Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы


ЖОО-ларды біріктіру білім сапасын арттыра ма?



жүктеу 2,73 Mb.
бет5/15
Дата27.12.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ЖОО-ларды біріктіру білім сапасын арттыра ма?
Білім және ғылым министрлігі «жекеменшік ЖОО-лардың санын қысқартамыз» дегелі бері, бұл өзгерісті қолдаушылар да, қарсы шығушылар да көп. Біреулер «саны бар, сапасы жоқ оқу орындарын жабу керек» десе, біреулері осы ЖОО-ларда оқитын студенттер мен ұстаздар қауымының жағдайына алаңдаулы. Жалпы, бүгінде елімізде 136 ЖОО болса, оларда 600 мыңға жуық студент білім алады. Олардың жартысы – жекеменшік оқу орындарының тәлімгерлері. Министрліктің пайымы бойынша, оқу орындарын біріктіру білім сапасының артуына ықпал жасамақ. Сондықтан да әр облыста жекеменшік университеттер тек бір-бірден ғана қалуы тиіс. Ал қалғандары өзгелермен бірігуі, колледжге айналуы немесе жабылуы қажет.

Саяси шешімдер институтында өткен талқылауда ЖОО қауымдастығының төрағасы Рахман Алшанов алдағы 1-2 айдың көлемінде тағы 5-6 университет өз жұмысын тоқтататындығын айтты. Біріктіру процесі еш қарсылықсыз өтіп жатқан көрінеді. Қазірдің өзінде Алматыдағы КУПС пен Д.Қонаев атындағы унивеситет біріккен, сондай-ақ «Сымбат» сән академиясымен Үздіксіз білім беру университеті және Қаржы академиясы қосылса, Парасат университеті мен Каспий университеті бірігу туралы келісімге қол қойған. Облыстарда да жеке ЖОО-лар біріктіріліп жатыр.

– Қаптап кеткен жеке университеттер бәсекені көтере алмай, жабылып жатыр. Мәселен, салалық «Әділет» секілді заң университеті жабылып, өзгелердің құрамына кірді. Әлсіз оқу орындарында бар-жоғы 300-400 бала қабылданып, бір кафедрада 4-5 бала оқиды. Бұл жерде сапа туралы қандай әңгіме болуы мүмкін? Сондықтан, біріктіру ең бірінші осылардан басталады, – дейді ЖОО-ларды оңтайландыру туралы республикалық комиссияның мүшесі Рахман Алшанұлы.

Жабылған немесе біріктірілген оқу оқындарының студенттері дипломсыз, ұстаздары жұмыссыз қалмайды деп тұжырымдайды комиссия мүшесі. Жеке оқу орындарында білім алу мемлекеттік ЖОО-лардан әлдеқайда арзан екені белгілі. Студенттерге оқу ақысы бойынша 1 жылға ғана жеңілдік беріліп, келесі жылдары қосылған университеттің бағасы бойынша төлейтін болады.

ЖОО-ларды біріктіріп болғаннан кейін, мамандықтарды оңтайландыру процесі жүрмек. Алайда осы шаралардың нәтижесінде білім сапасы көтеріле ме? Талқылауға қатысқан мамандар осы сауалды көлденең тартты:

– Басты мақсатымыз – сапалы білімге қол жеткізу. Ал сапалы білім деген не? Ол – алған дипломының арқасында баланың жұмысқа орналаса алуы. Ал бізде белгілі бір университеттің мамандықтары, дамуы, бітірушілердің қанша пайызы жұмыс істеп жүргені туралы нақты ақпарат алатын база жоқ. Оны ЗТМО, е-үкіметтің қорын қолдана отырып құруға болады. Яғни, ашықтықты қамтамасыз ету қажет. Сонда ата-ана ЖОО түлектерінің 70 пайызы жұмыссыз жүргенін көріп, ақшаны желге шашып қайтеміз дейді... Бұл жерде министрлік біресе онтайландыру жүргізіп, біресе салалық мамандықтарды қайта ашып, түлкібұлғаңға салып отырған секілді. Егер 14 мың студенті болса, ол сапалы білім береді деп кім айтты? – дейді «Ұлағат бизнес групп» консалтингтік компаниясының директоры Марат Қайырленов. Бұған дейін де талай рет ЖОО-лардың басы қосылған. Одан білім сапасы артып кеткен жоқ. Сондықтан шаруаны білім беру ісінің мазмұнынан бастау керек. Ал бәсекеге қабілетсіз оқу орындарын, ешқандай оңтайландырусыз-ақ, нарықтың өзі ығыстырып шығарады деп пайымдайды мамандар. Ал мазмұн – ғылымға қажетті мамандарды даярлау деп тұжырымдайды «Аспандау» қорының президенті Қанат Нұров. Ал қазіргі кезде оқу орындары осы мазмұны мен мақсатынан айырылып қалған. Ғылыммен айналысатын, отандық ғылымды көтерсем дейтін жастардың қатары сирек. «UniverSity» білім беру технологиялары бюросының директоры Жанна Меңдібаева «оңтайландыру» деген сөзді әркім әрқалай түсініп жүргендігін айтады. – Студенттер үшін ол оқу орнының жабылуы болса, ал ЖОО басшылары үшін жоғары жақтан жасалатын қысым мен түрлі тексерудің көбеюі. Тек министрлік қана білім сапасын көтеретін жол деп білетіндей. Бұл жұмыстың барлығы тура талапкерлерді қабылдайтын кезеңге келіп тұр. Қазір біріктірумен емес, талапкерлермен жұмыс істеу керек. Егер оқу орындары өзгеріп жатса, жыл аяғында түлектер қайда баруы тиіс? – деп сауал тастайды Жанна ханым. Қалай болған да, оңтайландыру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесін уақыт көрсетеді.


Үмітжан ЖАПАР //Айқын .-2013.- 22 мамыр.- 6 б.

Ғылымнан ақша аямаймыз
2013 жылы Қазақстанда ғылымды дамытуға 50 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Бұл жөнінде өткен аптада ғылымды дамыту мәселесі сөз болған баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті төрағасының орынбасары Ербол Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жылдан-жылға ғылымды дамытуға бөлінетін қаржы көлемі артып келеді. Егер 2010-2011 жылдары ғылымды дамытуға республикалық бюджеттен 20 млрд теңге шамасында қаржы бөлінсе, 2012 жылы бұл сома 50 млрд теңгеге жуықтады. Яғни 2,5 есе өсті. Биылғы жылы қаржыландыру көлемі сақталады, осылайша 2013 жылы ғылымды дамытуға 50 млрд теңге шамасында қаражат қарастырылған», – деді Ербол Сүлейменов.

Дегенмен Сүлейменов қаржыландыру көлемінің әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті.

«Бұл шамамен жалпы ішкі өнімнің 0,2 пайызы. Ал халықаралық сарапшылардың есебінше, мемлекеттің ғылыми саласын тиісті деңгейде дамыту үшін жалпы ішкі өнімнің 1,7 пайызын бағыттау керек. Бірақ әзірге біз бұл көрсеткішке қол жеткізген жоқпыз», – деп толықтырды Сүлейменов.

bnews.kz //Класс Тайм.- 2013.-22 мамыр

Айша Мұхамедова

Алты жоғары оқу орны қысқарады



Бірақ жабылып, қайта ашылмасына кепілдік жоқ
Саяси шешімдер институтының клубында республикадағы қаптаған жоғары оқу орындарының бірсыпырасын қысқарту жайында тағы да сөз қозғалды.

Жалпы, қысқарту деген сөздің өзі адам баласы үшін жеп отырған наныңды тартып алу секілді болып көрінетіні де рас. Әйтсе де бәсекеге түсуге жарамсыз, берген білімі ертеңгі күні еңбек нарығында ешкімге керегі жоқ болып қалатын түлектердің тағдыры бәрінен биік тұру керек.Сондықтан да қаптап кеткен, аты дардай, заты мардымсыз университеттерді, қожайыны бизнесінен айырылып қалады екен деп ұстап отыру мемлекетіміздің кадрларының болашағына балта шабумен бірдей екенін де мойындауымыз керек. Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымдарының докторы Рахман Алшанов Білім және ғылым министрлігінің қаулысы бойынша биылдан бастап алдағы екі жылда бүгінгі саны бар да сапасы жоқ жоғары оқу орындарын 30-40 пайызға қысқарту керек деген шешім шыққанын алға тарта отырып, оның басты себептерін атап-атап көрсетті. Себептерін бәріміз жақсы білеміз, өйткені оңтайландыру процесінің өткелі отырғаны бір бұл емес.

Оралда үш жекеменшік оқу орны жабылды. Олар бір университет болып бірікті. Ақтауда министрлік «Болашақ»

жогары оқу орнын жапты. Қызылордада үш оку орны бірігу алдында.

Осының алдында да бірнеше рет жоғары оқу орындарын оңгайландыру процесгері жњріп љтгі. Мысалы, бірнеше заң университеттері мен, оның ішіндегі ең ірісі «Әділет» университетінің қысқарып кетуі студенттер мен оқытушылардың наразылығын тудырғаны да есімізде. Бірақ жабылып калған жекеменшік оку орындарының бірде-бір студенті далада калмағанын білеміз. Ал университеттер болса, өз бағытындағы баска жоғары оку орындарымен біріктірілді. Алшановтын айтуынша, бұл жолы да оңтайландыру ешкандай ауыртпалыксыз өтеді. Әр студент өзі оқып жүрген факультеті бойьінша басқа университетке ауыстырылады. Окытушылар да осындай игілікті жағдайды пайдалана алады.

Бүгінгі күні Казакстандағы жоғары оку орындарының саны 134 екен. Оньң өзі министр Бакытжан Жұмағұлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеггінін ректоры болардың алдында жүргізген мониторинг бойынша 139 болып, содан кейін жасалған оңтайландырудан кейінгісі. Бір қызығы, оңтайландыру кезінде жабылған университеггер саны араға кайта уақыт салмай жатып, қайтадан көбейіп шыға келеді.



Жасыратыны жоқ, жеңұшынан жалғасу бар

Рахман Алшанов 134 жоғары оку орнынын саны 127-128 болып қа- луы мүмкін екенін мәлімдеді. Әйтсе де Жоғары оку орындары кауымдастығынын президенті оңгайландырудан кейін сол университеттердін жұмысын кайта жалғастырмайтынына сенімді еместігін жасырмайды. «Әр жекеменшік жоғары оку орны қожайынының жоғарғы эшелонда танысы немесе ағайыны бар екендігінде күмән жоқ. Немесе бір шенеуіктің катысы болып шығады. Казақы менталитет дегеніміздің өзінің кей жағдайда залалы басым ба деп калаамын. Иә, қысқартылсьш деп кол кетерген шенеуніктердің кейбірі ертеңгі күні «ойбай-ау мына университетгің әлеуеті мықгы екен ғой, біз байкамай қалыппыз» деген секілді уәж айтып отырады. Әрине, қыскарту қаупі басына төніп тұрған университет қожайындары жанталаса араға салатын адам іздегенін байкдп каласың»,—дейді ол.

Тәуелсіздік алғалы бергі 22 жыл ішінде еліміздің білім саласына бірде-бір шетелдік инвестор келмеді. КИМЭП-ті айтпағанда. 571 мың жас жоғары оку орнында оқыса, оның басым бөлігі жекеменшік университеттерде оқып жатыр деген сөз. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары намысқа барсаныз да бүгінде әлемнің барлық елінде алдымен сенің кандай университетгі тәмамдағаның сұралады. Казіргі кезде жұмыс іздеушілердін басым бөлігі - жоғары білім алғандар. Бірақ уақыт өте келе сол жоғары білім берегін оку орындарын електен өткізіп, іріктейтін уақыттың келетіні белгілі. Міне, сол уақыт дәл қазір келіп тұр. Демпинггік деңгейге жеткендіктен де сапасыз ЖОО-ларды оңтайландыру күн тәртібінің өзекті мәселесіне айналды.


  • Биылғы көктемде БҒМ шешімі бойынша жоғары оқу орындары санын 139-дан алдағы екі жылда 110-ға дейін қысқарту мәселесі қойылып отыр. 2005-2007 жылдары ЖОО-ларда оқитын студентгердің саны 600 мыңнан аскан болатын. Кейінірек колледждер ашыла бастаған кезде бр көрсеткіш сәл сейіліп, 571-ге дейш түсті. Халықгың санына шаққанда біздегі жоғары оку орындары Америкадағыдай деңгейде. Үш бөлмелі пәтерді жалдап университет ашып алғандар да болды кезінде. Не оқытушьшық-профессорлық құрамы, не оку кұралдары жоқ ондай университеттер қандай білім беріп жарытатынын бәріміз біліп отырмыз. Жансейіт Түймебаев министр болып жүрген кезде 76 филиал қөысқартылған. Соның өзінде сапасы сын көтермейтін жекеменшік оқу орындарының саны кеміген жоқ. Сондықтан бүгінгі күні жеке меншік оқу орындарының бәрін жауып қысқарту емес, бірігу, басқа университетпен қосылып,өмір сүру жолдары ұсынылып отыр,- деді Р. Алшанов.

//Класс Тайм .-22 мамыр.- 3 б.

Любовь ДОБРОТА

Лекция от нобелевского лауреата
Выдающийся ученый, лауреат Нобелевской премии Эрвин Неер прочитал лекцию для шымкентских студентов.

Настоящий фурор вызвал приезд в Южно-Казахстанскую государственную фармацевтическую академию Эрвина Неера – лауреата Нобелевской премии по физиологии и медицине. Ученый прибыл в Казахстан для участия в работе VI Астанинского экономического форума, но нашлось у него время и на общение с преподавателями и студентами шымкентских вузов.

Ученый с мировым именем познакомился с работой вуза, материально-технической базой, позволяющей преподавателям заниматься научными исследованиями, оставил запись в гостевой книге, пожелав удачи группе ученых вуза, занятых поиском рецепта «вечной молодости». Дело в том, что в лаборатории проводятся серьезные исследования сразу по двум направлениям, обещающим настоящий прорыв в медицине в случае их успешного завершения.

Ученые юга делают исследования в области ранней диагностики заболеваний и пытаются найти «ген красоты и молодости», отвечающий за процессы старения в организме, чтобы научиться на него воздействовать. Есть уже и первые результаты, основанные на стимуляции процесса деления клеток. Оба проекта получили министерские гранты.

Естественно, что мнение светилы науки для шымкентских ученых очень важно. Эрвин Неер с интересом ознакомился с ходом исследований в области генетики, отметив их актуальность. Для студентов фармацевтической академии лауреат Нобелевской премии прочитал лекцию, которая транслировалась в онлайн-режиме – ее смогли прослушать студенты шести медицинских вузов страны.
//Казахстанская правда.-2013.- 23 мая .- С.5

Жексенбек АДИЛОВ, ректор Казахского национального технического

университета им. К. Сатпаева



Кадры для инновационного прорыва

Всесторонний анализ мировых и отечественных тенденций, представленный в Послании Президента народу, свидетельствует о необходимости разработки совершенно новых подходов к развитию инженерного образования.

Глава государства поставил задачу «обеспечить развитие системы инженерного образования и современных технических специальностей с присвоением сертификатов международного образца» и выделил десять глобальных вызовов ХХI века, которые связаны с развитием техники и технологий, повышением качества подготовки инженеров. Постоянное внимание Лидера нации к вопросам качества образования, в первую очередь технического, – свидетельство того, что подготовка конкурентоспособных инженерных кадров – важная составляющая национальной безопасности. Именно специалистам, получившим качественное образование по международным стандартам, истинным патриотам страны, предстоит сыграть решающую роль в достижении стратегической цели – вхождения Казахстана в число 30 наиболее развитых стран мира.

Эффективная реализация задач, поставленных Главой государства, во многом зависит от модернизации инженерной науки и образования, которая не только необходима и возможна, но становится ключевым фактором экономического роста Казахстана. Это накладывает особую ответственность на высшее техническое образование и науку.

Для вхождения в мировое образовательное пространство прежде всего целесообразно приведение Классификатора специальностей по направлению «Технические науки и технологии» в соответствие с международными стандартами классификации образования. КазНТУ им. К. Сатпаева уже направил в Министерство образования и науки свои предложения по разработке нового Классификатора специальностей.

Сегодня в Казахстане 71 вуз из 136 ведет подготовку в рамках технических наук и технологий. В связи с этим принципиальное значение приобретают проблемы их оптимизации, проведения в них профилизации, пересмотра лицензионных требований для технических специальностей. Актуален вопрос разработки механизмов общественной аккредитации образовательных программ в сфере техники и технологий, требуются изменения и дополнения в госстандарты технического образования в части усиления фундаментальной и профильной профессиональной, а также языковой подготовки будущих инженеров.

В эффективной реализации принципа «обучение через науку» решающую роль могут сыграть прикладные научные исследования и малые инновационные предприятия при университетах. Мировой опыт показывает их высокую эффективность, так как они способствуют созданию современной техники и новых технологий, формированию инновационного пояса вокруг вузов, созданию дополнительных рабочих мест в наукоемких отраслях промышленности и широкому привлечению студентов к научным исследованиям и опытно-конструкторским разработкам.

В то же время действующий закон о государственном имуществе не способствует активному созданию при университетах малых инновационных предприятий, создает некоторые трудности и по другим направлениям деятельности вузов (в научно-исследовательской работе, по повышению квалификации работников производства и другим). Обозначенные проблемы требуют решения на государственном уровне, внесения изменений не только в данный закон, но и в другие законодательные акты.

Для реализации принципа стратегического партнерства было бы рациональным переориентировать техническое образование на нужды перспективных производств. Для этого целесообразно формирование региональных отраслевых прогнозов потребности в кадрах и четкий заказ: сколько специалистов, какого уровня, какой квалификации требуется как в масштабах страны, так и в разрезе отдельных регионов и отраслей. В связи с этим КазНТУ приступил к составлению такой прогнозной потребности в области техники и технологий. Однако здесь желательно объединение усилий отраслевых министерств, предпринимательского сообщества и местной исполнительной власти в лице акиматов регионов.

Опыт передовых стран показывает, что решение задач развития инженерно-технического образования должно осуществляться в контексте и через призму модернизации всей инженерной отрасли как сферы жизнедеятельности человека. Для этого важно законодательное урегулирование ограничений, выдвигаемых работодателями при приеме молодых специалистов на работу, формирование системы присвоения инженерной квалификации независимыми агентствами (центрами) по подтверждению квалификации, создание Ассоциации инженеров Казахстана, целесообразно ускорить развитие государственно-частного партнерства в сфере технического образования. Здесь нужны законодательные механизмы для стимулирования участия работодателей в подготовке инженерных кадров.

Актуальными остаются изменение отношения общества к инженерному труду, поднятие престижа труда инженера. Все это будет способствовать повышению качества образования в технических вузах. Для наглядности приведу цифры: доля подготовки кадров в сфере техники и технологий от общего числа студентов в странах ЕС составляет 36%, Китае – 32%, Индии – 31%, России – 30,6%, США – 24%. В Казахстане этот показатель пока находится на уровне 18,6%. В связи с этим было бы оправданным увеличение объема госзаказа, порогового балла при поступлении на инженерные специальности, повышение нормативов финансирования подготовки студентов, магистров и докторов PhD по техническим специальностям.

Положительная динамика развития инженерно-технического образования в Казахстане, наблюдающаяся в последние годы, стала результатом выверенной государственной политики. На дальнейшем его совершенствовании, уверен, только положительно скажется принятие Концепции развития инженерного образования Казахстана до 2020 года. В КазНТУ им. К. Сатпаева под эгидой Министерства образования и науки и с участием всех заинтересованных сторон недавно прошла международная конференция, где были обсуждены ее основные направления. Эта концепция стала бы для технических вузов страны надежным инструментом повышения качества подготовки специалистов для инновационной экономики Казахстана.
//Казахстанская правда.-2013.- 23 мая .- С.6
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
Еліміз өзінің жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеп берген басымдықтарға сәйкес мемлекетті басқару жүйесін одан әрі демократияландыру, жекелеген билік өкілеттіктерін жергілікті орындарға беру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, ауылдық деңгейдегі әкімдерді сайлау сынды көптеген игі мақсаттарды жүзеге асыруға ерекше мән беріліп отыр. Осыған орай, елімізде мемлекеттік қызметтің дербес даму моделін әзірлеу жұмыстары қарқын алып, заңға да тиісті өзгерістер енгізілді.

Газет тілшісі Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (МБА) ректоры Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВПЕН сұхбаттасып, мемлекеттік қызмет мамандарын даярлау жүйесіне қатысты көкейкесті сұрақтарға жауап алуға ұмтылған болатын.

Соңғы кездері мемлекеттік қызмет саласына қатысты заңнамаларға енгі­зілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қандай міндеттер мен жауапкершілік жүктеп отыр?

– Бүгінгі заман талабы да, заң талабы да мемлекеттік қызмет саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге өздерінің жұмыстары мен міндеттеріне жаңаша көзқараспен, ерекше жауапкершілікпен қарауды жүктеп отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы басымдықтарының аясында орталық мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің жергілікті орындардағы үдерістерді терең талдау мен зерделеу, өзгерістерге тез және сәйкес мән беру, инновациялық басқару шешімдерін қабылдау, тәуекелдерді ескеру, жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды заманауи деңгейде ұтымды басқару сияқты құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар арта түсуде. Өңірлердегі басқару жүйесі де маңызды өзгерістерге түсу үстінде. Мемлекеттік қызметтің жаңа моделіне сәйкес, облыс әкімдерінің аппарат жетекшілері және аудандар мен кейбір қала әкімдері кіретін мемлекеттік қызметшілердің жоғары әкімшілік «А» корпусының кәсіби негізі қалыптасып келеді. Олар тұлғалық, кәсіби және басқарушылық дайындықтың жоғары деңгейі талап етілетін кәсіби-менеджерлер болуы тиіс. Аудандық мәслихаттар жергілікті түйткілді мәселелерді шешу үшін маңызды өкілеттіктер беріліп, қаражат бөлінген 3,5 мыңнан аса ауылдық округ әкімдерін сайлайтын болады.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының атқаратын жұмыстары ауқымды болмақ. Өйткені, мемлекеттік аппарат алдында тұрған ауқымды міндеттер кадрлар дайындау сапасы мен олардың біліктілік деңгейін арттыруды, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басымдықтарын іске асыруды жан-жақты сараланған ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз етуді қажетсінеді. Ал халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, салалық мамандар даярлау бағдарламалары, оның ішінде мемлекеттік стандарттар іс-тәжірибеге бағдарланған оқыту негізінде қажетті құзыреттіліктерді дамытуға бағытталуы тиіс. Атап айтқанда, әлемнің жетекші мектептерінің оқу бағдарламаларының негізін құзыреттілік тәсілі құрайды.

Әлемнің жетекші оқу орындары бағдарламаларымен салыстырғанда біздегі «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын оқыту стандарттары қандай деңгейде, өзіндік ерекшеліктері бар ма? Жалпы, бүгінгі таңдағы еліміздің мемлекеттік қызмет мамандарын дайындаудың барысы қалай?

– Қазіргі таңда елімізде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша мемлекеттік қызмет үшін мамандар дайындау бакалавриат деңгейінде – 59, магистратура бойынша – 24, докторантура бойынша 4 жоғары оқу орнында жүзеге асырылып келеді.

Біздің мамандарымыз бен шетелдік сарапшылардың қатысуымен жүргізілген сараптама жұмыстары біраз жәйттің бетін ашты. Магистратураның мемлекеттік стандарттарын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бағдарламаларымен салыстырмалы талдау жасау нәтижесi біздің мемлекеттік стандарттарымыз бен бағдарламаларымыз мазмұн және пішін жағынан түбегейлі қайта өңдеуді қажет ететінін көрсетті. Ең алдымен, бакалавриат, магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша алынатын дәреже біркелкі емес, білім траекториясы негізінен экономикалық білім алуға бағытталып, ал пәнаралық құрамдас бөліктер ескерілмеген, магистратура үшін мемлекеттік стандарттың міндетті пәндері ескірген болып шықты. Сарапшылар оқу барысында магистранттардың сараптамашылық және зерттеушілік құзыреттерінің дамымайтынын, оқытудың басым жағдайда тек теориялық сипатта ғана жүргізіліп келгенін анықтады. Осы күнге дейін білім алушылардың теориялық оқу көлемі шамамен 80%-ды құрап келген, себебі, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін оқу уақытының шағын ғана көлемі бөлінсе, практика мен тағылымдама туралы айтудың өзі артық.

Жоғарыда өзіңіз бүгінгі заман да, заң да мемлекеттік қызметкерге жоға­ры жауапкершілік пен жаңа талап жүктейтінін айттыңыз. Сондай-ақ, оларды даярлау ісінде біршама олқылықтар орын алғанын көлденең тарттыңыз. Ал ендігі бағыт қандай болуы тиіс?

– Өткен жылдан бері Академияда мемлекеттік қызметкерлерді даярлау үшін тұлғалық, бейінді-іргелі және басқарушылық құзыреттер ескеріле отырып жасалған қазіргі заманғы МРР (Master of Public Policy), МРА (Master of Public Administration) және басқа да бағдарламаларды енгізу басталғанын атап өткен жөн. Психометрикалық тест көмегімен оқу жылының қорытындысы бойынша жүргізілген зерттеулер жаңа бағдарламалар бойынша білім алатын тыңдаушы-магистранттардың құзыреттілік көрсеткіштерінің тұрақты серпін алғанын көрсетті. Біздің пайымдауымызша, жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау сапасын жақсарту үшін мемлекеттік қызметкерлердің құзыреттілік бейінін және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің талаптарын ескере отырып, тез арада түбегейлі жаңа мемлекеттік стандарттар әзірлеуге кірісу қажет. Осы жерде біздің Академияда және басқа да жоғары оқу орындарында жылдар бойына жинақталған озық тәжірибе пайдалы болары сөзсіз. Дегенмен, мемлекеттік және жергілікті басқару (МЖБ) мамандарын даярлаудың сапасын көрсету және жоғары оқу орындары даярлығының бүкіл жүйесін қайта қарау, әсіресе, жоғары оқу орындарының жергілікті басқару органдарымен өзара байланыстарын нығайту қажет деп ойлаймыз. Келешекте бағдарламаларды стандарттаудан алшақтап, оқытуды жыл сайын жаңартылатын, мемлекеттік органдардың қажеттілігіне тез ден қоятын икемді білім бағдарламаларға (курикуллум) толығымен көшіру қажет. Білім және ғылым министрлігінің Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында осындай перспективалық тәсіл айқындалған.

Қазіргі ЖОО-лардағы білім берудің дәстүрлі әдіс-тәсілдері мен оқу-әдіс­темелік құралдарына қатысты көзқарасыңыз қандай? Мүмкін болса, осы бағыттағы тың ізденістердің мақсат-мазмұнын таратып айтып өтсеңіз.

– Талдау көрсетіп отырғандай, еліміздің жоғары оқу орындарында негізгі сабақ өткізу нысандары – лекциялар мен семинарларға ғана негізделген оқу үдерісі арқылы кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы сапасына қол жеткізу мүмкін емес. Әлемдік практика мен Академия тәжірибесі көрсеткендей, білім алушылардың түрлі құзыреттерін тиімді дамытуға оқытудың интерактивті әдістері, іскерлік және рөлдік ойындар, сase-study (ситуациялық талдау), brainstorming, тренингтер, Open Space және тағы басқа жаңаша оқыту нысандары қолданылғанда ғана қол жеткізуге болады. Әрине, жаңа білім бағдарламаларына көшу жоғары білім ұйымдарының құрылымын жетілдіруді қажет етеді, олар заман талабына сәйкес ұтқыр әрі жылдам өзгере білуі тиіс. Еліміздің жоғары оқу орындарында қалыптасқан қатаң белгіленген штат саны мен сағат көлеміне ие кафедралық тәсіл дамуды тежейтін факторға айналып келеді. Ол жоғары оқу орындарының білім бағдарламалары мазмұнын кадрларға және олардың құзыреттеріне қарай икемдей түседі. Талдау көрсеткендей, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының жұмысы мүлдем басқа қағидаттарға – бағдарламалық тәсілге негізделген тиімді құрылым бойынша атқарылады. Мұнда жоғары оқу орындарын мамандық бойынша даярлау бағдарламасы еңбек рыногында сұранысқа ие пәндердің тиісті жиынтығына қарай жобаланады, осыған қарай заманауи білім мен оқыту технологияларын меңгерген оқытушылар іріктеледі. Мұның өзі еліміздің жоғары оқу орындарына жаңа, заманауи басқару жүйесі мен құрылымдық ұйымдарды енгізу міндетін жүктейді.

Сіз жоғары оқу орындары жүйесінің қажетті өзгерістеріне тоқталдыңыз, осы орайда жастарға білім беретін педагогтардың біліктілік мәселесі де алға шығады емес пе?

– Дұрыс айтасыз. Әлбетте, біз ғалымдарымыздың біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлуіміз қажет. Біздің пікірімізше, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері үшін «Болашақ» бағдар­ламасының мүмкіндігі аса зор. Бірақ оны іске асырудың жекелеген аспектілеріне түзету енгізу қажет сияқты. Мысалы, алдын ала дайындалған тағылымдама бағдарламалары бойынша әлемнің үздік ғылыми-білім беру орталықтарында оқыту үшін жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері мен профессор-оқытушылары құрамынан зерттеу бағыттары бойынша мақсатты топтарды жасақтау қажет. Бұл бағдарламалар ағылшын тілін оқытуды, озық зерттеу технологияларымен танысуды және үйретуді, рейтингті журналдар үшін ғылыми мақалалар жазуды көздеуі тиіс. Сонымен қатар, тағылымдама барысында біздің ғалымдар осы орталықта ғылыми пікірталастарға және ғылыми-зерттеу топтарының жұмыстарына қатысқаны жөн. Өкінішке қарай, шетелде ғылыми тағылымдамалар ұйымдастырудың қазіргі нысаны жеке-дара сипатта болып келеді, мұның өзі бағдарламаның тиімділігін төмендете түседі.

Академиядағы ғылымның дамуы туралы, сондай-ақ, басқарудың жаңа жолдарын іздестірудегі халықаралық және елішілік белсенді пәрмені туралы не айтар едіңіз?

– Академияда мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми-сараптамалық әзірлемелер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен жеткілікті ғылыми негіздер, тәжірибе мен өзара әрекеттестік жүзеге асқанын «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын орындау мақсатында Қазақстан ғалымдарының күш-жігерін біріктіру үдерісін жүргізу үшін қазіргі заманғы материалдық-техникалық негіз және халықаралық байланыстар жақсы жолға қойылғанын атап өткім келеді. Жақында Дьюк университеті, АҚШ Федералдық басшылардың біліктілігін арттыру институты (FEI), Америка мемлекеттік басқару қауымдастығы (ASPA), француздың Париж І Пантеон-Сорбонна университеті, Германияның ДВВ академиясы, Потсдам университетінің жетекші өкілдерінің қатысуымен өткізілген on-line конференция ғалымдарымыздың едәуір кең әрі маңызды мүмкіндіктерін, басқару ғылымында бірегей идеялар мен тәсілдердің бар екенін көрсетті. Жүргізілген дебаттар бары­сында Қазақстанның жетiстiкке кол жеткiзген мемлекет құрудағы жоғары әлеуетін бағалауда біздің және шетелдік ғалымдардың пікірлерінің сәйкестігі анықталды. Әлемге танымал америкалық профессорлар Майк Мунгер, Джоуль Рош, Джозеф Тамм (Дьюк университеті), Алан Розенбаум, Жан-Мари Коул (ASPA), франциялық профессорлар Жерар Марку мен Франсуа Дрейфус, Париж I Пантеон-Сорбонна университетінің ғалымдары ғаламдық экономикалық трендтер барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының орта және ұзақ мерзімді басымдықтарын анықтау кезінде Қазақстанда пайдаланылған бірегей тәсілдерді атап көрсетті.

Осы орайда, біздің негізгі қазақстандық бірегей жолымыз бар екенін атап өту маңызды, оның негізін Елбасы 2000 жылдардың басында белгілеп берген болатын. Қазақстан басшысының революция арқылы емес, эволюция жолымен мемлекеттік құрылыс туралы саясаты өзінің өміршеңдігін көрсетті. Бүгінгі күні ұзақ жылдарға арналған елдің дербес даму моделін әзірлеп келеміз. Ол табысты, тиімді болып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруін қам­тамасыз етуі үшін біз дербес тиімді ғылыми әзірлемелерді қамтамасыз етіп, ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы жаңа тәсілдер мен жаңа шешімдерді, жаңа білімді таратуымыз керек.

Мемлекеттік басқарудың жаңа типін қалыптастыруда өзекті болатын мәселенің бірі – қосымша білім беру жүйесі деген ұстанымға орай не айтасыз?

– Қазіргі таңда бұл сала өңірлік оқу орталықтары, министрліктер мен жеке білім беру ұйымдары жанындағы ведомстволық оқу орталықтары орын алған бәсекелес нарыққа шығарылды. Соңғы кездері Академияда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша білім беруді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері енгізілді. Бұл орайда біз семинар тақырыптары мен білім алушылардың контингентін қалыптастыру мақ­сатында Президент Әкімшілігімен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестікті күшейте түстік. Оған қоса, мемлекеттік қызметкерлердің қашықтан және интерактивті оқыту әдістері белсенді әзірленуде (бейнеконференциялар, webинарлар, кейс-study, жобаларды әзірлеу, іскерлік ойындар және т.б.). Академия ғалымдары әзірлеген технологиялардың көмегімен біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттеріне диагностика жүргізуді қолға алдық. Тұлғалық құзыреттердің диагностикасынан өткен әрбір мемлекеттік қызметшіге жеке кәсіби дайындық жоспары мен мансаптық өсу бойынша ұсынымдар беріледі. Мемлекеттік қызметшілердің өзіндік дамуына одан әрі психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету көзделеді.

«А» корпусының мемлекеттік қызметшілерін оқытуға белсенді дайындық жүргізіліп келеді, олар академияда ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде оқытылатын болады. Бұл ретте біздің тарапымыздан АҚШ, Корея, Канада, Нидерланды мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттыру жүйесінің халықаралық тәжірибесі жан-жақты зерделенді. Жоғары басқарушы буынның даярлық бағдарламалары (Senior Executive Service) ерекше қызығушылық тудырды. Жоғары басқарушылық буынның біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша оқыту мерзімінің біршама ұзақтығын атап өткен жөн. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 27 аптадан 44 аптаға дейін, Федералдық атқару институтында (FEI, АҚШ) 3 жыл бойына және 28 құзыретті дамытуға бағдарланған. Алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Академияда «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері үшін бағдарламалардың 3 түрі әзірленді, олар ел Президенті құрған Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде жүзеге асырылатын болады. Осылайша, Академияда барлық деңгейлі мемлекеттік қызметшілерді базалық оқытудың құрылымдық жүйесі жасалды.

Өңірлік оқыту орталықтарының жұмысына көңіліңіз тола ма?

– Біліктілікті арттыру үдерісінің негізгі үлесі мен барлық қайта даярлау жұмысы Академияда және жергілікті жерлердегі өңірлік оқыту орталықтарында (ӨОО) жос­парлануда. Талдау көрсеткендей, біліктілікті арттырудың қазіргі жүйесінде, әсі­ресе, жергілікті жерлерде бірқатар мәселелер қордаланып қалған. Негізінде олар біздің қарамағымызда емес, олар жергілікті әкімдіктерге карайды, бірақ өңірлік оқыту орталықтарының қазіргі жағдайы алаңдатарлықтай.

Қазіргі кезде 14 өңірлік оқыту орталығы жұмыс істейді. 2012 жылы өңірлік оқыту орталықтарының ағымдық жағдайына жүргізілген талдау көрсеткендей, олардың екеуінде ғана, яғни Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы орталықтардың дербес ғимараттары бар, ал қалғандары оны жалға алып отыр. Орын-жай мен оқу аудиторияларының жетіспеушілігінен білім алушыларға қолайлы жағдай жасау деңгейі төмендей түсетіні түсінікті. 14 өңірлік оқыту орталығының алтауында штат 1-3 қана оқытушыдан құралады. Ал қалғандары әр түрлі жоғары оқу орындарынан оқытушыларды шақыру арқылы семинарлар ұйымдастыратын «білім алаңына» айналған.

Орталықтар қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялық құрал-жаб­дықтармен жеткілікті жабдықталмаған. Интернетке қосылу жылдамдығы төмен, бұл қашықтықтан оқыту әдістерін қарқынды енгізуге, мемлекеттік қызметшілерді оқытудың электрондық және on-line бірыңғай білім ортасына кіруіне кедергі жасайды.

Бұл мәселе осы жылдың наурыз айында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ұйымдастырылған «Қазақстан-2050» Стратегиясы: кадрлар даярлауды жетілдіру мен мемлекеттік қызмет саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда талқылау нысанына айналды. Онда мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына өңірлік оқыту орталықтарын жетілдіру мен дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, тиiстi мемлекеттiк органдарға жiберiлдi.

Тағы бір мәселе – біліктілікті арттыру бойынша білім бағдарламаларының сапасын көтеру талабына орай 2012 жылы Академияның қосымша білім беру институтына 50-ден аса білім беру ұйымдарынан 312 бағдарлама келіп түсті. Өткізілген сараптама нәтижелері бойынша, оның ішінен 141 бағдарлама немесе 45%-ы кері қайтарылды, мұның өзі осы салада жауапсыз орындаушылардың бар екенін көрсетеді.

Қорыта айтқанда, соңғы жылдары Академиядағы оқу және ғылыми жұмыстар түбегейлі қайта құрылғанын атап өтуге болады. Мемлекеттік қызметкерлерді оқыту­дың қазіргі заманғы бағдарламалары енгізілді, белсенді және жаңа әдістерді қолдану арқылы ғылыми зерттеулер ұйымдастырылды. Ақпараттық-білім беру технологияларымен жабдықтау қысқа мерзім ішінде қазіргі заманауи деңгейіне көтерілді. Профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлердің, докторанттар мен магистранттардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі едәуір арта түсті. Осының барлығы біздің ғалымдарға жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының профессорларымен, ғалымдарымен ғылыми пікірталас және зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Академия ұжымы Елбасының негізгі идеяларын іске асырудағы өз рөлін жете түсіне отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруды тиімді ғылыми-әдіснамалық жетістіктермен қамтамасыз ету міндеттерін табысты шешу үшін ресурстық және зияткерлік әлеуетті арттыруды жалғастыра беретін болады.

//Егемен Қазақстан.-2013.-23 мамыр.- 4 б.



жүктеу 2,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау