Мазмұны 1бөлім. Жалпы психологияға кіріспе


Психологияның зерттеу әдістері



жүктеу 325,58 Kb.
бет9/54
Дата29.06.2022
өлшемі325,58 Kb.
#38976
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
тірек конспек Психология және спорт психологиясы docx

Психологияның зерттеу әдістері


Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Эксперимент әдісі.
Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттеушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады.
Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тәсілдерді табуға мүмкіндік береді.
Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы.
Психологиялық зерттеулерде негізінен екі түрлі эксперимент қолданылады. Олар зертханалық (лабораториялық) және табиғи деп аталады. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.
Ғылыми білімнің саралануы мен дамуында тәжірибелік әдіс жетекші рөл алатындығы дәлелденді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында психология өз алдына жеке ғылым ретінде философиядан бөлініп шығуы оның эксперименттік ғылым болуынан туындаған үрдіс еді. Лабораториялық эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайлардан пайда болады.

  • Байқалатын объект жөнінде экспериментатордың күн ілгері болжамы (гипотеза) болуы тиіс.

  • Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға (әдістеме) сай, сондай-ақ тәжірибені өткізу үшін жағдайын (тиісті құжаттар) дайындау.

  • Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әрекет жасайды.

  • Эксперимент жүргізуші кейде зерттеліп жатқан құбылыстарды коррекциялау;

  • Эксперименттің нәтижесін қайтадан қарастыруға мүмкіндік туғызу.

  • Эксперимент нәтижелері сандық және сапалық өңдеуге, математикалық есептеулерге ерекше мән беру т.б. Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншісінің белсенділігі. Байқау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісі болып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы – А.Ф.Лазурский (1910). Оның негізгі мақсаты – зерттеудің эксперименттік сипатын болмыстық жағдайлармен ұштастыру.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің танымдық мүмкіншіліктерін зерттеуде, жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда рөлі ерекше. Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады. Оның осындай түрі қалыптастырушы эксперимент деп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады. Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов, эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады. Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуды дамытушы әдіс болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Психологияға кіріспе. Оқулық / ред. Петровский А.В. - М .: НОРМА, ИНФРА - М, 1996. - 496с.
2. Гамезо М.В. Жалпы психология. Оқулық. - М .: Гардарики, 2008 .-- 352с.
3. Дубровина И.В. Психология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. - М .: Норус, 2003 .-- 464б.
4. Лукацкий М.А. Остренкова М.Е. Психология. Оқулық. - М .: Эксмо, 2007 .-- 416б.
5. Маклаков А.Г. Жалпы психология. Оқулық. - М .: БІРЛІК - ДАНА, 2001 .-- 592 ж.
6. Немов Р.С. Психологияның жалпы негіздері. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. - М .: Норма, 2008. С.23.
7. Жалпы психология. Оқулық / ред. Тугушева Р.Х. - М .: КНОРУС, 2006 .-- 560 ж.
8. Психология. Оқулық / ред. В.Н. Дружинин - М .: ЮНИТИ, 2009 .-- 656с.




  1. жүктеу 325,58 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау