Мазмұны: Қалыптасқан қазақстан -2050 стратегиясы



жүктеу 2,73 Mb.
бет9/15
Дата27.12.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6131
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Ботагоз АЖАРБАЕВА

О ЛЮДЯХ И ВРЕМЕНИ
В областной научно-познавательной библиотеке имени А.Тажибаева состоялась презентация книги Почетного гражданина Кармакшинского района, обладателя ордена «Курмет» Сапена Ансатова «Болмыс». Напомним, что в 2010 году в свет вышла книга писателя «Мауели мезгил», которая имела хорошие отзывы читателей. В новом сборнике мемуаров и портретных очерков С.Ансатов знакомит нас с известными историческими личностями, деятелями родного края. Очерки сопровождаются высказываниями видных литераторов страны, среди которых особое предпочтение отдано любимому поэту автора Кадыру Мырзалиеву. Выступившие на презентации ректор КГУ имени Коркыта-ата Кылышбай Бисенов, поэт, член Союза писателей Казахстана Шакизада Абдикаримов и другие гости дали высокую оценку новой книге, которая имеет большое воспитательное значение для подрастающего поколения, и вправе служить учебным пособием для студентов в изучении народной педагогики.
//Кызылординские Вести.-2013.- 25 мая.- С. 16

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде
Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ проректоры,

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.



Ғұмырын ғылымға арнаған

Қасиетті Сыр өңірі топырағынан кімдер түлеп ұшпаған?! Солардың бірі Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан, ел көшін алға сүйреген философия ғылымдарының кандидаты, Әлеуметтік ғылымдар академиясының, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Мұстафа Матайұлы Матаев.

Балалық шағы соғыс жылдарына тап келген бала Мұстафаны өмір маңдайынан сипай қойған жоқ. Бірінші сыныпты бітірген жылы соғыс басталып кетті. Ол ерте есейді.

Үлкендермен бірге тынымсыз еңбек етті. Қиыншылықтарға мойыған жоқ. Үміті мен арманын қамшылап, тек қана алға ұмтылды.

«Табаныңды жерге, арқаңды елге тапсырдым» деп әкесі Матай батасын беріп бозбала Мұсекенді Алматыға оқуға аттандырды. Ол енді ғылымның биік шыңына шығуға бар күш-жігерін жұмсады.

Оқу орнын бітірген соң, еңбек жолын 1955-1957 жылдары Қазалы ауылшаруашылық техникумынан бастады. 1961-1969 жылдары Қызылорда облыстық партия комитеті лекторлар тобының жетекшісі қызметін атқарып, 1964-1967 жылдар аралығында Москвада КОКП Орталық Комитетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқыды және 1967 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор М.Розентальдің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Педагогика институтының маркстік-лениндік философия кафедрасының меңгерушісі болды, 1971 жылы доцент атағы берілді.

1980-1992 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, 1992-2002 жылдары «Құқықтану», кейіннен «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдан осы кезге дейін осы кафедраның құрметті меңгерушісі, кафедра профессоры. Қашан да қарапайым қалпынан танбайтын, кеуде көтермейтін Мұстафа Матайұлы атақ іздеп алқынатын адамдардың қатарынан емес. Атақ оны өзі іздеп табады. Ол қай биікке шықса да ақ адал еңбегімен, тынымсыз еңбекқорлығымен жетті. Қызылорда қаласының және Қазалы ауданының құрметті азаматы.

1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтында «Құқықтану» кафедрасы ашылғанда оны басқару жауапкершілігі мол, біліктілігі жоғары, іскер ұйымдастырушы ретінде Мұстафа Матайұлына тапсырылды. Сол бір қиыншылығы мол күрделі кезең туралы Мұстафа Матайұлы былайша еске алады: «Алматыға барып, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің ұстаздарына жүгіндім. Құқықтану саласына көп еңбек сіңірген академик, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың көмегін әлі де ұмытпаймын. Тез арада бағдарламалар, нұсқаулықтарды алдыртып, барынша қолдады. Мамандармен таныстым, оларды дәріс беруге Қызылордаға шақырдым». Осылайша, жетілдірілген шаралар арқылы 2000 жылы университет «Заңгер» мамандығымен студент дайындауға мерзімсіз лицензия алды. Ол осылай болашақ заңгерлерге темірдей тәртіп пен жоғары талап қоя отырып, кафедраның ғылыми әлеуетін қалыптастырды.

Мұстафа Матайұлының талапшылдығының нәтижесі болар, өздерінің ізденісі де аз емес, Жанна Исаева облысымызда бірінші болып «Арал өңірін экологиялық сауықтыруды құқықтық реттеу» тақырыбында диссертация қорғады (1999). Одан кейін осы мамандықтың ең алғашқы түлегі Елена Милова «Проблемы правового нигилизма» тақырыбында (2003), Мәдина Жүсіпбекова «Нарықтық жағдай кезіндегі ҚР аграрлық секторының мемлекеттік реттелуінің құқықтық негіздері» тақырыбындағы еңбегін (2003) сәтті қорғап шықты. Екі оқытушы Л.Қаржаубаева мен Е.Алтаев университеттің демеуімен Мәскеу Мемлекеттік заң академиясында аспирантурада оқып, 2010 жылы кандидаттық диссертацияларын қорғап келіп, қазір университетте қызмет етіп жүр. Жадыра Шөкенова Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде PhD докторантурада оқып жатыр. Мақтанышпен айтатын жайт – осылардың жетеуі өзіміз тәрбиелеп оқытқан түлектеріміз.

Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов заңгер мамандығының бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін жыл сайын оның материалдық-техникалық базасын толықтыруға ден қойды. Арнайы оқулықтар қоры толықтырылып, криминалистикалық полигон, оқу сот залы жасақталды. «Құқықтану» мамандығын бітірген түлектер бүгінгі күні республика, облыс, қала, аудан көлемінде мемлекеттік басқару, құқық қорғау және экономика салаларында абыройлы қызмет атқаруда.

Университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Тарих және құқық», «Экономика» факультеттері біріктіріліп, «Тарих, құқық және экономика» институты болып қайта құрылды, заңгерлерді даярлайтын «Мемлекет және құқық тарихы» мен «Арнайы құқықтық пәндер» кафедралары біріктіріліп, «Құқықтану» кафедрасы қайта құрылды. Басталған іс жемісті жалғасын табуда.

Осындай іс-қимылдың бастауында туған жерінің перзенті, шәкірттердің аяулы ұстазы, елінің азаматы – Мұстафа Матайұлы тұр. Кеше әке баласына жол сілтесе, бүгін оның өз баласы өсіп-өніп, бүкіл халықтың жоқтаушысы, тілекшісі болып отыр. Ендеше, саналы ғұмырын ғылымға, халқына қызмет етуге арнаған әріптесімізге әрдайым мерейіңіз үстем бола берсін дейміз.


//Егемен Қазақстан .-2013.-2 мамыр.-6 б



Надежда ШУМЕЙКО, кандидат филологических наук
ПУТЬ-ДОРОЖКА ФРОНТОВАЯ...

Железнодорожники всегда были особой кастой рабочего класса страны. В том числе и машинисты, для которых главное: мастерство, дисциплина, ответственность и знание своего дела. Их отличало достоинство, самоуважение и крепкое братство.

Это железнодорожники, люди в красивой тёмно-синей форме, открывали праздничные демонстрации на центральной площади города. Говорят, что раньше кызылординды даже часы сверяли по приходу поездов.

"Наверное, нигде так не сильны династические связи, как в среде железнодррожников. И династия Шубиных закладывалась здесь. Наниная её Иван Иванович, продолжил его сын Виктор Иванович, должен был продолжитъ сын Виктора – Александр Викторович.

Но когда он закончил школу, пришла большая беда на страну - война, Великая Огечественная, кровавая и страшная. 20 выпускников школы №7 имени Сталина принесли в военкомат заявления с просьбой отправить на фронт. Скажем сразу: из этих молодых, крепких парней ещё и не целовавших ни одну девчонку, с войны вернулся один Викгор Шубин.

Его, имевшего среднее образование, определили в училище авиамехаников в Самарканд. Обучение, конечно, ускоренное. Мастерство отрабатывалось в действующей армии.

Молодой сержант авиамеханик Виктор Шубин попал «авиаполк Сибирско-Сталинской дявизии. И здесь он поныл что война в нёбе-особая. Ведь не секрет, что до появления на вооружении армии самолетов-исгребителей, воевали на самолётах, корпус которых был из фанеры или лёгкого металла. Но ведь летали: бомбили, выходили на воздушные поединки с более мощными самолётами противника, производили воздушную разведку, перевозили раненых, различные грузы.

Летали, более того рвались в бой молодые лётчики, не думая о том, что могут сбить, поджечь самолёт, не думали о смерти, потому что стране нужна была победа. Победа - значит свобода, независимость большой страны, единой Родины.

А механики, оружейники, заправщики ждали своих асов на земле, постоянно глядя в небо. Одни возвращались. Иногда долетали до аэродрома, как говорят, на честном слове и на одном крыле, счастяивые, что «завалили фрица», иные, - как огурчики, - целые и невредимые. Иные сгорали в небе и навсегда оставались в небе.

А дело механика - подготовить к вылету самолёт. Чем и как - нужна находчивость и смекалка. Виктор считался толковьм, умелым мастером, да бывало иногда - ладишь, ладишь самолёт, а его сбили, сгорел в небе. Только самолёт - машина, а вот лётчик... Это ещё одна зарубка на сердце. И бывалых асов жалко, и молодых из пополнения.

Но это война. Она шла своим чередом. И уже когда освободили Украину, Белоруссию, вышли на Польшу, чувствовалось: выходим на Берлин, значит конец войне.

А работа Виктора Шубина всё та же: готовить к полёту самолёты, провожать в бой и глядеть в небо: как там мои соколы, храни их, Господь! Но не надо думать, что технари блаженствовали в тишине. Аэродромы фашисты выискивали и бомбили, уничтожая самолбты и людей.

Уже из Берлииа Виктор Щубин писал родителям в Кызылорду: - «Скоро приеду домой, ждите!»

Но ие для всех кончилась война. Виктор - один из многих.. Верховный главношмандующий тов. Сталин приказал: специалистов задержать! И опьггаый механик Виктор Шубин задержался на целых пять лет. Аэродром около города Раннесдорф стал местом его службы.

Ратный путь Виктора Ивановича отмечен орденом Огечественной войны, медалями «За Победу над Германией», «За боевые заслуги», «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», медалью «Маршала Г.К.Жукова», «За 60-летие освобождения Украины» от бывшего Президента Л .Кучмы, «За 60-летне освобождения Белоруссии» - от Президента А.Лукашенко.

Вот такая путь-дорожка фронтовая Викгара Ивано- вича Шубина,

А далее - дорожка трудовая. С 1951 года после возвращения в Кызылорду он пошел в локомотивное депо, словом, по стопам отца. Встретил хорошую девушку Нину и зажил мирной, размеренной жизнью, в которой были и радости, и потери. Ушли в мир иной родители, но выросли дети. Невосполнимая потеря - смерть жены, с которой прижили 55 лет. С тех пор Виктор Иванович сосредоточился на детях и внуках.

С 1979 года Виктор Иванович на пенсии. Династию Шубиных продолжил сын Александр, который тоже уже пенсионер.

Династию железнодорожников Шубиных продолжить не кому. У Александра сыновей нет, но зато две дочери, правда, живут они в других городах.

А Виктор Иванович и сын Александр Викгорович живут вдвоём. Отцу уже за 80 лет, и сын опекает его нежно, по-доброму,заботливо. Виктор Иванович, ветеран труда, живет скромно, но ни на что не жалуется.

Он рад,что всгречает 68 День Победы, что увидится с теми, кто ещё в ветеранском строю, что увидит свой любимый фильм «В бой идут одни старики», где такой же механик Макарыч провожает самолёты в бой, радуется вернувшимся из полёта и плачет о тех, кто остался в небе.

Мне очень хотелось рассказать о Викторе Ивановиче Шубине, солдате, воине в святой день Победы, чтобы напомнить о том, что ветеранов всё меньше приходит 9 мая на площадь Памяти, что их надо видеть и слышать, потому что уже на 68 лет ушла от нас война, потому что каждый фронтовик для современников святой, каждый доетоин нашей бесконечной благодарности за ратные подвиги.

//Кызылорда Таймс.-2013.-3 мая.-С.6



Берік САЙМАҒАНБЕТОВ, ҚР мәдениет қайраткері, жыршы.

ЖҮРЕК ЖҮЛГЕСІН ЖЫРМЕН КӨКТЕГЕН КЕУДЕ

Жыршы-термеші Жұмабек Аққұлов жайлы үзік сыр

Бала Жұмабек ауыл мектебін бітіргеннен кейін, жоғары білім алу үшін институтқа оқуға түсті. Сонау 1960-шы жылдары сол кездегі Н.В.Гоголь атындағы педогогикалық институт қабырғасында білім алған қатарластары да Алашқа аты мәлім әдебиет пен өнердің майталмандары болатын. «Балағында биті бар» жігіттер бір шоғыр боп жүріп, бірін-бірі тәрбиелейтіні жазылмаған өмір заңы екендігіне ешкімнің дауы жоқ шығар. Сол құрбыластарының ішінде дүниеден ертерек өткен, жыраулық өнерді алғаш жаңа заман сахнасына шығарушылардың бірі күміс көмей Көшеней де болатын. Жалпы біз жыршылық өнерде өзіндік із қалдырған, соны соқпағын салған қыршын Көшенейді жыр әлеміне құбылыс болып келген тұлға деп бағалаймыз. Шын жыршы болу артары ауыр, айтары бар, түсінгенге салмағы қорғасындай, бағзы заманның сарынымен ауыратын үлкен киенің пендеге келіп қонуы деп ұққанымыз абзал. Осындай киені ұстап жүру екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Небәрі 27 жасына дейін барлық нәрсеге, – үйленіп, төрт балалы болып, жоғары оқу орнын бітіріп, Мәскеудегі әдебиет және өнер институтының аспирантурасына түсіп үлгергені Көшенейдің бойындағы киелі өнердің құдіреті.

– Қайран Көшеней, қанындағы бұла өнердің жалынына күйіп кетті ғой, – деп еске алады Жұмекең. Балалық кезінен қатар өскен, қатар жүріп талай қызығы мол күндерді бастарынан бірге өткізген, өздері бақилық болса да ұрпағын көріп көңілі тоғаятын бастастары марқұм Жақсыбай Сарбалаев, Темірше Сарыбаев, Мырзамұрат Ілиясов, Мәлік Аяпов, Асқар Кіребаев сынды тарландар болатын. Алла олардың жайларын жаннатта етсін. Өмірлік жинаған тәжірбиесі бай, санаға тоқығаны мол,ақылы кемелденген ақсақалдың айтары да көп. Өнер біреуден қалап та, сұрап та ала алмайтын, Құдайдың пендесіне берген нұры іспеттес құндылық. Сондықтан болар, өнер адамдарының жоққа сабыр, барға қанағат етіп, біреудің барына шын қуанып, жоғы мен қайғысын өз бойынан өткізетіндігі. Жұмекең 70 жыл өмірінің 60 жылын осы өнерге арнаған абыз ақсақал. Өнердің немесе өнерінің арқасында талай-талай жерлерді аралады. Шетел сахналарын­да қазақтың қара домбырасымен әуелете ән салды. Тірі жанның бетіне жел боп тимей, әңгімені сипай айта отырып, тыңдаушының қателігін де, артықшылығын да сездіріп өтетін өткен ғасырдың еншісінде қалған әр жыршының бойынан табылуға тиіс қазақы әңгіме­шіліктің де үлкен көмбесі. Өмір дерегіне қарап отырсақ көптеген әтіберлі жерлерде қызмет атқарған, Жұмекеңнің көп жылғы еңбегі еленіп, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР мәдениет қайраткері» төсбелгілерімен марапатталды. Қазір зейнет жа­сындамын деп қарап отырмай қоғамдық жұмыстарға араласудан қол үзген емес. Сыр бойындағы жыраулық өнер өкілдерінің ақсақалы жас өнерпаздарға ақыл-кеңес беруден жалықпайтын ұстаз Жұмекең, кейде маған қас өнерге Құдай қойған қарауылдай көрінеді. Қара домбыраны бауырына алғанда шіркіннің құйқылжи төгілген сиқырлы үнінің шырмауынан шыға алмай, домбыраға емес, тартушыға телміре қарап қалатын сәттерім де болады. Сондайда басқа дүниені ұмытып, ұлы өнердің тұңғиығынан тін тартатын тылсымның жетегінде өз ойыммен өзім арпалысып, Жұмекеңнің домбырашылығына еріксіз тәнті боламын. Әуелде Адам әлейқиссаламды батпақтан жасап, Жәбірейілге жан ендір деп әмір бергенде, жан екі рет қараңғылықтан қорқып шығып кетеді-мыс, үшінші ретте Алладан «ей, Жәбірейіл әуенге орап сал» деген әмір келеді. Содан кейін жан Адам бойында тұрақтап қалған екен. Байқасаңыз, бойымызға жан мен әуен бірге кірген. Сондықтан болар, қазақтың:

Ән шіркін, неткен ғажап,

Көмейіңнен төгіледі.

Әнді сүйіп өскен қазақ,

Әнмен бірге көміледі, – деп әндететіні.

Сырдың бойындағы жыраулық өнер әлі күнге дейін өз деңгейінде зерттелмей келе жатқан тың ғылымның ошағы. Тамақпен айту дәстүрінің Сырдың төменгі ағысындағы елдерде сақталуы, тұқым қуалауы – осының барлығы да зерттеуге тұратын және уақыт қажет етіп отырған нысан. Жұмекеңнің арғы тегі де өнерден құралақан болмаған жандар. Әйгілі Сүйкімбай, Сүйіндік, Жұматай, Сырбай, Ақдос секілді жыр дүлдүлдері, Жұмекеңе сүйектес болып келетінін біреу білсе, біреулер біле бермейді. «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» дейді дана қазақ. Өзі арқалап жүрген тегіндегі Аққұлы есімі түп нағашысы болып келеді. Сыр бойына белгілі ақын Ә.Жұматаевтың «Кетенің кемеңгерлері» дейтін толғауында:

Аққұлы менен Құламан,

Шымырбайда шын жүйрік.

Әлібек пенен Тасберген,

Қатарынан тым жүйрік, – деп жырына қосқан. Қарап отырсақ жетпістің желкенін керген Жұмекеңнің, өнер өлкесіне ат шалдырмай, басқа салаға кетуі үлкен күнә болар еді. Не нәрсенің негізге тартпай қалмайтыны секілді Жұмекеңнің өнерге құштар болуы перзенттік парыз секілді заңдылық. Жұмекең кешегі Тасбергеннің Нұрмаханы, Жүсіптің Мұзарабы, Жиенбайдың Рүстембегі, Жүргенбайдың Әбілдасы секілді жампоз жыраулардың көзін көрді. Жылжып бара жатқан уақытқа дауа бар ма? Өзі де сол қарттықтың есігін именбей, аманатқа қиянатсыз ашты. Сырдағы өтетін мәдени шаралардың өтуіне атсалысып, көптеген кітаптар мен үнтаспалардың шығуының басы-қасында болып редакторлық, корректорлық қызметтер атқарып келеді. Ағалар жүріп өткен жол қиыншылығына қарамай ғибратқа толы болды. Сөздің киесі мен жүйесінің мүмкіндігінше қалпын бұзбай, кейінгі толқын інілерге ұстатып барады. Бұл аманаттың жүгі жеңіл емес.

//Сыр бойы .-2013.-4 мамыр.-4 б.

Оңғар БЕРМАХАНОВ, философия ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің «Философия және мәдениеттану» кафедрасының меңгерушісі

БІТІМІ БӨЛЕК БОЛМЫС

Мұстафа Матайұлын біздің Сыр өңірінде, аймақта гуманитарлық салада ғылым мен білімге жол ашқан, сонысымен де жас ұрпаққа үлгілі өнеге көрсеткен, ізгі жолдарға сілтеген зиялы ағаларымыздың бірі деп айтсақ, артық болмайды. Шынын айтсақ, біздің ұрпақ осындай ағаларымызға еліктеп, солардай болсақ деп өсті.

Мұстафа Матайұлы 1969 жылы облыстық партия комитетінің ұсынысымен Қызылорда педагогикалық институтына философия қафедрасының меңгерушісі болып жұмыс ауыстырды. Сол кездегі мемлекеттік номенклатураның реестрлік статусы бойынша бұл үлкен қызмет болып саналатын. Мұстафа Матайұлы келгеннен кейін бұрынғы саяси экономия және философия қафедрасы екіге бөлініп, философия кафедрасы өз алдына отау көтерді. Бұл жұмыста да Мұстафа ағамыздың квалификациясы, кәсіптік біліктілігі бірден көзге түсті. Аз уақыт ішінде жаңадан ашылған кафедраның жұмысын талапқа сай жолға қойып, институт ұжымында беделге ие болды. Ол кездерде мұндай жоғары деңгейдегі ұлттық мамандар жетіспеуші еді. Мұстафа ағамыздың кандидатурасы бұл орынға айтарлықтай сәйкес келді. Философия кафедрасын Мұстекең 12 жыл басқарды. Мұстафа Матайұлының басшылығымен кафедра кәсіби білікті мамандармен, ғылым кандидаттарымен толықтырылды. Кадр даярлауда, білімін көтеріп, ғылыммен шұғылданып, диссертация қорғауында, оларды тәрбиелеп бағыттап отыруда әріптестік ақылын айтып, қажетті жерлерде ағалық жанашырлық жасап, адамгершілік межеден көріне білді. Менің аспирантураға жолдама алуыма, кейін партия қатарына өтуіме кепілдік беріп, тікелей көмек жасады. Жалғыз маған емес, кафедраның барлық мамандарына таптырмайтын басшы бола білді. Жұмабеков Жарылқасын, Омаров Тоқшылық, Майдашов Балтабай, мен – Бермаханов Оңғар, Ғалия Кұлбашова барлығымыз маман ретінде, белгілі бір деңгейде адам ретінде алғашында Мұстафа Матайұлының шекпенiнде қалыптасып, содан шықтық десем, артық болмас. Мұстекең ағамыздың біреуге дауыс көтеріп, керісіп не жүз шайысып жатқанын көрген де, естіген де емеспін. Үлгі тұтарлық қасиет емес пе?! Қай-қайсымызда да кемшіліктер, білместіктер болып жатады. Мұндайлар менің өз басымда да жеткілікті. Бірақ ол кісімен бірге жұмыс істеген кездерде менің кем түсіп жатқан жерлерімді байқаса да байқамаған болып, елестірмей, қалыпты жағдай сияқты қабылдады, жақсы жақтарымды ғана көре білді. Бұл түсіне білген адамға биік болмысты ағаның, ұстаздың, қала берді тұлғаның «ойлан, түзел» деп сөзбен емес, ісімен және адамгершілік қасиетімен ескерткен нұсқауы болатын. Кейін біз де есейдік. Әр нәрсеге мән беріп, жақсы мен жаманның байыбына бара алатындай жасқа жеттік.

Мұстафа Матайұлы 1981 жылы филология факультетінің деканы болып ауысты. Дегенмен бір қафедраның оқытушысы болып қала бердік. Мұстафа Матайұлы жаңа жұмысында да мерейлі ұстаз, абыройлы басшы болып ұзақ жылдар қызмет атқарды. Бірақ ол кісі сол қалпында қарапайым, байсалды, тыңғылықты, білімпаздығымен қоса, кішіге аға, үлкенге іні болып қала алды. «Дүниеде өзгермейтін нәрсе жоқ» дейді ұлылар. Күмәным бар, тіпті қарсымын. «Жоқ, олай емес, өзгермейтін нәрселер бар, ол адамның ізгілік қасиеттері, парасаты, оның басқа адамға тигізер шарапаты» деймін мен. «Дүниеде бәрі өзгереді екен» деп адами қасиеттерді не болса соған айырбастап, өзгертіп отырсақ не болғаны? Онда ол қасиеттерде қандай береке қалмақшы? Қиындыққа кезігіп табаның тайған сәтті аңдып тұрып, аяқ астынан асығыс өзгеріп достан дұшпанға айналған, саған қолын шошайтып көрсетіп, санын шапалақтап қуанғандарды да көрдік. Міне, бұлар өзгергендер, адамнан ажыратуға келмейтін құндылықтарды аттап, майда-шүйде жылтыраққа айырбастап кеткендер. Ал Мұстекең болса, бұл жағдайда да адамға деген адамгершілік қатынасын, пікірін өзгерткен жоқ, сол баяғы қалпында қала білді. Менің түсінігімде бұл әділетсіздікке үнсіз қарсылық, былай айтқанда азаматтық ерлік болатын. Менің есіме 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасы түседі. Кеңес дәуіріндегі орыс шовинизмінің құтырынған шағы, біз қолымыздан ешнәрсе келмей, шарасыз ахуалға ұшырап, жерге қарап қалдық. Сонда бір пікірлескен кезімде Мұстекең, – «интилегенцияға қиын болуы мүмкін» деді. Кезінде бұл сөздің мағынасына жете түсіне қойған жоқпын. Бақсам «арым жанымның садағасы» деп қазақ болашағы үшін өмірін қиған, бірақ асыл мұраттарды өзгертпей, атылып кеткен Алаш ұлылары мен 37-38-дегі қуғын-сүргін құрбандарының тағдыры тағы да қайталап қалмас па екен деген ойда екен. Шын зиялылардың, яғни өзгермейтін зиялылардың ұлт болашағы үшін орны толмас тарихи маңызын ол кісі философиялық тұрғыдан саралаған екен. Біздің бойымызға өзгермеуі тиіс адамгершілік қасиеттерді сіңіре білетін тұлғалар хақында айтып тұр екен.

Қазір Мұстафа Матайұлы – еңбек демалысына шыққан зейнеткер, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, халқына қалаулы, еліне елеулі тұлға. Ұстаздықтан қол үзген жоқ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы қафедрасының құрметті меңгерушісі, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар саласының академигі. Философия, құқық философиясы, мемлекет және құқық теориясынан көптеген ғылыми еңбектердің авторы, көрнекті ғалым. Кейде Мұстекең өзінің өсу жолында кейбіреулердің көре алмай бақай есеппен аяқтан шалғанына реніш білдіреді. Түсінуге болады, пендеміз ғой. Ондай «таланттан» да құралақан халық емес екенімізді білемін. «Бізге Адам деген атақты Жаратушым берген, – деді данышпан Т.Пейн. – Сондықтан да одан жоғары атақ болуы мүмкін емес». Егер осы ойдың ақиқатына жүгінсек, онда өмір қарбаласындағы қандайда болсын қиындықтарды мызғымай қарсы алып, өзгерместен сол Жаратушым табыстаған Адам деген атыңызды сақтай алған азаматсыз, тұлғасыз деп есептеймін.

//Айқын.-2013.-4 мамыр.-5б.



Берік ҚАСЫМОВ, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың әскери кафедра бастығы,

подполковник.


ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ МАМАН ДАЯРЛАНУ КЕРЕК
Мемлекет қауіпсіздігін сақтау бағытындағы Елбасы қойған талаптарды орындауда ҚР Қарулы Күштері көптеген жұмыстар жүргізуде. Солардың негізгілерінің бірі Қазақстанда қазіргі заманға лайық кадрларды даярлау болып табылады. Биыл алғаш рет 7-мамыр мемлекеттік мереке ретінде аталып отыр. Айтулы мейрамда бірінші рет Отар полигонында жауынгерлік парад өткізілуде. Оған көптеген әскери техника, қару жарақ, әскери қызметшілер жұмылдырылады. Бұл парадта Қазақстан өзінде жасалған жаңа техникалар, қару-жарақ және әскерилердің іс-қимылы көрсетіледі.

Қазіргі тез дамып келе жатқан жаһандану заманында егемендігімізді, тәуелсіздігімізді қорғау ең бірінші мақсатымыз болып табылады. Күрделі әскери– саяси жағдайда, терроризм мен экстремизм, радикализм, наркотраффик, қару-жарақтың заңсыз айналысының дамуы кезінде елді қорғау үшін қазіргі заман талаптарына сай дайындалған әскери кадрлар қажет. Жаңа талаптарға сай Отан қорғаушыларды дайындау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, бұл салада әлі де шешілмеген сұрақтар жеткілікті. Әскери мамандарды заман талабына сай дайындау мақсатында жақында Астанада көптеген әскери басшылардың қатысуымен үлкен басқосу болды. Әскери концепциясының жобасы ұсынылды.

Әскери кадрларды оқу орындарында дайындау кезінде, сондай-ақ жастарды әскери қызмет қатарына алған кезде мемлекеттік тілді немесе орыс тілін білмей келуі салдарынан бірқатар кедергілер туындайды. Бұл әлі де болса әскери жарғылардың және де басқа басшылықтағы құжаттардың талаптарының толық шешілмей келе жатқанын білдіреді. Сондықтан әскери мамандықтар дайындайтын оқу орындарында және бөлімдерде осы бағыттағы кемшіліктерді жою мақсатындағы жұмыстарды сапалы атқару керек.

//Сыр бойы.-2013.-7 мамыр.-2 б.



жүктеу 2,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау