Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе


Жеткіншектердің танымдық үрдістерін зерттеу



жүктеу 325,58 Kb.
бет31/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Жеткіншектердің танымдық үрдістерін зерттеу

Жоспар
1 Жеткіншектік кезең


2 Кезең ерекшеліктері

Жеткіншектік кезең өтпелі, сыни, қиын, өзгерілу, жыныстық жетілу деп сипатталады. Жеткіншектік кезең (11-13 пен 13-15 жас) аралықты қамтиды.


Санада түбегейлі өзгеріс байқалады. Бұл адамдардың дамуы мен жыныстық пісіп жетілу үрдісімен анықталады. Бұл факт жеткіншектердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді.Жеткіншек өзіне деген ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға талпынады. Нақ осы жеткіншектік кезеңінде адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын басқа да ұғымдар толғандырады. Жеткіншектік кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың диапазонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейірбандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте және бастан өткеруде, жығылуда және қайта тұруда жеткіншектік кезеңді сезіп білуге ұмтылады.
Кезең ерекшеліктері:
- Ересек адамның әміріне енуге ұмтылу
- «ересек адам әлемінің» тәртіп нормаларына құндылықтарына бағдарлану
- Өзі туралы уақытша көзқарас қалыптастыру
Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және діни тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады. Жеткіншектік кезең барлық қоғамда байқалмайды ол қоғамның жоғары дамуында көрінеді.
Қарым-қатынас жеткіншектік кезеңінің негізгі іс-әрекеті.
Жеткіншек жастағы бала мектеп қабырғасында болғандықтан, оларға оқу әлі де болса негізгі іс-әрекет болып табылады. Алайда ол психологиялық қарым-қатынас ретінде артқа ысырылады. Д.Б. Эльконин бойынша негізгі іс-әрекет құрбы-құрдастармен қарым-қатынастар болып табылады. Жеткіншектік кезеңде қарым-қатынас өз бетімен өмір сүретін аймақтар тобына апарылады. Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі қоғамда өзінің орнын табу, «мәнділікке ие болу»-құрбы-құрдастар ортасында өзін табу. Құрбы-құрдастар мен қарым-қатынастар мотивінің динамикасы алуан-түрлі: құрбы-құрдастармен бірге болу, бірлесе әрекет ету 10-11жаста; ұжымда өзінің орнын табу 12-13 жаста; өзіндік ерекшелікті, автономдылыққа деген ұмтылыс 14-15 жаста байқалады.
Танымдық аймақ және ақыл-ой ерекшеліктері.
Қиял және шығармашылық. Баланың ойыны жеткіншектік кезеңде қиялға айналады. Бұл жеткіншектердің жаңа қажеттілігі. Жеткіншектік кезеңде бала математикалық белгілерді ойша жоспарлап, оның мазмұны мен әрекетін қоса алады, яғни жеткіншекетерекі жоғарғы функциялар: қиял мен ойлауды біріктіре алады. Л.С. Выготский атап көрсеткендей бұл кезеңдегі балалардың, ойыны фантазияға айналады да, кейде ол шындыққа да сәйкес келмеуі мүмкін.
Ойлауды дамуы. Бұл кезеңде жеткіншек жастағы балаларда продуктивтіліктің төмендеуі байқалады. Яғни, жеткіншек жастағы балалар тапсырманы механикалық тұрғыда орындайды.
Ойлау деңгейінің интелектуалды, психикалық функцияларға әсері:
- Сөйлеу бақыланып, басқарыла бастайды ( жеткіншек әдемі және дұрыс сөйлеуге тырысады)
- Логикалық ұйымдасқан материялға ұзақ уақыт зейінін ұйымдастыра алу іскерлігі қалыптасады.
- Қабылдау интеллектуализациясы жүзеге асады. Маңызды хабарламаны ақыл-ой әрекеті арқылы алады.
Материялдың мазмұнын талдау негіз болады.
Ес. Жеткіншек жастағы балалардың өздерінің ырықты еске сақтауын меңгере алады. Еске сақтау 13 жасқа дейін, ақырын бірақ тұрақты түрде өсе береді. 13 жастан 15-16 жас аралығында еске сақтау жедел түрде дами бастайды. Жеткіншектік кезеңде баланың еске сақтауы механикалық түрден ойлық түрге көшеді. Еске сақтаудың формасымен бірге, еске сақтаудың сазмұны да өзгереді. Еске сақтау белгі жүйесіне негізделген тікелей сөйлеуге байланысты болады.
Регуляторлы – эмоциялық аймақ.
Зейін. Зейіннің көлемі мен бір заттан екінші затқа алмаса алу ұзақ және интенсивті болады. Сонымен қоса зейін таңдамалы мінездемеге ие болады. Баланың зейіні жеткіншектік кезеңде тікелей баланың физиологиялық жағдайына байланысты болады. Бұл байланыс жеткіншек шақтағы балалардың оранизмдегі гормоналды даму жағдайына тәуелді. Әсіресе, 13-14 жаста бала зейінінің, шашыраңқылығы жедел түрде жоғарылайды.
Эмоция. Өтпелі кезеңде эмоция өзгермелі, толқымалы, қызба болады. Көңіл-күй жиі алмасады. Жеткіншектік кезеңде жасөспірім ұялшақ, жасқаншақ, өздерінің дене бітіміне аса назар аударып, кемшіліктерін жиі көреді де соның нәтижесінде адамдармен қарым-қатынаста қайшылықта болуы мүмкін.
Негативизм. Кейде өтпелі кезеңде 3 жастағыдағдарысқа сәйкес келетін екінші негативизм фазасы деп атайды. Бала қоршаған ортаға қарсы болады, кикілжің, тәртіпті бұзуға даяр болады. Сонымен қоса іштей алаңдау жеке қалуға тырысу да байқалады. Ұл балаларда негативизм айқын және жиі, ал қыз балаларда кейінірек 14-16 жаста көрінеді.

Әдебиеттер:
1. Соловьев А.Н. Чеснова И.Г. Зависимость самооценка подростка от отношения к нему родителей. — Вопросы психологии, 1986, № 2, с.117
2. Кон И.С. Открытие «Я». – М., 1978.
3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 1986.
4. Выготский Л.С. Развитие личности и мировозрение ребенка. В.кн.: «Психология личности». Тексты./Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, А.А. Пузырея. М., 1982.


жүктеу 325,58 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау