мұндағы мф — материалдық 1м-ге нақты жұмсалуы;

нм — 1м-ге жұмсаудың нормасы;

Нф — нақты ұңғымалау, м;



Цф и Цпл— шығындау бірлігінің нақты және жоспарлық бағасы.
Кесте 10 – Жоспар бойынша іс-жүзіндегі орындалған жұмыс шығындары


Шығындар бабы

Жоспар бойынша іс-жүзінде орындалған жұмыс көлемі

Іс-жүзіндегі

Ауытқу (+,-)

Барлығы

11993

12070

+77

Соның ішінде:










1) солардан жасалған материалдар, олардың ішінде:

а) қоршағыш құбырлар

б) цемент

в) техникалық су

г) химреагенттер мен саздан жасалған материалдар

д) басқасы



4748

2498


204

205


1148

693


4897

2947


324

138


915

573


+149

+449


+120

-67


-233

-120


2) еңбекақы

680

714

+34

3) бұрғылау жабдығын пайдалануға жұмсалған шығындар, олардың ішінде:

а) амортизация

б) қашаулардың тозуы

в) бұрғылау құбырларының тозуы

г) турбұрғылардың тозуы

д) бұрғылау құбырларының



3566

1181


1007

260


514

68

536



3561

1215


976

260


510

67

533



-5

+34


-31

-

-4



-1

-3


10 – кесте жалғасы


4) энергетикалық шығындар

627

505

-122

5) көліктік шығындар

1730

1798

+68

6) басқа шығындар, олардың ішінде:

а) цементтеу

б) бу


642

440


202

595

426


169

-47

-14


-33

Электқуатына қатысты шығындарды талдау және жекелеген факторлар бойынша шектен тыс шығындаудың жалпы сомасын бөлген кезде материалдар бойынша шығындарды талдау кезіндегідей есептеулер жүргізіледі.Факторлар бойынша материалдық шығындардың ауытқуының жалпы нәтижесін бөлістіру ең алдымен материалдарды, отын мен энергияның қай түрлері бойынша бекітілген нормаларға қарсы шығындардың асырылуына жол берілгендігін анықтауға мүмкіндік береді.Материалдарды, отынды, энергияны жұмсау нормаларының орындалу деңгейін анықтағаннан кейін сол деңгейді белгілейтін жағдайларды анықтайды, бұл материалдық құралдардың бұдан арғы уақыттағы іс-жүзіндегі жұмсалуын азайтудың пайдаланылмаған мүмкіндіктерін анықтау мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін үшін қажет. Мысалы, қоршағыш құбырларды жұмсау нормаларының артуын белгілейтін жағдайларды анықтау кезінде ең алдымен ұңғымалардың іс-жүзіндегі құрылымдарын жобада қабылданғандарымен салыстырады. Еңбекақы бойынша іс-жүзіндегі шығындардың ауытқуының себептеріне жұмысшылар саны мен орташа еңбекақының өзгеруі болуы мүмкін, олардың әсер етуін есептеу әдістемесі еңбек жөніндегі жоспар мен еңбекақы қорын талдау кезінде қарастырылған.Ұңғымалардың өзіндік құнында үстеме шығындар елеулі меншікті салмаққа ие, талдау кезінде оларды ерекше түрде бөледі. Оларды жекелеген баптардың қимасында талдайды және іс-жүзіндегі шығындардың жоспарлық шығындардан ауытқуын және сол ауытқуларды туындатқан себептерді анықтайды. Ұңғымалар құрылысының өзіндік құнын талдаудың қорытынды кезеңі — өзіндік құнды азайту жөніндегі анықталған резервтерді жүзеге асыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды әзірлеу.

2005 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебімен) есептік 8073,33 теңгеге (56,80 долларға) қарсы 13 827,48 теңгені (97,48 долларды) құрады. 1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебімен) есепке қатысты 5 754,15 теңгеге (71,3%) немесе доллардың 142,14 теңгеге тең орташа жылдық бағамы кезінде (40,48 долларға) артты.

Кесте11 − 2005 жылғы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны







2005 жыл

Ауытқу

(+,-) теңге

%

есеп

Іс-жүзінде

(теңге)

(доллар)

(теңге)

(доллар)

1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебімен)

8073,33

56,80

13 827,48

97,28

+5754,15

171,3

1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебінсіз)

4207,58

29,60

4972,04

34,98

+764,46

118,2

1 тонна мұнайдың өзіндік құнының артуының негізгі себептеріне төмендегілер жатады:

а) 2005 жыл бойы мұнайды тасымалдау мен өткізуге қатысты шығындарды арттыру. 1 тонна мұнайдың іс-жүзіндегі өзіндік құны (тасымалдаудың есебінсіз) 2005 жылы есептік 4207,58 теңгеге (29,60 долларға) қарсы 4972,04 теңгені (34,98 долларды) құрады. 1 тонна мұнайдың іс-жүзіндегі өзіндік құнының артуы есептік өзіндік құнымен салыстырғанда 764,46 теңгені (5,38 долларды) құрады немесе 18,2%-ға. 1 тонна мұнайдың тасымалдаудың есебінсіз өзіндік құнының артуының себептеріне төмендегілер айналды:


  • мұнай-газ жабдығын жою жөніндегі резервтік қорды құру;

  • қойнауды пайдаланушының салықтық төлемдерінің мұнайдың бағасының өсуіне байланысты және мұнайды өндіру мен өткізу көлемінің артуына байланысты артуы.

1 тонна мұнайдың 2004 жылдағымен салыстырғандағы өзіндік құны (тасымалдаудың есебінсіз) 10338,79 теңгеге немесе 17%-ға артты. Егер 2004 жылы ол 3488,69 теңгені құраған болса, 2005 жылы 13827,48 теңгені құрады.
Кесте 12 − 1 тонна мұнайдың 2004 жылдағымен салыстырғандағы өзіндік құны





2004 жыл

2005 жыл

Отклонение

(+,-) теңге

2004 жылы 2005 жылға қатысты, %

(теңге)

(теңге)

1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебімен)

3488,69

13827,48

+10338,79

281,0

1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебінсіз)

5077,6

4972,04

+105,56

119,2

2005 жылғы 1 тонна мұнайдың өзіндік құнының (тасымалдаудың есебімен) артуының себептеріне төмендегілер жатады: а) 2005 жылы мұнайды тасымалдау тарифтерінің (екі рет) өсуі;

Тарифтерді өсірудің нәтижесінде 2005 жылы мұнайды тасымалдау шығындары 3976,5 млн. теңгені құрады. 2005 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құнындағы мұнайды тасымалдау шығындарының меншікті салмағы 2004 жылғы 9,01%-ға қарсы 32,6%-ды құрады.

а) 2005 жылы өндіру көлемінің төмендеуі. 2005 жылы 1 тонна мұнайдың өзіндік құны (тасымалдаудың есебінсіз) 2004 жылғы 5077,6 теңгеге қарсы 4972,04 теңгені құрады, б.а. 2005 жылы 1 тоннаның өзіндік құны 105,56 теңгеге төмендеді.

Себептер келесі: а) «Энергия» бабы бойынша шығындар жоғарыда аталған кезең бойынша 438,9 млн.теңгеге (37,13%) азайды. Шығындардың азаюы 3-тоқсанда кеніштердегі әрекеттегі ұңғымалардың тоқтауының салдарынан электрқуатын тұтыну мөлшерінің азаюымен және электрқуатына қатысты тарифтің 2004 жылдағымен салыстырғанда 1,14 есе азаюымен түсіндіріледі.

ә) «Өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызметтер» бабы бойынша шығындар 2004 жылдағымен салыстырғанда 3 млрд. 462 млн. 233 мың теңгеге немесе 51,2%-ға азайды. Соның ішінде жүктерді тасымалдау шығындары 340 млн. 8 мың теңгеге (29%), негізгі қорларды жөндеу жөніндегі шығындар 2 млрд. 533 млн. 159 тыс. теңгеге (64,9%) азайды.

б) 2005 жылы өнеркәсіптік жолдар мен алаңшаларды күтіп ұстауға жұмсалатын шығындар 2004 жылдағымен салыстырғанда 96 млн. 279 мың теңгеге (51,8%) азайды.

в) химияландыру қызметтері химреагенттердің болмауының себебінен 329 млн. 244 мың. теңгеге (75%) азайды. Өндіріске қатысты шығындардың жалпы азаюы келесі жағдаймен түсіндіріледі: әлемдік нарықтағы бағалардың төмендеуіне байланысты қызметтер мен жұмыстардың көлемдері барынша оңтайландырылған болатын.

1 тонна мұнайдың өзіндік құны келесі формула бойынша есептеледі:
С21+(А+Зрэд.п) - (З+Зпр) /Q2 (31)
мұндағы, А – жылына қалпына келтіруге 8,3% және күрделі жөндеуге 3,9% есебімен автоматтандыру мен телемеханизация құралдарын амортизациялауға қатысты шығындар,

А= 260·12,2/100=31,7мың тг;


Зр – жылына 1% есебімен автоматтандыру мен телемеханизация құралдарын ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығындар,

Зр=260·1/100=2,6 мың тг;

Зэ – 1кВт·с-на 6.40тг баға бойынша электрқуатының 10 кВт·с меншікті шығыны кезіндегі қосымша мұнайды алуға жұмсалатын электрқуатының шығындары,

Зэ= 2475·10·0,07=1732,5 мың тг


Зд.п – 1 тоннасына 93 долл/т есебімен қосымша өндірілген мұнайды эмульсиясыздандыру мен айдауға жұмсалатын шығындар,

Зд.п= 2475·0,93=2301,75 мың тг


З – жылына әр жұмысшыға 9200 тг.есебімен жұмысшылардың санын азайтудың есебінен еңбекақы бойынша үнемдеу,

З=9200·80=736000


Зпр – жөндеуаралық мерзімін ұзартудың есебінен ағымдағы жерасты жөндеу бойынша үнемдеу,

Зпр=2·458·56=51,3 мың тг;

С2=7+(31,7+2,6+1732,5+2301,75)-(736000+51,3)/452475=5,38 тг,
Қосымша күрделі салымдардың өтелу мерзімі

Ток=260000/7·450000-6,72·452475=2,3 жыл


Жылдық экономикалық әсер

Э=(7+0,17·82,5)-(6,72+0,17·79,5)452475=390 мың тг.


3.2 Мұнай өндірісі өсімінің барысында іс-шаралардың тиімділігіне баға беруді үнемдеу
Мұнай мен газдың өзіндік құны негіздемеленген техникалық-экономикалық нормалар мен материалдық, еңбек және ақшалай шығындар жүйесіне негізделген. Мұнай мен газдың жоспарлық өзіндік құны осы өнім түрлерін өндіру мен өткізуге жұмсалатын шығындарды техникалық-экономикалық есебін жүргізуге негізделумен белгіленеді, бұл ретте экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының басқа бөлімдері, соның ішінде мұнай мен газдың жалпы және тауарлық өндірілу көлемі туралы, мұнайды тұрақтандыру өнімдерінің өндірісі туралы, мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының жекелеген бөлімшелері мен өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлердің категориялары бойынша еңбекақы қоры туралы деректер; өндірістің тиімділігін арттыру жөніндегі ұйымдастыру-техникалық шараларын енгізуден күтіліп отырған нәтижелерінің есебімен, материалдық-техникалық құралдарды жұмсаудың, негізгі қорларды қолданудың нормалары мен нормативтері және т.б. қолданылады.Мұнай-газ өндіру өнеркәсібінде өзіндік құны төмендегілерді құрастырумен жоспарланады:

  • шығындардың сметасы;

  • өзіндік құнның калькуляциясы;

  • техникалық-экономикалық факторлар бойынша шығындардың өзгеруінің есебінен.

Аталмыш есептеулерде негізгі жоспарлық көрсеткіштер дегеніміз бұл:

  • мұнай мен газдың өндірістік өзіндік құны (жалпы және тауарлық өнім бойынша);

  • мұнай мен газдың толық өзіндік құны (тауарлық өнім бойынша) ;

  • тауарлық өнімнің жұмсалуы;

Мұнай өнеркәсібінде төмендегідей есептік көрсеткіштер қолданылады:

  • әрекеттегі қордың 1 ұңғ. қатысты өндіріс шығындары (ГРР-ға қатысты мөлшерлемелерді санамағанда);

  • 1 ұңғ. қатысты материалдық шығындар.

Бұл көрсеткіштерді қолдану табиғи фактордың әсерін есепке алмауға және еңбек ұжымының өндіріс шығындарын азайту жөніндегі шарттарына баға беруге мүмкіндік береді.Мұнай мен газды өндірудің өзіндік құнының жоспарын жоспарланып отырған жылдағы тауарлық өнімнің өзіндік құнының соның алдындағы (базалық) жылдағы өзіндік құнымен салыстырғандағы өзгеруін анықтау мақсатымен техникалық-экономикалық факторлар бойынша шығындардың өзгеруін есептеуден бастайды. Кәсіпорынның меншікті қажеттеріне арнап жұмсалған мұнай мен газ жалпы өндіру құрамына енгізіледі, ал олардың құны әзірлеу мен сақтау кезіндегі шығындардың құнымен бірге ішкі өндірістік айналым ретінде шығындардың сметасына енгізіледі. Техникалық-экономикалық факторларды талдаудың негізіндегі өзіндік құн өздерін жоспарланып отырған жылда енгізу өндірістік процестердің түрлері бойынша еңбек және материалдық шығындардың жұмсалу нормаларының тапсырылған түрдегі азайтылуын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық прогрестің нақты іс-шараларын белгілеуге саяды. Бұлар:

  • мұнай мен газды жер бетіне шығару;

  • қаттарға жасанды түрде әсер ету;

  • мұнайды жинақтау және ішкі кәсіптік тасымалдау;

  • газды ішкі кәсіптік тасымалдау;

  • мұнай мен газды технологиялық әзірлеу.

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің ерекшелігі келесіге негізделген: өнімді қаттар таусылған сайын қатқа жасанды түрде әсер ету, сұйықты жердің бетіне көтеру, оны тасымалдау мен мұнайды технологиялық әзірлеу жөніндегі жұмыстардың көлемі артады, мұнайдың әр тоннасының еңбек сыйымдылығы артады, оны өндірудің өзіндік құны артады. Демек, факторлардың өзіндік құнның деңгейіне тигізетін әсерін есептеу кезінде тау-егологиялық жағдайлардың нашарлауының жағымсыз зардаптары ескеріледі, оларды техниканы, технологияны және өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен азайтуға тырысады.

Осылайша төмендегі факторлар тобының әсер етуінің есебінен мұнай мен газды өндіруге жұмсалатын шығындардың өзгеруін белгілейді:



  • өндірістің техникалық деңгейін арттыру;

  • өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту;

  • өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту;

  • мұнай мен газды өндірудің табиғи жағдайларын және мұнайды өндіру әдістерін өзгерту.

Шығындардың техникалық-технологиялық факторлардың әсерімен азаюы өндірісті техникалық дамыту мен ұйымдастыру жоспарында белгіленеді.Жоспарланып отырған жылда тауар өнімінің салыстырмалы түрдегі азаюы келесімен туындалған: жаңадан құрылған өндірістік қуаттылықтар ішінара мұнай өндірісі төмендеуінің орнын жабуға жұмсалады, ал ішінара оның өсімін қамтамасыз етеді.

Тауарлық өнім көлемінің салыстырмалы түрдегі төмендеуін келесі формула бойынша анықтайды:

∆Qт t+1=(Qн.н t+1-∆Qн tн t+1 (32)
мұндағы, Qн.н — жаңа ұңғымалардан мұнай алу, мың т;

∆Qн — мұнай өндірісінің өсімі, мың т;

Цн — 1 т мұнайдың көтерме бағасы, теңге/т.

Шығындардың деңгейіне қаттық қысымды ұстап отыру жөніндегі жұмыстар көлемінің (∆Зпд) өзгеруінің тигізетін әсері келесіге тең;


∆Зпд t+1= υв t Тв – Ти/100Зз.в t (33)

мұндағы υв- суды қатқа қаттық қысымды ұстап отыру үшін айдаудың көлемі, мың м3;

Тв Тн- жоспарланып отырған жылда суды айдау мен мұнайды өндіру көлемдерінің алдыңғы жылдағымен салыстырғандағы өсу қарқындары, %; Зз.в – суды қатқа айдау жөніндегі шығындардың құбылмалы бөлігі, барр/м3.

Мұнайды технологиялық әзірлеу көлемдерінің шығындардың өзгеруіне (∆Зтп) тигізетін әсерін төмендегі формула бойынша анықтайды:

∆Зтп t+1= Qж.t Тж – Тн/100Зтп

мұндағы Qж- сұйықты өндіру көлемі, т;

Тж Тн- жоспарланып отырған жылда сұйық пен мұнайды өндіру көлемдерінің алдыңғы жылдағымен салыстырғандағы өсу қарқындары, %;

Зтп – мұнайды технологиялық әзірлеу жөніндегі шығындардың құбылмалы бөлігі, барр/т.Мұнай мен газды өндіру шығындары өзгерген жағдайда техникалық-экономикалық және ұйымдастыру факторларының жағымды әсерінің және табиғи жағдайлардың қымбаттатқыш әсерінің есебімен келесідегідей көрсеткіштер есептеледі:



  • салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құны;

  • салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құнының төмендеуі (қымбаттауы);

  • тауарлық өнімнің жұмсалуы.

Бастапқыда жоспарланып отырған жылдың тауарлық өнімінің оның базистық жылдағы өндірісі мен өткізілуі жағдайларындағы өзіндік құны анықталады. Салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құнының өзгеруі — бұл барлық жоспарланған шаралар бойынша анықталған (∆З) және салыстырмалы тауарлық өнімнің өзіндік құнына (∆Ст) жатқызылған пайызбен көрсетілген үнемдеу немесе қымбаттау

∆Ст= ∆З/Ст.с 100 (34)

Кесте13−Факторлар бойынша тауарлық өнімнің жұмсалуының жиынтық есебі



Көрсеткіштер

Есептеу тәртібі

Жоспарланып отырған жылдағы тауарлық өнімнің көлемі

Жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылдағы бағасымен көрсетілген тауарлық өнімі

Жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдағы тауарлық өнімнің жұмсалуы

Жоспарланып отырған жылдың тауарлық өнімінің алдыңғы жылдың шығындар деңгейіне негізделумен өзіндік құны

Жоспаланып отырған жылы төмендегі факторлар бойынша шығындардың азаюы (-) немесе көбеюі (+):


  1. техникалық-технологиялық деңгейді арттыру

  2. өндіріс пен еңбектің ұйымдастырылуын жақсарту

  3. өндірістің көлемі мен құрылымын өзгерту

  4. табиғи жағдайлардың өзгеруі

  5. басқа факторлар

Шығындардың азаюы (-) немесе артуы (+), барлығы

Жоспарланып отырған жылдағы тауарлық өнімнің өзіндік құны

Жоспарланып отырған жылдағы тауарлық өнімнің жұмсалуы

Шығындардың алдыңғы жылдағы деңгейімен салыстырғандағы өзгеруі



Qт t+1

Qт.р


Зт t
Стс=Qтр Зт t

∆З1


∆З2
±∆З3

±∆З4

±∆З5

±∆З=∆З1+ ∆З2+ ∆З3+ ∆З4+ ∆З5


Ст t+1т.р ± ∆З
Зт t+1т t+1/ Qт t+1

∆Ст= ∆З/Ст.с 100 немесе

∆Зт= Зт t+1т t 100


жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау