4.4. Стандарт« Бас аймағының айналасын өлшеу »
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау.
Дайындаңыз: сантиметрлік таспа,салфетка,70° спирт, резеңкелі қолғап, дезерітіндісі бар сыйымдылық, өңдеуге арналған ветошь, КБУ, баланың даму тарихы, қалам.
Іс- әрекеттер алгоритмі:
1.Анасына шараның мақсатын және ретін түсіндіріп, келісімін алу.
2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңкелі қолғапты киіңіз.
3. Жаялықтау үстелінің бетін дезерітіндіге малынған ветошьпен өңдеп, таза жаялықты салыңыз.
4. Сантиметрлік таспаны екі жағынан да 70° спиртке малынған салфеткаен сүртіп алыңыз.
5.Баланы жаялықтау үстеліне жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
6. Сантиметрлік таспаны артынан желке адыры бойымен, алдынан қабақ бойымен жүргізіңіз.
7.Сантиметрлік таспаның түйіскен жеріндегі бас аймағының көрсеткішін анықтаңыз.
8. Бас аймағы айналасының көрсеткішін баланың даму тарихына енгізіңіз.
9.Резеңкелі қолғапты шешіп, КБУ-ға енгізіңіз.
10.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ЕСКЕРТУ:зерттеушінің саусағы таспа мен тері арасында болмауын қадағалау!
4.5. Стандарт «Физикалық даму картасымен» жұмыс
Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау.
Көрсеткіші: қабылдау кезінде баланың физикалық дамуын тез арада бағалау
Дайындаңыз: «Физикалық даму картасын» , сызғыш, баланың даму тарихы, қалам.
Іс-әрекеттер алгоритмі:
1.Анасына шараның мақсатын және ретін түсіндіріп, келісімін алу.
2. Ережелерді ескере отырып, баланың дене салмағының массасын анықтап, даму тарихына жазыңыз.
3.Баланың жасын ай бойынша санаңыз.
4. «Физикалық даму картасын» алыңыз.
5. Картаның сол жағында баланың дене салмағының көрсеткішін, төменде баланың ай бойынша жасын тауып алыңыз.
6.Сызғыштың көмегімен осы екі көрсеткіштің түйіскен жерін тауып алыңыз.
7. Анықталған нүскте мен «Физикалық даму картасындағы» бала жасына қалыпты ден салмағы сызығымен қатынасын анықтаңыз.
Егер:
а)егер де нүкте «бала жасына орташа дене салмағы» сызығынан жоғары болса - баланың салмағы жасына байланысты қалыпты немесе жоғары;
б) егер де нүкте «бала жасына аз салмақ» және « бала жасына өте аз салмақ» сызықтарының аралығында болса – бала салмағы жасына байланысты аз;
в) егер нүкте « бойына байланысты өте аз салмақ» сызығы бойымен немесе одан төмен болса – бала салмағы жасына байланысты өте аз;
8.Анықтаған көрсеткішті баланың даму тарихына енгізіңіз.
9. Сіз немесе педиатр баланың құзыреттілігін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |