Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-тарау. Қылмыстық істерді сотта келісу іс жүргізуінде қарау



жүктеу 6,76 Mb.
бет3/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

64-тарау. Қылмыстық істерді сотта келісу іс жүргізуінде қарау
624-бап. Келісу іс жүргізуін қолдану үшін негіздер

625-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жасалған іс жүргізу келісімімен келіп түскен іс бойынша судьяның әрекеттері

626-бап. Істі келісу іс жүргізуінде қарау кезінде сот отырысына қатысатын адамдар

627-бап. Келісу іс жүргізуіндегі сот талқылауының тәртібі мен мерзімдері

628-бап. Келісу іс жүргізуіндегі сот шешімі

629-бап. Келісу іс жүргізуінде қаралатын іс бойынша айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұны

630-бап. Басты сот талқылауы барысында келісу іс жүргізуін қозғау

631-бап. Сотта жасалған іс жүргізу келісімінің құрылымы және мазмұны

632-бап. Сотта жасалған іс жүргізу келісімімен келіп түскен іс бойынша судьяның іс-әрекеттері
14-бөлiм. Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу

65-тарау. Жалпы ережелер
633-бап. Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу тәртiбi

634-бап. Алқабилердiң қатысуымен сотта қарауына жататын iстер

635-бап. Алқабилер қатысатын сот құрамы

636-бап. Алқабиге ықпал етуге жол бермеу

637-бап. Соттың iстi алқабилердiң қатысуымен қарауы туралы өтiнiшхат
66-тарау. Сот отырысын тағайындаудың ерекшелiктерi
638-бап. Алдын ала тыңдау өткізу

639-бап. Алдын ала тыңдау өткiзудiң ерекшелiктерi

640-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот отырысын тағайындау кезiнде алдын ала тыңдау тәртiбiмен шығарылатын шешiмдердiң ерекшелiктерi

641-бап. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабилерге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдаудың тәртiбi


67-тарау. Сот талқылауына қатысу үшiн алқабилерге кандидаттарды iрiктеу
642-бап. Жалпы ережелер

643-бап. Төрағалық етушiнiң алқабилерге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы

644-бап. Алқабилерге кандидаттардың өздiгiнен бас тартуы туралы мәселелердi шешу

645-бап. Алқабилерге кандидаттарға қарсылық бiлдiру туралы мәселелердi шешу

646-бап. Алқабилерге кандидаттардың дәлелсiз қарсылық бiлдiруі

647-бап. Жеребе тастау арқылы алқабилер алқасын құру

648-бап. Алқабилердiң сот талқылауына қатысуының жалпы шарттары

649-бап. Алқабилердiң ант қабылдауы


68-тарау. Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылау ерекшелiктерi
650-бап. Алқабилердiң құқықтары, мiндеттерi және iстi қарауға байланысты iс-әрекеттерiндегi шектеулер

651-бап. Алқабилер қатысатын соттың құзыретi

652-бап. Алқабилер қатысатын сотта iстiң қысқартылуы

653-бап. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуiнiң ерекшелiктерi

654-бап. Алқабилер қатысатын соттағы тараптардың жарыссөздерi

655-бап. Алқабилер қатысатын соттағы ескертпелер және сотталушының соңғы сөзi

656-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың қойылуы

657-бап. Алқабилер қатысатын соттың шешуiне жататын сұрақтардың мазмұны

658-бап. Алқабилер кеңесiнiң құпиясы

659-бап. Кеңесу бөлмесiнде кеңесу мен дауыс берудi жүргiзу тәртiбi

660-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешiмдердiң түрлерi

661-бап. Үкiмнің қаулысы

662-бап. Сотталушының есi дұрыс емес екендiгiнiң анықталуына байланысты қылмыстық iстi қарауды қысқарту

663-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргiзу ерекшелiктерi


69-тарау. Алқабилердiң қатысуымен қаралған iстер бойынша заңды күшiне енбеген үкiмдердi, қаулыларды қайта қарау жөнiндегi iс жүргiзу ерекшелiктерi
664-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық білдiру

665-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi

666-бап. Істі жаңа сот талқылауына жібере отырып алқабилердің қатысуымен үкімді жою
70-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау жөнінде іс жүргізу ерекшеліктері
667-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау

668-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау

669-бап. Алқабилердің қатысуымен соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қарау кезінде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
15-бөлім. Үкім шығарылғанға дейін тәркілеу ісін жүргізу

71-тарау. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы
670-бап. Үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы іс жүргізуді қозғау

671-бап. Тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс жүргізу

672-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізуді соттың қарауы

673-бап. Тәркілеу бойынша іс жүргізуде соттың кеңесу бөлмесінде шешетін мәселелері

674-бап. Тәркілеу туралы іс жүргізудегі сот шешімі

675-бап. Тәркілеу туралы қаулыға шағымдану, наразылық білдіру


16-бөлім. Ауыспалы және қорытынды ережелер

72-тарау. Осы Кодекстің кейбір ережелерін қолданысқа енгізу
676-бап. Осы Кодекстің жекелеген нормаларын қолдану тәртібі
73-тарау. Қорытынды ережелер
677-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу және кейбір заңнамалық актілердің күшін жою туралы

ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлiм. Негiзгi ережелер
1-тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасы
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн айқындайтын заңнама

1. Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуі тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртiбiнде шешiледi.


2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы қағидаларының арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.

2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы қағидаларының арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар қағидалары арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.

3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.


3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот ісін жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргізіледі.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше қағидалары белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы

Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық сот ісін жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.


5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы

1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезіне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.

3. Дәлелдемелердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.


6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы

1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 57-тарауына сәйкес айқындалады.
7-бап. Осы Кодекстегi кейбiр ұғымдардың түсiнiктемесi

Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:

1) «адамды беру (экстрадиция)» – қылмыстық жауаптылыққа тартуға немесе үкімді орындауға іздестіріліп жатқан адамды мемлекетке беру;

2) «айыптау тарабы» – қылмыстық қудалау органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық қуынушы, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

3) «алқаби» – соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiпте қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;

4) «апелляциялық саты» – бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулыларына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі мәні бойынша қарайтын сот;

5) «арнаулы бiлiм» – адам кәсiби оқудың не практикалық қызметтің барысында алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық процесте жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;

6) «арнаулы ғылыми білім» – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;

7) «баспана» – бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта; көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

8) «басты сот талқылауы» – бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;

9) «бiрiншi сатыдағы сот» – сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін не жоғары тұрған сот сот актісінің күшін жойғаннан кейін не жеке айыптаушының шағымы бойынша түскен қылмыстық істің соттылығына сәйкес қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар (қалалық және мамандандырылған ауданаралық соттар);

10) «ғылыми-техникалық құралдар» – дәлелдемелердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

11) «жақын туыстар» – ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

12) «жасырын тергеу әрекеті» – осы Кодексте көзделген жағдайларда сотқа дейін іс жүргізу барысында, мүдделеріне қатысты қылмыстық процеске тартылған адамдарға хабарламай, сотқа дейін тергеу органының қаулысы не тапсырмасы бойынша прокурордың санкциясы негізінде жүргізілетін іс жүргізу әрекеті;

13) «заңды өкiлдер» – күдіктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық қуынушының ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ күдіктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;

14) «кассациялық саты» – аудандық және оларға теңестірілген соттардың (солардың ішінде мамандандырылған, ауданаралық соттардың) үкімдеріне, қаулыларына, кассациялық шағымдар, тек қаңаолардың апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін, сондай-ақапелляциялық үкімдер және қаулылар бойынша істерді қарайтын сот;

15) «қадағалау сатысы» – заңды күшiне енген сот актілерiне өтінішхат, наразылық бойынша iстi қадағалау тәртiбiнде қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымын немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың наразылығын қарайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы;

16) «қаулы» – соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi; анықтаушының, тергеу органының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс жүргізу барысында қабылданған шешiмдерi;

17) «қорғану тарапы» – күдіктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;

18) «қорғау» – қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, күдікті (айыптауды) жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық қудалауға ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғану тарапы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;

19) «қорытынды шешiм» – қылмыстық процесті жүргiзетін органның iс бойынша iс жүргiзудiң басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын әртүрлi шешiмдерi;

20) «құзыретті орган» – осы Кодекстің 12-бөліміне сәйкес сұрау салумен (тапсырмамен) жүгінетін процесс жүргізетін немесе құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтініштің) орындалуын қамтамасыз ететін орган;

21) «құқықтық көмек» – бір мемлекеттің құзыретті органдарының екінші мемлекеттің құзыретті органдарының немесе халықаралық сот мекемелерінің тапсырмасы (өтініші) бойынша істі сотқа дейін тергеу, сот талқылауы немесе сот актісін орындау үшін қажетті іс жүргізу әрекеттерін жүргізуі;

22) «қылмыстық iс» – жасалды деп болжанған бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық бойынша қылмыстық қудалау органы және сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;

23) «қылмыстық қудалау органдары» – прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

24) «қылмыстық процесті жүргiзетін орган» – сот, сондай-ақ сотқа дейiнгі тергеу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;

25) «қылмыстық процеске қатысушылар» – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, күдіктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық қуынушы, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;

26) «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» – сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы, медиатор;

27) «мәлімдеуші» – сотқа немесе қылмыстық қудалау органдарына қылмыстық процесс тәртiбiнде өзiнiң нақты немесе болжалды құқығын немесе өзі өкілдік ететін адамның құқығын қорғау үшiн құқық бұзушылық туралы хабарлаған адам;

28) «нақты ұстау» – ұсталғанға қандай да бір іс жүргізу мәртебесінің берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, қозғалу бостандығын қоса алғанда, ұсталған адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен айтарлықтай шектейтін, белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу орындарына мәжбүрлеп әкелу (басып алу, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және т.б.), сондай-ақ аталған шектеулер нақты болған жағдайда, ұсталған адамның бостандығын шектеу;

29) «орталық орган» – осы Кодексте көзделген тәртіпте мемлекет атынан шет мемлекеттің құзыретті органының немесе халықаралық сот мекемесінің сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішін) қарауға және оның орындалуын ұйымдастыру мақсатында шаралар қолдануға немесе құзыретті органның құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуын (тапсырмасын, өтінішін) шет мемлекетке жолдауға уәкілетті орган;

30) «өкiлдер» – заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық қуынушының, жеке айыптаушының, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;

31) «өтінішхат» – тараптың немесе мәлімдеушінің қылмыстық процесті жүргізетін органға жолданған іс жүргізетінлік әрекеттерді жүргізу немесе іс жүргізетінлік шешімді қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында – қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;

32) «прокуратура органының басшысы» – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас әскери прокуроры, Бас көлік прокуроры, Астана және Алматы қалаларының прокурорлары, облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары, сондай-ақ өздерінің құзыреті шегінде әрекет ететін аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар және олардың орынбасарлары;

33) «санкция» – қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі іс жүргізу барысында іс жүргізу әрекеттерін жасауына соттың рұқсат беруі не қылмыстық қудалау органы жасаған немесе қабылдаған іс жүргізу әрекетін немесе іс жүргізу шешімін прокурордың бекіту актісі;

34) «сот» – сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке дара қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

35) «сотқа дейінгі іс жүргізу» – қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеу басталғаннан мәні бойынша қарау немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін сотқа жіберілгенге дейінгі іс жүргізу, сондай-ақ жеке айыптаушының және қорғау тарапының қылмыстық іс бойынша материалдар дайындауы;

36) «судья» – сот билiгiн жүргізетін; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiпте тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, тиiстi соттың судьясы);

37) «сұрау салушы тарап» – құзыретті органы сұрау салумен (тапсырмамен, өтінішпен) жүгінетін мемлекет немесе халықаралық сот мекемесі;

38) «сұрау салынатын тарап» – құзыретті органына сұрау салу (тапсырма, өтініш) жолданатын мемлекет;

39) «тараптар» – сот талқылауында жарыспалылык пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық қудалауды) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;

40) «тергеу судьясы» – сотқа дейінгі іс жүргізу барысында осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырушы бірінші сатыдағы сот судьясы;

41) «тергелу тиесілігі» – осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмыстық құқық бұзушылықты тергеу сол немесе өзге қылмыстық қудалау органының құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;

42) «төрағалық етушi» – қылмыстық iстi алқалық қарау кезiнде төрағалық ететiн немесе істі жеке дара қарайтын судья;

43) «туыстар» – үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;

44) «түнгi уақыт» – жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы;

45) «үкiм» – айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi, апелляциялық сот шығарған сот шешiмi;

46) «хабар-ошарсыз жоғалған адам» – екі ай бойы жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен тұрған жері анықталмаған адам;

47) «хаттама» – қылмыстық процесті жүргiзетін орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;

48) «шағым» – процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу органдарының, прокурордың немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген ден қою актiсi, сондай-ақ адамның қылмыстық қудалауды жеке немесе жеке-жария тәртіпте жүзеге асыру туралы талабы;

49) «наразылық» – прокурордың қылмыстық іс бойынша сот шешіміне өз құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiпте енгiзген ден қою актiсi;

50) «iс бойынша iс жүргiзу» – нақты қылмыстық iс бойынша сотқа дейінгі тергеу, сотта талқылау және сот үкiмiн (қаулысын) орындау барысында жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдердiң жиынтығы;

51) «iс жүргiзу әрекеттерi» – осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;

52) «iс жүргiзу шешiмдерi» – қылмыстық процесті жүргiзушi органдардың қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға байланысты шығарған актiлері;

53) «іс жүргізу келісімі» – қылмыстық процестің кез келген сатысында прокурорлар мен күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының немесе сотталғанның арасында осы Кодексте көзделген тәртіпте және негіздер бойынша жасалатын келісім;

54) «іс жүргізетін прокурор» – прокуратура басшысымен осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың сақталуын қадағалау жүктелген прокурор;

55) «экстрадициялық тұтқындау» – шет мемлекетте іздеуде жүрген адамды ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында оны тұтқындау түріндегі сот қолданатын, шет мемлекеттің құзыретті органының адамды күзетпен ұстау туралы шешімін орындау бойынша қамтамасыз етуші шара.
2-тарау. Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары
8-бап. Қылмыстық процестің мiндеттерi

1. Қылмыстық процестің мiндеттерi қылмыстық құқық бұзушылықты тез, толық ашу және жолын кесу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтан қорғау болып табылады.

2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс.
9-бап. Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәнi

1. Қылмыстық процесс қағидаттары қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы талаптарын және оның алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін оның сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын қылмыстық процестің іргелі негіздері болып табылады.

2. Қылмыстық процестің қағидаттарын олардың сипаты мен мәніне қарай бұзу iс жүргізу әрекеттерін немесе шешімдерін заңсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ немесе іс бойынша іс жүргізілу жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
10-бап. Заңдылық

1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстің, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті.

2. Соттардың адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және сол актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.

3. Соттың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңда белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.

4. Осы Кодекс нормаларының коллизиялы жағдайларында олардың қылмыстық процестің қағидаттарына сәйкес келетіндері қолданылуға тиіс, ал нормаларда тиісті регламенттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мәселесі қылмыстық процестің қағидаттары негізінде тікелей шешіледі.
11-бап. Сот әдiлдiгiн тек соттың ғана жүзеге асыруы

1. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот әдiлдiгiн тек соттар ғана жүзеге асырады. Сот өкiлеттiгiн кiмнiң болса да иемденуi заңда көзделген қылмыстық жауапқа әкеп соғады.

2. Соттың үкiмi бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкiм де қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн кiнәлi деп таныла алмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартыла алмайды.

3. Соттың құзыретi, оның заңды құқығының шегi, оның қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асыру тәртiбi заңмен айқындалады және оны өз бетiнше өзгертуге болмайды. Қылмыстық iстердi қарау үшiн қандай атаумен болса да төтенше немесе арнаулы соттар құруға жол берiлмейдi. Төтенше соттардың, сондай-ақ өзге де заңсыз құрылған соттардың үкiмдерi мен басқа да шешiмдерiнiң заңды күшi болмайды және атқарылуға жатпайды.

4. Өзі қарауына жатпайтын iс бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзудi жүзеге асырушы, өзiнiң өкiлеттiгiн асыра қолданған немесе осы Кодексте көзделген қылмыстық процесс қағидаттарын өзгедей бұзған соттың үкiмi мен басқа да шешiмдерi заңсыз болады және олардың күшi жойылуға тиiс.

5. Соттың қылмыстық iс бойынша үкiмi мен басқа да шешiмдерiн осы Кодексте көзделген тәртiпте тек тиiстi соттар ғана тексереді және қайта қарай алады.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау