Қиял түрлері
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология). Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі — адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б.) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да. Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, — бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы». Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман
Әдебиеттер:
1. Богословский В.В. және т.б Психология. Алматы, «Мектеп», 1980, -350б. 2. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том, -490с.
3. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.
4. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., 630с.
5. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.
6. Маклаков А.Г. Общая психология М., 2006, -581с.
7. Тәжібаев Т. Жалпы психология – А. «Қазақ университеті», 1993 -240 б.
8. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с.
9. Страхов И.В. Психология творчества: Лекция для студентов пед. Институтов. – Саратов, 1968г., — 235с.
10. Якобсон П.М. Психология художественного творчества. М: Знание,
1971г.,-286с.
Конец формы
Достарыңызбен бөлісу: |