Сырмақ
Сырмақ - халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші, әрі өнер туындысы. Сырмақ еденге төселетін бірден - бір жарасымды дүние.
«Сырмақ» сөзі - «сыры» етістігіне «мақ» жалғауы жалғану арқылы «сырымак» болып айтылып, кейін келе «ы» әрпінің түсіп қалуынан «сырмақ» болып калыптаскан.
Сырмақ түрлері:
Сырмақтар ұсталатын орнына қарай от киіз ( от сырмақ), отбасы сырмағы, тізе сырмағы, тер сырмақ, іргелік (ірге киіз), бұйым сырмак т.б деп аталады.
Үлгілеу және істелеу жолдарына карай бірнеше түрге бөлінеді. Байырғы үлгіден дәстүрлі сырмақ, оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, жиек сырмақ, кестелі сырмақ, біз кестелі сырмақ, баспа кестелі сырмақ, ашамай кестелі сырмақ, жапсырма кестелі сырмақ, кілем пішінді сырмақ, көне, жаңа үлгідегі от киіздер.
Істелеу материалына қарай оюлы сырмақ, ойыстырылған сырмақ, кестелі сырмақ, жиек сырмақ, кілемше сырмақ, құрақ сырмақ деп аталады.
Мына екі түсті киізді біріне-бірін ойыстыру арқылы шығарылған бұйым сырмақ деп аталады.
Сырмақ сыру технологиясы:
Екі түсті киізді біріне-бірін беттестіріп көктеп бетіне ою-өрнек сызу.
Киіз ою. Өткір пышақпен асқан шеберлікпен ойып алу.
Салңастыру - көктеу жібін сөгіп, киіздін екі түсінің ортасын ауыстырып киыстыру.
Үйлестіру - оюларды жіппен іліп косу.
Біріктіру - оюларды түйістіріп, жөрмеп тігу.
Жиектеу жұмысы
Осындай өнерді жаңғыртып, оны жаңаша үлгіге келтіріп кеңейтуге казіргі заман талабына сай күнделікті өмірде колдануға жарайтынына көз жеткізу керек. Сырмақ тек қана киізден ғана емес матадан, түрлі жіптермен ою нақыштарын келтіріп сыйлыктык бұйымдар жасауға болады. Осындай бұйымдардың бірі мойынға салатын жылы орамал.
Жылы орамал жасаудың технологиясы:
Шолк пен жүнді бояу
Боялған шолкты ұзыннан жаю
Үстіне боялған жүнді жұкалап екі рет тігінен және көлденең тастау
Бетіне жүнді оюлап және гүлдендіріп тастау
Жүн бетіне жұқа тор матамен жабу
Аздап жылы су сеуіп, қолмен уқалау
Жүн шолкқа біріккен соң суын сығып, тақтайға ұру
Дайын бұйымды матадан ажырату.
Ою-өрнектер
Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.
Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді. Бүл ернек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында колданылған.
Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған.
Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс тіршілігі « жасырынып » жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады.
Қазак халкьның ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз». Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. «Сыңармүйіз», « Сынықмүйіз», «Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда «Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ.
Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық.
Тағы бір айта кететін нәрсе, казақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне сай орын тандаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар «Ит құйрық» аталатын өрнек ешкашан бас киімдерге колданылмаған. Мұның астарында «Дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «Дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырык балағына өрнектелген.
Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген.
Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқармүйіз секілді ою-өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған.
Ою-өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады.
Қорыта айтқанда, халык мұрасындағы үлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалык мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпакка аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз.
табан қосмүйіз
балдақ төртқұлақ
өрмекші айшық
үш жапырақ жауқазын гүл
Ою-өрнек түрлері
|
Мысалдары:
|
1.Зооморфтық
2. Өсімдік тектес
3. Геометриялық
4. Космогониялық
|
Қошқармүйіз, құсқанат Арпабас, сегізжапырақ Ирек, сызык, т.б
Айшық, жұлдызша
|
Достарыңызбен бөлісу: |