Мазмұны жалпы бөлім 1-бөлiм. Негiзгi ережелер


-тарау. Iс жүргізу мерзімдері



жүктеу 6,76 Mb.
бет6/42
Дата07.12.2017
өлшемі6,76 Mb.
#3491
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

6-тарау. Iс жүргізу мерзімдері
48-бап. Мерзiмдердi есептеу

1. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi.

2. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың күзетпен ұстау, үй қамағына алу және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекелерінде ұстау кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.

3. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi.

4. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың соңғы күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау күзетпен ұстау, үй қамағына алу және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмін есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi болып саналады.

5. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдiк бойынша ұстаған кезде мерзiм осы шара iс жүзiнде қолданылған сәттен (сағаттан, минуттан) бастап есептеледi. Күзетпен ұстау, үй қамағына алу және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекелерінде болу мерзімдері мерзімнің бірінші тәулігіне кіреді.


49-бап. Мерзiмдi сақтау және ұзарту

1. Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн поштаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық ұйымға орналастырылған адамдар үшiн, егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты поштаға тапсыру уақыты пошта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық ұйымның әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады.

2. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.

3. Iс жүргiзу мерзiмдерi осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiпте ғана ұзартылуы мүмкін.


50-бап. Мерзiмдi өткiзiп алудың салдары және оны қалпына келтiру тәртiбi

1. Қылмыстық процеске қатысушылардың мерзiм аяқталғаннан кейiн жасаған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.

2. Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл ретте мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi.

3. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн.

4. Мерзiмдi қалпына келтiруден бас тартуға осы Кодексте белгiленген тәртiпте шағым (наразылық) жасалуы мүмкiн.
2-бөлім. Қылмыстық процеске қатысатын мемлекеттік

органдар мен адамдар
7-тарау. Сот
51-бап. Сот

1. Сот, сот билiгi органы бола отырып, қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін жүзеге асырады.

2. Кез-келген қылмыстық iс соттың заңды, тәуелсiз, құзыреттi және бейтарап құрамымен ғана қаралады, мұны осы Кодексте белгiленген:

– нақты iстердiң соттылығын анықтау;

– нақты қылмыстық iстердi қарау үшiн соттың құрамын жасақтау;

– судьяларды бөлу;

– iстi шешу функциясын айыптау және қорғау функциясынан бөлектеу қағидаларын сақтаумен қамтамасыз етiледi.

3. Қазақстан Республикасында қылмыстық iстер бойынша сот төрелігін:

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

облыстық және оларға теңестiрiлген соттар, Әскери сот;

аудандық және оларға теңестірілген соттар;

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, горнизонның әскери соттары жүзеге асырады.


52-бап. Соттың құрамы

1. Бірінші сатыдағы соттарда қылмыстық істерді қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады, ал соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалған әскери қылмыстар және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (15 тармағының екінші бөлігі), 171 (төртінші бөлігі), 175, 177, 178, 184, 253 (төртінші бөлігі), 260 (бесінші бөлігі), 282 (төртінші бөлігі), 292 (төртінші бөлігі), 293 (төртінші бөлігі), 294 (төртінші бөлігі), баптарында көзделген қылмыстар туралы істерді қоспағанда, оларды жасағаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық істерді қарау айыпталушының өтініші бойынша бір судьяның және он алқабидің құрамында жүзеге асырылады.

2. Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіпте қарауды судья жеке-дара, ал алқабилер қатысқан соттың үкімдеріне, қаулыларына шағымдарды, наразылықтарды қарау кезінде құрамында төраға және алқаның кемінде екі судьясы алқада жүзеге асырады.

Апелляциялық алқаның төрағасы іссапарда, демалыста болуына немесе ауырып қалуына байланысты болмаған кезде аталған істерді алқада қарау кезінде сот төрағасы апелляциялық алқа төрағасы міндетін атқару жүктеген алқа судьясы төрағалық етеді.

3. Кассациялық сатыда істерді қарауды облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының төрағалық етуімен кемінде үш судья құрамындағы алқа жүзеге асырады.

Облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы іссапарда, демалыста болған немесе науқасына байланысты болмаған кезде іс кассациялық сатыда қаралған кезде сот төрағасы осы міндетті атқаруды жүктеген касскациялық алқа судьясы төрағалық етеді.

4. Істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қарауды кемінде үш судья құрамындағы алқада жүзеге асырады.

5. Істерді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қараған кезде соттың құрамы осы Кодекстің 507-бабында көзделген қағидаларға сәйкес айқындалады.

6. Үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді және есі дұрыс емес адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарауды тиісті соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады.

7. Істерді қарауға қатысуға кедергі болатын мән-жайларға байланысты бір алқа судьяларының саны істерді алқада қарауды қамтамасыз етуге жеткіліксіз болған жағдайларда, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы істі қарауға қатысуға басқа алқаның судьяларын тартуға құқылы.


53-бап. Соттың өкілеттігі

1. Сот билігінің органы ретіндегі соттың өкілеттігі заңда айқындалады.

2. Тек сот қана:

1) адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасалуына кінәлі деп тануға және оған жаза тағайындауға, соның ішінде істі қысқартылған тәртіпте қарау арқылы;

2) адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын не мәжбүрлеп тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға;

3) төмен тұрған сот қабылдаған шешімнің күшін жоюға немесе оны өзгертуге;

4) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін бекітуге;

5) сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға;

6) тергеушінің, анықтаушының, анықтау органының, прокурордың күдіктіге, айыпталушыға қатысты күзетпен қамауда ұстау, үй қамағында ұстау, экстрадициялық қамау түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына санкция беруге және олардың мерзімін ұзартуға;

7) күзетпен қамауда ұсталмаған адамды сот-психиатриялық және/немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыруға, кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны арнаулы балалар мекемесіне орналастыруға;

8) адам мәйітін эксгумациялауға санкция беруге, халықаралық іздеу жариялауға, мүлікке тыйым салуға құқылы.

3. Сот осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіпте:

1) қылмыстық қудалау органының шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды;

2) прокурордың және қорғаушының өтініші бойынша куә мен жәбірленушінің айғақтарын сақтауға тапсыру депонирлейді;

3) ақшалай және әкімшілік жаза қолданады;

4) үкімді орындауға байланысты мәселелерді қарайды.

4. Егер істі сотта қарау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға ықпал еткен мән-жайлар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар анықталса, сот жеке қаулы шығарып, онда осы заңды бұзудың қажетті шаралар қабылдауды талап ететін мән-жайлары мен фактілеріне тиісті ұйымдардың немесе адамдардың назарын аударады. Егер сот мұны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке қаулы шығаруға құқылы.

5. Төмен тұрған соттың (судьяның) атына жеке қаулы шығарылмайды. Үкімді, қаулыны жоюға немесе өзгертуге әкеп соққан, төмен тұрған сот жол берген заң бұзушылықтар туралы жоғары тұрған сот сатысының сот актілерінде көрсетіледі. Әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар не әрекеттер құрамын құрайтын әрекеттер жасау фактілері анықталған кезде сот заңда көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті прокурордың атына жеке қаулы шығарады.

6. Заңда көзделген жағдайларда судьяның қаралып жатқан істер бойынша қаралатын іске жататын анықтау органдарының, жария етуге жатпайтын жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру туралы мәліметтерін қоспағанда, нақты жедел-іздестіру шаралары, ақпаратты алу көздері және тәсілдері туралы талап етуге және олармен танысуға құқылы.
54-бап. Судья

1. Өз құзыретi шегiнде iстi жеке-дара қарайтын, соттың отырысын дайындау не оның үкiмiнiң немесе басқа шешiмiнiң орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде өкім жасау қызметiн жүзеге асыратын, осы Кодекстiң 53-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген өтiнiштер мен шағымдарды шешетiн судьяға соттың өкiлеттiгi тиесiлi болады.

2. Iстi судьялар алқасының құрамында қарайтын судья iстi қарауға байланысты туындайтын барлық мәселелердi шешу кезiнде төрағалық етушiмен және басқа да судьялармен тең құқықтарды пайдаланады Судья қаралатын мәселелер бойынша басқа судьялардың пікірімен келіспеген кезде ол конвертке желімделіп, қылмыстық іске қосылатын өзінің ерекше пікірін жазбаша баяндауға құқылы. Конвертті ашуға және судьяның ерекше пікірімен танысуға істі қарау кезінде тек жоғары тұрған сотқа ғана жол беріледі.
55-бап. Тергеу судьясының өкілеттігі

1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай мәселелерді:

1) күзетпен ұстауға санкция беруді;

2) үй қамағына алу санкция беруді;

3) экстрадициялық қамауға санкция беруді;

4) күзетпен ұстауға, үй қамағына алуға, экстрадициялық қамау мерзімін ұзартуды;

5) кепіл болуды қолдануды;

6) мүлікке тыйым салуға санкция беруді;

7) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық немесе сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, сонымен қатар қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған психикалық ауруға шалдыққан адамдарға қауіпсіздік шараларын қолдану кезінде, кәмелетке толмаған күдіктіні, айыпталушыны арнаулы балалар мекемесіне орналастыруды;

8) бұрын күзетпен ұстау қолданылмаған адамға қатысты психикалық сырқатқа шалдығу фактісі анықталған кезде, оны қатаң оқшаулау жағдайында ауруларды ұстауға лайықталған психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыруды;

9) мәйітті эксгумация жасауды;

10) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялауды қарайды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайда тергеу судьясы:

1) анықтаушының, анықтау органдарының, тергеушінің және прокурордың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздік) жасалған шағымды қарайды;

2) үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы прокурордың өтінішін қарайды;

3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленушінің және куәгердің айғақтарын сақтауға тапсыру;

4) сотқа дейінгі іс жүргізуде орындамаған немесе тиісті емес іс жүргізу міндеттерін орындаған адамдарға ақшалай өндіріп алу қолданылады;

5) прокурордың ұсынымымен қылмыстық іс бойынша іс жүргізу шығындарын өндіріп алу туралы мәселені қарайды;

6) мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, сұрау салуды орындаудан бас тартылған не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайда, қорғаушы ретінде қатысушы адвокаттың дәлелді өтініші бойынша тиісті заң көмегін көрсету және қорғануға құқығы бар күдіктінің, айыпталушының, куәгердің мүдделерін қорғауға кез келген мәліметтерді, құжаттарды, заттарды талап ету туралы мәселені қарайды;

7) егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартса не ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаса, қорғаушы ретінде қатысушы адвокаттың дәлелді өтініші бойынша сараптама тағайындау және онымен іс жүргізу туралы мәселені қарайды;

8) қорғаушы ретінде қатысушы адвокаттың өтініші бойынша қылмыстық процесті жүргізетін органға айғақ беруі үшін келуін қамтамасыз ету қиындық тудыратын, бұрын өздері жауап алған куәні мәжбүрлеп әкелу туралы мәселені қарайды;

9) іс жүргізу келісімін бекітеді.

3. Тергеу судьясының шығарған қаулысына осы Кодекстің 107-бабы екінші бөлігіндегі тәртіпте шағым, наразылық жасалуы мүмкін.
56-бап. Тергеу судьясының өкілеттігін жүзеге асырудың жалпы шарттары

1.Тергеу судьясы өз өкілеттілігін осы баптың қағидаларына және осы Кодекстің тиісті баптарында көзделген ерекшеліктерге сәйкес жүзеге асырады.

Тергеу судьясы (судьялары) бірінші сатыдағы сот судьяларының жиналысында осы сот судьяларының қатарынан сайланады, ал судьялардың саны бестен кем болғанда оны осы соттың төрағасы тағайындайды. Тергеу судьясы ауыстыру қажет болған кезде, ол қайта сайлануы немесе қайта тағайындалуы мүмкін.

2. Тергеу судьясы өз құзыретіне жататын мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Заңды және дәлелді шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті адамдардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді. Осы Кодекстің 55-бабының бірінші бөлігінің 1) – 6) тармақтарында, екінші бөлігінің 1) – 3), 6), 9) тармақтарында көрсетілген мәселелерді қарау кезінде сот отырысының өткізілуі міндетті. Сот отырысын өткізу міндетті болған жағдайларда сот отырысының уақыты мен орны туралы қорғау тарапы мен прокурорға алдын ала хабарланады. Тергеу судьясының өкімімен сот отырысы бейне байланыс режимінде жүргізілуі мүмкін. Сот отырысы барысында хаттама жүргізіледі.

3.Тергеу судьясы:

1) сотқа дейінгі іс жүргізу органынан қаралып жатқан мәселе бойынша қосымша ақпаратты талап етуге;

2) тиісті сотқа дейінгі іс жүргізудің барлық материалдарымен танысуға және оларды зерттеуге;

3) процеске қатысушыларды сот отырысына шақыруға және олардан қылмыстық іс бойынша қажетті ақпаратты алуға құқылы.

4. Тергеу судьясы осы Кодекске сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қараудың нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, істі тергеуге жіберу және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу бағыты туралы нұсқау беруге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың, қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына іс-әрекет жасауға және шешім қабылдауға тиісті емес.

5. Күдікті өзіне азаптау және басқа да заңсыз іс-әрекеттер қолданылғаны туралы арызданған кезде немесе онда күш қолданудың іздері болғанда тергеу судьясы қадағалаушы прокурорға аталған фактілерді дереу тексеруді жүзеге асыруды тапсыруға міндетті.


57-бап. Iс бойынша төрағалық етушi

1. Судьялар алқасының құрамында қылмыстық iстi қараған кезде соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы не оған заңда көзделген тәртiпте уәкiлеттiк берiлген судьялардың бiреуi төрағалық етедi.

Iстi жеке-дара қараған судья төрағалық етушi болып есептеледі.

2. Төрағалық етушi сот отырысының барысына басшылық етедi, қылмыстық iстiң әдiл қаралуын және осы Кодекстiң басқа да талаптарының сақталуын, сондай-ақ сот отырысына қатысушы барлық адамдардың өздерiн тиiсiнше ұстауын қамтамасыз ету үшiн барлық шараларды қолданады.

3. Сот отырысына төрағалық етушiнiң өкiмдерi процеске барлық қатысушылар және сот залында отырған өзге де адамдар үшiн мiндеттi .
8-тарау. Қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
58-бап. Прокурор

1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң заңдылығын қадағалауды, қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын, сондай-ақ айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы, осы Кодекстің 35-бабының алтыншы бөлігінде аталған негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны бекітетін, осы Кодексте белгіленген өкілеттіктер шегінде іс-әрекет жасайтын: Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және олардың орынбасарлары, департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің бастықтары және олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары және прокурорлары, аудандық, қалалық прокурорлар, және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысушы прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады.

2. Прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның iс-әрекетi үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын адамға:

1) өзiнiң дәрменсiз жағдайына, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша қуыным және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетсіз жәбiрленушiнiң;

2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап қуыным қоюға құқылы.

3. Прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеуші өкілеттігін пайдалана отырып, тергеуді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады.

4. Прокурордың сотқа дейiн тергеу және iстi соттың қарауы кезiндегi өкiлеттiгi осы Кодекстiң 187 (сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 190 (бесінші бөлігі), 193, 301 – 305, 337, 414 (үшінші бөлігі), 484, 486-баптарына сәйкес айқындалады.

5. Прокурор өзiнiң iс жүргiзу өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады.

6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде осы Кодекстің нормаларын қолдану мәселелерi жөнінде қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды.

Анықтауды және тергеудi жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсiле отырып қабылданады.


59-бап. Тергеу бөлiмiнiң бастығы

1. Тергеу бөлiмiнiң бастығы – сотқа дейін тергеудi жүзеге асыратын органның тергеу бөлiмшесiнiң бастығы мен өз құзыретi шегiнде iс-әрекет жасайтын оның орынбасарлары.

2. Тергеу бөлiмiнiң бастығы:

1) тергеу ісін жүргізудің немесе жеделдетілген сотқа дейін тергеуді тергеушiге тапсыруға;

2) тергеушiнiң іс жүргiзуiндегi iстер бойынша дер кезінде тергеу iс-әрекеттерін жасауына, тергеушiнiң тергеу және күзетпен ұстау мерзiмдерiн сақтауына, прокурор нұсқауларының, басқа да тергеушiлер тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыруға;

3) тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыруға;

4) тергеушiнi iс бойынша iс жүргiзуден шеттетуге;

5) қылмыстық істерді зерттеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;

6) өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органның бiр тергеу бөлiмшесiнен қылмыстық iстi алуға және алдын ала тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу бөлiмшесiне беруге;

7) қылмыстық iстердi айыптау актісімен бірге прокурорға жіберуге уәкілетті.

3. Тергеу бөлiмiнiң бастығы өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл ретте тергеушiнiң өкiлеттiгiн пайдалана отырып, жеке-дара тергеу жүргiзуге құқылы.

4. Тергеу бөлiмi бастығының iс бойынша нұсқауы тергеушiнiң дербестiгiн, осы Кодекстiң 60-бабында белгiленген оның құқықтарын шектей алмайды. Нұсқауды орындау мiндеттi, бiрақ ол жөнiнде прокурорға шағымдануға болады. Тергеушiнiң тергеу бөлiмi бастығының iс-әрекетi жөнiнде прокурорға шағымдануы, күдікті әрекетінің сипаттамасы және күдік келтіру көлемін жіктеу, істі айыптау актісімен бірге прокурорға жіберу немесе қылмыстық істі қысқарту туралы нұсқауларды қоспағанда, олардың атқарылуын кiдiртпейдi.


60-бап. Тергеушi

1. Тергеушi – өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейін тергеудi жүзеге асыруға уәкiлетті лауазымды адам: iшкi iстер органдарының тергеушiсi, ұлттық қауiпсiздiк органдарының тергеушiсi және қаржы полициясы органдарының тергеушiсi, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда – прокурор.

2. Тергеушi өз қаулысымен істі өзінің іс жүргізуіне алып, ол бойынша алдын ала тергеу жүргiзуге және осы Кодексте көзделген барлық тергеу іс-әрекетін орындауға құқылы.

3. Тергеуші істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын көрсететін оған қатысты жеткілікті дәлелдер жиналған адамды күдіктінің әрекеттерін саралау, осы Кодекске сәйкес оған бұлтартпау шараларын таңдау, қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары баяндалған, жинақталған дәлелдер сипатталған айыптау актісін жасау арқылы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда іс жүргізу келісімін жасасуға мүмкіндік беретін мән-жайлар анықталғаны туралы прокурорды хабардар етеді.

4. Үкімнің азаматтық қуыным беру, басқа да мүліктік жазалар немесе ықтимал мүлікті тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тергеуші күдіктінің немесе заң бойынша олардың іс-әрекеті үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтау үшін шаралар қолдануға міндетті.

5. Қылмыстық істер бойынша тергеу ісін жүргізген кезде тергеуші қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған, басқа адамдардың меншігіне берілген мүлікті анықтау үшін де шаралар қолдануға міндетті.

6. Тергеушi анықтау органдарының кезек күттiрмейтiн тергеу іс-әрекеттерiн орындауын күтпей-ақ, кез келген сәтте өз қаулысымен iсті өзінің іс жүргiзуіне алып және оны тергеуге кiрiсуге құқылы.

7. Тергеушi, заңда прокурордың, соттың санкциясын немесе соттың шешімін алу көзделген жағдайларды қоспағанда, тергеудiң бағыты мен тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы барлық шешiмдi дербес қабылдайды және олардың заңды және уақтылы атқарылуы үшiн толық жауапты болады. Тергеушiнiң қызметiне заңсыз араласу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

8. Тергеушi тергеудегi iс бойынша прокурордың нұсқауларымен келiспеген жағдайда ол жөнiнде жоғары тұрған прокурорға шағымдануға құқылы.

9. Тергеушi өз тергеуiндегi iстер бойынша анықтау органдарының тергелiп жатқан iске қатысты жедел iздестiру материалдарымен танысуға, осы Кодексте белгіленген тәртіпте осы іске қосу үшін оларды сұратып алуға, анықтау органдарына жазбаша, атқару үшiн мiндеттi iздестiру және тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге және олардан тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жәрдемдесудi талап етуге құқығы бар.
61-бап. Анықтау органы

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына:

1) заңда белгiленген құзыретiне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және бұлтартпау мақсатында қажеттi қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру шараларын қолдану;

2) алдын ала тергеу жүргiзілетін iстер бойынша осы Кодекстiң 196-бабында көзделген тәртiпте қылмыстық iс жүргiзу және жедел iздестiру әрекеттерiн орындау;

3) осы Кодекстiң 191-бабында көзделген тәртiпте алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау;

4) осы Кодекстiң 190-бабында белгіленген сотқа дейін жеделдетілген тергеу жүргізуді жүзеге асыру;

5) қылмыстық теріс қылық бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейін тергеу жүргізуді жүзеге асыру;

6) осы Кодекстің 189-бабының бесінші және алтыншы бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу жүктеледі.

2. Мыналар:

1) iшкi iстер органдары;

2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;

3) сот актілерін орындау тәртібін бұзумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша әділет органдары;

4) қаржы полициясы органдары;

5) контрабанда және кеден төлемдерiн төлеуден жалтару туралы iстер бойынша – кеден органдары;

6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмшелердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары;

Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;

7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнаманы бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфiнде жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша – шекаралық қызмет органдары;

8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн атқарып жүрген өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезiнде запастағы азаматтар жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық қызметкерлерi олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша – әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлiмдердiң, құрамалардың командирлерi, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;

9) өздерiнiң қызметкерлерi болған елдерде жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары;

10) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;

11) өртке байланысты барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша – өртпен күресу қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмшелерi анықтау органдары болып табылады.

3. Анықтау органының барлық қылмыстық құқық бұзушылық туралы iстер бойынша сотқа дейiн iс жүргiзу және кезек күттiрмейтiн тергеу қимылдарын орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңiз кемелерiнiң капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған анықтау органдарынан алыстығы басқа да мемлекеттiк ұйымдар мен олардың бөлiмшелерiнiң басшыларына да, көлiк қатынасы болмаған кезеңде жүктеледi.


жүктеу 6,76 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау